Б қызмет саласының барлық аймақтарында дербес компьютерлер кең пайдаланылады



жүктеу 70.89 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі70.89 Kb.
[Ақпарат - 27]

1. Ақпараттық қоғамда:

А) жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі информацияны, әсіресе оның жоғары формасы болып саналатын білім қорын өндіру, сақтау, өңдеу және сату істерімен айналысады,

Б) қызмет саласының барлық аймақтарында дербес компьютерлер кең пайдаланылады;

В) информацияны өңдеу ЭЕМ- ді пайдалану арқылы жүргізіледі;
2. Қоғамды ақпараттандарыру дегеніміз:

А) есептеу техникасының жалпы таралу процесі;

Б) ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азамматтардың, қоғамдық ұйымдардың ақпараттық талаптары мен құқтарын қанағаттандыру жолында ұйымдастырылған әлеуметтік - экономикалық және ғылыми- техникалық процесс;

В) жаңа ақпараттық технологияларды өндіріске енгізу процесі.


3. Қоғамды компьютерлендіру дегеніміз:

А) информацияны өңдеу нәтижелерін жылдам алу процесін қамтамасыз ететін компьютерлердің техникалық базасын дамыту және енгізу процесі;

Б) қызметтің барлық салаларында анық және үздіксіз білім қорларын толық пайдалануды жүзеге асыратын шаралар кешені;

В) үлкен ЭЕМ- дерді микро - ЭЕМ - дерге алмастыру процесі.


4. Қоғамның ақпараттық мәдениеті мынадай түсінік береді:

А) қазіргі программалық жабдықтамаларды білу;

Б) шет тілдерді білу және оларды өз жұмысында пайдалана білу;

В) информациямен белгілі бір мақсатта жұмыс істей білу және оны алу, өңдеу, тасымалдау жолында компьютерлік ақпараттық технология ортасында пайдалану;


5. Қоғамның ақпараттық ресурстары дегеніміз:

{A}жеке құжаттар жиымы, ақпараттық жүйелердегі құжаттар мен солардың жиымы;

мекемелердің өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын алғашқы құжаттары;

басқару ісінде шешім қабылдауға керекті есеп беру құжаттары.


6. Информатика - дегеніміз :

А) гуманитарлық ғылым саласы;

Б) қолданбалы ғылым саласы;

В) қоғамдық ғылым саласы.


7. Ақпараттық қызмет рыногі дегеніміз;

А) басқаларға сатуға арналған программалық өнімдер жасау жолында атқарылған қызметтер;

Б) коммерциялық негізде интеллектуальдық еңбек өнімдерін сату жолындағы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық қатынастар жүйесі;

В) программалық өнімдерді сүйемелдеу жолында атқарылатын қызмет баптары.


8. Мыналарды ақпараттық қызмет рыногінде сатуға (алмастыруға) болады:

А) лицензиялар, ноу - хау, ақпараттық технологиялар;

Б) жабдықтар мен ғимараттар;

В) алғашқы құжаттардың бланктері мен есептеу техникасы.


9. Кибернетика - дегеніміз:

А) компьютерлік техника, программалық өнімдер шығарумен, қазіргі технологиялар жасаумен айналысатын меншік сипаты әр түрлі болып келген мекемелерді біріктіретін халық шарушылығы саласы;

Б) адамның ақыл - ойы құрылымына ұқсас құрылымдарды ақпараттық модельдеуге бағытталған ғылым;

В) әр түрлі жүйелерді - техникалық , биологиялық, әлеуметтік және де басқа жүйелерді басқарудың жалпы принциптері жайлы ғылым


10. Экономикалық информация дегеніміз:

А) өндірістік және өндірістік емес аймақтағы әлеуметтік - экономикалық процестерді және соларды басқаратын қызметкерлерді, ұжымдарды сипаттайтын мәліметтер жиыны;

Б) белгілі бір пән аймағындағы объектілер, процестер, құбылыстарды және солардың қасиеттерін сипаттайтын нақты фактілер;

В) белгілі бір пән аймағындағы алға қойылған мәселерді шеше алатын айқындалған заңдылықтар жиыны.


11. Экономикалық информацияны жіктеу арқылы мынадай жұмыс орындай аламыз:

А) информацияны өңдеу ісін жылдамдату;

Б) объектілерді айқындалған түрлеріне сәйкес топтарға бөлу, оларды жаңа сапалы деңгейде жіктей білу;

В) жасалып жатқан есеп беру құжаттарының сапасын арттыру.


12. Экономикалық информацияны жіктеу (топтарға бөлу) тәсілдері мыналар:

А) иерархиялық, фасеттік, дескрипторлық тәсілдері;

Б) сандық және жинақтық (қосындылық) тәсілдері;

В) дебеттік және кредиттік тәсілдері


13. Мәліметтер дегеніміз:

А) объектілерді, құбылыстарды, процестерді сипаттайтын жеке фактілер. Олар әлі өңделмеген, тек жинақталған белгілер немесе жазып алынып сақталатын, жиналған сипаттамалар;

Б) белгілі бір пәндік салада анықталған заңдылықтар;

В) мекеменің шаруашылық қызметін ұйымдастыруға керекті мәліметтер жиыны.


14. Шығу көзіне байланысты информация мынадай топтарға жіктеледі:

А) кірістік, шығыстық, ішкі, сыртқы;

Б) мәтіндік, графикалық;

В) есепке алынатын және статистикалық.


15. Тұрақтылығына қарай информация мынадай топтарға бөлінеді:

А) сандық және қосындылық (жинақтық);

Б) өңделетін және өңделмейтін;

В) тұрақты және айнымалы


16.Басқару функциясына қарай информация мынадай топтарға бөлінеді:

А) жоспарлық, есепке алынатын, оперативтік;

Б) алғашқы, аралық, нәтижелік;

В) бірінші кезектегі, екінші кезектегі және соңғылары.


17. Есепке алынатын информация фирманың мынадай қызметін сипаттайды:

А) есепке беру кезеңіндегі;

Б) өткен жылғы;

В) болашаққа арналған.


18. Ақпараттық жүйе дегеніміз:

А) мекеме жұмысына керекті құжаттар жиыны;

Б) белгілі бір мақсатқа жету жолында информацияны сақтау, өңдеу және оны басқаларға беру үшін қолданылатын , өзара байланысқан құралдар, тәсілдер және персоналдар жиыны.

В) совокупность ақпараттық мәліметтер жиыны;


19. Автоматтандыру деңгейіне қарай ақпараттық жүйелер мынадай топқа бөлінеді:

А) "үлкен" ЭЕМ- дер мен дербес компьютерлер негізінде жасалатын жүйелер;

Б) глобальды және локальды жүйелер;

В) қолмен басқарылатын , автоматты және автоаттандырылған жүйелер


20. Құрылымдық белгілеріне қарай ақпараттық жүйелер мынадай ішкі топтарға бөлінеді:

А) ақпараттық, программалық, математикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық жақтарынан қамтамассыз ету;

Б) ішкі және сыртқы;

В) бірыңғай және таңдамалы.


21. Ақпараттық технология дегеніміз:

А) қазіргі дербес компьютерлер;

Б) қазіргі программалық құралдар;

В) объект, процесс, құбылыс жайлы жаңа сапалы информацияны жинау, өңдеу және тасымалдау тәсілдері мен құралдары жиынын пайдаланатын процесс


22. Басқару ақпараттық технологиясының мақсаты:

А) жасалып жатқан құжаттардың санын тұрақты түрде арттырып отыру;

Б) есепке алу ісін талдау сапасын көтеру;

В) шешім қабылдауға тиіс қызметткерлердің барлығының ақпараттық талаптарын қанғаттандыру. Бұл технология ауытқулар арқылы басқару ісін жүзеге асыратын әр түрлі басылымдар (отчеттар) жасауға бағытталған


23. Жаңа ақпараттық технология дегеніміз:

А) қазіргі компьютерлік технология;

Б) эволюциялық технология;

В) үлкен ЭЕМ- дерді пайдалануға негізделген технология.


24. Ақпараттық технология құрамына мыналар кіреді:

А) кезеңдер, операциялар, әрекеттер,қарапайым операциялар;

Б) дербес компьютерлер мен оны пайдаланатын тұтынушылар;

В) дербес компьютерлер мен программалық жабдықтар.


25. Ақпараттық технология құралдары мыналардан тұрады:

А) мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, баспа жүйелері,т.б.

Б) алғашқы құжаттарды өңдеу процесінде қолданылатын құралдар;

В) есеп беру құжаттарын өңдеу процесінен алынатын құжаттар.


26. Информацияны өңдеудің ең қарапайым операциясы болып мынадай әрекет саналады:

А) диалог терезесіндегі параметрлер мәндерін орнату;

Б) программаны жүктеу;

В) тышқан батырмасын шерту,меню пунктін таңдау


27. ИЖ - дағы әрекеттер мыналардан тұрады:

А) қарапайым операциялардың шектелген санынан;

Б) мәліметтерді түрлендіру операциялары жиынынан;

В) информацияны өңдеудің технологиялық кезеңдерінен.



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

А

Б

А

В

А

Б

Б

А

В

А

Б

А

А

А

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27




В

А

Б

Б

В

А

В

В

А

А

А

В

А





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет