Б. З. Кенжегулов


Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін құраушы стандарттары



бет9/39
Дата16.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#455424
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
standarttau

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін құраушы стандарттары

      1. Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.


       1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер ҚР-ның заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.    

2. Мемлекеттік стандарттар:

     1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

     2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

     3) процестерге арналған стандарттар;

     4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.

     3. Негізге алынатын мемлекеттiк стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.

     4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар ҚР-ның мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.

     5. Мемлекеттік стандарттарда мыналар қарастырылады:

     1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi талаптар;

     2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;

     3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;

     4) терминдер мен анықтамалар;

     5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;

     6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;

     7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;

     8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;

     9) менеджмент жүйесiн енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

     10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.
Стандарттау жөніндегі органдар мен қызметтер
Қазақстанда стандарттау бойынша жұмыс жетекші органмен (ұлттық), жұмыс органдарымен және бақылаушы ұйымдармен жүзеге асырылады.

Қазақстанда стандарттау бойынша ұлттық орган ол елдегі стандарттаудың мемлекеттік жетекшілік етуін жүзеге асыратын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Қазақстан Республикасының Комитеті (ҚР Мемстандарты).

ҚР Мемстандарты келесі қызметтерді атқарады:


    • стандарттау, сертификаттау және метрология сұрақтарына қатысты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін реттейді;

    • стандарттау, сертификаттау және метрология аумағындағы Қазақстан Республикасының және басқа да Мемлекеттік субъектілердің құрамындағы республика билігіндегі органдармен өзара әрекет етеді;

    • стандарттарды әзірлеу және қолдану бойынша, сонымен қатар өз құзыретіне ұқсас басқа да проблемалар бойынша техникалық комитеттің және шаруашылық іс-әрекет субъектілердің әрекетін бағыттайды;

    • өз құзыретінің шегінде заң жобаларын және басқа да құқық актілерін дайындайды;

    • стандарттау, сертификаттау және метрология жұмыстарын жүргізу бойынша тәртіп және ережелерді бекітеді;

    • мемлекеттік стандарттарды қабылдайды, нормативті құжаттардың, зат және материалдардың стандартты үлгілерінің тіркелуін жүзеге асырады;

    • сынау зертханасын және серттификаттау бойынша органдарды аккредиттеу қызметін басқарады;

    • стандартттардың міндетті талаптарын, метрология ережелерін және міндетті сертификаттаудың орындалуы жайында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    • Қазақстанды халықаралық ұйымдарда және Мемлекетаралық ТМД кеңесінде таныстырады;

    • сәйкес шет ел органдарымен қарым –қатынас жасайды;

    • аумақтардағы Мемстандарт қызметін атқаратын ғылыми - зерттеу институттарының және территориалды органдардың жұмысын басқарады;

    • мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарының, сертификаттаудың міндетті ережелерінің орындалуына бақылау және қадағалау жүргізеді;

    • халықаралық, аумақтық және мемлекетаралық (ТМД аумағында) стандарттау және т.б. жұмыстарға қатысады.

Стандарттау бойынша тұрақты жұмыс органдары болып стандарттау объектісіне қарай мамандандырылған стандарттау бойынша техникалық комитеттер (ТК) танылады.

Стандарттау бойынша техникалық комитеттердің негізгі қызметі:



    • өз аймағындағы стандарттаудың даму концепциясын анықтау;

    • жаңа стандарттардың жобаларын әзірлеу және іс-жүзіндегі стандартты жаңарту;

    • стандарттарды және т.б. әзірлеуге қатысатын ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

Халықаралық стандарттау желісі бойынша техникалық комитеттер ұлттық стандарттардың халықаралыққа сәйкес болу сұрақтарымен айналысады, стандарттау бойынша халықаралық (аймақтық) ұйымдардың техникалық комитеттерінің жұмысына қатысады, сонымен қатар бірқатар басқа да жұмыстар атқарады.

Техникалық комитетті құру үшін ғылыми-техникалық база ретінде қызмет ету профилі оның мамандануына сәйкес келетін кәсіпорын және ұйым қызмет атқарады. Оның қатарына ҚР Мемстандартының және ҚР Мемқұрылысының ғылыми-зерттеу орталықтары да кіреді.

Стандарттау бойынша басқа да қызметтер ретінде ғылыми-зерттеу, конструкциялық және басқа да ұйымдарда құрылатын арнайы қызметтерді (зертханалар, бөлімдер, бюролар, орталықтар) және стандартау, сертификаттау және метрология аумағындағы үйлестіруші жұмыстарды атап айту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет