28
11-тапсырма. Сабақтан
алған әсеріңді, ойыңды жаз.
1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
2. Нені үйрендің?
3. Бірлескен жұмыс түрлері қызықты болды ма?
7–8-сабақ
ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІ
1-тапсырма. Сұрақтарға
жауап бер
.
Мәдениет дегенді қалай түсінесің?
Әлемдік мәдениетке нелер жатады?
Мәдениетті құндылық деп санайсың ба?
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, өзің білетін
мәлімет термен жалғастыр
.
Түрлі халықтың сөйлеу тілінде өзіндік интонация бар.
Интонация белгісінің бірі
әуез (тембр) деп аталады. Әуез дегеніміз –
адамның әртүрлі көңіл күйін, эмоциясын білдіретін дауыс реңкі. Әуез арқылы
қуаныш пен мысқыл т.б. сезімдер беріледі. Ол
көбінесе сөйлемнің сезімдік
(эмотивтік) мазмұнын жеткізеді.
Тембр одағайларда көрініс табады. М ы с а л ы,
Ойпырым-а-ай!
Бәрекелде-е-е-е! Дауыс реңкі көбінесе
көркем әдебиет стилінде,
ауызекі сөйлеу стилдерінде көрінеді. Ал публицистикалық, ғылыми
стильдерде көп байқала қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: