Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет21/41
Дата15.12.2023
өлшемі359.41 Kb.
#486617
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
treatise4937

6.1. Буферлі ерітінділерді дайындау
Диаметрі бірдей 6 пробиркаға 0,1н сірке қышқылы және 0,1 н натрий ацетаты ерітінділерінен кестеде көрсетілгендей мөлшерде құйыңыздар.

Ерітінділер, мл

№ пробиркалар

1

2

3

4

5

6

0,1н сірке қышқылы, мл

4,5

4

2,5

1,5

1

0,5

0,1 н натрий ацетаты, мл

0,5

1

2,5

3,5

4

4,5

Есептелген рН мәні

3,7

4,0

4,6

5,0

5,2

5,6

Тәжірибе кезінде табылған рН мәні



















Пробиркалардағы ерітінділерді араластырып, әрқайсысының үстіне 2 тамшы универсалдық индикатордан қосады. Универсалдық индикатор − бұл рН мәнін анықтауға мүмкіндік беретін индикаторлардың қоспасы. Пайда болған ерітінді бояуларын универсал индикаторлардағы түсті кестемен салыстырып, әрбір пробиркадағы буферлік жүйенің рН мәнін табады және кестеге енгізеді.
Тәжірибе кезінде анықталған рН мәндерін есептелген рН мәндерімен салыстырады.
Сутек иондарының концентрациясы мынадай формуламен есептеледі:
[H+] = K[қышқыл] /α ∙[тұз]
Осыдан кейін ерітіндінің рН мәні анықталады.
Сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,86∙10-5, ал 0,1н натрий ацетатының диссоциациялану дәрежесі 0,79-ға тең.
[H+]=1,85∙10-5∙ 2,5/2,5∙0,79=2,3∙10-5
рН = − lg[H+] екенін ескере отырып, оның мәнін табамыз:
−lg[H+] = −lg2,3+5 = − 0,36+5=4,6 pH=4,6
pH мәндері мен тұздың көлемдері бойынша буферлік қисықтың градиенттік көрінісін, яғни буферлік қоспаның рН мәні мен қышқыл және оның тұзының көлемі арасындағы қатынасқа тәуелді қисық тұрғызамыз. 9-cуретте көрсетілгендей ордината осіне рН мәні салынады.


9-сурет. Буферлі қисық
Буферлі қисықтың көмегімен сутегі иондарының кез келген концентрациясынан тұратын буферлік қоспадағы қышқыл мен тұздың көлемін есептеп табуға болады. Бұл үшін абсцисса өсінен рН-тың берілген мәнін табады және осы нүктеден буферлік қисықты қиып өткенше перпендикуляр жүргізеді. Қисықтағы табылған нүктені абсцисса өсіне параллель түзу арқылы ордината өсімен қосады. Осылайша, қышқыл мен тұздың көлемін анықтайды. Мысалы, рН=4,7- ге тең ацетатты буфер дайындау үшін қажетті қышқыл мен тұзды 5,6:4,4 қатынаста алу керек суреттегі графикте көрсетілгендей.

6.2. Буферлі ерітіндінің рН- на қышқыл мен сілтінің әсері
рН мәні беске тең ерітіндісі (V=5мл) бар пробиркаға 2 тамшы метил қызыл индикаторынан тамызады. Осыдан кейін 2-ші пробиркаға 3-4 тамшы 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісінен, ал үшіншісіне 3-4 тамшы 0,1 н NaOH ерітіндісінен қосады. Ерітінділерді шайқайды, екінші және үшінші пробиркалардағы ерітінділердің түсін 1-ші пробиркадағы ерітіндімен салыстырады. Қышқыл және сілті қосқанда ерітінділердің түсі өзгермегендігіне назар аударады. Сонымен, буферлік ерітіндіге қосылған қышқыл мен сілтінің едәуір мөлшері жүйенің рН мәніне әсерін тигізбейді.

6.3. Буферлі ерітіндінің рН мәніне сұйылтудың әсері
Үш пробиркаға рН=5 буферлі ерітіндінің белгілі көлемінен құяды: 1-шіге 6 мл, 2-шіге 3 мл және үшіншіге 2 мл. Барлық үш пробиркаға 2 тамшы метил қызыл индикаторынан тамызады, осыдан кейін екінші пробиркаға 3 мл, үшінші пробиркаға 4 мл дистилденген су қосып, араластырады. Екінші және үшінші пробиокалардағы ерітінділерді бірінші пробиркадағы ерітіндімен салыстырады. Барлығы да өзгеріссіз қалады. Сонымен сұйылту буферлі ерітінділердің рН мәнін айтарлықтай өзгертпейді.

6.4. Ерітінділердің буферлік сыйымдылығын анықтау
Колбаға рН=5 буферлік ерітіндіден 10 мл құйып, үстіне 3 тамшы метил қызыл ерітіндісінен қосып, 0,1 н NaOH eрітіндісімен сары түс пайда болғанша (рН≈6,0) титрлейді. Ацетатты қоспаның буферлік сыйымдылығын төменде көрсетілгендей есептейді.
Есептеу тәсілі: Мәселен, 10 мл буферлі қоспаны титрлеуге 4,8 мл сілті жұмсалады дейік. Сонда 1 л қоспаны титрлеуге мынадай көлем жұмсалады.
V=4,8 .1000/10=480 мл
Буферлік сыйымдылық немесе берілген көлемдегі сілтінің В мг/экв саны мынадай формуламен есептеледі:
В=N.V,
Мұндағы: N-сілтінің нормалдылығы немесе 1 мл-дегі мг/экв мөлшері (берілген жағдайда N=0,1); V-сілтінің көлемі, яғни
В=0,1.480=48

6.5. Буферлік сыйымдылыққа сұйылтудың әсері
Колбаға 1 мл буферлі ерітінді (рН=5), 9 мл су және 3 тамшы метил қызыл ерітіндісінен құяды. Осы ерітіндінің буферлі сыйымдылығын 6.4. жұмыста көрсетілгендей тәсілмен анықтайды. Алынған нәтижені сұйытылмаған буферлі ерітіндінің буферлік сыйымдылығымен салыстыра отырып, қорытынды жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет