Шахманова Рсты Капсаттаровна
Павлодар қаласының
Әлихан Бөкейхан атындағы
лицей-мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсатқа жету мүмкін болмаса, мақсатыңды емес, әдісіңді өзгерт.
Конфуций
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.
Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны, баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады. Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырады.
Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.
Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау – өзіне-өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.
Өзін-өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:
1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?
2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?
3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?
4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды?
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау. [ 2, 56]
Қазіргі бағалау түрлі нысанда, түсінікті, психологиялық тұрғыдан жайлы, екі құрамды: жиынтық және формативті болуы керек.
Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.
Формативті бағалау үшін не қажет?
— Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі; Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді мақсатқа жауап беру керек.
— Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету; Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде бала қателессе, жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.
Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушының арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
— Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы; «Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. Сондай-ақ түрлендіру, дамыту, толықтыру керек. Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.
— Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі; Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
— Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі, бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым – өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау.
Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану → талдау → жинақтау → бағалау деп жіктеледі. Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген.
Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды. [ 1, 56]
Өзін-өзі бағалау өзін-өзі реттеуге жетелейді. Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.
Оқушылар сұрақтарын қалдырады. Мысалы:
Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.
Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету.
Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |