Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет39/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. 
ttps://drive.google.com/open?id=1xguN3DBjLUAtTVsmTKb32RN_s6d9y5vw 
https://drive.google.com/open?id=1TyKOlnnFUkygz8RMA0gCyArt-9EKRm4V 
2. 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410 
3. 
https://egemen.kz 
 
ӘОЖ 343.4 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС 
Қадыр Г.О., студент 
Ғылыми жетекшісі: Сагиндикова А.К. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Андатпа. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы 
бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер 
тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда 
өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, бұл дерт еліміздің 
дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. 
Түйінді сөздер: мемлекет, жемқорлық, пара, қоғам, құқық. 
 
Жемқорлық, коорупция (лат.corruptio – сатып алу) – мемлекеттік басқару 
құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет 
мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында 
жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама 
белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе 


117 
оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін пара алу, туыстық 
,жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және 
көтермелеу,сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу [2]. 
Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына 
қатысты көрсететін қандай да бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандайда 
бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда 
көрсетілген ақша игіліктерді әрдайым парақордың жеке өзі алмайды, оларды көбіне 
оның жақын адамдарына немесе жасанды жасалған ұйымдарға ұсынады. Пара деп 
саналатын нәрселер: заттар – ақша оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды 
қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, 
пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника 
мен аспаптар, өзге де бағалы тауарлар, жер учаскелері және өзгеде жылжымайтын 
мүлік. 
Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті?
Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда өздері үшін 
пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады. 
- « Онда тұрған не бар? Бар болғаны оқудың ақшасына көбірек төледім, есесіне 
ол сабаққа қатыспасам да жоғарғы балл аламын » 
- «Медициналық тексеруден әр дәрігерге барып, түрлі анализдер тапсырып, 
уақытымды босқа жұмсағанша, бас дәрігерге теңгесін бере салсамда болады »
Әдетте, дәл осындай сөздерді естіп жататынымыз өтірік емес. Алайда бұл тек 
бәрі үшін «жаман» ғана емес, әрбір адам үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, 
ол кез келген адамдың өмірін бүлдіруі мүмкін.
Қазақстанда парақорлық, жемқорлық ұғымдарының пайда болуы 
Ресей отарына айналғанша, дәстүрлі қазақ қоғамында жемқорлықтың 
болмағандығы барлығымызға мәлім. «Көшепелі қазақ жұртының демократиялық билігі 
бидің қолында болды яғни қәзіргі сот қызметін атқарды. Ауыл арасында жанжалдасқан 
немесе дауласқан адамдар арадағы дауды шешу үшін, сол ауылдағы қазақтың әдет –
ғұрыпын, салт-дәстүрін, заңдарын жақсы білетін, өзінің әділдігі, шешендігімен көзге 
түскен кез келген адамға жүгінетін болған. Даудың әділдігі күмән тудырған жағдайда 
дауласушы тараптар басқа билерге жүгінген. Осылайша түйіні қиын дауларды әділ 
шешкен бидің атағы елге жайылып, абыройы арта түсті. Ал әділ шешім қабылдай 
алмаған би өз беделіне дақ түсіріп, дау-дамайға араласуға, төрелігін айтудан 
шеттетілетін» [1,2]. 
«Тура биде туған жоқ, 
Туғанды биде иман жоқ. 
Туғанына бұрғаны – Биді Құдай ұрғаны 
Төбе би де өзіміз, 
Төре би де өзіміз. 
Қисық болса сөзіңіз, құрулы тұр тезіміз» деген ата сөзі айғағымыз. 
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси 
дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстандада, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін 
жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Қазақстанның 
мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен 
күрес болып табылады. Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев 
нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 
Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің 
жаңа саяси басымдылықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап 
көрсетті [1]. 


118 
Еліміздегі сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың үлкенді-кішілі 
деңгейлерін, мемлекеттік қызметті, жергілікті басқару органдарына дейін тамырын 
тереңге жіберіп жайлап алды. Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша 
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп 
танылғанына қарамастан, коррупция деңгейі азаймай отыр. Мемлекеттік органдарда 
жүріп жататын толассыз қайта құрулар, жазалаулар, заңға енгізілген түрлі өзгерістер
ешқайсысынан нақты нәтиже жоқ. Соңғы 3 жылда 3200 лауазымды тұлға сыбайлас 
жемқорлыққа байланысты жауапкершілікке тартылып, 400-ге жуық қылмыстық іс 
қозғалған. Ендігі қауіп жастардың да соған бейімделуі. Сыбайлас жемқорлықтың 
жолын өсіп келе жатқан жастар кеседі немесе оларда бұл құбылысқа төзімділік 
танытып, жемқор алдыңғы буынның жолын жалғастырады. Құбылыстың өзімен ғана 
емес, салдарыменде күресуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлық туралы жиі сөз қозғаудың 
өзі осы дертпен күреске қарай жасалынған бір қадам. Алайда айтып қана қою 
жеткіліксіз, жастардың санасына жемқорлардың қалай жазаланып жатқандығын, 
жемқорлыққа қарсы заңдарымызды дәріптеп, жемқорлықтың қаншалықты ұлт 
болашағы үшін қауіпті екендігін ұғындыруымыз қажет. 
Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы 
үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдіру үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен 
күресу механизімінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір 
мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше,ол 
елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес,сонымен қатар әдет-ғұрпына, 
діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын 
жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді. 
Қазіргі уақытта ең танымал болып сингапурлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
моделі танылады. Тәуелсіздік алған сәтінде 1965 жылы Сингапур сыбайлас 
жемқорлығы ең жоғарғы көрсеткішті ел болған: шенеуніктерге парасыз бір шешімдіде 
рұқсат берілмейтін. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында елеулі жетістіктерге 
жету үшін бірқатар іс шаралар өткізілді, бірінші кезекте, шенеуніктердің 
жалақыларының елеулі көтерілуі және олардың іә әрекеттерінен регламенттеу, 
экономиканы орталықсыздандыру және бюрократиялық рәсімді жеңілдету. Орталық 
буын болып азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге шағымдармен жүгіне алатын және 
шығынның орнын толтыруды талап ете алатын сыбайлас жемқорлықты тергеу 
бойынша дербес Бюросы болды. Сонымен бірге заңдар қатаң болды және соттық жүйе 
тәуелсіздігі жоғарылады(соттардың жоғарғы жалақысы мен артықшылықтанған 
мәртебесімен). Бар –жоғы бірнеше жылдан соң осы іс шаралар кешені сыбайлас 
жемқорлық деңгейінің жылдам төмендеуіне әкелді. Қазіргі уақытта Сингапур әлемінің 
аз сыбайласқан мемлекеттерінің бірінші ондығының ішіндегі құрметті орынды алады 
[2,3]. 
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру 
жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи 
әлеуметтік экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның 
қажеттілігіне анық көз жеткізілді. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында 
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы жаңа стратегиясы» бекітілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту 
атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ 
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Құжатта 
көрсетілген түйінді бағыттардың бірі де бірегейі сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениет қалыптастыру. Яғни, «ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегендей, 


119 
басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алғышарттарын 
жоюға аударылуы тиіс. Жоғарыда айтылған Сингапур елі қылмыс үшін жазаланғаннан, 
ең дұрысы оның алдвн алу принципі бойынша әрекет етеді. Себебі сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидаттары 
маңызды рөл атқарады [1,3]. 
Сонымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейіне қалай қол жеткізуге 
болады? Ол үшін стратегияда көзделгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар 
кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс. Расында мемлекет пен 
қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұра алады. 
Сондықтан халықтың барлығын құқықтық жағынан сауаттандыру қажет. Себебі 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды 
мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдарынан болып 
жатыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене 
атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы 
жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы 
жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет