Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Әдістемелік нұсқау

 
 Алғы сӛз……..........…………………………………………….......….........4 
1 Іштен жану қозғалтқыштарының жалпы құрылысы.........................................5 
Бақылауға арналған сұрақтар.......................................................................12 
2. Иінді білікті шатунды және газбӛлістіру механизмдері...............................13
Бақылауға арналған сұрақтар.......................................................................22 
3. Майлау жүйесі...................................................................................................23
Бақылауға арналған сұрақтар.......................................................................25 
4. Салқындату жүйесі............................................................................................26 
Бақылауға арналған сұрақтар.......................................................................28 
5. Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі..............................29 
Бақылауға арналған сұрақтар........................................................................38 
6. Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі........................................39 
Бақылауға арналған сұрақтар.........................................................................46 
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................47 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Алғы сӛз 
Іштен жану қозғалтқышы автомобильдің және басқада кӛліктердің 
энергетика кӛзі болып табылады. Іштен жану қозғалтқышының негізгі 
қызметі жұмыс үдерісінде отынның жанғанда бӛлінген жылу энергиясын 
механикалық энергияға айналдыруға арналған. Іштен жану қозғалтқышы деп 
аталуы онда барлық негізгі үдерістер цилиндр ішінде орындалады. 
1860 жылы француз инженері Этьен Ленуар жарықтандыру газында 
жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышын ойлап тапты.1870 жылы Э. Ланген 
және Н.Отто (Германия) қоспа еркісіз тұтандырылатын газда жұмыс істейтін 
тӛрт ырғақты қозғалтқыш жасады, ал 1897 жылы неміс инженері Р.Дизель 
алғаш рет жұмысшы қоспа қысымнан тұтанатын дизель қозғалтқышын 
жасады.
Кӛлік қозғалтқыштарына кӛпрежимділік, қозғалтқыш кеңістікте орнын 
ӛзгерткенде жұмыс орындау қабылеттілігін жоғалтпау, мӛлшерлік 
ӛлшемдеріне және массасына қойылатын жоғарғы талаптары тән. 
Кӛпрежимділік қозғалтқыштың жылдамдық және күштеудің кең шегінде 
жұмыс орындауынан туындайды. Қозғалтқыштың кеңістікте орналасуының 
ӛзгеруі оның кӛліктерге орнатылып соңғының орындайтын жұмысына 
байланысты туындайды.
Іштен жану қозғалтқыштары поршеньді, роторлы-поршеньді, реактивті 
және газотурбиналы болады. Аталған құрылымдардың бір-бірінен 
айырмашылығы негізінен құрылысында, қолданылатын отынында. 
Қазіргі кезде автомобильдерде ең кӛп қолданылатын қозғалтқыштарға 
поршеньді іштен жану қозғалтқыштарын жатқызуға болады. Бұл 
қозғалтқыштардың ӛзара айырмашылығы қуатында және жалпы осы 
құрылымдарға тән белгілерінде. 
Құралда 
қазіргі 
кездегі 
қолданыстағы 
қозғалтқыштардың 
классификациясына, олардың механизмдері мен жүйелерінің құрылысына, 
жұмыс орындау принципіне кеңінен тоқталған. Сонымен қатар әр тараудың 
соңында келтірілген бақылау сұрақтары студенттің меңгерген білімін 
тексеруге мүмкіндік жасайды.
Бұл әдістемелік құрал таңдамалы «Кӛлік құралдары құрылысының 
негіздері» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға 5В071300–«Кӛлік, кӛлік 
техникасы және технологиялар», 5В090100- «Тасымалдауды, қозғалысты 
және кӛлікті пайдалануды ұйымдастыру» мамандықтарының студенттеріне 
арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет