Логикалық байланыс құралдарына Р. Гальперин хабардың мезгілдік (таяуда, бірнеше күн, апта, жыл, өткен соң, т.с.с.) және кеңістік (алыс емес, қарсыда, артта, астында, үстінде, алыста, таяуда т.с.с.) параметрлерін білдіретін сөздерді (көбіне үстеулерді) жатқызады.
Л. М. Лосева мезгілдік, кеңістіктік, сол сияқты заттық, акционалдық және сапалық байланыс құралдарын атайды [13, 9–15 б.]
Логикалық когезияға санамалау формалары: біріншіден, екіншіден, үшіншіден, графикалық құралдар «а», «ә», «б» немесе айтылым бөлімдерін цифрлармен «1», «2», «3», т.б. бөлу де жатады.
Бұл когезия құралдары логикалық-философиялық ұғымдарға – сабақтастық, мезгілдік, кеңістіктік, себеп-салдар қатынастарына еніп, оңай байқалады. Оларда байланыстың грамматикалық және мәтіндік формаларының қиылысқаны көрінеді. Когезияның логикалық формаларында екі-грамматикалық және мәтін құраушы функцияның бір мезгілде өткерілетіні байқалады.
Синонимдік алмасулар мен перифразаны қоса алғанда мәтінде тірек сөздердің жүйелі қайталануы күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтін ішінде сөйлемдердің арасындағы байланыстың формальды көрсеткіші болып табылады. Мысалы, фразааралық байланыс құралы ретінде лексикалывқ қайталау, перифраза, тақырыптық жағынан жақын сөздер тізбегі және т.б.
Сыртқы сөздік көрінісі жоқ, бірақ имплицитті логикалық қатынастар сигналы болып табылатын лексикалық қайталамасыз, грамматикалық анафора құралдарынсыз, логикалық және басқа құралдарсыз құрылымдық байланыс көмескілеу айтылады.
«Нөлдік» анафора деп аталатынның сондай байланыс құралы болуы мүмкін.
Нөлдік анафора тақырыптық негіз жасау құралы да болып табылады.
Қатысушылар санын санамалайтын сан есімдер жиі катафоралық байланыс сигналы болып табылады.
Сыртқы құрылымдық көрсеткіштерсіз қатарлас орналасқан сөйлемдер арасында мынадай байланыс түрлерінің жүзеге асырылуы мүмкін:
а) себеп-салдарлық байланыс;
ә) айырықшылық (жалпыламадан жекеге; мәтін негізінен синтаксистік параллелизм принципі бойынша құрылады.
Синтаксистік параллелизм арқылы сөйлемдер арасындағы тектік-түрлік қатынасты мәтіндер құрылады.
б) диагностикалық интерпретация.
Күрделі фразалық тұтастықтағы мағыналық қатынастарды сипаттауға қажетті логикалық байланыс түрлері ретінде мыналар қарастырылады:
1) дизъюнкция (лат. disjunctio – болу, қарсы қою) – немесе жалғаулығының логикалық эквиваленті (риторикада силлогизм дилемма); осы жалғаулықтың негізгі логикалық қасиеттерін формалаушы операция:
Өзің таңда: мойындасаң – боссың, мойындамасаң – қамаласың;
2) импликация (лат. implico – тығыз байланыстырамын) – егер ... онда орамының жуық логикалық эквиваленті, осы орамның формалаушы логикалық қасиеті, импликация әлдебір мәннің айтылымсыздығы сияқты қолданылады, байланыс импликациясы да болуы мүмкін, антонимдер: импликация – экспликация: Өнерпаз болсаң арқалан;
3) конъюнкция (лат. conjunction – одақ, байланыс) - және жалғаулығының логикалық эквиваленті, осы жалғаулықтың формалаушы логикалық қасиеттері:
Күн күркіреп, жаңбыр жауды;
4) эквиваленция (лат. aeguivalens (tis) – тең мәнді, тең бағалы) – әлдебір қатынаста басқасымен тең бағалы, тең мәнді немесе сәйкес зат немесе сан, басқаша айтылуы немесе алмастыруы бола алады. Эквиваленттілік – теңдік қатынасы: Абай – ұлы ақын.
Бұл байланыс құралдарының импликациядан басқасы күрделі фразалық тұтастықтағы сөйлемдердің арасында да, әртүрлі байланыстағы құрмалас сөйлемнің бөліктерінің арасында вербальды және вербальсыз айтылуы мүмкін. Импликация вербальды айтылмайды.
Әр мәтіннің негізінде ақиқат туралы күрделі пайымдау ғана емес, коммуникация жағдаятымен және сол жағдаятқа сәйкес айтушының өзінің алдына қойған міндеттерімен (хабарлау, уәде беру, сақтандыру, сұрау, қорқыту, әңгімеге тарту, түсіндіру, т.б.) жасақталатын белгілі бір коммуникативтік мақсат жатыр. Мұндай мақсат күрделі фразалық тұтастық құрайтын компоненттердің арасындағы мағыналық қатынастарға елеулі ықпалын тигізеді. Күрделі фразалық тұтастық құраушылардың арасындағы мағыналық қатынастар жүйесі (реляциялық жүйе) ең алдымен семантикалық мәні нақты контекстік шеңберде олардың логикалық-грамматикалық мәнінен едәуір өзгеше жалғаулық пен жалғаулық сөздерге қатысты. Мәселен, және жалғаулығы негізгі мәнінде логикалық және жалғаулығымен (біріктіруші функция атқаратын) сай келеді. Алайда осы жалғаулық нақты сөйлемдер мен нақты күрделі фразалық тұтастықта синтаксисте зерделенетін себеп-салдар, шартты-салдарлы, қарсылықты және басқа қатынастармен байланысты сөйлемдер мен сөйлем мүшелерін біріктіруі мүмкін.
Күрделі айтылымда санамалаумен біріккен оқиғалар бір мезгілде немесе хронологиялық ретпен өтеді, яғни біріктіре санағанда темпоральды қатынас әрқашан көлегейленіп тұрады. Темпоральды сөздердің болуы (жалғаулықтар мен т.б.: сонда, сағат алтыда, кейін, кешке, т.б.) санамаланған оқиғалар арасындағы мерзімдік қатынастарды ашып көрсетеді. Алайда темпоральды сөздерді енгізу әрдайым темпоральды қатынас алғы шепке шықты дегенді білдіре бермейді және күрделі айтылымды семантикалық талдағанда атап көрсетілуге тиісті емес.
Сонымен, сөйлемде және сөйлегенде (мәтінде) қолданылатын жалғаулықтардың ерекшелігі – әрқайсысының әр алуан бағыттарда ортақ өз мәнімен логикалық жалғаулыққа тән ортақ мәнді нақтылап, онымен тоғысуы.
Коммуникативтік семантика тұрғысынан мәтінде мәтіннің терең құрылымында өзге коммуникативтік мақсаттағы (жанама сөз актілері) синонимдік немесе омомнимдік үстіңгі құрылымдар қолданылады. Мұндай құрылымдар асқан ізеттілік таныту, сөздік әрекеттің жағымсыздығын жасыру, ишара білдіру, кекету және басқа да субъектінің іс-әрекетін сипаттайтын манипуляциялар жасау керек болғанда қолданылады. Мысалы:
Жел соғып тұр! Терезені жабыңызшы, соққан желден тоңып кеттім.
Не айтқыңыз келіп тұр? –Айта беріңіз қысылмай.
Жанама сөз актісіне мағыналы үнсіздік те жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |