Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»


Дәріс№6 Тасымалдауды ұйымдастыру негiздерi. Жүктер және оныңы сипаттамалары. Ыдыс және жүк маркировкасы



бет3/4
Дата12.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#130595
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Дәріс№6

Тасымалдауды ұйымдастыру негiздерi. Жүктер және оныңы сипаттамалары. Ыдыс және жүк маркировкасы.
Тасымалдауды ұйымдастыру негіздері

Көліктік үрдіс жылжымалы құрам берумен байланысты барлық операцияларды қосып алады. Олар:



  1. Жүк ағындарының маркетингі.

  2. Жүк ағындары материалдарын зерттеу негізінде жасау, рациональды маршрутты сызба, жаңа ашылған және бар маршруттар бағытының өзгеруін алдын ала қарастыру.

  3. Тип бойынша таңдау және тасымалдаудағы жылжымалы құрамның қажетті санын анықтау.

  4. Автомобильді пайдалану аумағын және шынайы тасымал шарттарына байланысты автопоездардың, түрлерін және жүк қасиеттерін, жүк көлігінің пайдалану көрсеткіштерін анықтау.

  5. Автокөлік қозғалысының жылдамдығын нормалау.

  6. Жүргізушілер жұмысының рационалды режимін пайдалана отырып, автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін таңдау.

  7. Автомобиль көлігінің басқа көліктермен координациялық жұмысы.

  8. Жылжымалы құрамның маршруттардағы қозғалысының қауіпсіздігін және жол шарттары мақсатында жасау тиімділігін талдау.

  9. Автомобиль көлігімен жүкті қауіпсіз тасымалдау мен тиімділігін қамтамасыз ету.

  10. Жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін арттыру есептері және тасымалдау шығынын азайтуда экономикалық – математикалық әдістерді қолдану.

  11. Жылжымалы құрам жұмысымен оны пайдаланудағы оперативті бақылау.

Жүргізуші - көліктік операцияларды орындауға қатысатын негізгі қатысушы, сондықтан да оның жұмысын ұйымдастыру еңбек өнімділігінің деңгейіне қатысты.

Тасымалдау және қауіпсіздік сапасында жүргізуші жұмысы үздіксіз дене жұмысымен байланысты. Жолдың үнемі өзгеріп отыратын жағдайы жүргізушіден үлкен назар және жедел шешім қабылдауды талап етеді, сондықтан жүргізуші еңбегін ұйымдастыру, ұйымдастырылған еңбек режимі нормасын ұстануы қажет және жүргізушінің шаршауына жол бермеу керек.

Көлік үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін келесі талаптар ұсынылады:


  1. Жүктерді арту және түсіруде автомобильдердің бос уақытының жоғары нормативті уақыт шығынын қысқарту; тиеу-түсіру жұмыстарын кеңейту және оларға кешенді механизация қолдану; автомобильдер жұмысы графигін қатаң сақтау және құру; автомобильдер маневріне алаңдар мен жол өткелдерін құру, көбіне бұл тіркемелі автомобильдерге, тіркемелі немесе жартылай тіркемелі тягачтарға; алдын ала жүктерді дайындау және т.б.

  2. Рациональды жүктерді жинау, жылжымалы құрам сыйымдылығы мен рұқсатты максимальды жүк көтерімділігі.

  3. Кузовта жүктерді дұрыс орналастыру және олардың жүру бөлігіне салмақты жүктілігінің тең өлшемді таралуы.

  4. Жол бөліктерінде жол жамылғысы жағдайын есепке ала отырып автомобильдер қозғалысының режимін оңтайландыру.

  5. Заңды тұрғыда жүргізушілердің жұмыс уақытын максимальды пайдалану.


Жолаушы автомобилі тасымалының классификациясы

Барлық орындалатын жолаушылар автомобилі тасымалы келесі белгілерімен классификацияланады.

Жылжымалы құрамның жолаушы автомобилі тасымалы бойынша автобус және жеңіл автомобиль тасымалы болып бөлінеді.

Тасымал түрі бойынша қалалық, қала маңы, жергілікті, қалааралық, халықаралық қатынасы болып бөлінеді.



Қалалық тасымал автобустармен және жеңіл автомобильдермен жүзеге асады.

Қала маңы тасымалы қала маңы аудандарымен және қала маңы елді-мекендерімен байланыстырады.

Жергілікті тасымал селолық елді-мекендерде жолаушыларға қызмет көрсету.

Қалааралық тасымал жолаушыларды қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалармен байланыстырады.

Халықаралық автомобиль тасымалы екі немесе одан да көп мемлекетпен байланыстыратын тасымалды айтады.

Жолаушы автомобилі тасымалы тағайындалуына байланысты экскурсиялық, туристік, қызметтік, мектептік, вахталық және арнайы болып бөлінеді.



Экскурсиялық тасымал экскурсия мазмұнына байланысты алдын ала жасалып келісілген экскурсияны қамтамасыз етуге арналған.

Туристік тасымал ұйымның немесе жеке тұлғалардың алдын ала жасалып келісілген маршрут бойынша туристік қатынасқа арналған.

Қызметтік тасымал жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс орнынан тұрғылықты жерлеріне дейін немесе кері бағытта орындайтын тасымал.

Оқушылар тасымалы арнайы маршрутпен жасалған оқушыларды тасымалдауға арналған тасымалды айтады.

Вахталық тасымал мұнайшыларды, құрылысшыларды, шахтерларды және т.б. бригадамен немесе сменалық түрде тасымалдауға арналған.

Жолаушы автомобилі тасымалының форма бойынша ұйымдастырылуы маршрутты, тапсырысты және тiкелей аралас болып келеді.



Маршрутты тасымалдар бекітілген кесте бойынша арнайы маршруттармен тасымалдауды айтады.

Тапсырысты тасымал ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.

Тiкелей аралас тасымал автобус көлігінің басқа да жолаушы көліктерімен орындалуы.

Артуға дейін немесе түсірудегі аралық жүріс тасымал циклын үзбейді. Әрбір жаңа жүріс жылжымалы құрамның бос кездегі берілуінен басталады.

Тұрақтан жылжымалы құрамның берілуі мен соңғы пункттан түсіруден кейінгі оралуы жеке тасымал циклына жатпайды, жылжымалы құрамның толық бір күндік жұмысын - нөлдік жүріс (пробег) деп атаймыз.

Автомобиль айналымы бір немесе бірнеше тасымал циклындағы бос жылжымалы құрамның арту пунктіне берілуінен кезекті оралуын атайды.


Жүк автотасымалдарының орындалуының көліктік үрдісті ұйымдастыру

Жүк автотасымалдарының орындалуының көліктік үрдісті ұйымдастыруда бірнеше варианттарға бөлуге болады.



  1. Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыдағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы қарапайым варианты ұсынылады.

  2. Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыға жіберушіге дейінгі кері бағыттағы жүктің жеткізілуі немесе кез келген аралық пункттар болып табылады.

  3. Бірінші немесе екінші варианттардағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы бір жүк жіберушімен бір қабылдаушының бірнеше жылжымалы құрамды пайдалануы.

  4. Бірнеше жіберуші мен бірнеше қабылдаушының бірретті немесе көпретті жүк тасымалындағы бір немесе бірнеше автомобильдің алғашқы арту пунктіне оралуы (жылжымалы құрамның айналмалы қозғалыстағы кіші жүйесі). Бұл вариантта бір автомобиль жүк жөнелтушімен қабылдаушыға бір айналымда бірнеше аялдама жасайды.

  5. Бір жөнелтушіден немесе қабылдаушыға жүкті жинау немесе тарату.

  6. Белгілі-бір мақсат жұмысына бағынатын, бірнеше шағын жүйелерді пайдалануды талап ететін белгілі-бір өндірістік құрылымның қызметі .

  7. Көлік жүйесі бірнеше өндірістік құрылымдарға немесе белгілі-бір географиялық регионға қызмет етеді.


Жүк және жолаушы ағындарының сипаттамалары

Жүк автокөлік жұмысы екі негізгі көрсеткіштермен сипатталады: жүктерді тасымалдау көлемі және жүк айналымы.

Жүк ағыны белгілі-бір уақытта автомобиль көлігі тасымалдауында немесе тасымалданғандағы тоннамен өлшенетін жүк көлемін көрсетеді.

Жүк айналым тонна-километрмен немесе осы уақытқа дейінгі немесе белгілі-бір уақыт аралығында орындалған аралас жүктердің көліктік жұмысымен өлшенеді.

Жалпы жүк айналым көлемі және автокөлік мекемелерінде жүк айналым қабылданған номенклатура бойынша бөлінеді. Бұл бөліну жүк айналымы мен тасымал құрылымы деп аталады. Тасымал көлемін анықтауда бір жүкті бірнеше есе тасуға тура келеді (бұл көбіне қалалы орындарды кездеседі). Бұл дегеніміз бір жүкті қабылдау орнына жеткізудегі алмасушылық болуы мүмкін. Мысалы, кейбір жабдықтауға арналған құрылыс материалдары, санитарлы-техникалық және электромонтаждау жұмыстарында бірінші, сәйкес қоймаларға апарылып, содан кейін құрылыс нысандарына тасылады. Көбіне қайталанбалы тасымалдар сауда жүйелеріне өндірістік және азық-түлік тауарлары болып келеді. Бұл тауарлар көбіне алғашқыда темір жолмен, су және әуе көліктермен станция немесе аэропорттардағы сауда қоймаларына әкелініп, сортталып, сосын дүкендерге тасымалданады.

Уақыттың ұзақтығына байланысты жүк айналым және тасымал көлемі сағаттық, тәуліктік, айлық, кварталдық, жылдық болып келеді.

Жүк айналым және тасымал көлемі ереже бойынша әрбір ай және квартал бойынша бір қалыпты таралмайды. Бұл тербеліс автокөлік қызметі мен сұранысқа байланысты.

Бір қалыпсыздық деңгейі бір қалыпсыздық коэффициентпен анықталады, тасымал көлемі жүк айналымының максимальды шамасының белгілі-бір уақыттың орташа қатынасына тең.

Тасымалдау шартына және сақтауға байланысты жүктер қарапайым және спецификалық болып бөлінеді.
Көлік заңнамасындағы жүктер классификациясы

Көлік заңнамасындағы жүктер классификациясы - бұл тасымал төлемдерінің бекітілген өлшеміндей тарифті топпен жүктер тасымалының таралуы.

Жылжымалы құрам жүктілік деңгейіне байланысты жүктер төрт класқа бөлінеді, ол төменде келтірілген.

Класс

Коэффициент

I

1

II

0.71-0.99

III

0.51-0.70

VI

0.41-0.50

Көліктегі жүктер - деп жүкті тасымалға алғаннан жүк қабылдаушыға тапсырғанға дейінгі барлық үрдістерді атайды.

Автомобиль көлігі қаптау түрінің әртүрлі физикалық қасиетіндегі түрлі жүктерді тасымалдайды. Жүк түрлері жылжымалы құрам типтерін таңдауда және оның пайдалану шарттарын, арту-түсіру жұмыстарын орындау тәсілдері - қажетті факторлардың бірі болады. Жүктер ерекшелігіне байланысты топтастырылады.

Тарамды жүктер габаритті өлшемдерімен, салмағымен және бітімімен сипатталады. Олар тасымалдау кезінде қабылдау мен өткізуде санақпен немесе салмағымен өткізіледі.

Сеппелі жүктер сеппелі арту-түсіру жүктеріне рұқсат етіледі. Бұл жүктер көлемі және салмағымен есептеледі.

Құймалы жүктер цистернада сұйық және жартылай сұйық түрінде тасымалданады.

Тарамды жүктер қаптама түрінде тасымалданатын тара және тарасыз болады. Тасымалдау кезінде жүк екі салмақта анықталып қолданады: нетто - жүктің өзіндік салмағы, брутто - жүктің тарамен есептелген салмағы.

Тара жүкті бұзылуынан сақтап және арту-түсіру мен тасымалдау кезінде бүлінуден сақтауды қамтамасыз етеді. Тара тасымалданатын жүк сипаты мен түріне және арту-түсіру механизмдерін қолдануда беріктікті қамтамасыз ету мүмкіншілігіне сәйкес болуы керек.

Тара жасалуына байланысты ағашты, шынылы, керамикалы, текстильді, қағаз-картонды және т.б.

Өзінің қаттылық күй деңгейінде тара қатты (жәшік, бөшке), жұмсақ (қап, эластикалық орамалар) және жартылай жұмсақ (кәрзеңкелер) болып келеді.

Тарадағы жүктер өзінің түріне байланысты жәшіктік, қапталған және бөшкелі болады. Бұлардың ішінде көбісі бірінші қағазды, қаптамалы, картонды, полиэтиленді.

Кей-кезде жүктер бірден екі түрлі тарада болады, мысалы, бөтелкедегі сүт, жәшікке салынған. Бұл жағдайда бөтелке тара да, жәшік супертара болады.

Тара бірреттік және көпреттік қолдануда болады. Бірреттік қоданудағы тараға бір немесе бірнеше жүктердің бір түрдегі түрінің тасымалдауы жатса, көпреттік қолдануға барлық жүктер түрі жатады.

Бірретті тара көпрет пайдаланылғандықтан, пунктке оралғанда өте қатаң тексеріледі.

Қарапайым жүктерге тасымалдауға, артуға, түсіруге және ерекше жағдайды талап етпей сақтайтын және бортты автомобильдермен тасымалдауға болатын жүктер жатады.

Спецификалық жүктерге арту мен түсіру және тасымалдау мен сақтауға ерекше талап етілетін жүктер жатады. Олар габаритсіз, ұзын өлшемді, үлкен салмақты, қауіпті, тез бұзылатын, белгілі бір санитарлық жағдайды талап ететін болып бөлінеді.

Габаритсіз жүктерге (құрылыс жүктерінен басқа) орыннан есептегенде 3,8 м немесе 2,5 м енділіктегі жүктер жатады.

Ұзын өлшемді жүктерге – түрлі габаритсіздер. Бұл жүктерге артқы борттан екі метрден асатын жүктер жатады.

Үлкен салмақты жүктерге - бұл әрбір орынға салмағы 250 кг асатын жүктер жатады.

Қауіпті жүктерге – сәйкес шаралар қатыспайтын, тасымалдау кезінде және сақтауда адамдарды улайтын жүктер жатады.

Қауіптілігіне байланысты олар жеті топқа бөлінеді:

Бірінші топ - аз қауіпті;

Екінші топ - тез жанғыш (бензин, керосин және т.б.);

Үшінші топ - шаңдатқыш және ыстық (цемент, әк, битум және т.б.);

Төртінші - күйдіретін сұйықтықтар (кислота және т.б.);

Бесінші - баллондағы сығылған газ;

Алтыншы - өзіндік габаритті өлшемді жүктер;

Жетінші - ерекше қауіпті жүктер (жарылғыш, радиоактивті және т.б.)

Тез бұзылғыш жүктер арнайы жылжымалы құрамды талап етеді, өйткені олар белгілі-бір температураны сақтап тұруы қажет.

Арнайы шартты жүктерді сақтауға тұрмыстық заттар жатады.

Санитарлыққа қарсы жүктерге - ассенизациялы және шаңдатқыш жүктер жатады.


Жүктердің таңбалауы

Тарамды жүктерді тасымалдауда олар таңбаланады. Таңбалау - жүкке арнайы белгілермен және жазулармен жазылады. Олар тауарлы, жүкті, көлікті және арнайы болып келеді.

Жүктерді ыдыспен немесе орамамен және майда даралы жүктерді ұсақ жөнелтімдермен тапсыру кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк орнын мемлекеттік стандарттарға сәйкес алдын ала таңбалауы тиіс.

Таңбада: жүк алушының толық немесе қысқартылған атауы; бару орны мен пункті; жүк бірлігінің салмағы (брутто және нетто) көрсетілуі тиіс.

 Тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарда келтірілген деректер таңбаға толығымен сәйкес келуі тиіс.

Таңбалау ыдыста немесе жүкте шаблон бойынша бояумен, штампылаумен немесе таңба соғумен жүргізілуі мүмкін.

Таңбалау орамада шартты белгілермен (таңбалармен), айқын жазумен, әріптермен, сандармен немесе суреттермен (нышандармен) жасалуы тиіс. Таңбаның түсі ыдыстың немесе жүктің түсіне қарама-қарсы болуы тиіс.

Жүк орындарының таңбасы анық, түсінікті және берік болуы тиіс.


Таңба өшірілмейтін және қабыршақтанбайтын, күн сәулесіне төзімді, кез келген бетте жақсы ұсталатын және сумен шайылмайтын бояумен жасалуы тиіс.

 Таңбалық жапсырмалар қағаздан, қатырмадан, матадан, фанерадан, металдан, пластмассадан жасалуы мүмкін. Жапсырмалардың беті ауа-райы жағдайларының әсеріне шыдамды болуы тиіс. Жапсырмаларға таңба төмендегідей тәсілдердің бірімен қойылуы тиіс:



  • типографиялық;

  • машинкамен басу;

  • траферат бойынша штемпельдеу;

  • жаншу.

Қағаздан және қатырмадан жасалған жапсырмалар ыдысқа желіммен бекітілуі тиіс. Матадан жасалған жапсырмалар тігілуі тиіс. Фанерадан, металдан, пластмассадан жасалған жапсырмалар бұрандармен, бұранда шегелерімен, шегелермен бекітілуі тиіс.  Жапсырмаларды фанера, қатырма және қағаз жәшіктерге қағуға рұқсат етілмейді. Жапсырмаларды жүктерге сыммен бекітуге, басқа бекіту тәсілі мүмкін болмағанда рұқсат етіледі.

     Таңба:

1) жәшіктерде – бүйір жақтарының біріне;

2) қаптар мен теңдерде- кең жақтарының біріне;

3) арнайы таңба екі шектес жаққа салынады.
Дәріс№7

Жүк- және жолаушыағындарының сипаттамалары. Жүк ағының оптимизациялау әдістері. Келісім шарттар бойынша массалық жүктерді тасымалдаудың рационалды маршрутын құру
Маршруттық тасымалдар көрсеткіші

Маршрут өзіне:



  • тасымал көлемін;

  • бағытты;

  • қашықтықты;

  • уақыт бойынша жету;

  • түрлі категориядағы жол жүктілігі;

  • қозғалыс кезектілігі бойынша;

  • жеткізу тиімділігі.

Маршруттаудың негізгі тапсырмаларына:

  • қозғалысты ұйымдастыру;

  • жүкті жеткізудің минимальды мерзімі;

  • қозғалыс қауіпсіздігі;

  • көлік құралдарын тиімді пайдалану;

  • тасымалдау жоспары мен графигін орындау;

  • жол жағдайының өзгеруіне байланысты кешенді реттеу.

Маршруттар жалпы келесі классификацияларға бөлінеді:

  • Тасымалдау қашықтығына байланысты:

  1. қалалық (шамамен қала шетіне дейін);

  2. қала маңы (қала шетінен 50 км аралықты қоса алғанда);

  3. қалааралық (қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалар мен елді-мекендер);

  4. халықаралық (Қазақстан Республикасының шекарасынан).

  • Жыл уақыттары бойынша:

  1. тұрақты (жыл бойына);

  2. уақытты (уақытша);

  3. мерзімді (мезгілдің белгілі-бір мерзімдерінде).

Маршрут ашуда алдын-ала сұрақтарды шешуде мыналарды қажетті түрде қарастыру қажет:

  1. осы маршрут бойынша жүк тасымалының сұранысын анықтау;

  2. жол жағдайын зерттеу және қозғалыс трассасын таңдау;

  3. маршрут мақсатының техника-экономикалық негіздемесін құру.

Маршрут тұрақты жүкағыны мен жағдайының қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде алуға болады.

Маршрут жасауда мыналарды қарау қажет:



  • қаланың негізгі пункттар аралығында тапсырыс берушілерге көлік байланысын қамтамасыз ету;

  • автокөлік түрлерін тасымал түріне орай пайдалану;

  • қозғалысқа бақылау жасау мүмкіншілігін;

  • мекеменің автокөлік құралдары қозғалысын координациялық басқарумен қамтамасыз ету;

  • аралық және соңғы аялдамаларды автокөлік құралдарының бос жүріс аралығын азайту мақсатында ірі жүк жинау орындарына жақын орналастыру;

  • қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жүйесін қолдану.

Жүк ағындары белгілі-бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.

Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.

Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі-бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі-бір масштапбен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті

Эпюр жүк тасымалының түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.

Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.

Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.

Эпюр мен картограмма жүк тасымалындағы жылжымалы құрамның маршруттық қозғалысын жасауда үлкен мәнге ие болу мүмкіндігін көрсетеді.

ҚЖК жүйесін жаңғырту жолындағы алғашқы кадам әлемнің түрлі елдерінің практикалық тәжірибесін зерделеу болды. Анықталған шешімдердің талдауы, шын мәнінде, жалпы пайдаланыстағы қалалық жолаушы көлігінің жұмысын ұйымдастыруда баламалы екі тәсілдің бар екендігін көрсетті.


Жүк ағындарының сипаттамасы

Жүк ағындары белгілі бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.

Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.

Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі бір масштабпен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті

Жүк тасымалының эпюрі түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.

Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.

Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.

Эпюр мен картограмма жүк тасымалындағы жылжымалы құрамның маршруттық қозғалысын жасауда үлкен мәнге ие болу мүмкіндігін көрсетеді.

Жүк ағындарының құрылымы: салалық, топтық, туыстық (тұқымдық).

Экономикалық факторлардың ықпалы. Осы жоба үшін экономикалық факторлардың ықпалы практикалық болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей, жобаның коммерциялық тартымдылығы өте төмен, әрі жобаны іске асырудан келетін пайдалар кәсіпорынға емес, мемлекетке түседі. Сан жағынан бағалау және пайдалылықтың тиісті көрсеткіштерінің есебі қажет болған жағдайда, осы жобадағы ақша бұдан басқа, мемлекет экономикасына оң салым салатын (оң үлес қосатын) қосымша сыртқы факторлардың (экстерналий) есебінен алу да сондай-ақ жобаның экономикалық тиімділігін арттыруы мүмкін.


Дәріс№8

Автокөліктегі тиеу жұмыстарын ұйымдастыру. Тиеу көліктерін классификациялау. Тиеу көліктерінің өнімділігі. Тиеу көліктерінің пункттері және өнімділігі

Автомобиль тасымалдарында арту-түсіру жұмыстары

Автомобильге жүкті арту мен түсіру уақытының шамамен қосымша операцияларының орындалу мерзімі, жүк тасымалы ережелерінің негізгі қосымшасында келтірілген.

Арту-түсіру жұмыстары МемСТ –мен талаптарға, арту-түсіру жұмыстарында сала аралық еңбекті қорғау ережесі бойынша және жүктерді таратуда немесе басқа да нормативті бекітілген құжаттар келтірілген тәртіппен жүргізіледі.

Арту-түсіру жұмыстары өндірісінің әдістерін таңдауда жұмыстағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың рұқсатты әсерінің деңгейін азайтуды алдын ала қарастыру:


  • арту-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру;

  • қауіпсіздік талаптарына жауап беретін қондырғылар мен құралдарды қолдану;

  • нормативті техникалық құжаттар мен пайдалану құжаттарына сәйкес өндіріс жабдықтарын пайдалану;

  • көтергіш-көліктер жабдықтарымен жүктердің араласуында дыбыстық және басқа да белгілерді қолдану;

  • көлік құралдары мен өндіріс жұмыстары орындарында жүктерді дұрыс тарату және жинау.

Арту-түсіру операция жұмыстары көбіне механикалық әдіспен көтергіш көліктердің жабдығы мен механизация құралдарын қолдану арқылы орындалады.
Авто тасымалдар тарифі

Автокөлік құралдары көбіне уақытша, шақырым бойынша және жасалынған немесе жүргізілген жұмыстарға байланысты тарифтерді алады.



Уақытша тарифтер. Белгілі-бір уақыт ішінде тасымал көлемі мен санын анықтау мүмкін болмағанда клиенттерге ұсынылатын тарифтер.

Тариф бір сағатқа жылжымалы құрам түріне және пробегті есептеу арқылы жүргізіледі.



Километр бойынша тарифтер. Жылжымалы құрам моделі мен түріне және пробег шамасына байланысты қарастырылатын төлемдер. Көбіне бұл тарифтер қалааралық тасымалда немесе автокөлік құралдары өз ішінде араласуында орындалады.

Жасалынған немесе жүргізілген жұмыстарға байланысты тарифтер. Бұл тарифтер белгілері жүкті тасымалдау мен жүк класына байланысты автокөлік қызметінде жүк тасымалдауда еркін баға бойынша тасымалдаудың өзіндік құны мен бәсекелік дәрежесіне байланысты анықталады.
Дәріс№9

Автокөлiк жұмысының көрсеткiштерi
Көліктік жүйенің маңызды жұмыс көрсеткіштері

Көліктік жүйенің маңызды жұмыс көрсеткіші болып жылдамдық табылады, ол 3 түрлі болады. Пайдаланушылық, орта, (жолаушы тасымалдауында қатынас жылдамдығы деп аталады), техникалық. Қалаларда жылдамдық нормаланады. Статистика бойынша қазақстандағы орта жылдамдық 30 шақ/сағ тең.

Қарқындылық – бұл халықтық жылжу деп аталатын сандық көрсеткішпен айқындалатын алмасу. Потенциалды, абсолютті, жалпы деп аталатын түсініктерге бөлінеді. Жалпы алғанда жылжымалылық – бұл берілген уақыт аралығындағы адамдар тобының бір адамға шаққандағы орын алмастыруының саны. Егер бірнеше адам қаралатын болса, бұндай жағдайда жылжымалылық күтілетін орын алмастыру мағынасына ие болады. (nқор)

Потенциалды жылжымалылық – бұл биологиялық немесе қоғамдық, әлеуметтік жағдай, байланыс және ақпарат құралдары қажеттілігінен туындаған халықтық жылжымалылық. Көпфакторлылық және өзара байланыс қиындығынан қажеттілігінің сандық жағы анықталмайды.

Таратылатын қажеттілік – бұл қатынас қиындығына халық бюджетіне, қала жоспарламасына, ауырлық күші орталығының орналасуы мен орнына, оларға қызмет көрсететін олардың көліктік желілеріне байланысты аталған жағдайларда таратылатын фактілік қажеттілілік (КЖ).

Абсолютті жылжымалылық – бұл аталған орын алмастыру теліміндегі бір адамның уақыт бірлігіндегі келетін бір адамның орын алмастыру саны.

Жалпы жылжымалылық – аталған әкімшілік кешеніндегі барлық халықтың, барлық халық топтарының уақыт бірлігіне қатынасы бойынша қалалық жолаушы көлігінің телімдегі орын алмастыру саны (тіркелген).
Дәріс№10

Әуе жолы көлiгiнiң тасымалдарын ұйымдастыру. Халықаралық жолаушы әуе жолы тасымалдары
Дүниежүзілік азаматтық авиация

Дүниежүзілік азаматтық авиация – бұл құрамына халқы әр түрлі тілдерде сөйлейтін 188 ел кіретін өте күрделі жүйе, 900-ден астам әуе компанияларын, 5000 пайдаланушыны, 16000 ұшақта ұшатын 150000 ұшқышты, 240000 техникалық қызметкерлерді, сондай-ақ 1350 ірі және 10000 шағын әуежайларды қамтиды.

Жаңа ғасырдың басталуы қарсаңында әлемде шамамен 37 млн.км дүниежүзілік көлік жолы қызмет етіп тұрды, соңғы онжылдықта оның жыл сайын өсуі 4,5 % деңгейінде тұрақтанды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл үрдіс 2010 жылға дейін сақталады. Мұның өзінде әуе жолдарының ұзындығы барынша тез қарқынмен өседі. Ол 1970 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2,1 есе артады.

Кез келген уақыт сәтінде ғаламшардың әуе кеңістігінде 10 мыңға жуық әуе кемелері ұшып жүреді. 2004 жылы бүкіл әлемдегі 3000 коммерциялық әуе компанияларында 2 миллионнан астам адам еңбек етті, олар әуе тасымалын басқару, жоспарлау, ұшу, маркетинг, сату ісімен және басқа қызмет түрлерімен айналысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының деректері бойынша дүниежүзілік әуе көлігі өнеркәсіптің авиациялық және сабақтас салаларын қоса алғанда 21 млн жұмыс орнын жұмыспен қамтамасыз етіп, дүниежүзілік жалпы өнімге шамамен 700 млрд АҚШ долларын қосады. 2004 ж. дүниежүзілік әуе тасымалының көлемі 460348 млн ткм болған.

Дүниежүзілік әуе тасымалында әзірше Солтүстік Америка басым болып отырғанына қарамастан, XXI ғасырдың екінші онжылдығында Азия-Тынық мұхит аймағы көшбасшылыққа шығатын болар. Азия-Тынық мұхит аймағы географиялық себептер бойынша бөлшектенбегендіктен және бөлшектенуі мүмкін болмайтындықтан, Батыстан Шығысқа қарай бұлайша ығысудың зор маңызы бар. Қытайды есептемегенде, Азия елдерінің көпшілігінде елге келетін бір ғана нүкте бар. АҚШ әуе компаниялары мұны асқан қиындықпен түсінді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың екі әуе компаниясы – Northwest және United – ғана Тынық мұхит арқылы ұшады, оның екеуі де Токионы негізгі келу әуежайы ретінде пайдаланады. Бұл аймақты бөлшектеп пайдалануға тырысқан басқа американдық әуе компаниялары, жұмсартып айтқанда, одан ығыстырылып қалды.

Қазақстанның азаматтық авиациясы

Азияаралық барлық әуе маршруттарының орталық бөлігін алып жатқан Қазақстанның осынау геосаяси жағдайды пайдалана отырып, өзінің азаматтық авиациясын дамытуға сирек кездесетін мүмкіндігі бар. Еуропа мен Азия арасындағы жалпы транзиттік әуе қозғалысының шамамен 30 пайызы ҚР арқылы өтетін Атлант мұхиты аралық маршруттар желісіне келеді.





5.5-сурет. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы өтетін ұшу маршруттары
Қазіргі уақытта көптеген шетелдік әуе компаниялары Қазақстан арқылы жүйелі рейстер атқаруда. Мысалы, British Airways, Cathay Pacific, Lufthansa, KLM, Air France, Аэрофлот, Swiss Air, Азал Карго, Turkish Airlines, EL AL Israel Airlines, Korean Airlines, Crgolux және басқалары. Тасымалдау бағыты батыста Лондоннан шығыста Манилаға дейін алуан түрлі. Қазақстан әуе желісінің ұзындығы 2004 жылы 400 мың км-ге жетті, бұл дүниежүзілік әуе жолдарының 4,2 пайызын құрайды. Қазақстан халықаралық ынтымақтастық саласында әуе қатынасы туралы 40-тан астам келісімдерге қол қойды, олардың ішінде 13-і жақын шетелдермен жасалды. «Казаэронавигация» тәулігіне 250-300 рейске қызмет көрсетеді, оларды 90 пайызы транзиттік рейстер болып табылады. Қазақстан Республикасынан өтетін әуе жолдарының ұзындығы 61 мың км-ден асады, олар 72 әуе дәлізіне бөлінген.

2006 жылдың басында Қазақстанда 54 әуе компаниясы қызмет етсе, оның 31-і жолаушылар мен жүк тасымалдады, оның 8-і жүйелі негізде, 28 әуе компаниясы – авиация жұмыстарын атқарды. Тұтас алғанда, республиканың әуе компаниялары 2005 жылы ішінде 1,66 млн жолаушы және 20,4 мың тонна жүк тасымалдады, бұл 2004 жылдың деңгейіне тиісінше 127 және 114,7 % құрады. Жолаушылар айналымы 24,6 %-ға өсіп, 3,3 млрд ткм құрады. Жүк айналымы 1,5 есе артып, 99 млн ткм құрды.

Қазақстан Республикасында 21 әуежай жұмыс істейді. Қазіргі уақытта халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге мынадай 14 әуежайға рұқсат етілген: Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Павлодар, Семей.

Қазақстан Республикасының әуежайлары 2005 жыл ішінде 3,4 млн жолаушыға қызмет көрсеткен, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен 114 % жоғары. Өңделген жүк, поштаның көлемі 1,5 есе артып, 70,3 мың тонна болды. Мұнда өндірістік көрсеткіштер Астана, Алматы, Атырау, Ақтау әуежайларында барынша артқан.

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға арналған конкурстық, жүк және кеме жалдау әуе тасымалдарын реттейтін нормативтік құқықтық базаның негізінде былайша дамитын авиация рыногы қалыптасқан: Астана, Алматы, Атырау қалаларында үш «хабты» дамыту Қазақстанның барлық қалаларын тек өзара емес, сондай-ақ алыс шетелдермен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Әуе тасымалын мынадай көрсеткіштер бойынша жіктеуге болады: алыстығы, бағыты, көлемі, коммерциялық пайдаланылуы және т.с.с. Бағыттарына қарай әуе тасымалын халықаралық және ішкі әуе тасымалына бөледі.



Ұйымдастырылу түріне қарай әуе тасымалын жүйелі және жүйесіз (кеме жалдау) тасымалға бөледі. Кеме жалдау тасымалы – бұл тасымалдаушы мен тапсырыс беруші арасында жасалатын арнайы келісім-шартқа сәйкес атқарылатын тасымалдар. Әрбір кеме жалдау рейсі тиісті ел өкіметінің ерекше рұқсаты бойынша атқарылады.



Алайда жіктеудің өлшемдеріне қарамастан, қашан да негізгі мақсат жолаушыларды, жүк пен поштаны тасымалдау болып қала береді.


Халықаралық жолаушы әуе жолы тасымалдары

Әуе көлігінің негізгі қызметі – бұл жолаушыларды тасымалдау. Әрбір елдің жолаушылар тасымалдау көлемі оның экономикалық жағдайына байланысты болатындықтан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Қытай секілді өзінің дамуында өте жоғары экономикалық көрсеткіштерге жеткен елдер жолаушыларды әуеде тасымалдау көлемі жөнінен әлемдегі жетекші елдер болатыны табиғи нәрсе.

Әрбір жолаушы әуе билетін сатып алу арқылы әуе тасымалы шартын жасасады. Әуе кәсіпорны (тасымалдаушы) осы шартқа сәйкес жолаушы мен оның жүгін баратын пунктіне жеткізуге міндеттеніп, билетте көрсетілген рейсті орындайтын әуе кемесінен орын береді, ал жолаушы жүк тапсыратын жағдайда – оны да баратын пунктіне жеткізіп, оны алуға уәкілетті адамға береді. Жолаушы тасымалдау ақысын белгіленген тариф бойынша төлеуге, ал белгіленген нормадан артық жүк тапсырғанда – осы жүкті тасымалдау үшін төлеуге міндетті.

Әуе тасымалына жасалатын әрбір шартты әуе кәсіпорны немесе олардың уәкілетті ұйымдары немесе тұлғалары (агенттері) берген тасымалдау құжатымен куәландырады.


Әуе тасымалдау құжаттары

Тасымалдау құжаттары – жолаушы тасымалында – билет, жүк ретінде жолаушының заттарын тасымалдауда – жүк квитанциясы болып табылады.

Жолаушы билет сатып алуда түрлі қызмет көрсету деңгейін таңдай алады. Әлемдегі кез келген әуе компаниясында мынадай үш класс бар: бірінші класс (билетте F әрпімен белгіленеді), бизнес-класс (С) және экономикалық класс (Y). Бірінші класс – ең қымбат, экономикалық класс – ең арзан тұрады. Кластардың басты айырмашылығы – орынтақтарының жайлылығы, тағамның сапалылығы, тегін тасымалданатын жүктің мөлшерінде, әуе жайдағы қызмет көрсету сапасында. Эконом-кластағы орынтақтар тар әрі бір-біріне жақын орналасса, бизнес-класс пен бірінші класта олар әлде қайда қолайлы әрі өзара едәуір қашық орналасқан.




20.1-сурет. ИЛ-96 ұшағында жолаушылар орынтағын қызмет көрсету кластарына қарай орналастыру: бірінші, бизнес, эконом-кластар

Қазір көптеген әуе компанияларының бірінші және бизнес-класында орнатылған орынтақтар жайылып төсекке айналады, мұның ұзақ ұшу сапарында пайдасы зор.

Қызмет көрсету кластары арасындағы мәнді айырмашылықтардың бірі – бұл тегін тасымалданатын жүк нормасы. Эконом-кластың жолаушыларына тегін тасымалданатын жүк нормасы, әдетте, 20 кг, бизнес-класта - 30 кг, бірінші класта - 40 кг болып белгіленеді.

Қазіргі уақытта әуе билетін сатып алу әдісі алуан түрлі. Әуе билетін әуе агенттіктерінен, әуежайлардан, интернет бойынша, дүкеннен, санаторийден, туристік агенттіктерден және т.с.с. сатып алуға болады.

Әуе билеттері алуан түрлі болуы мүмкін: көзбен шолып байқайтын, автомат оқи алатын магнит жолақты және электрондық. Қазіргі кезде әлемде бланкінің үш түрі кең таралған: автоматты көшірілетін билет, отырғызу талоны бар автоматты купонды билет және қол бланкі. Электрондық билет – бұл ерекше жағдай. Қандай да бір бланкіні керек етпейтіндіктен, электрондық билет барған сайын кең таралуда. Бұл билет әуе компаниясының компьютерінде сақталатын әлдебір электрондық жазба болып табылады, мұнда дәстүрлі купондар электрондық баламамен алмастырылған. Ешқандай агенттік, ешқандай басқа әуе компаниясы толығымен бұл “жазбаны” көре алмайтындықтан, мұндай билет егер бүкіл ұшу сапарын бір әуе компаниясы атқаратын жағдайда ғана берілуі мүмкін.

Бұл жаңалықтың негізгі артықшылығы – мұндай «есті» билетті үйде ұмтылып қалдыру немесе жоғалту мүмкін емес, ол үшін агенттікке барудың қажеті жоқ. Электрондық тіркеу жүйесінің арқасында тапсырыс берген билетіңізді тікелей әуежайдағы әуе компаниясының арнайы бөлімінен алуыңызға болады. Сонымен қатар, электрондық билетті соңғы сәтте, ұшатын күні алуға және тіпті агенттікпен сөйлесетін уақытты үнемдеп, ұшып көтерілу уақытында ауыстыруыңызға да болады. Өзгерістер енгізетін жағдайда жаңа билет алудың керегі жоқ, жолаушының әуежайда көрсететін жалғыз құжаты – бұл шетелдік төлқұжаты.

ИАТА-ның шешіміне сәйкес 2007 жылдың соңына қарай әуе компаниялары – осы ұйымның мүшелері дәстүрлі әуе билеттерін пайдаланудан толығымен бас тартып, электрондық жол жүру құжаттарын рәсімдеу жүйесін енгізуі тиіс.

Ұшып кететін жолаушылар мен олардың жүгіне қызмет көрсетудің үлгі технологиялық сызбасы

Әуежайда жолаушыға толып жатқан әкімшілік-кедендік тексерулерден өтуге тура келеді. Ұшып кететін жолаушылар мен олардың жүгіне қызмет көрсетудің үлгі технологиялық сызбасы мынадай операцияларды қамтиды:



  • билетті тіркеу және жүкті рәсімдеу;

  • кедендік тексеру;

  • санитарлық-карантиндік тексеру;

  • төлқұжат тексеру;

  • жолаушылар мен жүкті арнайы тексеру (қауіпсіздік бақылау);

  • ұшаққа отырғызу.

Жолаушы мен оның жүгін рейске тіркеу, әдетте, бірінші рәсім болып табылады. Жолаушы ұшу алдында әуежайға, әуе бекетіне немесе тасымалдаушы хабарлаған басқа жөнелту пунктіне билетті тіркеу және жүкті рәсімдеу үшін белгіленген уақыттан кешікпей келуі тиіс. Әдетте уақыт билетте көрсетіледі; халықаралық әуежайларда ол ұшу алдында 1сағат, ішкі рейстерде – 30 минут болады.

Жолаушының ұшуға келмеуіне байланысты әуе кемесін жөнелту тоқтатылмайды. Жолаушының тіркеуге дер мезгілінде келмеуіне байланысты туындайтын залалдар үшін тасымалдаушы жолаушы алдында жауап бермейді, жолаушының кешігіп келуі сол әуе компаниясының басқа рейсінің кідіруінен болатын жағдай бұған жатпайды.

Әлемнің көптеген әуежайларында көбіне негізгі тіркеу әдісі қолданылады, мұнда жолаушылар әуе компаниясын бетпе-бет құжаттары мен жүгін тіркеуге ұсыну үшін ертерек келеді. Тіркеу кезінде ең алдымен билеттің осы рейске жарамдылығы тексеріледі.


  • Алайда, қазір тіркеудің жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, ұшу қарсаңында кешкісін телефонмен Интернет арқылы, тез тіркеуге арналған автоматтарды пайдаланып факспен, тіпті тіркеу үстеліне автомобильмен келіп тіркеу өмірге келуде.

Тіркеу барысында жүк өлшенеді, габарит пен орын саны анықталады. Осымен бірге, әуе билетіндегі ұшу купонының тиісті графаларына жүк орнының саны мен (немесе) жалпы массасы енгізіледі. Жолаушының тіркелмеген жүгі болса, ұшу купонының тиісті графасын сызып тастау керек.

Тіркелген жүктің әрбір орнына жүк биркасын толтырып, оны жүкке бекіту керек, ал бұл бирканың ұқсас бөлігін әуе билетінің жоғарғы мұқабасына онда жазылған тасымалдау шартының талаптарын жазып қалмайтындай және бүлдірмейтіндей, баратын әуежай биркадан жақсы көрінетіндей етіп бекіту қажет.

Бірқатар әуежайларда кедендік тексеру жолаушыларды тіркеуден кейін жүргізіледі. АҚШ-тың халықаралық әуежайларында ұшу алдында кедендік тексеру жүргізу көзделмеген. Жолаушылар кеден залына өтеді, кедендік декларацияны толтырып, өзінің жүгін кедендік декларациямен және төлқұжатымен бірге кеден инспекторына ұсынады.

Жолаушылар кедендік тексеруден өткен соң отырғызу талонына тиісті белгі соғылады. Кейбір әуежайларда кедендік тексеру жолаушыларды тіркеумен және жүкті рәсімдеумен бір мезгілде жүргізіледі.

Санитарлық-карантиндік тексеру ұшатын жолаушыларда транзит, трансфер еліне немесе баратын елге кіру үшін талап етілетін егу жасалғаны туралы медициналық сертификаттың болуын көздейді. Жолаушы тиісті егудің бәрі жасалуы жөнінде алдын ала қам жеуі тиіс. Жасалған егулер туралы сертификаттар болмайынша, жолаушыға ұшуға рұқсат берілмейді.

Төлқұжаттық тексеру ұшатын жолаушыларда нағыз төлқұжаттың, келу және кету визаларының, сондай-ақ қажетті жағдайларда трансфер елінің транзиттік визасы болуын көздейді.

Ұшу алдында жолаушылар түгел дерлік ұшу қауіпсіздігі тексеруінен өтеді, ол жолаушыларда және олардың қол жүгінде әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттардың болмауын қадағалайды. Ондай заттарға мыналар жатады:

- атылатын және қауіпті қару;

- оқ-дәрілер және жарылғыш заттар;

- улы және уландырғыш заттар;

- жарылу қаупі бар және тез тұтанатын заттар;

- сығылған және сұйытылған газдар, сондай-ақ ерекше жағдайларда тасымалдауға қабылданатын басқа да заттар.

Жолаушыларды тексеру әуежайда (қалалық әуе бекетінде) жүргізіледі. Жолаушы тексеруден өтуден бас тартатын жағдайда тасымалдаушы әуе тасымалы шартын бұзып, тасымалдау ақысын қайтаруға құқылы.

Жолаушының қол жүгі оның қатысуымен тексеріледі. Кейінге қалдыруды күтпейтін жағдайларда мұндай жүк жолаушының қатысуынсыз тексерілуі мүмкін.

Әрбір жолаушы өзімен бірге әуе тасымалы кезінде “жүк” деп аталатын заттарды алып жүреді. Әлемде ұшу кезінде жүк тасымалдаудың әртүрлі екі нормасы бар. Оларды “салмақ жүйесі” және “орын жүйесі” деп атайды.

Барлық қызмет көрсету кластарының жолаушыларына әрқайсысының салмағы 32 кг-ға дейінгі екі жүк орнының тегін алып жүруге рұқсат етіледі. Үш өлшеудің жиынтығында орынның өлшемі эконом-класс үшін 158 см-ден аспауы, бірінші және бизнес-класс үшін – 203 см болуы тиіс. Орындардың салмағы қосылмайды. Бұл бір орынның салмағы 32 кг-нан асатын жағдайда артық норма үшін, тіпті екінші орынның салмағы 32 кг-нан кем болса да, қосымша ақы алынады дегенді білдіреді.

Жолаушы ұшақтың салонына салмагы 5 кг-нан аспайтын тіркелмеген жүк алып кіре алады, ол тегін алып жүретін жүктің жалпы салмағына қосылады. Үш өлшеудің жиынтығы бойынша оның өлшемі 115 см-ден аспауға тиіс.
Дәріс№11

Жүк әуе тасымалдары
Дүниежүзілік экономиканың жағдайы әуедегі жүк тасымалы көлемінің өсу сипатын көрсетеді. Дүниежүзілік экономиканың дамуы дүниежүзілік сауданың дамуымен тығыз байланысты. Бүкіл 90-жылдары дүниежүзілік сауда жылына орта есеппен 6 % қарқынмен өсіп отырды. 2001 жылы дүниежүзілік сауда тұңғыш рет 1982 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға қысқарды. Ол 2002 жылы қайтадан өсе бастады – 3,0 %. 2003 жылы өсім 3,5 % құрады, ал 2004 жылы 90-жылдардың қарқынына оралып, 6,0 % болды.

Дүниежүзілік тауар саудасы және коммерциялық қызметтің басқа түрлері тұтас алғанда жолаушылар және әуедегі жүк тасымалына сұранымды арттырады. Экспортқа шығарылатын өнеркәсіп өнімі құнының шамамен 40 %-ы әуемен тасымалданатын тауарларға келеді.

Көлік инфрақұрылымын инвестициялау тікелей сауданың дамуына септігін тигізеді. Құрлықпен қоршалған орташа ел орташа жағалау экономикасы сауда айналымының 30 %-ын ғана иеленеді. Бірақ көлік шығындарын екі есе қысқарту бұл сауда айналымын 5 есе арттырады. Таяуда Бүкіл дүниежүзілік Банк көліктің саудаға қосатын үлесіне арнайы тоқталды.

Бүкіл дүние жүзіндегі жүк авиациясы көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда өзі ұйымдастырылған аз мерзім ішінде жүкті алыс қашықтыққа тез әрі сапалы жеткізетін компаниялардың ішінде айтарлықтай беделге ие болды. Бүгінде авиация мүмкіндіктері шектелген көлік түрі болып есептелмейді. Әуемен поштаны ғана емес, сондай-ақ шағын габаритті жүктерді де тасымалдайды. Кең фюзеляжды жүк тасымалдайтын ұшақтардың жаңа түрлері пайда болуымен салмағы ондаған және жүздеген тонна тартатын ірі габаритті моножүктерді әуемен тасымалдай бастады. Дүниежүзілік аэроғарыш индустриясы, бүкіл әлемге таралған ұлтаралық корпорациалар өндірісі, мұнай-газ, энергетика және автомобиль салалары осындай қызметті негізгі тұтынушылар болып табылады. Көліктің басқа түрлері тасымалдайтын жүктердің көлемімен салыстырғанда авиация тасымалдайтын жүктердің көлемі аса үлкен емес. Бірақ жүк авиациясы қымбат тұратын және кейде бірегей жүктерді және барынша қысқа мерзімде жеткізілуге тиісті жүктерді тасымалдайды.

Әуедегі жүк тасымалына сұраным дүниежүзілік коммерциялық әуе тасымалында қалыптасқан үрдістерді бұзады. Оған деген сұраным тіпті жолаушылар ұшпайтын кезде де үлкен болып отыр. Азиядан қымбат тауарларды, әсіресе Қытайдың жедел дамып келе жатқан зауыттарынан электрониканы тасымалдау осы жағдайды ішін ара түсіндіреді. Сонымен қатар, әуедегі жүк тасымалы көбіне электрондық пошта арқылы сауданың жедел дамуына байланысты: тапсырысты виртуалдық жолмен рәсімдеуге болады, бірақ ол бәрібір бұрынғысынша ескі әдіспен жеткізіледі.

Әрбір мемлекеттің әуемен жүк тасымалдау көлемі едәуір дәрежеде оның экономикалық жағдайына байланысты. Ішкі жалпы өнім өндіру деңгейі айтарлықтай жоғары елдер негізінен алғанда әуе көлігімен жүк тасымалдау саласында да жетекшілер болып табылады. Қазіргі уақытта әуеде жүк тасымалдау саласында АҚШ, Жапония, Германия секілді экономикасы барынша дамыған елдер жетекші орынға шықты.

Жүк тасымалы әлемнің әуе көлігі индустриясына кірістің жалпы көлемінің 10 -ын әкеледі, бұл абсолюттік есептеуде аса үлкен шама болады – шамамен 50 млрд. АҚШ доллары. Оның ішінде АҚШ әуе компанияларының кірісі жуықтатып алғанда 36 млрд. АҚШ доллары (74 ), Азияда – 6 млрд. (12 ), Еуропада – 5,2 млрд. (10 ), ТМД-да – 0,75 млрд. АҚШ доллары (1,5 ) .(11).
Жүк тасымалдау саласында әлемнің аса ірі әуе жайлары

Жүк тасымалдау саласында әлемнің аса ірі әуе жайларына мыналар жатады: Мемфис (АҚШ ) – жүк айналымы шамамен 4 млн. тонна, Гонконг– шамамен 3 млн. тонна, Анкоридж ( Аляска, АҚШ) – 2 млн. тоннадан астам, Токио – 2 млн. тоннадан астам, Лос-Анджелес – шамамен 2 млн. тонна, Сеул, Ичхон – шамамен 2 млн. тонна, Сингапур – шамамен 2 млн.тонна, Тай-Пей (Тайвань) – шамамен 1,5 млн. тонна, Лондон, Хитроу – шамамен 1,5 млн. тонна, Амстердам – шамамен 1,5 млн.тонна, Чикаго – шамамен 1,5 млн. тонна.

Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан экономикасы негізінен алғанда еліміздің жүк тасымалдау саласында көлік кешенінің қызметін тұрақтандырды.
Әуе жүк тасымалындағы жүк қағазы

Қолданылып жүрген халықаралық және мемлекеттік реттеуді сақтай отырып атқарылатын әуеде жүк тасымалдау жөнелтуші мен тасымалдаушы арасындағы белгілі бір заңдық қатынастарды қамтитын көлік процесі болып табылады. Құжаттар дұрыс толтырылмайынша, жүктерді әуеде тез тасымалдау мүмкін емес.

Әуеде жүк тасымалдау шартының жасалғанын растайтын әуеде жүк тасымалдау қағазы (авианакладная) жүк жөнелтуші (жүк қабылдаушы) мен тасымалдаушының қарым-қатынасын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, жауаптылық шегін реттеп отыратын басты құжат болып саналады.

Әуеде жүк тасымалдау қағазы – әуе көлігінде пайдаланылатын барынша маңызды құжат, оны тасмалдаушы немесе оның уәкілетті агенті береді. Бұл құжат мынадай мақсаттарға қызмет етеді:



  • тасымалдау келісім – шарты жасалғанын құжатпен растайды;

  • жүктің алыну дәлелін қамтамасыз етеді;

  • жүк қағазы ретінде қолданылады;

  • сақтандыру талап етілетін жағдайда оны растайды;

  • жүкті өңдеу, жөнелту және жеткізу кезінде тасымалдаушының қызметкерлері үшін нұсқау ретінде қолданылады.


Әуеде жүк тасымалдау қағазының даналары

Әуеде жүк тасымалдау қағазының үлгісін ИАТА жасаған. Ол қағаздың үлгісі мен оны толтыру ережелерін ғана емес, сондай-ақ оның түпнұсқасы мен көшірмесінің түсін, әрбір данасының мақсаты да белгілеп берді:

1-түпнұсқа – жасыл түсті, оны берген тасымалдаушыда қалады;

2-түпнұсқа – қызғылт түсті, жүк тобымен бірге көрсетілген жерге дейін барады және жүкпен қоса жүк қабылдаушыға беріледі;

3-түпнұсқа – көгілдір түсті, жүк жөнелтушіге беріледі;

4-көшірме – сары түсті, алғаны туралы қабылдаушының қолы қойылып, жүк жеткізілетін әуежайда қалады;

5-көшірме – ақ түсті, жүк жеткізілетін әуежайда кедендік тексеруге арналған;

6 және 7-көшірмелер – ақ түсті, екінші және үшінші тасымалдаушыларға арналған;

8-көшірме – ақ түсті, жөнелту әуежайындағы агентте қалады;

9,10 және 11-көшірмелер – ақ түсті, қажеттігіне қарай пайданылады.

Әуеде жүк тасымалдау қағазын толтыруда әр түрлі санаттағы жүктердің тасымалдануын рәсімдеу ерекшеліктерін ескеру қажет.

Әуедегі әрбір жүк тасымалы үшін әуеде жүк тасымалдау қағазын толтыру талап етіледі. Бұл қағаз тиісінше толтырылып, оған жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы қол қойған соң тасымалдау шарты күшіне енеді. Жүкті жөнелтуші жүктің күйі мен сипаттамалары туралы өзі хабарлаған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді. Жүкті жөнелтушінің жүктің сипаттамалары туралы мәліметтерді шала және қате хабарлауы салдарынан тасымалдаушы немесе кез келген басқа адамдар шеккен барлық залал үшін жүкті жөнелтуші жауапты болады. Жүкті жөнелтуші өзінің қол қоюы арқылы әуеде жүк тасымалдау қағазында көрсетілген шарттармен және тасымалдау жағдайларымен келісетінін растайды. Әуеде жүк тасымалдау қағазы ағылшын тілінде толтырылады.

Жүк жөнелтушінің тілегі бойынша жүк қағазын тасымалдаушы өзі толтыра алады және бұл жағдайда тасымалдаушы жүк жөнелтушінің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет етті деп есептеледі.

Жүктің мұражай жадығаттары, өнер шығармалары, қымбат тұратын электрондық аппаратура, құралдар секілді кейбір санаттарын тасымалдауда қаттама қағазын толтыру ұсынылады. Бұл қағазды жүк жөнелтуші бір дана етіп толтырып, қол қойған соң әуеде жүк тасымалдау қағазына бекітеді, сөйтіп ол жүкпен қоса жіберіледі.

Әуедегі жүк тасымалы саласында экспедиторлық агенттіктер желісінің тез дамып келе жатқанын ескере отырып, ИАТА 1986 жылы мазмұны жөнінен әуеде жүк тасымалдау қағазынан ешқандай айырмасы жоқ “бейтарап жүк қағазы” үлгісін пайдалануға енгізді. Әуе компаниясы беретін бұл қағазда компанияның логатипі болмайды және ол экспедиторға әуе тасымалы шартын тасымалдаушы ретінде толтыруға мүмкіндік береді.

Бейтарап жүк қағазын алған әуе компаниясы экспедиторға осы құжатты бергені үшін өтем төлейді. Экспедиторлар оны “үй қағазы” деп атайтын болды. Бұл термин тіпті ресми нұсқаулардың мәтініне де еніп кетті. Алайда кейбір әуе тасымалдаушылары бұл қағаздарды пайдаланушылардың өсіп келе жатқанына алаңдап отыр. Олар әуе тасымалдаушылары мен топтастырушыларын (консолидаторы) заң тұрғысынан шектеу сақталуы тиіс, өйткені бұл қызметтің осы екі түріне арналған әртүрлі рыноктардың сақталуын қамтамасыз етеді деп есептейді.

Экспедитор жүкті келісілген орнына жеткізіп, қабылдаушыға тапсыру туралы акцепттелген экспедиторлық тапсырманы орындау үшін жөнелтушіден жүкті қабыдау сәтінде “үй қағазын” жазып береді. Ол жүк жөнелтуші мен экспедитор арасында жүк тасымалын ұйымдастыру жөніндегі шарттың жасалғанын, сондай-ақ экспедитордың жүкті нақты тасымалдаушыға тапсырғанға дейін өз жауаптылығына алатыны жөніндегі қолхаты екенін білдіреді.

Бірден астам жүк жөнелтушілерден қабылданып, біріктірілген жүктерді жөнелтуде мынаны ескеру қажет:

– құрамында қауіпті жүктер болатын жүк жөнелтілімінің әрбір компонентіне тиісті декларацияның жеке үлгісі қабылдаушы агентке тапсырылуы тиіс;

– жүк жөнелтілімінің әрбір компонентіне тиісті декларация даналары біріктірілген жүкпен қоса жіберілуі тиіс. Осы жүк баратын әуежайдағы агент жүкті алған соң әрбір декларацияның көшірмесін жүкті тарататын агентке беруі тиіс.

Барлық қажетті құжаттар әуеде жүк тасымалдау қағазына мықтап бекітіліп, онда көсетілуі тиіс.

Жүк пен тауар құжаттарының өзара бөлініп қалмауы үшін құжаттарды жүктің сыртында берік ұстап тұратын өзі жабысатын пакеттар қолданылуы мүмкін.

Қауіпті жүктерді тасымалдауда әуеде жүк тасымалдау қағазына қосымша қауіпті жүктерді жөнелтушінің декларациясы (Shipper`s Declaration for Dangerous Goods) толтырылады, бұл жүк жөнелтуші толтырып, қауіпті жүктерді тасымалдауға қабылдау кезінде тасымалдаушыға ұсынылатын құжат. Кемінде 2 дана етіп толтырылатын декларация былайша таратылады:

– қол қойылған бір көшірмесі жүк қабылдайтын агентте сақталады;

– қол қойылған екінші көшірмесі жүкпен қоса оның бартын жеріне жіберілуі тиіс.

Радиоактивті материалдарға жеке декларация толтырылуы тиіс, онда басқа қауіпті жүктер болмауы керек. Декларация бланкісі ақ қағазға қара және қызыл бояумен немесе ақ қағазға тек қызыл бояумен басылуы мүмкін. Бланкінің екі жағына тік басылатын қиғаш штрих сызықтар тек қызыл түсті болуы тиіс.

Жүк жөнелтуші Декларацияны толтырып, оған қол қояды. Оны ешқандай жағдайда консолидатор, форвардер немесе жүк агенті толтыруға және (немесе) оған қол қоюға болмайды. Тасымалдаушының жүк агентінің талап етуімен Декларацияға енгізілген ақпаратты осындай жүк агенті тағайындаған уәкілетті адам тексере алады.

Осы заманғы жүк тасымалдау жұмысы жергілікті жинау орталықтарына контейнерлермен тасымалдау құралдарының болуын және оларды бөліп, жүк тасымалдайтын ұшақтарға жеткізуді талап етеді. Әуе көлігімен тасымалданатын жүктер жүйелі және жалданбалы рейстер жасайтын жолаушылар және жүк ұшақтарының жүк қоятын бөлімдеріне орналастырылады. Сөйтіп, әуежайларда жүктерді жеткізуге, тиеуге және оларды ұшақтардан түсіруге арналған құралдар болуы тиіс. Көп ретте әртүрлі клиенттердің заттары мен тауарларынан тұратын мұндай жүктерді әуежай қызметкерлері сұрыптап, топтайды да, жөнелтуге арналған жүк пакеттері немесе арнайы контейнерлерге тиейді.



Дәріс№12

Iшкi және аймақтық жолаушы тасымалдарының ерекшелiктерi. Әуе көлiгiнiң коммерциялық қызметiнiң ерекшелiктерi
Авиация дүниеге келген күннен бастап жүк тасымалдаудың ең арзан әдісі бұл мақсатқа жолаушылар ұшағын пайдалану болып келеді. Жолаушылар рейсінің көпшілігін демалыс күндері, ал жүк тасымалдау рейсін – жұмыс күндерінде атқаруды керемет үйлесу деп есептейді. Сондықтан жұмыс күндері жолаушылар ұшақтарына қосымша жүк тиеу мүмкіндігі пайда болды. Алайда соңғы уақытта әуеде жүк тасымалдау ісіне сұранымның артуына жауап ретінде жүк ұшақтары пайда бола бастады. Салыстырып көрейік: Ұлыбританияның Хитроу әуежайы арқылы өтетін 70 әуе жолының үшеуі ғана жүк тасымалдауға арналған. Осы әуежай арқылы өтетін 500 мың тонна жүк әлі күнге дейін жолаушылар ұшағымен тасымалданады.

Жүк тасымалы дәстүр бойынша жолаушылар тасымалына қосымша ретінде дамып келсе, соңғы онжылдықта ғана оқшаулана бастады. Осыған келіп, әуе көлігімен жүк тасымалын ұйымдастырудың негізгі түрлері мыналар болып табылады:

– аралас жүк (жолаушылар-жүк) тасымалы;

– арнайы жүк (жеке жүк) тасымалы.

Аралас жүк тасымалы, өз кезегінде, жүкті жолаушылар ұшағының арнайы жүк бөлімінде тасымалдауға және айырбасталатын жүк-жолаушылар ұшағында тасымалдауға бөлінеді. Жүк тасымалдаудың бірінші түрі дәстүрлі болып саналады және жолаушылар тасымалына қосымша болып қызмет атқарады. Жолаушылар ұшақтарының жүк бөлімдерінде, әдетте, габариттері мен салмағы ұшақтың әрбір түріне лайықталған және жүк люктерінің өлшемдеріне сай келетін аса шұғыл және бағалы жүктер тасымалданады. Жолаушылар рейстеріне негіздер салмағы ондаған және жүздеген килограммен есептелетін жеңіл жөнелтілімдер, сирек жағдайда – тоннамен есептелетін жүктер қосымша тиеледі. Бұлар көбіне пошта, посылкалар, жеке жүктер болып келеді. Оның үстіне, “кеме жалдаушыларда” қабылданғандай, әдетте, жүкті бір ғана немесе бірнеше топтастырушы болмайды – ұшаққа көптеген агенттер мен жүк жөнелтушілер тиейді.

Айырбасталатын ұшақтар мен жүк тасымалдаудың дами бастағанына көп уақыт болған жоқ. Олар салоны жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға бейімделген ұшақтарда атқарылады. Мұнда салон тасымалдаудың бір түріне (айталық, жүк) ғана арналып толығымен немесе ішінара (ұшақтың бір бөлігі жүк тасымалына, келесі бөлігі – жолаушылар тасымалына арналады) қайта жабдықталуы мүмкін.

Сондықтан кең фюзеляжды әуе кемелерінің (Ил-86, 96, Boеing 767, 777, 747 үлгісіндегі, сондай-ақ Airbus фирмасы шығаратын А310, 330, 340 ұшақтарының) ұдайы өсіп келе жатқан дүниежүзілік паркі жүк ұшақтарына айтарлықтай бәсекелес болып отыр. Үлкен кең фюзеляжды ұшақтардың жүк бөлімі мұнда жолаушылардың қол жүктерін тасымалдаумен қатар, қосымша жүк тиеуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай ұшақтар өте қашыққа ұшатын маршруттарда жиі пайдаланылуда, мұндай ұшу сапары айтарлықтай жанармай қоры болуын қажет етеді, ал бұл тасымалданатын жүктің салмағын шектейді.

Жүк тасымалдау үшін тар фюзеляжды жолаушылар ұшақтары да пайдаланылуда. Бірақ олардың жүк бөлімдері әуеде жүк тасымалдаудың ажырамас дерлік элементтері болып табылатын бір ізге келтірілген табандықтарды немесе контейнерлерді орналастыруға мүмкіндік бермейтіндіктен, олар жүк тасымалдауға жеткілікті бейімделмеген.


Әуе көлігінде коммерциялық қызмет

“Коммерция” термині ағылшын тілінен аударғанда “сауда” деген ұғымды білдіреді. Демек, әуе көлігіндегі коммерциялық қызмет дегенде белгілі бір пайда табу мақсатымен өз қызметін сатуға бағытталған шаралар жиынтығын түсіну керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет