Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет51/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

 
ӘОЖ 343.4 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ 
ЖҮЙЕСІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ 
Жумагалиев Б., студент 
Ғылыми жетекшісі: Абдиева С.Р. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
Аңдатпа. Мақалада рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен 
және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық 
ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін 
жағдайы, отбасылық тәрбие адамгершілік, рухани және гуманистік құндылықтар 


145 
тәрбиесі басым адамдар арасында эмоциялық және тиімді қарым-қатынастар туралы 
жазылған. 
Түйінді сөздер:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, білім беру, тәрбие. 
Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру 
жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі 
салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп болатын себептер 
мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса 
маңызды бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын 
құру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары
адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс. Бүгінде жас ұрпаққа білім 
беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер салу керек. 
Азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, 
өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді 
күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық 
құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды қорғауға дайын
азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінің 
өзекті міндеті болып отыр [1]. 
Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы 
ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет 
және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен 
тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті. 
Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен 
келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның 
моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық 
айыптауды көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік 
қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс нормасы» берік азаматтық 
ұстанымды білдіреді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу 
жүйесін қалыптастыру - білім беру жүйесінің бөлек компоненті болып саналады. 
Тәрбие мен білім беруде отбасылық тәрбиенің де айқындауыш екені белгілі. 
Отбасылық тәрбие адамгершілік, рухани және гуманистік құндылықтар тәрбиесі басым 
адамдар арасында эмоциялық және тиімді қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи 
тәжірибесін табыстау болып табылады. Балалар мен жастардың әлемдік және ұлттық 
мәдениеті, дәстүрлері мен барша қазақстандық қоғам қажеттіліктері негізінде құрылған 
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануы алдыңғы кезекте тұруы 
тиіс [2]. 
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру 
мақсатында университетте тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб 
қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа 
қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында 
заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына 
қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу. 
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық 
атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. Жастар сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы! Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет