Бағдарлама 20 ж бекітілген пәннің жұмыс оқу-бағдарламасы негізінде жасалды


Отбасының бос уақытты дұрыс ұйымдастыру және оның функциялары



бет12/21
Дата27.09.2023
өлшемі122.48 Kb.
#478806
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі (2)

Отбасының бос уақытты дұрыс ұйымдастыру және оның функциялары.
Жоспар:

  1. Отбасының бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына анықтама беру.

  2. Отбасының бос уақытын өткізуді ұйымдастыру нысандары

  3. Отбасының бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциялары



Бос уақыт дегеніміз адамның міндетті өндірістік емес міндеттерін (жұмысқа баруға және қайтуға кететін уақыт, ұйқыға, тамақтануға, үй шаруасына кететін уақыт және т.б.) орындағаннан кейін қалатын жұмыстан тыс уақыттың бөлігі.


Отбасының бос уақытын толыққанды өткізуін бағалау үшін екі негізгі талап қолданылады. Біріншісі - отбасының бос уақытын өткізуге жұмсалатын бос уақыт көлемі. Екіншісі - бос уақытты өткізу мазмұны.
Ғылыми әдебиетте бос уақытты дұрыс үйымдастыру отбасының негізгі функциясына жатқызылады. Отбасының бос уақытты дұрыс үйымдастыруында өзіндік ерекшелігі бар, ол дәстүрлі функциялардан басқа отбасын біртұтас жүйе ретінде қолдау мен сақтау функциясын орындаудан көрінеді. Г.П.Орлов бос уақытты дұрыс үйымдастыру отбасылық қарым - қатынастарды не нығайтатын, не бұзатын, не отбасын біржола жоятын қабілетіне назар аударады. Зерттеушілер бос уақытты дұрыс үйымдастыру осы функциясы аясында бірқатар құрамдас бөліктерін атайды, оның ішінде отбасының бос уақытын өткізуінің аффективті ролі (бос уақытты өткізу барысында отбасы мүшелерінің эмоционалдық бірлігі), сондай - ақ мәдени ролі (мәдени, ізгіліктілік және басқа құндылықтар мен нормаларды қалыптастыру, дамыту, сақтау және беру) бар.
Бос уақытты осы ұстынға сай жекелендіру (дифференциациялау) барлық рекреативті қызметті негізгі үш құрылымдық блоктар бойынша бөлуге мүмкіндік береді:

    1. жұмыс күніндегі бос уақыт;

    2. демалыс күнгі бос уақыт;

    3. еңбек демалысы кезіндегі бос уақыт.

Отбасының негізгі функциясының бірі ретінде отбасының бос уақыты бірқатар отбасылық функцияларды орындайды. Сонымен, бос уақыт ата-аналардың балаларымен араласуына жайлы жағдайлар туғызады, себебі бұл салада шаралардың бірге немесе бөлек өтуі тек қана олардың қалауы бойынша жүзеге асады.
Бос уақыт еркін араласу саласы ретінде отбасының тағы бір маңызды функциясы – эмоционалдық бірлік және психологиялық ауыртпалықтан босау функциясын орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет