101
Әрине, бәріне өзім айыптымын. Осының бәрі – тәртіпсіздіктің, мінез-
құлқымның нашарлығының кесапаты. Әйтпесе ана Темір құсап өзімді-
өзім үлгілі ұстап тек жүріп, тек тұрсам, мұндай жағдай болар ма еді?
Жоқ, жетеді! Ақымақтықты енді доғаруым керек!
Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Та-
лай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп
тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуымен, не басқа бір себеп-
пен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді
бұлай болмауға тиіс.
Таңертең апам жайлауға қайтпақшы болды. Атын әкеп ерттеп бердім.
Ол менің басымнан сипап тұрып:
– Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер
сен
тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме... Әкеңнен
қалған мал мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін, – деді.
Анамды құшақтай алдым.
– Жоқ, апатай, кетпеші, жаным апа! Ендігәрі тәртіпсіздік жасасам,
оңбай, көгермей кетейін...
Көңілім босап, көзіме жас қаймақшып келіп қалды.
Анам қолын иығыма салды.
– Сен жақсы жүрсең, мен ешқайда да кетпеймін... Мен үшін сенің
адам болғаныңнан
артық ешқандай бақыт жоқ, – деді.
(Бердібек Соқпақбаев)
Сұрақтар:
1. Қожаның уәдесінде тұра алмауының себебі неде деп ойлайсың?
2. Анасының айтқан сөздері оған неліктен қатты әсер етті?
3. Өзіңнің де осындай жағдайға тап келген кезің болды ма?
Достарыңызбен бөлісу: