Бағдарламасы 7R01114 «Радиология»



бет2/3
Дата03.03.2024
өлшемі173 Kb.
#494058
түріБағдарламасы
1   2   3
radiologiya-kaz-1

Жеке бөлімнің сұрақтары:

  1. Сәулелі диагностикадағы тыныс алу ағзаларын зерттеу әдістері. Қолдану көрсеткіштері.

  2. Кеудеаралықтың (средостение) сәулелі анатомиясы. Рентген суретіндегі қалыпты кеудеаралық. Зерттеу әдістері.

  3. Жүректің сәулелі анатомиясы. Рентген суретіндегі қалыпты жүрек. Жүректі зерттеудің сәулелі әдістері.

  4. Бронх өткізгіштігінің бұзылысының рентген көрінісі.

  5. Өкпе ауруларының рентгенологиялық симптомдары мен синдромдары.

  6. Ирригоскопия. Әдістері. Қолдану көрсеткіштері.

  7. Асқазан-ішек жолын рентгенологиялық зерттеуге дайындау.

  8. Өңештің сәулелі анатомиясы. Рентген суретіндегі қалыпты өңеш. Өңешті зерттеудің сеулелі әдістері.

  9. Асқазанның сәулелі анатомиясы. Рентген суретіндегі қалыпты асқазан көрінісі. Асқазанды зерттеудің сәулелі әдістері.

  10. Бүйрек пен зәр шыгару жолдарының сәулелі зерттеу әдістері.

  11. Жатыр мен оның қосалқыларының сәулелі анатомиясы.Зерттеу әдістері. Ультрадыбысты зерттеудегі жатыр мен қосалқыларының көрінісі.

  12. Сүт безінің сәулелі анатомиясы. Зерттеу әдістері. Рентген суретіндегі қалыпты сүт безінің көрінісі.

  13. Қаңқаның рентгенанатомиясы . Тірек-қимыл жүйесін зерттеу әдістері.

  14. Сүйек қаңқасының жасқа байланысты анатомиясы. Рентген суретіндегі сүйек қаңқасының қалыптасуы. Сүйек тінінің даму сатысы.

  15. Гематогенді остеомиелиттің рентгендиагностикасы. Балалардағы гематогенді остеомиелиттің ағымының ерекшеліктері.

  16. Остеогенді саркоманың рентгендиагностикасы. Остеогенді саркоманы визуализациялаудың сәулелі әдістері және олардың сипаттамасы.

  17. Ауру ағымының сатысына карай эпифизбен апофиздің асептикалық некрозының рентгенодиагностикасы.

  18. Ауру ағымының сатысына карай ревматоидты артриттің рентгенодиагностикасы.

  19. Асқазан жарасының рентгендиагностикасы. Асқазан жарасының тікелей және жанама көріністері. Зерттеу әдісінің ерекшеліктері.

  20. Өңеш ахалазиясының рентгендиагностикасы.

  21. Асқазан рагының рентгендиагностикасы.

  22. Жедел іш синдромының рентгендиагностикасы. Зерттеу тактикасы. Қуысты ағза перфорациясының рентгенологиялық көрінісі.

  23. Инсульттің КТ және МРТ симптоматикасы.

  24. Омыртқа жарақатының сәулелі визуализациясы.

  25. Бөліктік пневмонияның рентгендиагностикасы. Процесс кезеңдерінің рентген көрінісі.

  26. Балалардағы туберкулезді бронхоадениттің рентгендиагностикасы.

  27. Өкпе циррозының рентгенодиагностикасы.

  28. Өкпе абсцессінің рентгенодиагностикасы.

  29. Өкпенің эндобронхиалды өсетін орталық рагының рентгенодиагностикасы.

  30. Өкпенің экзобронхиалды өсетін орталық рагының рентгенодиагностикасы.

  31. Өкпенің перифериялық рагының рентгендиагностикасы.

  32. Митральді стеноздың сәулелі диагностикасы. Рентгенологиялық және ультрадыбысты симптоматикасы.

  33. Аорта қақпақшасының жетіспеушіліктің сәулелі диагностикасы. Рентген- және ультрадыбысты симптоматикасы.

  34. Бауыр ісігінің сәулелі диагностикасы. КТ және ультрадыбысты семиотикасы.

  35. Бүйрек пен несеп шығару жолдарының даму аномалияларының сәулелі диагностикасы. Зерттеу әдістері.

  36. Гидронефроздың ультрадыбысты диагностикасы.

  37. Пневмоторакстың рентгендиагностикасы.

  38. Омыртқа сынуының рентгендиагностикасы.

  39. Сүт безі рагының рентгенсимптоматикасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет