Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет62/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98
 
8-тапсырмаОй бөлісіңдер.
Су – табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі. Жер бетіндегі ең көп 
таралған зат – су. Глобусқа қарасаң, Жер шарының төрттен үш бөлігі 
көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзен-көлдер. Су – 
тіршілік көзі. Суды үнемдей білесің бе? 
 
9-тапсырма. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.
Білдім
Білемін
Білгім келеді
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


83
3–4-сабақ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР
 
1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер. Сұрақтар бойынша ой бөлісіңдер.
 
 Дүниежүзінде халықаралық көрме өткізудің маңыздылығы неде?
 Энергияны баламалы энергия көздерінен (күн, жел, су энергиясы- 
нан) алу неліктен дүниежүзілік үрдіске айналып отыр?
 ЭКСПО-ға келген мемлекеттер туралы не білесіңдер?
 ЭКСПО-2017 көрмесі келген қонақтарды несімен қызықтырды?
 
2-тапсырма. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қатыстырып, энергия көздері 
туралы ақпарат тауып жаз.
 
 
3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Бір-біріңе сұрақ қою арқылы тақырыпта 
айтылған мәселені жан-жақты қарастырып, жауап беріңдер.
 Сөйлемдерден 
бірыңғай мүшелерді табыңдар.
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химия лық және 
физикалық энергия көздерін жатқызуға бола ды. Энергетикалық ресурс-
тар олардың табиғатына, алу жолда рына және басқа да нышандарына 
(белгісіне) байланысты топтастырылады. Қатты органикалық отын және 
уран ресурс тарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде 
болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан 
Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде жер қойнауындағы 
отын қоры көмір, мұнай, газ және уран рудалары болып саналады. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


84
Тілдік бағдар
Су ýнергетикасы (гидроэнергетика; грекше «һydro» – су, ылғал, 
«energia» – қызмет, әрекет) – 1) бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз 
ағын судан энергия алу. Дүниежүзіндегі ең үлкен су электр стансы-
сы (СЭС) Венесуэлада және Бразилияда Парана өзенінде са лынған. 
Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і т.б. бар. 
Су электр стансыларының экологияға нұқсан келтіретін факторла-
ры да бірталай. Мысалы, жазық жерлерде СЭС салу құнарлы жерлерді 
пайдалануға жарамсыз етіп қана қоймай, өзеннің экожүйесін толық 
бұзады. Суқойма түбінде мыңдаған тонна шөгінділер (өнеркәсіп және 
тұрмыстық ақпа суымен бірге өзенге түсетін улы заттектер) жинала-
ды. Бұл суқойманы жойғанның өзінде аумақты пайдалануға жарамсыз 
етеді. Таулы жердегі өзендер СЭС-тер салуға қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет