Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы



бет39/44
Дата20.05.2022
өлшемі0.51 Mb.
#458327
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
1159 jarmakin o. kh. magzumov kh.b matin lingvistikasi filologiya mamandikhtarinin studentterine arnalgan okhu khurali

Қорытынды

Оқулықта баяндалған мәтіннің негізгі категориялары мен ұғымдары туралы түсінік тіл маманына жалпы мәтіндерді, соның ішінде талдауы ерекше күрделі көркем әдебиет мәтінін толық және жан-жақты талдауға көмектеседі.


Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді кешенді талдау көп аспектілі және көп қырлы. Талдау жасауға кірісерден бұрын мәтін, оның ерекшеліктері мен көбірек белгілі категориялары, сол сияқты әрбір нақты мәтінде олардың қалай көрінетіні жайлы түсінік болу керек. Алдымен мәтінге ішінара талдау жүргізіп, яғни не байланыс түрлері мен құралдарын, не мәтінде информативтік, континуум, модальділік т.б. категориялардың көріну тәсілдерін талдап, содан кейін мәтінді жан-жақты талдауға көшкен жөн.
Мәтінді терең кешенді талдау көркем әдебиет мәтіндерін шынайы түсінуге, оқушыларды қарабайыр сөздерден аулақтатып, өз бетінше ойлап, пікір айтуға, адамгершілігі зор білімді де мәдениетті тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді.
Сөз соңында, «Мәтін лингвистикасы» пәні бойынша семинар сабақтары мен студенттердің өздік жұмыстарында мәтіндерді, әсіресе көркем мәтінді, лингвистикалық, филологиялық талдау жүргізгенде пәннің теориялық мәселелерін ойдағыдай игеру үшін міндетті түрде қазіргі қазақ тіл білімінде жарық көрген бай практикалық/тілдік материалды кеңінен, жүйелі түрде пайдаланған бірден-бір дұрыс бағыт деп санаймыз.

Терминологиялық түсіндірме сөздік


Абзац – жаңа жолдан басталатын мәтін бірлігі, күрделі құрылымдық-семантикалық тұтастық.
Автор бейнесі – көркем шығарманың мағынасы мен стилінің барлық элементтерін мәтіндік тұтастыққа біріктіретін лингвистикалық категория.
Автордың тілдік тұлғасы – автордың даралығы мен көркем мәтін тудырудағы ерекшеліктері.
Айтылым – бір коммуниканттың бір сөйлеу актісіндегі сөйлеу әрекеті.
Антропоцентристік бағытзерттеу жұмыстарының, танымның адамға, оның барлық сипаттарына (жеке басының, ұлттық, әлеуметтік) бағытталғандығы.
Ақпарат – (лат. informare-суреттеу, бір нәрсе туралы ұғым құрастыру, хабарлау) қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен ерекшеліктері туралы қарым-қатынас жағдайында табиғи тіл арқылы берілетін ақпардың жиынтығы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет