3-тапсырма.
Еңбек туралы мәтін құраңдар, ой бөлісіңдер. Мәтінде грам-
матикалық норманың сақталуына (сөздерді дұрыс тіркестіру, сөйлемді
дұрыс құрау) мән беріңдер.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Сөздік
құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын т.б. таны-
татын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың
байырғы сөздері де, кейіннен пайда болған жаңа сөздер де, термин сөздер
де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қол-
данылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді.
4-тапсырма.
Кәсіп, табыс, пайда. Осы ұғымдар бойынша мәліметтер
іздестіріп, эссе жаз.
5-тапсырма.
Болашақ мамандығың туралы мәтін құрас тыр. Сөздік құрамды
талда.
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз. Жауабыңда грамматикалық және
орфоэпиялық заңдылықтардың сақталуына мән бер.
1. Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы
мүмкін?
2. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде
мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
3. «Мамандық – өмір таңдауы» дегенді қалай түсінесің?
4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ
оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың
ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген
мамандық туралы сөзін қалай түсінесің?
5. Болашақ мамандықты таңдауда кіммен ақылдасар едің?
Тілдік бағдар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|