Б. З. Кенжегулов


№2.4 тақырып.Сертификаттауды қолдану салалары. (1 сағат)



бет29/39
Дата16.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#455424
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
standarttau

№2.4 тақырып.Сертификаттауды қолдану салалары. (1 сағат)





  1. Міндетті сертификаттау объектілері. Ерікті сертификаттау объектілері.

  2. Өнімінің сәйкестігін растау сұлбалары.

Өнімді сертификаттау ерікті немесе міндетті түрде жүргізіледі.

     Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі, мыналарға:
      1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын, сондай-ақ өнімнің техникалық регламентке және нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжатқа, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіне, заттаңбаға және өнімді сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестікті растау үшін жиынтығында жеткілікті белгілерді, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша сәйкестігін тексеруге. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарын өнімді таңбалауға қажетті ақпарат бөлігінде сақталуы ескертілуге тиіс;
      2) өнімнің регламенттерде белгіленген адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарға, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сәйкестікті міндетті растаған кезде, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптарын сақтаған кезде тексеруге тиіс басқа талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады.
      Басқа тексерілетін көрсеткіштердің құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып анықталады.      Сертификаттау кезінде өнімнің сәйкестігінің белгіленген талаптарға қажетті дәлелін қамтамасыз ететін схеманы пайдаланған жөн.

      Сәйкестікті растау схемасын өтініш беруші сәйкестікті растау органымен бірлесіп анықтайды.

Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:

1)сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;


2)өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;
3)сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

4)үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;


5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;

7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификатталған өнімді инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

      Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді.

      Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі бір күннен аспауға тиіс.
      Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша ресімделеді және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды, оның ішінде ұсынылып отырған сертификаттау схемасы, қажетті техникалық құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, сынақ зертханаларының (орталықтың) (бұдан әрі - зертхана) атауы, сондай-ақ инспекциялық бақылау талаптары көрсетіледі.
      Егер өтінім беруші сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады.

     Сынақтар құрастырмасы, дайындау құрамы мен технологиясы тұтынушыға (тапсырыс берушіге) ұсынылатындай өнімдегі сияқты үлгілерде жүргізіледі.


      Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі, сәйкестендіру және сақтау ережесі осы өнімді сертификаттау жөніндегі нормативтік немесе ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарға және сынақтар әдістемесіне сәйкес белгіленеді.
      Өтінім беруші құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленетін үлгіге (үлгілерге) қойылатын техникалық құжаттаманы ұсынады.

      Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеуді Орган немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия жүзеге асырады.


     Үлгілерді іріктеу нысан бойынша актімен рәсімделеді.
      Іріктелген үлгілер өтінім берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломба салынады (егер бұл мүмкін болса) және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен тізімін Орган белгілейтін оларға техникалық құжаттама қоса беріліп, аккредиттелген зертханаға жіберіледі.
      Нормативтік құжаттарда көзделген жағдайларда өнімнің жарамдылық мерзімі немесе сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өнімнің бақылау үлгілерін сақтау жүзеге асырылады. Өнімнің үлгілерін сақтаудың нақты мерзімдері осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді.
      Сертификаттауға арналған сынақтар осы өнімді сертификаттаған кезде пайдаланылатын нормативтік құжаттарда көзделген әдістер бойынша жүргізіледі.
      Сынақтар осы объектіні сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттамада көзделген және Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.
      Егер сынақ мерзімдері нормативтік құжаттарда көзделмеген жағдайда, онда бұл мерзім 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      Ең болмаса көрсеткіштердің (сипаттамалардың) біреуі бойынша сынақтардың теріс нәтижелері кезінде объектіні сертификаттау мақсатындағы сынақтар тоқтатылады, бұған өтінім берушінің келісімі бойынша сынақтарды жүргізуді жалғастыру жағдайлары жатпайды.


      Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде Орган өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға сынақ хаттамасымен бірге нысан бойынша сертификат беруден бас тарту туралы шешім жібереді.

      Сынақтардың хаттамалары өтінім берушіге және Органға жіберіледі. Сынақтар хаттамаларының көшірмелері сертификаттың жарамдылық мерзімінен кем болмайтын уақытқа сақталуы тиіс. Хаттамалардың көшірмелерін сақтаудың нақты мерзімдері (оның ішінде өнімнің белгіленген талаптарға сәйкессіздігінен өтінім берушіге сертификат берілу мүмкін емес жағдай үшін) зертхана белгілейді.

Өтінім беруші Органға өтінім бойынша шешімде көрсетілген құжаттарды, оның ішінде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынады.

      Өтінім беруші Органға олардың өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде жүргізілген әрекеттерінің мерзімдерін ескере отырып, сынақтардың хаттамаларын немесе техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген зертханалар орындаған сынақтар туралы құжаттарды бере алады.


      Ұсынылған құжаттарды, оның ішінде: олардағы нәтижелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімін, құрастырмаға (құрамына), материалдарға, технологияға енгізілген өзгерістерді тексергеннен кейін Орган Сертификат беру туралы немесе сынақтардың көлемін қысқарту немесе тиісті құжаттарда көрініс табатын жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдай алады. Ұсынылған құжаттарда бұзушылықтар анықталған жағдайда өтінім беруші осы бұзушылықтарды жоя алады және Органға анықталған бұзушылықтар бөлігінде қайта қарауға бере алады.

      Егер нормативтік құжаттарда қаражаттың, уақыттың үлкен шығынына байланысты және сертификаттау сынақтарын жүргізу қиын, ал үлгілерді іріктеу қымбат тұратын тасымалдауы ауыр бұйымдар үшін сынақтар белгіленсе, Органның өкілдері мен +++66аккредиттеу саласында анықталған сынақтарды жүргізу әдістемелеріне сәйкес Орган аккредиттелген сынақ зертханалары қатысатын өндіріс процесінде жүргізілетін сынақтармен бірге сертификаттық сынақтарды біріктіру туралы шешім қабылдай алады.


      Осы сынақтар сертификаттау сынақтары үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      Сертификаттау схемасына байланысты өнімді өндірудің жай-күйін талдау жүргізіледі.

Өндірістің жай-күйін талдау кезінде мыналар тексеріледі:

1) нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, олардың жай-күйі;

2) технологиялық процестің сақталуы мен оның метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі;

3) кіру, қабылдап алу-бақылау және мерзімдік сынақтар жүйесінің бар болуы;


4) техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жүйесінің және сынақ құралдарының бар болуы;

5) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;

6) сертификатталатын өнім сапасының тұрақтылығы;

7) сақтау жағдайларының бар болуы;

8) наразылықтарды есепке алу мен талдаудың бар болуы.

      Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері тиісті қорытындылары бар актімен ресімделеді және өтінім берушіге жіберіледі. Тексерістің теріс нәтижелері болған жағдайда таңдап алынған схема бойынша өтінім берілген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстар тоқтатылады, бұл туралы Орган үш күн мерзімде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.


      Анықталған кемшіліктер жойылғаннан немесе сертификаттаудың өзге схемасын таңдағаннан кейін өтінім беруші сертификаттауға жаңа өтінім береді.
     Өтінім берушіде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі шеңберінде берілген немесе танылған сертификатталатын өнімнің сапа менеджменті жүйесіне арналған Сертификаты бар болған кезде өндірістің жай-күйіне талдау жүргізілмейді.
     Регламентке 1-қосымшада көрсетілген 9 және 10-схемалар бойынша өнімді сертификаттау өнімнің белгіленген талаптарға тікелей немесе жанама сәйкестігін растайтын өтінімдер мен құжаттар негізінде жүргізіледі.

Өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) өнімге бұдан бұрын жүргізілген сынақтардың хаттамалары;

2) өнімге немесе пайдаланылатын шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар;


3) қорытындылар, анықтамалар және өнімнің уәкілетті мемлекеттік органдар берген белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы өзге де құжаттар;

4) автокөлік құралдары үшін - үлгіні мақұлдауды растайтын құжаттар.


      Өтінімге құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қоса беріледі.
      Егер өтінім беруші өтініммен берген ақпарат өнімнің сәйкестігін растау үшін жеткіліксіз болса, Орган өтінім берушіге өнімді басқа схема бойынша сертификаттауды ұсынады.

      Өндірістің жай-күйіне немесе менеджмент жүйесін сертификаттауға жүргізілген талдау туралы мәліметтерді (құжаттарды) Өнімге арналған сертификатта көрсетеді.


      Орган сынақтар хаттамаларын, өндірісті бағалауды және өнімнің сәйкестігі туралы басқа да құжаттарды талдаудан кейін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
      Осы бағалаудың нәтижелері сарапшының қорытындысында көрсетіледі. Осы қорытындының негізінде Орган Сертификат беру туралы шешім қабылдайды. Сертификатты ресімдейді және оны берілген Сертификаттардың тізіліміне тіркейді. Сертификат тек тіркеу нөмірі бар болғанда ғана жарамды.

      Сертификат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:


1)өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;
2) өтінім берушіге сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру туралы мәліметтер;

3) өтінім берушіде сертификатпен расталған қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің бар екені туралы мәліметтер;


4) Сертификатты беру үшін негіз болатын сертификаттау схемасына сәйкес құжаттар туралы мәліметтер;
 5) қолданылатын сертификаттау схемасы.

      Сертификаттың оның әрекеті қолданылатын нақты өнімнің тізбесі бар қосымшасы болуы мүмкін, егер: бір дайындаушы жасап шығаратын және сол бір талап бойынша сертификатталған біртекті өнім тобының;


      Сертификатта көрсетілген бұйымды (кешенді, жиынтықты) техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қолданылатын құрама бөлшектердің және (немесе) қосалқы бөлшектердің белгіленген жинағы бұйымының (кешеннің, жиынтықтың) құрамын талдау талап етілсе.
      Өнімнің сәйкестігін бағалаудың теріс нәтижелері кезінде Орган себептерін көрсете отырып, Сертификат беруден бас тарту туралы шешімді береді.

      Сертификаттың қолданылу мерзімін сертификаттаудың таңдап алынған схемасын, өнімнің ерекшелігін, оның өндірісін, нормативтік құжаттардың қолданылу мерзімін, нормативтік құжаттардың нақты өнімге арналған талаптарын, сондай-ақ менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл сертификаттау схемасында көзделген болса), бірақ үш жылдан немесе өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімді ескере отырып, Орган белгілейді.


       Дайындаушы өткізетін өнім үшін сериялық шығарылатын (сериялық шығарылым) өнімге арналған Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде Сертификат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық (қызмет) мерзімі ішінде өнімді жеткізу, сату кезінде жарамды.
     Сертификаттың қолданылу мерзімін өнімнің жарамдылық мерзімі шегінде Сертификатты берген Орган ұзартуы мүмкін. Сертификаттың қолданылу мерзімі бұл ретте Сертификат берілген күннен бастап үш жылдан аспауға тиіс. Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту өтінім берушінің қалауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен орындалады:
      1) Сертификаттың "_____ дейін қолданылады" деген бағанының сол жағынан бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталатын "Қолданылу мерзімі_____ дейін ұзартылды" деген жазба енгізіледі;
      2) ұзартылатын Сертификаттың тіркеу нөмірін сақтап және Сертификат ұзартылатын өнімнің атауы мен санын көрсете отырып, жаңа Сертификат ресімделеді.

      Егер сериялық өндірістің өніміне берілген Сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталса, ал ол қолданылатын кезеңде шығарылған өнім өткізу сатысында болса, онда Сертификаттың қолданылуы барлық жарамдылық немесе оны сақтау талаптары сақталғанда өнімді сақтау мерзіміне, алайда үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Өнімнің құрастырмасына (құрамына) немесе оны өндіру технологиясына сертификаттау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге ықпал етуі мүмкін өзгерістер енгізілген кезде Сертификат ұстаушы осы өнімнің өндірісіне толық немесе ішінара сынақтар немесе жай-күйіне бағалау жүргізгенге дейін Сертификаттың күшін жою немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайтын Сертификатты берген Органға дереу хабарлайды.
      Сертификатты ұстаушының Орган қабылданған шешім туралы     хабарлағанға дейін оған енгізілген өзгерістері бар өнімді өткізуге құқығы жоқ.

      Егер сертификаттау кезінде куәландырылатын осы өнімге нормативтік құжатта белгіленген өнімнің көрсеткіштері одан да қатаң өзгерсе, онда Сертификаттың қолданылуы нормативтік құжатқа өзгеріс енгізілген күнінен бастап тоқтатылады.

      Сертификатталған өнімге қоса берілетін ілеспе техникалық құжаттамада (техникалық паспорт және басқалары), сондай-ақ тауардың ілеспе құжаттамасында жүргізілген сертификаттау туралы жазба жасауға рұқсат етіледі және Сертификаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.
      Сәйкестік сертификатының көшірмесі белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады, бірінші басшының немесе оған өкілетті адамның қолымен және Органның мөрімен расталады.
      Соның негізінде берілген құжаттармен бірге Сәйкестік сертификатының берілген көшірмелерінің саны туралы ақпарат оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде бір жыл бойы Органда сақталады.
      Сәйкестік сертификатының телнұсқасын беруді өтінім беруші Сертификаттың түпнұсқасын жоғалтқанда (бүлдіргенде) осы сертификатты берген Орган жүргізеді. Бұл жағдайда өтінім беруші жоғалту (бүлдіру) жағдайларын көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтінім жібереді.
      Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа мен телнұсқасының берілген күнін көрсете отырып, түпнұсқа тіркелген нөмірмен тіркеледі, бұл ретте бланкінің оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген мөртабан қойылады.
Сертификаттың телнұсқасы ұзартылмайды.
      Сертификат берілген өнім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сәйкестік белгісімен таңбалануы мүмкін.
      Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Органда тіркелген Сертификаттың негізінде дайындаушы (сатушы) жүзеге асырады.

      Инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.


      Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделмесе) өткізілетін өнімнің сертификаттау кезінде расталған, белгіленген талаптарға сәйкестігі жалғасатын өнімді сынау үлгілері мен растау қажетті басқа тексерістер кіретін мерзімді және жоспардан тыс тексерістер нысанында Сертификаттың бүкіл жарамдылық мерзімінде, бір жылда бір реттен кем болмайтын мерзім ішінде жүргізіледі.
      Инспекциялық бақылаудың кезеңділігін Сертификат берген Орган белгілейді. Жоспардан тыс тексерістер тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ Сертификат берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Органдардан өнімнің сапасына шағым туралы ақпарат түскен жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

      Өнімнің ықтимал қауіптілік дәрежесі, өндірістің тұрақтылығы, шығару көлемі, менеджмент жүйесінің бар болуы, инспекциялық бақылауды жүргізудің құны және т.с.с. кезеңділікті белгілеу және инспекциялық бақылау көлемін анықтау үшін өлшемдер болып табылады.


      Инспекциялық бақылаудың көлемін, мазмұны мен жүргізу тәртібін орган белгілейді.
      Инспекциялық бақылау, әдетте мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
1) сертификатталған өнім туралы түсетін ақпаратты талдау;
2) тұрақты сапалы өнімді шығару үшін қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру;
3) өнімнің сынағын жүргізу және олардың нәтижелерін талдау;
4) бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау.
      Нақты өнім сапасының менеджмент жүйесі мен оларға инспекциялық бақылаудың оң нәтижелеріне Сертификат бар болғанда тұрақты сапа өнімін шығаруға арналған жағдайларды талдау жүргізілмейді.
      Инспекциялық бақылаудың нәтижелері үлгілердің сынақтары мен басқа да тексерістер нәтижелерінің бағасы берілетін, сертификатталған өнім өндірісінің жай-күйі мен берілген Сертификаттың қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалатын еркін нысандағы актімен ресімделеді.
      Акті Органда кемінде үш жыл сақталады, ал оның көшірмелері өтінім берушіге (дайындаушыға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.

     Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган сертификатталған өнім нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Сертификаттың қолданылуын:

1) инспекциялық бақылау кезінде өнімді сынаудың теріс нәтижелері;
2) өнімге арналған нормативтік құжат немесе сынақ әдісі Органның тиісті хабарлауынсыз өзгерген;
3) өнімнің құрастырмасы (құрамы), жиынтығы, өндірістің ұйымдастырылуы және (немесе) технологиясы Органның тиісті хабарлауынсыз өзгерген;
4) өнімді өндіру технологиясының талаптары өзгерген (орындалмаған);
5) бақылау және сынақ әдістері, менеджмент жүйесі Органның келісімінсіз өзгерген жағдайларда тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.

      Егер Сертификат берген Органмен келісілген түзеу әрекеттері жолымен өтінім беруші сәйкессіздіктің анықталған себептерін жоя алатын және қосымша сынақтарсыз өнімнің нормативтік құжаттарға сәйкестігін қайта инспекциялық бақылау кезінде сынақ зертханасында растай алатын жағдайда оның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады.


      Сертификаттың қолданылуы Орган мен өтінім берушінің өзара келісімі бойынша осы өнімді өндіру тоқтатылуына байланысты немесе басқа себептермен тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін.
  Сертификаттың қолданылуы:

1)егер анықталған сәйкессіздік түзетілмейтін болса;


2) егер өтінім беруші Органға қатысты өзінің қаржылық міндеттерін орындамаса;

3) егер өтінім беруші Сертификаттың қолданылуы уақытша тоқтатылған кезеңде тиісті шараларды қабылдамаса;


4) егер өтінім беруші Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзартуды қаламаса;
5) егер өнімді өндіру тоқтатылса (басқа өндіріске берілсе) немесе кәсіпорын таратылса жойылуы мүмкін.

      Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген Орган өтінім берушіге, тұтынушыларға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды.


      Орган Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, тұтынушылар мен нақты өнімді сертификаттауға мүдделі қатысушыларды ақпараттандырады.

      Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған түзеу әрекеттерін Орындағаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі.


Міндетті және ерікті сертификаттау объектілері

Сертифи-каттау түрі

Жүргізу мақсаттары

Жүргізу негізі

Объектілер

Сәйкестікті тексеру мәні

Норматив-тік базасы

Міндетті

Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін және экологияға зиянсыздығын қамтамасыз ету

Қазақстан Респуб-ликасы-ның заңнама-лық актілері

Міндетті түрде сертификатту-ға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Тізіміне енгізілген өнімдер, көрсетілетін қызметтер

Нормативтік және де басқа құжаттарда қарастырыл-ған міндетті талаптарға сәйкестікті тексеру

Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы және қауіпсіздігі-не міндетті талаптар қоятын нормативтік және басқа құжаттар

Ерікті

Кәсіпорынның өнімінің (жұ-мысының, көр-сетілетін қыз-меттінің) бәсеке-сестігін қамтамасыз ету.

Қауіпсіздік талаптарына ғана емес, сапаны қамтамасыз ететін талаптар-ға сәйкес келетін өнімге (жұмыс-қа, көрсетілетін қызметке) жарнама беру



Заңды және жеке тұлғалар-дың инициа-тивасы бойынша жасалған келісім-шарт

Кез келген объектілер

Өтінуші белгілеген кез келген талаптарға сәйкестікті тексеру (міндетті сертификаттау-ға жататын өнімдер бойынша міндетті талаптарды толықтыру-шы талаптарға сәйкестікті тексеру)

Өтінуші ұсынған нормативтік және басқа да құжаттар

Өзіндік бақылау сұақтары:

1. Міндетті және ерікті сертификаттау объектілеріне нелер жатады?

2. Сертификаттың қолдану саласы.

3. Өндірістің жай-күйін талдау кезінде нелер тексеріледі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет