БАҚ-ң жариялану күні: «Ақ жол» 16. 07. 2015 жыл



Дата04.07.2016
өлшемі117.5 Kb.
#176199

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 16.07.2015 жыл




«Знамя труда» 16.07.2015 жыл



Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) ғылыми дәрежесінің болуы; 4) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.



Е-4, Е-R-4, Е-G-3 санаттары үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибиесі талап етілмейді; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Санаты

Мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына қарай

теңгеден

теңгеге дейін

Е-4

59579

80720

E-R-1

109548

147986

E-R-4

56376

76235

E-G-3

53813

72391

E-G-4

48047

64704


Талас ауданы әкімінің аппараты әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

080800, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы №1 үй, 306-бөлме, телефон/факс: 8(72644) 6-22-11, электрондық пошта: akimtalas@mail.ru


1. Талас ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы – 1 бірлік (Е-4 санаты, №01-05-02):

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында жасалған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтерді облыстық әділет департаментіне жолдау. Аудан бойынша алқабиге кандидаттардың бастапқы тізімін жасау комиссиясының жұмысын жүргізу. Аудан әкімі және әкім аппараты атынан, егер олар сотта талапкер, жауапкер немесе үшінші жақ болған жағдайда, барлық сот процесстеріне қатысу. Функционалдық міндетіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу. Функционалдық міндетіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық және басқа тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, азаматтарды қабылдайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару. Ауданда жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіреді. Ауданда жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі Бағдарламаның орындалуын үйлестіреді. Қылмысқа қарсы күрес пен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жағдайына талдау жүргізу, қылмыс пен құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын-алу шаралары бойынша және сол қылмыстарға қарсы күресті күшейту бойынша жұмыстардың орындалуын үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – құқық саласында (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



2. Талас ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы – 1 бірлік (Е-4 санаты, №01-05-03):

Функционалдық міндеттері: Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу (тууды, некені қию, некені бұзу, әке болуды анықтау, бала/қыз асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеу), азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қайталама куәлік, анықтамалар беру. «АХАЖ ТП», «ХҚКО ИАЖ» жүйесін жүргізу. e.gov.kz электронды Үкімет порталы, азаматтардың жүгінуі бойынша қызмет көрсету, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпараттық қызмет көрсету. Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату және тізім, есеп беру тағы да басқа. Бақылау, қадағалау өкілеттілігі берілген мемлекеттік органдарына ақпарат беру, нотариус, адвокаттардың сұранысы бойынша жауап қайтару, әділет органдарына есеп беру. Өзінің өкілеттігі бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету (Минск, Кишинев Конвенция бойынша). Азаматтарды қабылдау және кеңес беру, олардың арыздар мен шағымдарын қарау, тапсырылған құжаттардың қолданыстағы заңдарға сәйкес рәсімделуіне тексеру жүргізу. Мемлекеттік ұйым, органдарынан олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты сұрату және қайтару. Функционалдық міндетіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу. Функционалдық міндетіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық және басқа тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – құқық саласында. Мамандығы – құқық саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



3. Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-20-02).

Функционалдық міндеттері: Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады. Спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi. Спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi. Аумақтарда бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамыту. Аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi және iске асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi. Жоспарға сәйкес оқушылар, жасөспірімдер, мүгедектер, ардагерлер арасында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінен біріншілік, турнирлер, чемпионаттар өткізуді ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорттың дамуына негізгі және экономикалық көрсеткіштеріне сараптама жасау. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының дене шынықтыру және спортты дамытудағы мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын; материалдық-техникалық базаны нығайту; спорт ізбасарларын дайындау және іріктеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде қарау. «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Еңбек туралы» Заңдарының және көпшілік–спорт жарыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі мен санитарлық–гигиеналық норма ережелерінің сақталуын қадағалау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық және басқа тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі- білім саласында. Мамандығы: дене шынықтыру және спорт.

Қазақстан-2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңды, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



4. Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-20-03).

Функционалдық міндеттері: Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салты орталығымен бірлесіп, салауатты өмір салтын және белсенді өмір салтын насихаттау. Жасөспірімдер арасында разрядтар, жаттықтырушы, нұсқаушы-спортшы, әдіскер, спорт төрешісі санаттарын беру. Ауданның спорт саласының экономикалық және статистикалық есебін жүргізу, тоқсандық, жылдық есебін дайындау және жоғарғы органдарға табыс ету. Бөлінген қаржының дұрыс, әрі толық игерілуін ұйымдастыру. Іс жүргізу, шығыс, кіріс құжаттарымен жұмыс жасау. Бөлім қызметіне қатысты аудан әкімдігінің қаулыларының, бөлім басшысының бұйрықтарының жобаларын дайындау. Бөлімнің жұмыс жоспарын дайындайды. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мамандарының сапалық және сандық жағынан қамтамасыз етілуін сараптау. Кадрлармен жұмысты үйлестіреді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде қарау. «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Еңбек туралы» Заңдарының және көпшілік–спорт жарыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі мен санитарлық–гигиеналық норма ережелерінің сақталуын қадағалау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық және басқа тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлім мамандары мен жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін көтеру және қайта даярлықтан өтуін қадағалау.

Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi.Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi.



Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - дене шынықтыру және спорт немесе құқық саласында (жалпы) немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе экономика.

Қазақстан-2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



5. Талас ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-21-06).

Функционалдық міндеттері: Астық қозғалысы есебін жүргізу. Аса қауіпті зиянды организмдер мен саяқ шегірткелерге қарсы химиялық күрес жұмыстарды ұйымдастыру. Маркетинг жұмыстарымен айланысу. Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қаржы, есеп-қисап және мемлекеттік сатып алу жүмыстарын жүргізу. Ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтандыру жұмыcтарын бақылауға алып, үйлестіру.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ауылшаруашылық ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе экономика немесе маркетинг немесе статистика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» Заңын білуі.



6. Талас ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы - 1 бірлік (санаты Е-R-1, № 01-16-01).

Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Ауданның елді мекендерін дамыту және жаңғырту, салынып жатқан тұрғын үй, ғимараттар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, т.б. объектілерінің көркемдік шешімін табуын қамтамасыз етеді. Өз құзыретi шегiнде аудан аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің кешенді дамытудың бірыңғай стратегиясын жүргізеді. Пайдалануға берілетін объектілерді Заңда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Елді мекендердің бас жоспарының жобаларын әзірлейді, аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады. Салынып жатқан объектілердің мониторингін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хат-хабарларды қарап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктер актілерінің және тапсырмаларының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етілуін қадағалайды. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды. Өз құзыры шегінде мемлекеттік сатып алуды үйлестіреді. Қала, ауылдық округі елді мекендерінің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе өнер немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында. Мамандығы: құрылыс немесе сәулет немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



7. Талас ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет, қала құрылысы және жобалау секторының бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-16-03).

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде инженерлік жүйелер құрылысы, аудан әкімінің бағдарламаларын жасау және орындалуын қадағалау, жергілікті атқару органдарымен, қала, ауыл әкімдерімен электрондық байланыс, «Мекен-жай тіркелімі» жылжымайтын мүлікті түгендеу, ақпараттық инженерлік қондырғыларының жүйесін енгізу мен дамыту, қала құрылыс кадастырын жүргізу жөніндегі жұмыстарын үйлестіру. Аудан көлемінде нысандарды қабылдау комиссиясының жұмыстарына қатысу. Сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасау. Елді мекендердің бас жоспары, абаттандыру жұмыстарын үйлестіру. Арыз-шағым мәселелері. Кадрлармен жұмыс және іс-жүргізу мәселелері. Құрылыс саласында заңгерлік қызметі мәселелері.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында. Мамандығы: құрылыс немесе құқық саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



8. Қаратау қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық және әлеуметтік бөлімшесінің бас маманы – 1 бірлік (санаты Е-G-3, №01-22-13).

Функционалдық міндеттері: Қалада жануарлардың жұқпалы ауруларын карантиндік немесе шектеу iс-шараларын белгілеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізеді, құжаттарды рәсімдейді. Адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау жұмыстарын жүргізеді. Қала бойынша ветеринарлық іс-шаралар жоспарын орындайды. Заңнамамен белгіленген тәртіпте, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрайды және алады, қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен тығыз байланыста болады. Салауатты өмір салтын насихаттау, гендерлік, тіл және жастар саясатымен айналысады, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, партиялармен және қозғалыстармен, кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс жүргізеді. Қаланы көрiктендiру, көгерiштендiру және санитарлық тазалығын сақтау, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау, мал басының қамтылуын ұйымдастырады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ветеринария немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар. Мамандығы: ветеринария (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



9. Үшарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-30-02).

Функционалдық міндеттері: ауыл әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерін дайындайды. Ауылдық округі әкімінің атына келіп түскен өтініш, арыз-шағымдарды тіркеп, оларға тиісті жауаптар қайтарады және 1-ОЛ есебін жүргізеді. Округ әкiмiнiң азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша қызмет көрсету жұмысын қамтамасыз етеді. Жоғарғы органдардан келіп түскен қаулылар, өкім және шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина). Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



10. Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-35-03)

Функционалдық міндеттері: Жер, мүлік салықтары мен басқа да міндеті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етеді. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызбасты адамдармен, аз қамтамасыз етілген отбасылармен, жетімдермен, мүгедектермен тиісті жұмыстар жүргізіп, құжаттарын тиісті орындарға жолдайды. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады. Ауылдық округі әкімінің берген басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – білім саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы - білім саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы).

Қазақстан – 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Казақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



11. Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-24-02):

Функционалдық міндеттері: Ауыл әкімі аппаратында бақылауға алынған Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктің нормативтік актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік сатып алу Заңдылықтарына сәйкес жұмыстарының сапалы турде өткізілуін жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



12. Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-24-03):

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі аумағында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау жұмыстарын жүргізу, шаруашылық кітабын жүргізу. Азаматтарға берілген анықтамалардың тіркеу кітапшасын жүргізу. Награда жөніндегі құжаттарды дайындайды. Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың есебін жүргізу. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы мен тұрмыстық жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды рәсімдеп, уәкілетті органға өткізу. Ауылдық округ әкімі аппаратының істер номенклатурасын дайындау. Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын-алу іс-шара жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе білім саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласында немесе әскери іс және қауіпсіздік. Мамандығы - ветеринария (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



13. С.Шәкіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-33-05):

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылық жануарларын шаруашылық кітап бойынша компьютерлік базаға енгізу. Ауылдық округтегі жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары малдарына есеп жұмыстарын жүргізеді. Ауылдық округі бойынша мал жайылымдарын анықтайды. Ауылшаруашылығына қатысты басқа да ауыл әкімінің тапсырмаларын орындайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрмыстық жәрдемақылар тағайындау үшін қажетті құжаттарды жинақтап, уәкілетті органға тапсырады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында. Мамандығы - ветеринария (жалпы) немесе ауылшаруашылығы ғылымдары (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



14. Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-29-05).

Функционалдық міндеттері: Өзіне жүктелген сала бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жүзеге асырады және тиісті бөлімге тоқсандық мәліметтер береді. «Нотариат туралы» Заңда белгіленген құқықтарға сәйкес азаматтарға нотариалдық қызметтер көрсетеді. Барлық іс –қағаз тек комьпютер арқылы жүргізіледі.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



15. Тамды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-23-05)

Функционалдық міндеттері: Тамды ауылдық округі әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, мүліктерді түгендеу, жеке еңбек келісім - шарттарын жасау, аппарат қызметкерлерінің жалақысын есептеу, кассалық және материалдық құжаттар кітабын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын, жоспарға өзгерту мен толықтыру және есептіліктерін жүргізеді. Жылдық, тоқсандық, айлық бухгалтерлік есептер береді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарымен айналысады. Ауыл әкімінің берген басқа да тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



16. Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы - 1 бірлік (санаты E-G-4, №01-32-06).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округте есепте тұрған әскер қатарына шақырылушылар мен запастағы офицерлер және әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, жастарды әскери қызметке дайындау. Аз қамтылған отбасыларға жәрдемақы тағайындау іс-қағаздарын жүргізу. Кәсіподақ ұйымының жұмыстарын жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: Мамандығы - жалпы.

Қазақстан - 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу.



17. Қаратау қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық бөлімшесінің жетекші маманы -1 бірлік (Е-G-4 санаты, №01-22-08).

Функционалдық міндеттері: Көпқабатты тұрғын үйлердiң қысқа дайындық шараларымен айналысады. Қаланы көрiктендiру, көгерiштендiру және санитарлық тазалығын сақтау iстерiмен айналысады. Аз қамтамасыз етілген тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі туралы қорытынды әзірлейтін учаскелік комиссиялардың жұмысын жүргізуге қатысады.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: Мамандығы - жалпы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



18. Қаратау қаласы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық және әлеуметтік бөлімшесінің жетекші маманы – 1 бірлік (Е-G-4 санаты, №01-22-15)

Функционалдық міндеттері: Кіріс-шығыс құжаттардың есебін жүргізеді, олардың орындалуын бақылайды, құжаттарға талдау жұмыстарын жүргізеді. Iс-қағаздардың уақтылы таратылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша есепті жинақтайды.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: Мамандығы - жалпы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш (бұдан әрі - Қағида).

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.



Е-R-1 санаты бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма). Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

Е-4, E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма). Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, № 1 үй (3-қабат, 306 кабинет) мекен-жайда орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссияның үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.



Аталған лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет