Бағдарламасы (8-9 сыныптар) Түсінік хат



Дата08.07.2016
өлшемі116.5 Kb.
түріБағдарламасы

«Химиялық технология негіздері» авторлық бағдарлама





Астана қаласы

38 мектеп-лицейі


Авторы: С.М. Азимханова жоғарғы санатты химия пәні мұғалімі

Жалпы білім беретін мектептердегі химия пәнінің элективті курстарына арналған



«Химиялық технологияның негіздері»

атты бағдарлама (9-11 сыныптар)



«Химиялық технологияның негіздері»

атты жалпы білім беретін мектептердегі химия пәнінің элективті курстарына арналған

бағдарламасы

(8-9 сыныптар)




Түсінік хат
«Химия технологиясының негіздері» атты авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушыларына арналған.

Ол 34 сағатқа есептелген: 8- сынып аптасына 1 сағат, 9- сыныпта – 1 сағат. Бағдарлама 8-9 сыныптардағы химия пәнінің базалық курсына қосымша ретінде оқушыларға жоғары сыныптарда жаратылыстану бағытындағы бағдарлы оқытудың негізін қалайды және арнайы орта оқу орындарында кәсіби әзірлік алуға мүмкіндікті жоғарлатады. Ұсынылып отырған бағдарламада адамзаттың антропогендік іс-әрекетіндегі табиғатқа әсерін, қоршаған ортамен сауатты қарым-қатынас негізінде өндірісті ұйымдастыру қағидаларын оқып біледі. Қоршаған ортаның табиғи компоненттерінің түрлерін ажыратып өзара қатынасын қарастырады.Табиғи ресурстардың классификациясын танып білуді және өнеркісіп өндірісінің әсерін зерттеуге алғаш үйрене бастайды. Қоршаған ортаның адамзаттың антропогендік іс-әрекетіне әсерінің маңызы жөнінде ұғым қалыптасуына жәрдемдеседі.

Бағдарламаның бірінші бөлімінде материал өндіруді ұйымдастыру қағидалары мен компоненттерін олардың өзара байланысы туралы мағлұмат беріледі. Химия ғылымының өндірісте алатын ролін , химиялық технология химиялық өндірістің ғылыми негізі екенін түсінеді.Химиялық технологияның басқа ғылым салаларымен байланысын, пәнаралық байланыс

ретінде қарастырып болашақ мамандық таңдауда қажеттілігін көрсетеді.



Екінші бөлімде химия өнеркәсібінәң негізгі компонентерін :

-шикізат түрі оған қойылатын талаптар;

-энергия көзін;

-суды қолдану және тазарту процесстерін қарастырып үйренеді.



Үшінші бөлімде: химиялық технологияның теориялық негіздерін оқып білетін болады. Олар:

-химико-технологиялық процесстің мазмұны;

-химиялық өндірістер құрылғылары мен процесстері;

-химиялық ондірісті қйымдастыру және басқару.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуына байланысты кадрлар рыногына жаңа талаптар қойылуда. Осы орайда химия өндірісіне қажетті кадр мәселесін шешуде, экологиялық сауатты азамат қалыптастыруда бағдарламаның таптырмайтын құрал болатынына сенемін.



Пояснительная записка
Химия в системе школьного образования играет особую роль, так как представляет единственную дисциплину, в которой изучается крупномасштабное промышленное пройзводство, обуславливающее обмен веществ между человеком и окружающей средой, то есть условие его существования.

Современная эпоха характеризуется гуманитаризацией всей системы обучения, в том числе общенаучным и общетехническим дисциплинам, при которой на первый план выступает проблеима взаймосвязи научного познания и общечеловеческих социально-этических ценностей. Поэтому и курс химии в средней школе не может рассматриватся преймущественно в политехническом аспекте. Умение на материале химии воспитывать учеников, способных в своей последующей деятельности грамотно оценивать роль и последствия развития химической индустрии для общества, принимать обоснованные эколого-технологические решения и иметь нравственную позицию при реализации этих решений на практике.

Пройзводство химических продуктов как отрасль материального пройзводства тоже одна из форм воздействия человека с окружающей средой . В первой части программы рассматривается роль и место химической промышленности в производственной деятельности человека . Включены общие принципы и теоретические основы химической технологии которые и будут использоваться при изучении конкретных технологических процессов во второй части программы.

Формирование личности выпускника школы, предполагает широту взглядов, обширные знания в различных областях человеческой деятельности, грамотно оценивать роль развития индустрии для общества. Программа «Основы химической технологии» расчитана для учащихся 8-9 классов . Всего 34 часов. В неделю 1 урок.



Целью курса

является



  • Предоставление учащимся возможность удовлетворить индивидуальный интерес к изучению практических приложений химии в процессе позновательной и творческой деятельности при проведении самостоятельных исследований.




Бағдарламаны оқытуда алдыға қойылатын мақсат:


  • Оқушының жеке басының химия, экономикадан практикалық зерттеулер танымдық, шығармашылық іс-әрекеттеріндегі , жекеше зерттеулер жүргізу кезінде туындайтын білім, білік дағдыларын игеруге қызығушылығын қанағаттандыруға жағдайлар жасау


Бағдарламаны оқытуда мынадай міндеттер алдыға қойылады:



  • Адамзат бен қоршаған орта байланысын қарастыра отырып, «Адам -қоршаған орта» көп компонентті жүйесіндегі табиғи компоненттердің қатысу деңгейін оқып үйрену;






  • Өз бетінше өзінің теориялық білім деңгейін жетілдіруге ұмтылуды қалыптастыру;




  • Жалпы химиялық технология негіздерінің қағидалары мен ұстанымдарын, олардың өзара байланысын қарастыра отырып, технологияның жүйесін анықтауды оқытып үйрету;



  • Химико-технологиялық есептеулерді жүргізуге қойылатын талаптар мен әдістердің теориялық негіздерін үйрену.




Бағдарламаны оқып үйренуге және игеруіне

қойылатын талаптар
Сабақтардың негізі балалардың білімін тексеру емес себеп-түрткі аймағын қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылығы мен танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Оқушылардың білім, білік дағдылары тестер, жобалар арқылы тексеріледі. Кейбір тақырыптар бойынша топтық зерттеу жұмыстары, жекеше ғылыми ідебиеттерді зерттеу, мәліметтер жинағын жасақтау арқылы іс-әрекеттері басқарылып отырып жасалады. Тақырып соңында жинақталған жүйелі сызба нұсқалар, кестелер, кластерлер жасалынуға беріледі. Зерттеу кезеңінде оқушының теориялық және практикалық зерттеуге дайындығы бағаланады, зерттеу нәтижесін дұрыс безендіріп және тиімді көрсете білуі бағаланады.
Оқып үйренуіне және игеруіне қоылатын негізгі базалық

құндылықтарға жатады:


  • Қоршаған орта мен адамға эмоционалды көзқараспен және оған жеке басының, басқа адамдардың жетістікке жетуінің алғы шарттары ретінде қарауы;

  • Теориялық білімін әр түрлі жағдайларда қолдана алуы;

/умение оперировать/

  • Химиялық өндіріс антропогендік іс-әрекет жүйесінде. Материалды өндіру және оны ұйымдастыру. Химиялық өндіріс құрылымы,рационалды орналастыру жолдарын;

Негізгі акцент курсты оқуда баланың сыныпта , сыныптан тыс уақытта танымдық белсенділік іс-әрекетіне бағытталуы тиіс. Іс-әрекет формасы оқушы- оқушы;оқушы-топ; оқушы-мұғалім түрлерінде болу қажет.

Курсқа қосымша ретінде, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын ескере отырып , негізгі тақырыптарға арналған СД-дискіде иллюстративті материалдар беру жоспарланып отыр. Бұл бағдарлама мазмұнын толықтырып, көрнекіліктер мен таратпалы дидактикалық құралдар тапшылығын толықтырады.

Бағдарламаға ұсынылған қосымша №1 бағдарлама тақырыптарына арналған сызбалар презентациясы берілген.






Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Агладзе Р.И. Прикладная электрохимия. – М.:Химия, 1987.

  2. Анчишкин А.И.Наука,Техника.Экономика. –М., 1989.

  3. Белоглазов И.Н. Муравьев А.И. Интенсификация и повышение эффективности химико-технологических процессов. М.:Наука, 1988.

  4. Бутт. Водоподготовка. Под Ред.О.И.Мартыновой. - М.:Атомиздат, 1978.

  5. Богдановский Г.А. Химическая экология.-М.:Изд.МГУ,1994.

  6. Васьковский В.Е. Как работать с научной литературой.Химия и жизнь – 1978.

  7. Добросельский вопросы организации и мтодики научных исследований-М., 1979.

  8. Гецев Г.Г. Умеете ли вы читать? – М.,1978.

  9. ред. И.П.Мухленова –М.,Высшая школа.1991.

  10. Касаткин А.Г. Комплексное использование сырья и отходов. Под ред. Б.М. Равича –М.,Наука, 1988.

  11. .Исмагулова С.К. Технологизация процесса обучения в школе химии теория и опыт Алматы ., 2004.

  12. Кутепов А.М. и др. Общая химическая технология.-М.: Высшая школа, 1985.

  13. Лернер И.Я Дидактические основы методов обучения –М Педагогика, 1989 .

  14. Лейтес И.Л. и др. Теория и практика химической энерготехнологии.-М.-Л.:Наука,1988.

  15. Толковый словарьь по химии и химической технологии. М.: Русский язык. 1987.

  16. Мырзабайұлы А. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері Алматы Білім 2004.ж

  17. Монахов В.М. Как создать учебник нового покаления -М., 1989.

  18. Наркевич И.П., Печковский В.В. Основы химической технологии под Приходько П.Т. Азбука исследовательского труда –Новосибирск Наука, 1979.

  19. Розанов Б.Г.Основы учения об окружающей среде. –М.,:Изд.МГУ,1984.

  20. Эпштейн Д.А. Общая химическая технология Библиотечные каталоги –М76 Высшая школа 1986.

  21. Харлампович Г.Д. Кудряшова Р.И. Безотходные технологические процессы в химической промышленности.-М.:Химия,1999.








Мазмұны

Жалпы сағат саны – 32 ; 2 сағ резерв

БӨЛІМ 1

Тақырып

Химия және химиялық өндірістің адамзаттың жасампаздық іс-әрекетіндегі алатын орны-(10сағ)


  • Адам және қоршаған орта( 3сағ)

Қоршаған орта қазіргі заман тұрғысынан көзқарас. Адам қоршаған орта компоненті. Адамзаттың өнеркәсіптік іс әрекеттері мен планета рессурстары. Адамзаттың антропогендік іс әрекетіне қоршаған ортаның әсері. Биосфера және эволюция.

Химиялық өндіріс антропогендік іс-әрекет жүйесінде. Материалды өніру

және оны ұйымдастыру. Химиялық өндіріс. /құрылымы,рационалды орналастыру/.
Дәріс сабақтары мен оқушыны алғашқы зерттеу / ғылыми әдебиеттерден мағлұмат қарастыру реті, библиография, каталогпен жұмыс әдістемесі/ әдістерімен, қағидаларын таныстыру


  • Ғылыми-техникалық прогресс және этикалық мәселелер( 2 сағ)

Ғылыми практикалық прогресс пен ғылыми-техникалық революция.

Компьютерлік сабақ:

- Ғылыми практикалық прогресс пен химиялық өндіріс; ҒТП әлеуметтік салдары және этикалық проблемалары.
Дәріс сабағы –презентациялау әдісінде; Зерттеу жұмыстарына бағыт бағдар беру, жоспарын құрастыру.



  • Химия ғылымы мен химиялық өндіріс( 3сағ)

Химиялық технология химиялық өндірістің ғылыми негізі.

Химиялық технология ғылым ретінде. Химиялық технологияның басқа ғылымдармен байланысы. Қазақстан химиялық технологиясының туындауы мен дамуы.Технология негіздері.




  • Қорытындылау және жүйелеу сабағы / тесттілеу /( 2сағ)



БӨЛІМ 1

Тақырып

Химия және химиялық өндірістің адамзаттың жасампаздық іс-әрекетіндегі алатын орны

Көрсетілімдер мен құралдар :
Атмосфера, литосфера, гидросфера құрылым схемасы; слайд

Планета ресурстары: табиғи, әлеуметтік; Табиғи ресурстар таусылуының негізгі 4 көзі

Экосфера цикл 3 түрі;

Биогеоценоз; ВФ /бейне фильм/

Қоршаған ортаның спецификалық 9 қасиеттері. Презентация-слайд

Материалды өндірудің үш негізгі компоненті; ВФ/бейне фильм/

Өнеркәсіптің екі түрі : өңдеу мен өндіру, слайд
-ХӨ екі салалары, ХӨ өнімдерінің жеті класы схема. Негізгі орналастыру принциптері кесте;

ХӨ төрт негізгі тобы: дислокация орнына байланысты . ВФ

Қазақстан 6 экономикалық ауданы схема-кесте

ҒТП нің үш революция кезеңдері;

ҒТП болжамы /прогнозы/,
ҒТП ХӨ-тегі негізгі бағыттары: -Экономика –ғылымы;

Инженер этикасы кесте; Химиялық реакцияға әсер беретін факторлар схема;

ХӨ қолданатын өлшем бірліктер –кесте.-слайд

БӨЛІМ 2

Тақырып

Химиялық өндірістің негізгі компоненттері -12 сағ

  • Химиялық шикізат ( 3сағ)

Химиялық шикізатты анықтау, қойылатын талаптар мен классификациялау; Дәріс- эвристикалық;


Шикізат ресурсы мен рационалды қолдану; Химиялық шикізатты өңдеуге даярлау .

Семинар:-2 сағ

Зерттеу іс-әрекеттерінің нәтижесән безендіру, презентациялау, қорғау.


  • Химиялық өндірістегі энергия ( 2сағ)

Адамзат қауымы мен энергия проблемалары; Химиялық өндірістерде энергияны рационалды қолдану жолдары. Энергияның негізгі көздері. Химиялық өндірістердегі жаңа энергия көздері. Энергия ресурсстары оның классификациясы.



Жаңа материал беру – әр түрлі әдіс қолданса болады.-1сағ

Химиялық өндірісте энергия пайдалану/класстары/. Қазақстанның энергиялық орталықтары.



Семинар:-1 сағ

Зерттеу іс-әрекеттерінің нәтижесән безендіру, презентациялау, қорға.


  • Химиялық өндірістегі су ( 3сағ)

Суды өнеркәсіпте пайдалану жолдары.Өнеркәсіпті сумен қамтамасыздандыру көздері.Өнеркәсіптік су даярлау. Технологиялық мақсатта суды пайдалану бағыттары.



Дәріс- эвристикалық;-1 сағ

Суды жылу тасымалдаушы ретінде, химиялық процесстерде шикізат немесе реагент ретінде пайдалану. Қазақстандағы ішкі сыртқы сулар оларды пайдалану жолдары. Суды рационалды пайдалану жолдары. Химиялық өнеркәсіпте қолданылатын су айналым схемалары/ үш схемасы/.

Суды тазалау әдістері.

Семинар:-2 сағ

Зерттеу іс-әрекеттерінің нәтижесән безендіру, презентациялау, қорғау.


  • Химиялық өндірістің экономикасы( 2сағ)

Химиялық өндірістің технико-экономикалық көрсеткіштері. Химиялық өнеркәсіптердің экономикалық құрылымы. Химиялық өнеркәсіптің материалды және энергетикалық балансы.



Жаңа материал беру – әр түрлі әдіс қолданса болады.-1сағ

Семинар:-1 сағ



  • Қорытындылау және жүйелеу сабағы / тесттілеу /( 2сағ)



Тақырып бойынша алған жаға мәліметтерді схемаға салып жүйелеу арқылы оқушының танымдық қабілеттерін дамыту.

БӨЛІМ 2

Тақырып

Химиялық өндірістің негізгі компоненттері




Көрсетілімдер мен құралдар :
Шикізат көзі, қосымша өнім, қалдық, Шикізат түрлері
Кларк –элемент табиғатта таралуының сандық өлшемі Талаптар :классификация, үгіту,сусыздандырып байыту. Dн мен Dк, флотация КЕН байыту түрлері, Презентация-слайд
Электр, жылу, атом энергиясы ВФ /бейне фильм/
Энергиясиымдылық 3 класстары Слайд

,

Коэффициент энергия жұмсаудың схема-кесте
калориялық эквивалент.

Энергия өлшем бірлігі. схема-кесте

Қазақстан калориметр шығарушы ел.

Плазмалық реактор.
Суды пайдаланудың 3 бағыты схема-кесте

Циклдар .Су түрлері, кермектік тотығушылығы Презентация-слайд

Органикалық қос. Күкіртті сутек пен тез тотығатын темір қосылыстары болса жатады;

Су тазарту;Технико-экономикалық көрсеткіш ТЭК; Факторлер әсер етуші Өнім шығымы ВФ /бейне фильм/

БӨЛІМ 3

Тақырып

Химиялық технологияның теориялық негіздері-10сағ
Химико –технологиялық процесс негізі(3сағ)

Химиялық технологияның негізгі процесстері мен құрылғылары / аппаратурасы.



Дәріс- эвристикалық - 1сағ

Химиялық реакторлардағы процесстер.



Семинар:-2 сағ

Зерттеу іс-әрекеттерінің нәтижесән безендіру, презентациялау, қорғау.

Каталитикалық процесс (2сағ)

Өндірістік катализ.



Дәріс сабағы –презентациялау әдісінде; Зерттеу жұмыстарына бағыт бағдар беру, жоспарын құрастыру.-1сағ
Компьютерлік сабақ :

Қатты катализаторлардың технодлогиялық характеристикасы. Контактті құрылғылар /аппараттар/.




Химиялық өндірісті ұйымдастыру (3сағ)

Химиялық өндіріс жүйе ретінде.Химико-технологиялық жүйені модельдеу.Химико –технологиялық процессті ұйымдастыру.Химиялық өндірісті басқару.



Дискуссия- бағытты құрылымды;-1 сағ


  • Қорытындылау және жүйелеу сабағы / тесттілеу /( 2сағ)


Тақырып бойынша алған жаға мәліметтерді схемаға салып жүйелеу арқылы оқушының танымдық қабілеттерін дамыту.

БӨЛІМ 3

Тақырып

Химиялық технологияның теориялық негіздері



Көрсетілімдер мен құралдар :



ХТП схемасы Реакция тепе-теңдігі Реакцияға әсер беретін 3 факторлар Технологиялық режим, параметрлері , Хим реакциялардың түрлері схема; Презентация-слайд

ХР жылдамдығы константасы формула; схема-кесте

ХТ процесстерінің 5 тобы кесте: гидромеханикалық – тұндыру, цикелонирование центрифугирование, электр тұндыру,2 фильтрлеу /Псевдоожижение/ т.б.

Гомогенді, гетерогенді орта диффузия реагентов , абсорбция ,десорбция ВФ /бейне фильм/

.

Қатты катализаторлар техникалық характериатикасы активность, Т тұтану, селективтілігі,улы заттарға шыдымдылығы, механикалық тұрақтылығы, жылу өткізгіштігі,бағасы /доступность/;
құрылымы мен түрлері, жанасу түйіні /контактный узел, псевдоожиженный слой кат/

ХТЖ-химтехнологиялық жүйе; Элемент , подсистема ХТЖ. Элемент-аппарат, ал подсистема-бұл аппараттар тобы, немесе агрегат; ВФ /бейне фильм/
ХТЖның иерархиялық құрылымы әр деңгейдегі жүйелерді кезекпен түсіру-МОдельдеу деп аталады /Эмпирикалық, физикалық, математикалық модельдеу/; Презентация-слайд

ХТЖ ны ұйымдастыру 5 стадиясы: Слайд
Химиялық схеманы таңдап алу / Н3РО4 алу мысалы арқылы ВФ /бейне фильм/

Бағдарлама техникалық құрал жабдықтарына қойылатын

:

Білімгердің орта мектептегі пәндер бойынша білімінің жеткілікті деңгейде болуы.


Постреквизиттер:

Химия пәнін оқыту әдістемесін жете игеруі химия арнайы курстарын меңгеруі, кампьютерде жұмыс жасаудың алғашқы дағдысының болуы.

Астана қаласы № 38 мектеп-лицейінің жоғары санатты химия пәні мұғалімі Азимханова Сауле Мыншаловнаның «Химиялық технологияның негіздері» атты Жалпы білім беретін мектептердегі химия пәнінің элективті курстарына арналған бағдарламасына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университетiнің химия кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ,к., Б.Б.Торсықбаеваның
П І К І РІ

Сауле Мыншалқызы оқыту технологиясы ғылымын басшылыққа алып бағдарлама жазған. Бағдарламада барлық оқыту технологияларын бір жүйеге келтіріп, осы тұрғыдан мұғалім жұмысын ұйымдастыруға зор пайдасы болатын жұмыс жасаған. Жазылған бағдарламада оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілуді жүзеге асырған.

Бағдарлама мақсатында да химиялық технологияның басқа ғылым салаларымен байланысын, пәнаралық байланыс ретінде қарастыра отырып, болашақ мамандық таңдауда қажеттілігін көрсетеді.

Бағдарламаны оқып үйренуге және игеруіне қойылатын педагогикалық талаптар берген.

Қазақстан экономикасының өркендеген, әрі қазіргі заманда ерекше кадр қажет ететіп отырған саласы, химия өндірісіне кәсіптік бағдар беретін «Химия технологиясының негіздері» атты авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушыларына арналған.

Бағдарламаның құрылымы, ықшамдығы жағынан орта мектеп оқушыларын элективті курсы ретінде беруге ыңғайлы. Бағдарлама 8-9 сыныптардағы химия пәнінің базалық курсына қосымша ретінде оқушыларға жоғары сыныптарда жаратылыстану бағытындағы бағдарлы оқытудың негізін қалауға көмектеседі және арнайы орта оқу орындарында кәсіби әзірлік алуға мүмкіндіктерін жоғарылатады. Ұсынылып отырған бағдарламада адамзаттың антропогендік іс-әрекетіндегі табиғатқа әсерін, қоршаған ортамен сауатты қарым-қатынас негізінде өндірісті ұйымдастыру қағидаларын оқып біледі. Қоршаған ортаның табиғи компоненттерінің түрлерін ажыратып өзара қатынасын қарастырады.Табиғи ресурстардың жіктелуін танып білуді және өнеркісіп өндірісінің экологиялық әсерін зерттеуге бағытталған. Қоршаған ортаның адамзаттың антропогендік іс-әрекетіне әсері жөнінде ұғымды қалыптастырудың маңыздылығын көрсете білген.

Бағдарлама үш бөлімнен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлімінде материалды өндірісті ұйымдастыру қағидалары, компоненттердің өзара байланысы туралы мағлұмат беру жоспарланғаны орынды..

Бағдарламаның екінші бөлімінде химия өнеркәсібінің негізгі компонентерін оқыту және оларға қойылатын талаптарды көрсетуін дұрыс ойластырған.

Бағдарламаның үшінші бөлімінде химиялық технология негіздері: үрдістің мазмұны, құрылғылары және өндірісті басқару мен ұйымдастыру жолдарын орынды.

Сонымен қатар бағдарламада көрсетілетін көрнекі слайдтар, сызбанұсқалар, бейнефильмдер, презентациялау ретінде ұсынған.

Сауле Мыншалқызы жасаған «Химиялық технологияның негіздері» атты бағдарламаны негізгі және орта мектептегі бейімді курстарда сабақ беретін пән мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары және әдістемелік оқыту құралдарын даярлауда қолдануға болады.

ЕҰУ университетiнің химия кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ,к., Б.Б.Торсықбаева



п.ғ,к., Б.Б.Торсықбаеваның қолын растаймын

Астана. № 38 мектеп лицейі. Азимханова С.М.

Каталог: files -> sites -> 1383501422666035 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1392788796727933
book-catalog -> Наурыз-праздник равноденствия
1392788796727933 -> 38 мектеп-лицейі №38 мектеп-лицейі Мазмұны Кіріспе
book-catalog -> Сабақ жоспарының үлгісі 2-сынып, қазақ тілі пәні Тақырыбы
book-catalog -> Рассказов: «Лошадиная фамилия», «Смерть чиновника»
book-catalog -> Астана қаласының Білім басқармасының «№30 мектеп-гимназия»
book-catalog -> Астана қаласының Білім басқармасы тақырыбы: наурыз-думан мұғалім: Садвакасова С. Н
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: мамандықтар Сабақтың мақсаты: Мамандық түрлерімен таныстыру Көңіл, ой, жылдамдығын дамыту


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет