Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Комплексті қосылыстар. Құрамында комплексті катионы және анионы бар қосылыстардың түзілуі. Комплексті қосылыстардың диссоциациялануы және тұрақтылығы



бет28/41
Дата15.12.2023
өлшемі359.41 Kb.
#486617
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
treatise4937

Комплексті қосылыстар. Құрамында комплексті катионы және анионы бар қосылыстардың түзілуі. Комплексті қосылыстардың диссоциациялануы және тұрақтылығы.
Теориялық бөлімі. 1893ж. Швейцария ғалымы Альфред Вернер комплексті қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін түсіндіретін координациялық теориясын ұсынды.
Комплексті қосылыстар деп күрделі иондардан немесе молекулалардан тұратын, қатты күйінде де еріген күйінде де тұрақты болып келетін жоғары ретті қосылыстарды атайды.
Координациялық теория бойынша комплексті қосылыста орталық орынды алып тұрған ион, орталық атом немесе комплекс түзуші деп аталады. Комплекс түзушінің айналасында тығыз байланысқан иондарды немесе молекулаларды лигандтар (аддендтер) деп атайды. Комплекс түзуші мен лигандтар комплексті қосылыстардың ішкі координациялық сферасын құрайды. Комплекс түзушімен байланыспаған иондар комплексті қосылыстың сыртқы координациялық сферасын құрайды.
Ішкі және сыртқы сфераларын көрсету үшін ішкі сфераны квадраттық жақшаларға алады. Ішкі сфера оң немесе теріс зарядты комплексті ион немесе бейтарап болуы мүмкін. Комплексті қосылыстағы ішкі координациялық сфераның зарядын лигандтар анықтайды. Мысалы: K4[Fe(CN) 6] қосылысында [Fe(CN) 6] 4- комплексті анион болып табылады, ал [Cr(H2O) 4]PO4 қосылысында [Cr(H2O) 4] 3+ комплексті катион болып табылады.
Комплекс түзуші ретінде ең қабілетті болып VIII топтың үш қосымша топшаларының элементтері (d-элементтер), сонымен бірге лантаноидтар және актиноидтар атомдары табылады. Комплекс түзуші болып металл еместер де қызмет атқарады, мысалы, оң тотығу дәрежесіндегі B3+, Si4+, P5+, S6+. Лигандтар ретінде полярлы молекулалар (H2O, NH3, CO, NO), қышқыл аниондары (Cl-, Br-, I-, CNS-, SO42-, CO32-, NO2-), гидроксил тобы − OH- бoлуы мүмкін.
Комплексті ионның заряды комплекс түзуші мен лигандтар зарядының алгебралық қосындысына тең.
Орталық атомды қоршаған лигандтар саны, яғни орталық атоммен тығыз байланысқан (координацияланған) иондар немесе молекулалар саны координациялық сан деп аталады. Көптеген жағдайда координациялық сан орталық атомның зарядын екі еселегенге тең.

Орталық атомның заряды

+1

+2

+3

+4

Координациялық сан

2

4,6

6,4

8

Мысалы, [Ag(NH3)2]Cl, [Cu(NH3)4]Cl2, K4[Fe(CN) 6] қосылыстарында күмістің координациялық саны 2-ге, мыстың координациялық саны 4-ке, темірдің координациялық саны 6-ға тең болып тұр.



Комплексті қосылыстардың диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың диссоциациясы екі сатыда өтеді. Бірінші сатыда (біріншілік диссоциациялану) комплексті қосылыстар сулы ерітіндіде сыртқы және ішкі сфераларға диссоциацияланады. Бұл сатыда диссоциация қайтымсыз жүреді (күшті электролиттер диссоциациясына ұқсас), екінші сатыда түзілген комплексті ион аз мөлшерде (әлсіз электролит сияқты) диссоциацияланады.
Мысалы:
[Ag(NH3) 2]Cl→[Ag(NH3) 2] + + Cl- - біріншілік диссоциация;
[Ag(NH3) 2] + ↔ Ag+ + 2NH3 - eкіншілік диссоциация.
Тепе-теңдік жағдайы үшін әрекеттесуші массалар заңы қолданылып, диссоциациалану константасы есептелінеді.
K = [Ag][NH3] +/[Ag(NH3)2] +=6,8.10-8
және диссоциациялану константасы тұрақсыздық константасы деп аталады. Тұрақсыздық константасының мәні неғұрлым кіші болса, соғұрлым ерітіндідегі иондар концентрациясы азырақ, яғни комплексті ион тұрақты болып келеді. Мысалы, біртипті қосылыстар үшін:

Қосылыстар



[Ag(NO2) 2]-

[Ag(NH3) 2]+



[Ag(S2O3) 2]3-



[Ag(CN) 2]-





Тұрақсыздық константасы

1,3. ∙10-3

6,8. 10-8

1. ∙10-13

1. ∙10-21



Комплексті ионның тұрақтылығы [Ag(NO2)2] комплексті ионынын [Ag(CN)2] комплексті ионына дейін артады. Тұрақсыздық константасы шамасына кері шаманы тұрақтылық константасы деп атайды:
Kт-лық=1/Kт-сыз
Ктұрақтылық неғұрлым үлкен болса, комплекс соғұрлым тұрақты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет