Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады.
Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай əрекетке келуі жөнінде тек
кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл
принциптер педагогикалық əрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге
олардың толық орындалуын талап етеді. Принциптерді білу жəне
оларды оқу-тəрбие процесінде толықтай іске асыру педагогикалық
шеберліктің негізін құрайды жəне ол педагогикалық біліктілікті
анықтауда алдымен ескеріледі.
Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске
асырылады.
Ереже – бұл педагогикалық іс-əрекеттің нақты
жағдайларда белгілі мақсаттарға жеткізу тəсілінің суреттемесі
(описание). Көбіне
оқу ережесі деп қандай да принципті қолданудың
жеке тараптарын ашып беретін жетекші тұжырымдарды түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: