Бағалы терілі аңдарға сипаттама



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/4
Дата27.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4
Бағалы терілі аңдарға сипаттама

Қазіргі уақытта аңшылық шаруашылықтың негізгі өсіру объектісі болып табылатын жануарлар топтары – жыртқыштар, кемірушілер, насеком жегіштер.

Бұлғынның терісін өндеуде Ресей үкіметі монополист болып табылады. Жабайы торшалары бар бұлғыннан және әлдеқайда қаралау түсі бар бұлғынды ажыратамыз.

Жергілікті сасықкүзенмен қара күзенді шағылыстырып оның түршесінен альбиностық фуро алады. Фуро ежелден қолға үйретілген. Оны егеуқұйрықтарды жою үшін, және де інде өмір сүретін құсты аулау үшін, және де лабараториялық жануар ретінде де қолданған. Сапасын жақсарту үшін фуро мен қаракүзенді шағылыстырып шығарады.

Ит тәрізділерден асырап өсіреді. Түлкіні-сұрлау-қара, мутанттық формасы бар канадалық қызыл түлкі, сонымен қатар ең аз мөлшерде платиндық қарлы және кейбір басқа мутанттық бояулары бар. Ақырғы жылдары қызыл түлкілерді өсіре бастады, жабайы қызыл түлкімен сұр қаралау түлкіні шағылыстырып оларды көп қып шығарады,

Көгілдір ақ түлкі Солтүстік Азиямен Американы мекендейтін мутантты формалы ақ түлкі, сонымен қатар басқада мутантты бояулары бар ақ түлкілер алынды.

Жанат тәрізді иттер мамық ұлпа деп жиі аталады немесе уссуриялық жанат деп те атайды. Олардың отаны Ресейде Приморье өлке, сонымен қатар Монғолия, Қытайдың солтүстік бөлігі, Индокитайдың солтүстік шығысы, Корея, Япония.

Кемірушілерден біздің елде сазқұндызды асырап өсіреді, стандарттық түрде түрлі түсті бояулар бар. Шет елдерде шиншилдың кішкентай және үлкен түрлерімен жұмыс істейді. Әртүрлі мех түріне сұраныс көбеюіне байланысты торда құндыздың, ондатрдың, суырдың өсіп өнуіне тәжірбие жүргізілуде.

ҚОЛҒА ҮЙРЕТУ.

Аңшылық шаруашылықта өсірілетін бағалы терілі андар, жабайы андардын тікелей ұрпақтары. Қолға үйретілген бағалы терілі андардын көбісі 80-90жыл бұрын, бұлғын және жанат тарізді иттер 50-60жыл бұрын, қолға үйретілсе де, бірақ сондада олар өздерінің жабайы ұрпақтарынан айырмашылықтары жоқ. Бірақ сондада оларды үй жануарлары деп санау керек; адамның асырауына байланысты. Қолға үйретілген андарда ен алдымен өзгерген онын терісі. Шаруашылықта көп мөлшерде жабайы ұрпақтарына бояулары ұқсас, бірақ олардың алдынғы формасына қарағанда олардың өмір сүруі талаптары оте жақсы. Алайда көбісінін терісінін бояуы табиғатта кездеспеген. Негізгі осы мутанттық форма біріккен, сонымен қатар андардын кейбіреулерінде мутанттық гендері де біріккен. Бұндай бояулар көбінесе қаракүзенде тараған. Олардын бүкіл шаруашылыктарымен тамактандыру сапасы Торда отырған андарда жақсырақ, далада мекен етіп жүрген андарға қарағанда. Бірақ тіршілік ету айырмашылыктары сирек кездеседі.

Ұдайы іріктеудін аркасында ірі андардын көлемі өсті. Әсіресе қаракүзенде. Біздін мемлекетке 30 жылдардын басында қаракүзенді әкелді, еркек қалыпты қаракүзен, 700-800гр массаға йе болды, және тек қана бөлек біреуінін салмағы 1, 1-1, 2 кг көрсетті. Ал 1998 жылы еркектерінді тірі масса 2кг болады, ал бөлек ерекшеліктерінде 4кг.

Ен жас ұрғашылары 2, 4-2, 5тен 4, 3-4, 6 ға өсіп, қаракүзенмен түлкінінін күшіктері 5, 1-5, 5тен 9-10, 8 ге өсті. Ұрғашылардын пайызы азайды.

Торда өсірілетін анмен жабайы андардын айырмашылығы орнатылмаған. Асқазанмен ішектерінін дамуы олардын тамактануында, әртүрлі шаруашылыкта варияцияны бақылап отырады. Бірақ андардан алынған тері олардың ішкі органдарымен байланысты емес.

Торда өсірілген қаракүзендерге сүнгудінде керегі жоқ, өйткені олардын жүрек бұлшык еттерінін сүнгуге деген бейімделулуері жоғалған. Бірақ жабайы түрінде мінездері сүнгуге арналғаны жаксы сақталған. Жабайы және Торда өсірілетін ақтүлкінін және түлкілердін миларын зерттегенде, қолда өсірілетін андарда, жабайы андарға қарағанда олардын ми көлемі кішірейтілген. Бұл олардын тыныш және шарттары жаксы, өмір сүруіне байланысы айқын.

Салыстырып қарағанда сүйек ұлпасы түлкі, қаракүзен, бұлғыннын кей сүйектерінін Тордағылармен далада жүргендерге қарағанда айырмашылық бар. Олар бұлардың вальерларда қозғалыстары аз болғандақтан. Қолға үйретілгендердің реакциялары аздап озгерген:көбі аңдарда адамға деген қорғаныс рефлексі жоғалған, келе жаткан адамға мән бермейді. Бірақ қозғалыс рефлексі жоғалғанмен әр шаруашалыкта бір келкі емес дәрежеде көрсетілген: аңды қолмен ұстап алған жерлері ауырады. Олардың ауырған жерлерін қарап немесе агрессивтік көрінісін көруге болады, шаруашылыкта аңдарды жақсы ұқыптап қараса қорғаныс рефлексін көрсетпейді. Олардың мінез- құлықтары мұра фактор ретінде қалыптасқан.

ТҰҚЫМ


Тұқым -деп андардын тұтас тобын, біртүрін, адамдардын енбегі арқылы анықталған және социалдық-экономикалық шарт арқылы анықталған, жалпы тарихы бар өсуімен көбеюі айырмашылыктары, денепішінін өзіндік сапасын ұрпақтарына беріп отырады.

Ан терісі шаруашылыгында ұзак уакыт тұкым өнделмейді. Тек 1968 ж ара бұлгыннын бірінші түрі бекітілді. Клеткалык бұлгын өзінін жабайы ұрпагынан көп көрім айырмашылығы болғандыктан мұндай шешім қабылданды. Бұл айырмашылык ірінші кезекте онын бояуында болды. Кара бұлгыннын арасында ен коп мөлшерде, жабайылар арасынан караганда, өте көп таралган каралау турлері. Кара булгын жабайы туріне караганда ірі және жібектей жүні жумсак. Кара бұлгыннын авторы зверосовхоздын «Пушкинский» Портнова Н. Т. Куличков В. А, Докукин Ю. Н, Мизгерева В. А мойындалган.

1971ж сұр қара түлкінін тұқымы бекітілген, сонымен катар күміс түсті ак түлкі. Келесі заводтық тұқымы, түрі, түлкілердін (бирюлендық, пушкиндык, мадондық)

Тұқымды сипаттай келе, заводтық тұқым түрі, зоналык тұкым түрі болсын бәрінен де бірінші терінін сапасы болып табылады.

БИОЛОГИЯЛЫК ЕРЕКШЕЛІКТЕР.

Үйге үйретілгеннін қортындысында, мамык жүнді андардын физиологиясынан манызды өзгеріс болган жоқ. Олар негізінде жабайы ұрпақтарынын мінезен сақтап қалды. Биолигиялық циклда шаруашылықта жыртқыш бағалы терілі андар мінез мезгілі болады. Шектелген мезгілде көбею, мерзімді анықтау, бір жылда өзгерген негізгі зат алмасуларын анықтау.

Тамактын курамын ж/е көлемін ауа температурасын, дымкылдыгын ж/е т. б мезгілдік өзгерісін қадагалауымыз керек, бірак оар жылдан жылга озгеріп отырады. Сондыктанда бірінші кезекте жарык коздыргышка кызмет етеді, белгілі бір коллекс рефлексын шақырады және организмнін бүкілін қалпына келтіреді. Экспериментті жұмыстар жарық күнде көбею мерзімін өзгертуге мамық жөнді андардын және олардын қыстық және жаздық негізгі айырбас көрсеткішіне куәгерлік етеді. Жарық күнде дірілдеуін жалғастырса, онда гипаталамусқа, гипофизге қалқанша бездін функциясынында өзгеріс бар және бұл жыныстық системагада әсер береді. Аннын белсенді болуы зат алмасудын өзгерісіне акеп соқтырады. Қара күзендерде ноябрь айында 1-1, 5сағ. Жарық жоқ болганда олардан өзгеріс көрдік, жыныс мүшелерін және т. б. Түлкілермен ақ түлкілнрде жыныс мүшелерінін пісіп жетілуі тездетіледі декабрь айынан январь айына ауысқанда, еркектері топпен үлкен белсенділік көрсетеді.
Күзен

Қазіргі уақытта күзен аң шаруашылығының басты объектісі болып табылады. Ересек аталықтарының орташа салмағы- 1,7-2,3кг, аналықтары 1,0-1,3кг; аталықтарының орташа ұзындығы 42-45см, аналықтары 35-38см.

Күзендерді өсіру кезінде олардың көлемдеріне үлкен көңіл аударады, себебі олардың терісінің бағасы осыған байланысты анықталады.

Тірі күзендердің көлемін оларды өлшеу арқылы немесе дене ұзындығын өлшеу арқылы анықтайды. Аңдардың сапасын анықтағанда тек оның көлеміне ғана емес, сонымен қатар тірі салмағы мен дене бітімін де қарастырады. Өлшеу және есептеу қазан аяғы мен қарашада бонитировка кезінде жүргізеді.

Аңның көлемі – нәсілдік үйреншікті белгі, бірақ оның көрсеткіштері сыртқы орта жағдайына байланысты, бірінші кезекте азықтандыруға байланысты. Егер олар аз қоректенсе ұрпақтарының көлемі кіші болады. Аңдарды таңдау кезінде осы көрсеткіштерге баса назар аудару керек: егер жас күшіктер қолайсыз жағдайда өскен болса, онда жастарды таңдау кезінде олардың ата-аналарының көлемдеріне байланысты қарап алған жөн.

Барлық көрсеткіштерге бағалау жүргізілгеннен соң, негізгі топқа ең жақсы аңдарды таңдап алады және максимальды немесе жоғарғы көрсеткішті жас ұрпақ алу үшін жұмыстар жүргізіледі.



Күйлеуге дайындық және күйлеуді өткізу. Күзендер 10-11 айлық мерзімінде жыныстық жағынан жетіледі. 3 жасқа дейін қалыпты түрде ұрпақ бере алады, одан кейін ұрпқ беру қабілеті төмендейді. Тек жеке аңдарды ғана аңшылық шаруашылықтарда 4-5 жыл ұстайды. Бір топтың ішінде : жас ұрпақ 45-55%-дан 60%-ға дейін,ал 2 жасарлар 30-40%-ға дейін болады.

Күзендердің орташа күшіктеуі 6-6,5 күшік. Олар жылына бір рет күшіктейді. Ақпан- наурыз айларында күйлеуге дайындық басталады. Күйлеуге дайындық кезінде дұрыс қоректендірмеу,сонымен қатар ақуыз және витаминдердің жетіспеушілігі жыныстық органдардың дамуын тежейді, тіпті олардың дамымай қалуы мүмкін. Аналықтардың бұл кезде шектен тыс семіруі де ұрпақ беру қабілетіне кері әсерін тигізеді. Күзендердің салмағы маусымдық зат алмасудың нәтижесінде жыл бойында белгілі бір мөлшерде

Алғашқы шағылысу ақпанның басында болуы мүмкін, бірақ бұл кезде фолликулалар дамымайды, сондықтан ұрықтану мүмкін емес, тек наурызда ұрықтанады. Күйлеу 20-25 наурызда аяқталады.

Буаздық кезеңі және күшіктеу. Ең ұзақ буаздық мерзімі -78 күн, орташа 45-50 күн, 37-38 күнде күшіктеп қойғандары да байқалған.

Күшіктеуге дейін ұрықтың жартысы өліп қалады, тек 50% ғана тірі күйінде сақталып қалады. Бірақ оларда бір жұмыртқалы егіздердің болуы жиі байқалады, бұл аңның ұрпақ бергіштігін арттырады.

Барлық аналықтарды бірдей жағдайда қоректендіріп ұстайды.Егер аң буаз болса, онда оның ең алдымен көз айналасында және мұрын айналасындағы тері жабыны өзгереді. Күшіктеуге 25-30 күн қалғанда көз айналасында көзілдірік тәрізді қара дақтар пайда болады. Буаз аналықтар ерте, ал буаз еместері жай түлейді. Күшіктеуге 5-7 күн қалғанда аңдардың үйшіктеріне төсеніш төсейді. Аналық күшіктегенге дейін үйшіктің жағдайын қадағалап, қарап отырады. Егер төсеніш кір немесе дымқыл болса ауыстырады. Бұл жағдайда күзендердің төсенішті дене жылуымен жылытып отыратынын ескеру керек. Егер жиі ауыстыра берсе аналық күзен арып кетеді, өйткені ол энергиясын жылу бөлуге жұмсайды.

Күшіктеу түнде немесе таңертең ерте болады. Күшіктеу басталардың алдында аналықтар тамақтан бас тартып, үйшіктерінде болады. Күшіктеген аналықтар қыдыруға анда-санда шығады. Күшіктеген аналыққа тән белгі: қара- жасыл түсті нәжіс, себебі плацентасын жеп қояды.

Кейбір аналықтар 2 рет күшіктейді: 5-7 күннен кейін, тіпті 10-15 күннен кейін де екінші рет күшіктейді. Бұл жағдайда қалыпты күшіктер туады, бірақ әр туғанда күшіктер саны аз болады.

Жас күшіктердің салмағы 10-12кг, ұзындықтары 5-7 см-дей. Тістері жоқ, көздері және есту мүшесінің жолдары жабық болады. Терісінде енді ғана шығып келе жатқан түктер байқалады.

Жаңа туған күзендердің дене температурасы өте төмен болады, қоршаған орта температурасына тең келеді. Сондықтан аналық үнемі үйшікте 33-35 градус температураны ұстап отырады. Егер күшік үйшіктен шығып кетіп аналық оны кіргізбесе күшік тоңып қалады және оны жылытпаса өледі.

Қоршаған ортаның температурасына қарай аналық күзен төсенішке өз ұясын салады (үлкен немесе кіші тереңдікте). Егер ұяда күшік көп болса , онда олар екі топқа бөлініп жатады. Аналық күшіктерді осылай бөле отыра, әр топта күшіктердің бірдей қоректенуін қамтамасыз етеді. Себебі, кейде күшіктер саны сүт безі санынан көп болады. Емізікшелер саны 4-9.

Ұяда көлемдері әртүрлі күшіктер болуы да ықтимал. Егер мұндай күшіктерді бір аналықтың қасында қалдырса, онда әлсіз күшіктердің өлуі мүмкін. Сондықтан күшіктегеннен кейін ұяларды тексеріп, күшіктерді іріктейді: ірілерін ірі, ал ұсақтарын ұсақ күшіктерге қосады. Азықтандырушы аналықтарға ұяда күшік көп болса жартысын, аналарында сүт болмаса барлығын отырғызады. Орташа сүтті аналық 7-8 күшікті, ал көп сүтті аналықтар 10-12 күшікті азықтандыра алады. Отырғызылған күшіктерді аналықтың өз күшіктерінен ажырату үшін, олардың құлақтарының ұшын кесіп тастайды. Күшікті ұяның аузына қойып қояды, күшіктің дыбысын естіген аналық оны өзі ұяға кіргізеді. Бөтен күшікті алмай қоятын аналықтар сирек кездеседі.

Алғашқы тексеруді күшіктегеннен кейін 1-2 күн өткенде күшіктер санын білу үшін жүргізеді. Егер үйшікте барлығы дұрыс болса келесі тексеру 5-10 күн өткенде жүреді. Күшіктеу кезінде және сүтпен қоректендіру кезінде аналықтарды үнемі қарап, тексеріп отыру қажет. Егер ұядан түсіп қалған немесе суықтан тоңып қалған күшік болса, оны дереу жылытып, қайта үйшікке салады. Күшіктерді арнайы «инкубаторда» жылытады.бұл астынан электрмен жылынып отыратын жәшік. Жаңа туған күзендер үшін ондағы қалыпты температура 32-35 градус.



Күшіктердің өсуі мен дамуы. Күшіктерді өсіру. Күзендердің күшіктері тез өседі. Бірінші рет күшіктердің салмақтары 6-7 күнде екі еселенеді, екінші рет 12-13 күнде, 20 күнде олардың массалары 85-120г жетеді. Тістері 15-18 күндік кездерінде шығады. Бірінші болып төменгі азу тістері шығады, одан кейінгі тістер кейін шығады. 30 күн өткенде сүт тістері тұрақты тістермен алмасады. Түбір тістер 40-45 күнде шығады. 65-75 күндік кездерінде тістері толық шығып бітеді.

Жаңа туған күшіктердің құлақтары тері қатпарлрмен жабық болады. Ай өткенде олар үлкейіп ашыла бастайды.29-30 күнде толығымен ашылады. Басқа ит тұқымдастарына қарағанда күзендердің көздері жай ашылады. Орташа есеппен олар 30-31 күнде көздерін ашады.

Жүн жамылғысы 6-8 күнде денесін толық жабады. Алғашқы жүн 20-25 күн бойы шығады. Одан кейін жаздық жүн шыға бастайды, ол 40 күнде толық шығып бітеді. Жаздық жүн 2,5-3 айлық жас күзендерде шілде- тамызда шығып болады, ал қыркүйекте түлей бастайды да, қыстық жүн қарашаға дейін шығады.

16-20 күндік кезінде олар әлі соқыр болса да, қосымша азықты жей бастайды.

40-45 күн өткенде аналқтарынан ажыратады. Егер күшіктер аз қоректенген, әлсіз немесе аналық арып кетсе, онда күшітерді 32-35 күнде ажыратады.

Күзендерде аналық түйсік өте жақсы дамыған. Күшіктер қосымша қоректі жей бастаған кезінде аналықтары аз қоректенеді, яғни қоректі күшіктеріне қалдырып отырады. Осыдан кейін аналықтар қатты арықтап, кейде өледі. Аналықтар арып кетсе бөлшектеп ажыратуды қолданады. Күшіктерді аналықтан бірден емес, 2-3 рет 1-3 күн аралығында 2-3 күшіктен алып отырады. Бұндай ажыратуды аналықтар сабырлы көтереді. Бұдан кейін аналықтар өз қалыпты салмақтарына тез келеді.

Кейде аналықтар азықта тиаминнің жетіспеушілігінен де ариды. Күшіктерді аналықтан ажыратқан соң, аналықтардың азығы жоғарғы құнарлы және қызыға жейтін азықтардан тұруы керек.

Күшіктерді аналықтан әртүрлі әдіспен ажыратады. Дымқыл, суық ауа райы кезінде күшіктерді орындарында қалдырып, аналықты ажыратажы. Көбінесе аналықты қалдырып, күшіктерді ажыратады.

Күшіктерді бөлгенде тұқым қалдыратындарын жеке, тері өңдеуге арналғандарын бір бөлек іріктейді. Терілері өңдеуге арналған аталықтрды жеке- жеке торларға орналастырады. Себебі, жастар кейде төбелеседі немесе ойнағанда бір- бірін тістеп терілерін зақымдайды. Ұрғашылар сабырлы болғандықтан, олардың барлығын бір торда ұстай беруге болады.

Рационның құнарсыздығы, тордың көлемінің кішілігі күшіктердің өсуін тежейді.


Тері сапасын жақсарту жолдары.

Сапасы бойынша жақсы тері алу үшін жануардың барлық жақсы тауарлық қасиеттерін шығуын қамтамасыз ететін және оларды үнемі жақсартып отыратындай жағдай жасау керек.



Қоректендіру және ұстау. Тері сапасына қорек үлкен әсерін тигізеді. Жануарды дұрыс қоректендірмену кезінде оның тұқымы жақсы болса да ол жоғары бағалы тері бермейді. Жалпы толық қоректендірмеу, ақуыздың жетіспеушілігі немесе оның толық еместілігі, әсіресе триптофан, метионин және цистин деген амин қышқылдарының болу байланысты жүн жабыны дұрыс жетілмейді. Витаминдардің, әсіресе В, жетіспеушілігі түске, жүн жабынының құрылымына кері әсерін тигізіп, ол сынғыш және жапқыш қылшықтардың сиреуіне әкеледі.

Жүн жабынын жақсарту мақсатында қоректендіруді ұйымдастырған кезде дене бөліктеріндегі жүн жабыны уақытқа байланысты әртүрлі дами бастайтынын ескерген жөн. Қоректендіруге әсіресе жаз айыларының соңында, қысқы түктену басталған кезінде ерекше көңіл бөлген дұрыс. Қыркүйек пен қазан айларында негізінен жапқыш талшықтар дами бастайды, ал кейіннен мамықты қылшықтар дамиды. Егер қыркүйекте қорек деңгейін көтеріп жіберсе, онда осьтік қылшықтардың тым көп өсіп, ескіруін байқауға болады. Ал бұл кезде мамықты қылшықтар әлі даму шегіне жетпейінше, тері әлі жетілмейді. Мұндай тері ІІ сортқа жатқызылады. Уақытынан бұрын сойылған тері бағасы ондағы ақаулардың болуына байланысты айтарлықтай төмендейді. Көрсетілген мерзімде қорек мөлшерін қысқартқан жағдайда осьтік қылшықтардың өсуі баяулап, олар мамықты қылшықтармен бірге жетіліп болады, нәтижесінде тері сапасы жақсарады.

Қара күзендерде мұндай күрт құбылыс байқалмайды, бірақ рационның төмендеуі кезінде дене салмағы төмендейді, сәйкесінше дене көлемі де азаяды, нәтижесінде тері бағасы айтарлықтай өзгереді. Сондықтан жануарларды жаппай сояр алдында 7-10 күн бұрын рационды қысқартқан жөн.

Жануарларды ұстау жағдайы да әсер етеді. Жануарларды ашық торларда ұстаған кезде олар үнемі тікелей күн сәулесінің және атмосфералық жауын-шашындардың әсеріне тап болады, нәтижесінде жүн жабынында қажет емес қоңырқай рең пайда болады. Сондықтан союға арналған жануарларды шатыр астындағы торларда (шедтар) ұстайды.

Тар торларда түлкілер мен ақ түлкілерді ұстаған кезде жүн жабыны соғылған болады, яғни жануарлар үнемі торға сүйкеніп, жапқыш қылшықтары сынып қалады. Кей жағдайларда қылшықтардың ұшының сынып қалуы, керісінше, тиімді. Мысалы, қара күзендерде үнемі қылшық ұштарының иірмектелу ақауы байқалады. Өсіп келе жатқан жапқыш қылшықтардың ұшы оның ортаңғы бөлігіне қарағанда диаметрі кіші болады. Түктену кезінде мұндай ұштардың көп бөлігі иірілген, сынған немесе жарылған болады. Жүн жабыны жетілген кезе бұл ұштар сынып, тегістеледі немесе екінші ұш пайда болады. Осыдан кейін ақау жоғалады. Сыну және тегістелу жылдамдығы сыртқы ортаға байланысты: ылғалды ауа райында бұл процесс құрғақ ауа райына қарағанда баяу жүреді. Қатты төсеніш пен шығу тесігін азайтқан жағдайда бұл ақау тез жойылады.

Жүн жабыны ашық түсті жануарларды тат басатын торда ұстау кезінде олардың терісі сарғая түседі, ал оны кейін кетіру қиынға соғады. Қара күзендердің жүн жабынының сарғыштануы төсеніш ретінде бояу заттары бар ольха үгінділерін пайдаланғанда болады.

Тор таза болуы керек: уақытында тазаланбаған нәжіс пен қорек қалдықтарының кесірінен жүн жабысып қалады. Мұндай қылшықтар тараған кезде зақымдануы мүмкін, сонымен қатар беріктілігі жоғалып тез сынады.

Жануарларды топпен немесе жеке ұстау да тері сапасына айтарлықтай әсер етеді. Топпен ұстаған кезде тордың аумағы үлкен және қорегі жақсы болса жануар көп қозғалғандықтан жақсы өседі. Алайда мұндай жағдайда көбінде қорек аз кезде теріде тістің ізі қалады, нәтижесінде мездрада тістеген жерде қою дақтар пайда болады. Сондықтан жаруарларды күзде жеке орналастырған дұрыс.

Нутрийді сояр алдында оны суға шомылдыру керек, содан ол өзін тазалар, күте бастайды деп есептеген. Ол үшін торға арнайы шомылатын су қойған, душ жасаған, кейде шланг арқылы су шашқан кездері болған.

Ұзын түкті жануарларға жататын түлкі мен ақ түлкінің жүнін жақсарту мақсатында оларды темір тарақпен ұйысқан және түсіп қалған қылшықтарды түсіру үшін тараған.

Тарақпен тарауды жүн жабынының құрылымына байланысты қолданылады: егер жапқыш қылшықтар ұзын әрі қалың болса оны тараудың қажеттілігі болмайды.

Асылдандыру жұмыстары. Қорек пен ұстау жағдайының жақсы болуы тері сапасын жоғарлатуда маңызды роль атқарады. Дегенмен, қажетті қасиеттерді аса жоғары деңгейде тұрақты түрде тек асылдандыру жұмысынан алуға болады. Басты мәселе, алынған төлдің жақсы немесе жаман сапалы белгілер қандай жағдайда туындайды және жақсы нәтиже алу үшін қандай іс – шаралар жүргізу керек дегенге тоқталайық.

Жануарлар тобынан жалпы белгілерден ерекшеленетін дараларды алып топтау жиі кезедседі, және олардың осы ерекшеліктерін жақсартуда жұмыс жүргіземіз. Мысалы, “Салтыковский” шаруашылығындағы түлкілерден қылшық ұзындығы мен жүн жабындысының қалықдығы бойынша іріктеу жүргізілген, бұл топтағы түлкілерлің басқа түлкілерден қылшық ұзындығы 8-10% -ға, ал қалыңдығы 10%-ға артық болып шықты.

Алынған мутацияларды көбейтіп, жаңа түсті, кейде комбинацияланған, бірнеше мутант гендерінен тұратын жаңа қасиеттері бар аңдарды алған.

Мұндағы негізгі жұмыс сыртқы ортамен қатар тұқым қулаушылық факторлармен туындаған ақауларды жоюмен байланысты болу керек. мұндай ақауларды жою жолдарын анықтау үшін алдымен олардың пайда болу жағдайын талдау қажет.

Мысалы, қара күзендерде құрсақ маңындағы жүн жабынының үйкелу ақауы болады, мұнда зақымдалған аймақтарда жапқыш қылшықтар жойылады. Ақау дәрежесі жоғарлаған жағдайда мамықты қылшықтар де сирей түседі. (кесте)

кесте. Қылшықтардың сиреуі бойынша ақаудың түрлі зақымдану деңгейіндегі қара күзеннің құрсағындағы 1 см2-гі қылшықтар саны

Зақымдалу деңгейі

Жапқыш

Мамықты

барлығы,

дана


Нормадан

пайызы


барлығы,

мың


Нормадан

пайызы


Жоқ

Орташа


Қатты

Өте қатты



217

115


81

14


100

53,0


37,0

6,4


14,6

12,3


11,3

8,7


100

84,2


77,4

59,6

Бұл ақау қалыпты түлеудің бір деңгейі екендігі анықталған. Төлді тамыз айының екінші жартысында, жазғы жүн қысқы жүн жабынына ауысу кезіндегітексеру барысында мұндай ақау барлық жануарларда байқалды. Қазанның соңында сиреген жүн жабыны қайта қалпына келеді. Ақпан – наурыз айларында көктемгі түлеу басталады және жануарларда құрсақ жүн жабынының сиреуі қайта басталады. Кей жануарларда түлеу кеш басталып, қара күзендерді сою кезінде бұл қатты байқалатыны сонша, ол теріні ақаулы тері қатарына жібереді. Ал ересек дараларда мұндай кеш түлеу аз байқалады. Қылшықтардың сиреуі әдетте аталықтарда көп кездеседі. Мысалы, шаруашылықтың біріндегі төлдерді тексеру кезінде аталықтардың жүнінің сиреуі 46,2%-ға, ал аналықтарда 19,2% -ға жеткені анықталған. Сонымен қатар ақаулар ірі жануарларда жиі байқалады: 1,6 кг және одан аз салмақты аталықтарда 29,9%, ал одан ірі жануарларда 46% дейін жүн сиректілігі байқалған. Ұсақ аналықтар арасында (0,8 кг және төмен) ақау 9,2%, ірілерде 21,1%. Ал салмағы бірдей (1,2-1,4 кг) даралар арасында аналықтардың ақауы (25%) аталықтарға қарағанда (9,7%) көп болып шықты.

Ақаулары бар жануарладың шығу тегі зерттелді және ақаусыз жануарлардан ереже бойынша ақауысыз, ал аталығы да,аналығы да ақаумен болса, одан туған төл де ауытқулармен туатындығы анықталды (кесте). Ақаусыз төл дәл сондай ата-аналардан алынады, соның негізінде ақаудың пайда болуы доминантты гендермен анықталады деп айта аламыз. Мұны ақаулы және ақаусыз ата-аналардан алынған төлдің үлесінен білуге болады.



кесте. Шығу тегіне байланысты құрсақтағы қылшықтардың сиреуі бойынша ұрпақтарды орналастыру.


Ата-аналар

Алынған ұрпақтар, %

Ақауы бар

Қалыпты

Қалыпты × қалыпты (қалыптылардан)

Ақауы бар × қалыпты

Ақауы бар × ақауы бар (шығу тегі әртүрлі)

Ақауы бар × ақауы бар

(ақаулары барлардан)


9,6
3,7
52,7
74,2

90,4
62,4
47,3
25,8

Ақаулардың тұқым қуалаушылық бойынша мәліметтері табындардағы оны жоюдың жолдарын көрсетеді: ақаулары бар барлық жануарлар, сонмен қатар ондай белгісі жоқ, бірақ жүн жабынының құрымында ауытқулары бар ұрпақ беретін дараларды да жою керек.

Мұндай талдауларды неғұрлым кең тараған ақаулардың себебін анықтау үшін жасау керек. бұған жиі жағдайда тұқым қуалаушылықфакторлар әсер етеді. Бірақ сонымен қатар осы ақаулардың пайда болауына сыртқы орта жағдайлары да әсерін тигізеді, оларды өзгерте отырып жоғапы сапалы өнім алуға мүмкіндік жасау қажет.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет