Б. Майлиннің «ШҰҒаның белгісі» атты повесі І



бет3/4
Дата24.12.2023
өлшемі20.2 Kb.
#487810
1   2   3   4
Емт-Билет-Көркем мәтінді әдеби талдау-М-Оразбек 2

Жанама мінездеуде адам мінезін тура суреттеу болмайды. Жазушы суреттейтін бір адамға немесе бір топ адамға қатысты нәрселер мен заттарды суреттеу, сөйлеген сөздері арқылы кейіпкер бейнесін ашып көрсетеді. Академик З.Қабдолов «Сөз өнері» еңбегінде: «Мұнда төтесінен сипаттамайды, жазушы суреттегісі келген кейіпкерінің мінез-құлқын әдет-ғұрпын анықтағысы келген кейіпкердің өзін емес, соның қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды» -деп көрсетеді. Мысалға Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесіндегі» Жаңбыршы деген ауылдағы бір ру буыны сырт түрлеріне қарағанда, өңшең бір ақсүйек мықтылар. Тосын көрген кісіге өздерінің мінез-құлқын білу қиын: «көздері бұл дүниенің ар жағындағы бірдемеге қадалғандай, бет-ауыздарында қатып қалған тас менмендік», төрт құбылалары теп-тегіс отырған ылғи бір ығай мен сығайлар. Бұлармен қол алысып амандасудың өзінде жазылмаған заң, бұзылмаған сән бар. Бұл – өз күйлері
М.Әуезовтің «Оқыған азамат» әңгімесінде:
Жұмағұлдың анасының жағымсыз мінез құлқы мынf бір жолда да көрініс табады: «- Дүниеге қашан ие боласың? Біздей кәрі әке-шешеңе қашан көмегің тиеді? Кемпірдің қолындағы мал-мүлікті жиып ал! - деп, Жұмағұл мен Қадишаның құлақтарын бұрап қояды»


1. Әдеби мәтінді психо-аналитикалық талдау. Бейсаналық.
Көркем әдебиетте, өнер дүниесінде кейіпкер психологиясын талдаудың бір түрі психоанализ. Психоанализ (нем. Psychoanalyse) - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд жасаған психологиялық теория, сонымен қатар осы теорияға негізделген психикалық бұзылуларды емдеу әдісі. Психоанализ - бұл қазіргі философиядағы адам мен қоғам өміріндегі бейсаналық және басқа психикалық процестердің рөлін түсіндіретін бағыт.Адам санасына бағынбайтын, адамның ырқынан, еркінен тыс психикалық күй-жағдайлар мен процесстер жиынтығы. «Бейсаналық» термині философияда, психологияда, әдебиеттану, заң ғылымдарында, өнертану және басқа да пәндерде қолданылады.Бейсаналық ұғымы Платон, Аристотель еңбектерінен бастау алады. Р.Декарттың сана мәселесі туралы еңбектерінен бастап, бейсаналық басқа мәндегі сипатқа ие болды. Декарттың пікірінше, адамның ырқынан тыс өзіндік «менін» бейсаналығы деп түсіндірді.
К.Юнг ашқан психоанализ элементі. Юнгтің теориясына сәйкес, ұжымдық бейсаналық — бұл адам санасы қабаттарының немесе қатпарларының бірі. Ғалымның пікірінше, ұжымдық бейсаналықтың мазмұны архетиптер болып табылады. Юнгтің пікірінше, тек жеке адам санасына тән бейсаналық қана емес, сонымен бірге отбасына, руға, ұлтқа, белгілі бір нәсілге тән ортақ бейсаналық бар. Осындай көпке тән бейсаналықты ұжымдық бейсаналық деп атайды. Мысалы көк бөрі, шаңырақ, қыран құс, құмай тазы, жылқы архетипі түркілерге, оның ішінде күллі қазаққа тән архетиптер. Аталған архетиптер есте жоқ ескі заманнан атадан балаға қанмен берілген архетиптер. Бұл архетиптер европалықтарға немесе қытай, жапон халқының таным-түсінігіне жақын емес. Ұжымдық бейсаналық қазақ жазушыларының шығармаларында үнемі суреттеліп, кейіпкердің мінезі, дүниетанымы арқылы танылып отырады. Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде жұртта қалып қойған Асан мен Үсен көшіп кеткен елін іздеп келе жатқанда Үсеннің әкесінің айтқан сөздері туралы ойына назар салайық: «Күн сәскеге шейін жүріп отырып, сәскеде сүрлеу бір қатаң шоқаттау жерге түсіп көрінбей кетті. Балалар енді қай жаққа жүрерін білмей дағдарып тұрды. Сөйтіп, жан - жағына қарап тұрса, ілгергі алдында бір киік қыр үстінде, үлкен мола көрінді. Сонда Үсеннің ойына әкесінің сөзі түсті: далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады, — дейді екен. Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен енді білді жақын жерде қол бар екенін, оның үшін қаз сусыз жерді мекен етпейді. Келіп екеуі енді молалы қырға шықты, қараса қырдың жығылар асты үлкен қол екен, көлдің айналасы да, іші де жыңылдаған мал. Жағасындағы жібектей жапырылған көкорай шалғынында қора—қора қой мен жылқы, жылқының бір парасы көл ішіне кіріп, белінен құраққа кіріп тұр, енді бір жағасындағы сортаңда бір топ түйе жатыр. Бұларды көріп, балалар қырдан түсіп, жүгіріп малға келді. Келсе, өз ауылдарының малы екен» (https://bilim-all.kz/article/9588). Осы мысалдағы Үсеннің әкесі айтқан мола туралы ойлары қазақ санасында атадан балаға беріліп келе жатқан ұжымдық бейсаналық десек қателеспейміз. Бала жол таба алмай адасқанда әкесінің сөздері еріксіз ойына түседі
2. Көркем шығармадағы образдың түрлері. Эпикалық және драмалық образдар.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т.б.


Образдың қазақшасы-көркем бейне. Бұл- кеңірек ұғым. Ең қарапайым мағынасында образ- суретті сөз. Күлімсіреп аспан тұр Жерге ойлатып әр нені (Абай)


Әдебиет теориясында образ деген ұғымның екі түрлі мағынасы бар. «Күн кірпігі от шашқан» деген бір ауыз ғана сөзді алсақ, бұл да образ. Бірақ бұл образдың тар мағынасы. Ал кең мағынасында образ- белгілі бір әдеби шығармадағы адам, көркем бейне. Оның эстетикалық мәні зор.
Эпикалық образ – кескін –кейпі, мінез-құлқы, іс-әеркетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диало пен монолог, түрлі де сезімдер және характерлерді суреттеу сияқты көркем бейне тудырудың көп әрі түрлі амал-тәсілдері, әсіресе осы эпикалық образ үшін аса қажет. Себебі бұл жерде адамның түр-түсін де, ішіне еніп те, ісіне баға беріп те, суреттеп те, жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Ал оған аталған эпикалық шығарманың өрісі де, жетер құшағы да еркін жетіп жатыр.


Қазіргі қазақ әдебиетіндегі қандай эпикалық образды алмайық, бәрінен бұрын, біздің көз алдымызға оның сыртқы түрі, кескін-кейпі келеді: «басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай» жалтыраған, жалтұмсық, «не қылайыны жоқ» қатал сақшы — жалғыз көзбен жан біткенге «тесіле, сыздана қарайтын» Құнанбай, шуда сақалы “тағалы ат тайып жығылғандай тақыр иегінен” зырғанап шықшытына ұйлыға қалған Жұман, көзінде наз, ернінде «ерке күлкі, жұмсақ білегін» жігіт мойнына салса, «хош иіс, ыстық леппен» шарпып қалатын «мүсінді Мұкарама», «салпы етек бөз көйлектің шалғайын жоғары көтеріп, ышқырлығына қыстыра сала» аузы-басы сүйрендеп өсекке кірісетін «тырыли арық Қарақатын…» Осы мүсіндердің қай-қайсысын болса да кез келген қыл қалам оп-оңай һәм айнытпай көшіріп, суретке салып ала қойғандай емес пе? Оны өз алдына десек, осынау Құнанбай мен Жұман болсын немесе Мүкарама мен Қарақатын болсын, әрқайсысы-ақ тасқа қашалғандай қаздиып, оқырманның көз алдында тұрған жоқ па? Міне, осының бәрі — эпостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.
Драмалық образ – бұл образдың ерекшлігі, эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетіне түскен қоспасы бар дүние емес. Бұл образдың ерекшелігі шынайы. Өмірдің өзінен алынған образы. Тіршіліктің ортасында қайнап жүрген тұрмыстың нағыз өз бейнесі. Мысалға, Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле — бәрі де драмалық образдар.


Драмалық образдарды берушілер көбінесе актерлар мен актрисалар. Олардың сомдауындағы протоиптер яғни ойнаушы образдары өмірдегі шынайы бір бейне. Ол бейнені қайта жұртпен табыстыру ол ендігі жерде өнердің шеберлігі болып кетеді.


Драмалық образдың жасалу тәсілдері де өзінше бөлек. Эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрліше көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалады.



  1. Көркем мәтіндегі эпикалық қашықтық және эпикалық ракурс

Шығармадағы қандай да болмасын баяндау тәсілі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет