Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет37/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153
suraganova turizm inf

72
Орналасқан жері. Орналасқан жеріне байланысты келесі 
түрлерге бөледі: 
Қалалық мейрамханалар. Қала аумағында орналасқан 
жəне тағамдардың, дəмтатымдардың, сусындардың түрлі сұ-
рыптамасын ұсынады немесе түскі жəне (немесе) кешкі асты 
ұсынумен мамандандырылады. Белгілі бір уақытта жұмыс істейді 
жəне көп клиенттері болады. 
Вокзалдық мейрамханалар. Теміржол вокзалдарында 
жəне əуежайларда орналасқан. Тəулік бойы жұмыс істейді. 
Тағамдардың, дəмтатымдардың, сусындардың шектеулі терімі. 
Төмен бағалар жəне осыған қатысты жылдам қызмет көрсету тəн.
Вагон – мейрамханалар. Негізінен алыс сапарға жүретін 
пойыздарда болады жəне жолаушыларға қызмет көрсету үшін 
арналған. Вагон – мейрамханалар мəзіріне салқын дəмтатымдар, 
бірінші жəне екінші тағамдар, ыстық сусындар, кешенді түскі 
астар, сонымен бірге пойыздың барлық вагондарында даяшы-
лар сататын пакеттердегі жолға арналған терімдер, кондитерлік 
өнімдер, жемістер, шырындар, минералды жəне жеміс сулары 
кіреді.
Теплоходтағы мейрамханалар. Жолсапардағы жолаушылар 
мен туристерге қызмет көрсету үшін арналған. Бұл жерде таңғы, 
түскі, кешкі астар ұсынылады. Қызмет көрсетуді даяшылар 
атқарады, бірақ өзін-өзіне қызмет көрсетуді де қолдана алады. Ірі 
теплоходтарда бірнеше мейрамханалар болуы мүмкін. 
Автокөлігінен шықпауды қалайтын 
автотуристерге арналған 
мейрамханалар. Тас жол немесе ірі автотұрақтар маңайында 
орналасқан. Уақытты үнемдеу мақсатымен клиенттерге доңғалақ 
конькимен сырғып келетін даяшылар көлігінде қызмет көрсетеді. 
Мейрамханалардың мұндай түрі АҚШ-та кең таралған. 
Барларды олардың мейрамхана ғимаратында орналасқан 
жеріне байланысты сыныптауға болады:
Вестибюльдік бар - кездесулер мен əңгімелесу үшін жайлы 
жер болып табылады. 
Мейрамхана бар - мейрамхана интерьерінің дəстүрлі жəне ең 
тартымды элементі болып табылады.
Қосымша бар-мейрамхана ғимаратының астыңғы жағында, 
төменгі қабатында орналасқан сауда нүктесі. Үлкен отельдер-


73
де олар бірнеше болуы мүмкін. Бұл жерде қонақтарға тікелей 
нөмірлерінде қызмет көрсету үшін шараптар, сыралар жəне басқа 
сусындар топталады.
Банкеттік бар. Банкеттік залда орналасқан. Тек қана банкет-
тер мен конференцияларға қызмет көрсету үшін қолданылады. 
Əдетте, банкеттік барда қымбат жəне танымал шараптардың, су-
сындар мен сыралардың үлкен қоры болады.
Бассейн айналасындағы бар. Қандай да болмасын жоғарғы 
разрядты отель (курорттық қана емес), қонақтар бір бокал 
экзотикалық коктейль немесе қандай да бір басқа сусынмен 
демалуға болатын бассейн жəне оның айналасындағы барсыз 
түкке тұрғысыз.
Шағын барлар. Қонақ бөлмелеріндегі тоңазытқышы бар 
шағын барлар. Қонақтарды тəуліктің қай уақытында да болмасын 
сусындармен қамтамасыз ету үшін арналған. Шағын барлардағы 
сусындар қоры күн сайын толықтырылып тұрады, ал қосымша 
ішілген сусындардың есебі ортақ шотқа кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет