39
6. Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Дизельдің қоректендіру жүйесінің негізгі
қажеттіліктерінің бірі
цилиндрлерге тазаланған ауаны және тозаңдандырылған отынды беруге
арналған.
Дизельдерде қоспа дайындау ӛте қысқа уақыт аралығында жүзеге асады.
Жылдам және толық жанатын қоспаны алу үшін, отын мүмкіндігінше майда
бӛліктерге тозаңданып және әр бӛлшек тӛңірегінде толық жануға қажетті ауа
мӛлшері болуы тиіс. Бұл үшін отын форсункамен қысу ырғағындағы жану
камерасындағы ауа қысымнан бірнеше есе үлкен қысыммен бүркіледі. Отын
толық жанып, дизель қозғалтқышының
қуаттық және экономикалық
кӛрсеткіштері жақсы болуы үшін отын цилиндрге поршень ЖӚН- ге жетпей
бүркілуі тиіс. Кӛлік дизелінің қоректендіру жүйесінің сұлбасы сурет 25- те
келтірілген.
Қозғалтқыштың жұмысында отын сыйымдылықтан 9 отынӛткізгіші
бойынша ірі тазалау сүзгісіне 5 беріліп, онда ірі механикалық бӛгде
қоспалардан тазартылады. Ірі тазалау сүзгісінен отын помпамен 12 сорылып
жіңішке тазалау сүзгісі 6 арқылы отынның жоғарғы қысымды сорғысына 14
қысымдалады. Сорғы жоғарғы қысым отын ӛткізгіштерімен 4 жоғарғы
қысыммен форсункаға 3 береді, ол тозаңдатылған күйде отынды жану
камерасына бүркеді. Артық отын сорғыдан ӛткізу түтігі 13
арқылы
отынӛткізгіштің штуцеріндегі ӛткізу клапаны арқылы помпаның кіргізу
бӛлігіне алынып кетіледі.
Сонымен қатар отынның артық мӛлшері (шығынның 0,02%-ға дейінгі
мӛлшері) форсунканың бӛлшектерінің арасындағы саңылаулар арқылы тӛгу
түтікшесі 2 арқылы жіңішке тазалау сүзгісіне
немесе отын сиымдылығына
алынып кетіледі. Қозғалтқыштың жұмысының үнемділігін, сенімділігін және
ұзақмерзімділігін қамтамасыздандыру үшін дизель отыны белгілі талаптарға
сәйкес болуы тиіс. Оның сапасының басты кӛрсеткіші тазалығы, жоғарғы
жылу бӛлу мүмкіншілігі,
кіші тұтқырлығы, тӛменгі ӛздігінен тұтану
тепературасы, жоғарғы цетандық саны. Отынның цетандық саны тӛмен
болған сайын цилиндрге бүрку сәтінен кейін ӛздігінен тұтанудың кешігу
кезеңі кіші болады да, қозғалтқыш жұмсақ жұмыс істейді.
Жұмыс жағдайына байланысты дизельдерде келесі дизельді отындардың
маркалары қолданылады: «Л» (жазғы) – қоршаған ауа температурасы 0
0
С
және одан да жоғарыда; «З» (қысқы) – қоршаған ауа
температурасы минус
20
0
С және одан да жоғарыда (отынның қату температурасы минус 35
0
С- тан
жоғары болмайды) және аязға тұрақты отын минус 30
0
С температурасында
және одан да жоғарыда (отынның қату температурасы минус 45
0
С - тан
жоғары болмайды); «А» (арктикалық) қоршаған
ауа температурасы минус
50
0
С және одан да жоғарыда қолданады.
40
1 – гильза; 2 – П-тәрізді канал; 3- отыналып келетін штуцер; 4 – ӛткізу клапаны; 5 –
штуцер; 6 – қысымдау клапаны; 7 – плунжер; 8 – рейка; 9 – итергіш; 10 – эксцентрик; 11 –
жұдырықшалы білік; 12 – шлицалы втулка; 13 –орнату фланеці; 14 – тапылжытпайтын
винт; 15 – тұрық; 16 – айналыс жилігінің реттегіші
Сурет 24- Сорғы бӛлшектері
Достарыңызбен бөлісу: