Бағдарламасы ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу"



бет18/22
Дата04.04.2024
өлшемі370.41 Kb.
#497674
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері

3. Кемпірқосақ тобы
Мақсаты:
Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Тұрлі-түсті топта) сөйлейді.
Ұйымдастыру:
Топты қимылдауға және талқылауға орын қалдыра отырып, стандартты орналастыру.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.
4. Қар үйіндісі
Мақсаты:
Келіссөздерді, бірге алаң болу және негіздеуді қолдануға көмектеседі.
Ұйымдастыру:
Сыныптағы жұмыс үшін стандартты .
Жаттығудың сипаттамасы:
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.
Мысалы. Бірінші оқушы мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды.
Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптан тек үшеуін таңдайды.
Сосын 4 оқушы дәл солай алтыдан 3 затты таңдайды.
5. Жұптық әңгіме
Мақсаты:
Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру:
Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса арақашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданыңыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше. Оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұраңыз, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат қойыңыз – мысалы, мынаған жауап беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет