Мемлекеттік стандартты әзірлеу жұмысын ұйымдастыру.
Стандартты әзірлеу алдында дайындық жұмыстары мен қатар мемлекеттің стандарттың өкілетті мәселесіне өтініш береді.Қажетті жағдайда стандартты ынталы түрде әзірлеуге болады.Ұсақ жұмыстарды қабаттастырмас үшін стандарт әзірлеу туралы мәлімет Мемстандартқа жіберілуі тиіс.
Өтінішті даярлау және қарау,мемлекеттік стандарттау жұмыстарының жоспарын әзірлеу ҚР СТ 1.7 сәйкес атқарылады.Өтінішке стандарт әзірлеудің қажеттілігі мен себептері жазылады.Сонымен қатар өкінішке стандарттардың жобасы немесе стандарттау әзірлеудің техникалық тапсырмасы қосымшаланады.
Техникалық тапсырмада стандартты әзірлеу кезеңдері мен оларды орындау мерзімі,стандарттың бөлімдері және стандарттауға белгіленген обьектінің негізгі сипаттары мен көрсеткіштері.
Мемлекеттік қажеттілік үшін әзірленетін стандарттар ҚР « Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы бойынша конкурстың негізінде дайындалады.
ТК стандарт жобасын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырғанда жобасын әзірлеуге қатынасын мүдделі жақтардың өкілдерінен құралатын жұмыс тобының құрамын анықтайды.Бұл топқа алдыңғы қатарлы ғылыми – зерттеу ұйымдар мен жоғарғы оқу орындары енгізілуі керек.
Бекітілген бағдарлама жоспар және келісімдерге сәйкес жұмыстың атқарылу мерзімін стандартты әзірлеу кеңестерімен жеке жеке анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |