Бағдарламаның міндеттері


Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері



бет2/2
Дата20.05.2022
өлшемі20.46 Kb.
#458464
түріБағдарламасы
1   2
жаңартылған білім беру мазмұны

Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жанжақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматы тұр. Білім беру мазмұнын жаңартусапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол: -әлем стандартына сай білім беру; -бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; -табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру; -әлем азаматын тәрбиелеу; -тәжірибелік дағдыларды дамыту; -функционалдық сауаттылықты арттыру; -мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Жаңартылған білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: – пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); – таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы; – білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; – бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы; – бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; – оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру болып табылады
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын педагогикалық әдістемелерінің маңызды зор. Осы орайда, Хэтти (Hattie, 2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланып, 60155 педагогикалық зерттеу жүргізген. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, білім беру бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетіндігіне көз жеткізген. Білім беру бағдарламасының оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігін, оңтайлы оқу ортасын қалыптастырудың ұсынысын ХименесАлександре (Jiménez-Aleixandre, 2008; Katchevich et al, 2011 сілтемесі) берген болатын: 1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысуы және олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы, бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс. 2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек. 3) Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс. 4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс. 5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі қажет. 6) Оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқыту үрдісінде негізгі міндеті өз бетінше әрекет етуге бейім, мүддесі мен қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, талдау жасауға қабілетті тұлға ретінде білім алуға ұмтылған оқушы тәрбиелеу болып табылады. Оқытушылар оқушылардың бойында бұл қасиеттерді:
– оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, білік, дағдыларын дамыту үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру; – мұқият іріктелген тапсырмалар мен әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту; – проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды шешу стратегиясының мысалдарын көрсету; – бағалау арқылы оқушылардың білім алуын қолдау; – зерттеушілік әдіске және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқытуға артықшылық беру; – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту; – жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру қарастырылған әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып дамытады. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін өте маңызды. Ол үшін сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету, проблемалық жағдаяттар туындату, оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. белсенді оқу әдістерін қолдануға болады. Оқытушылардың пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Оқытушылар пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әр оқытушы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді: жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына; жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне; оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен ресімделуіне; білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді біледі және түсінеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім мазмұн мен жүйелілікті,білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет