Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»


Қозғалтқыштардың негізгі кӛрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Әдістемелік нұсқау

1.4 Қозғалтқыштардың негізгі кӛрсеткіштері 
Қозғалтқыштардың жұмысын сипаттайтын негізгі кӛрсеткіштерге 
айналдыру моменті, қуат, үнемділігі және пайдалы әсер коэффициенті
жатады.
Қозғалтқыш цилиндрлеріндегі отынның жануында бӛлінген жылу 
энергиясының біраз бӛлігі механикалық энергияға айналады. Поршеньге әсер 
ететін газдардың қысымдарының күштері шатун арқылы иінге беріліп 
қозғалтқыштың иінді білігінде айналдыру моментін туындатады 
Айналдыру моменті – иінді айналдыратын күштің иінінің радиусына 
кӛбейтіндісі. Айналдыру моменті ньютонметрде (Нм) ӛлшенеді. Қозғалтқыш 
белгілі айналдыру моментін туындатып, жұмыс орындайды. Қуат – уақыт 
бірлігінде орындалатын жұмыс. Оны киловатта (кВт) ӛлшейді. 
Қозғалтқыштың идикаторлық және тиімді қуаты болады.


12 
Индикаторлық қуат – жұмыс орындаудағы қозғалтқыштың 
цилиндрінің ішіндегі газдардың туындататын қуаты. 
Тиімді қуат – иінді білікте алынатын қуат. Қозғалтқыш қуатының бӛлігі 
ӛзінің механизмдеріндегі үйкеліс күштерін еңсеруге және кӛмекші 
құрылымдарды (сорғыларды, желдеткіштерді, генераторларды және т.б.қ) 
іске қосуға және газ алмасуға жұмсайтындықтан ол индикаторлық қуаттан 
20…25%- ға кіші болады.
Қозғалтқыштың механикалық пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) – 
тиімді қуаттың индикаторлық қуатқа қатынасымен анықталады. Оның мәні 
бӛлшектерді ӛңдеу сапасына, үйкелістегі бӛлшектерді майлауға және 
қозғалтқышты жинауға байланысты болады. Механикалық ПӘК- нің мәндері
0,75…0,80 шегінде ӛзгереді. 
Тиімді пайдалы әсер коэффициенті – механикалық жұмысқа 
айналдырылған жылу мӛлшерінің отын құрамындағы жылу мӛлшеріне 
қатынасымен анықталады. Тиімді пайдалы әсер коэффициентінің мәндері 
0,26…0,37 (карбюраторлы қозғалтқыштар үшін – тӛменгі, ал для дизельдер 
үшін– үлкен шектері) шегінде болады. Ақаусыз қозғалтқыштарда жылудың
30%- дайы тиімді қуат алуға кетеді. Қалған жылу энергиясы механикалық 
жоғалтылуларға (

20%), қозғалтқыштың салқындату сұйығын (

25%) және 
қозғалтқышты (

10%) қыздыруға, сонымен жұмыс істеп біткен газдармен 
алынып кетіліуне (

15%) жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет