БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М051300 Әлемдік экономика»



Дата15.06.2016
өлшемі179 Kb.
#138215
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген




«6М051300 – ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА» мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012
Бағдарлама «6М051300 – Әлемдік экономика»» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған.

Бағдарламаны құрастырушылар: э.ғ.д., проф. Елемесов Р.Е., э.ғ.к., доцент Медуханова Л.А., э.ғ.к., доцент Мырзахметова А.М.


Бағдарлама халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының мәжілісінде қарастырылған.

22.05.2012 ж. Хаттама №35

Кафедра меңгерушісі__________________ Чукубаев Е.С.

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Протокол №9 от 24.05.2012 г.

24.05.2012 ж. №9 Хаттама

Әдістемелік бюро төрайымы __________________ Кәріпбаева Г.Ә.

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

25.05. 2012 ж. №10 Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ Шәкіров К.Н.

Ғалым хатшы __________________ Омарова М.А.

Мазмұны

1. Мамандық бойынша оқуға түсер алдындағы емтиханның мақсаттары мен міндеттері
«6М051300 - Әлемдік экономика» мамандығы бойынша оқуға түсер алдындағы емтиханның мақсаттары мен міндеттері – магистратураға түсушілердің экономикалық теория, заманауи әлемдік экномика және халықаралық экономикалық қатынастар салаларындағы жүйелі білімдерін анықтау.

«Экономикалық теория» пәні оқушыларға сұраныс пен ұсыныстың, нарықтық экономиканың қалыптасуы мен жұмыс істеуінің заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы негізгі білім береді және микроэкономика мен макроэкономика бөлімдерінен тұрады.

«Әлемдік экономика» пәні оқушыларға әлемдік экономика туралы, әлемнің барлық елдерінің ұлттық экономикаларын біріктіретін ерекше экономикалық жүйе ретінде негізгі білім береді. Бұл білімдер әлемдегі шаруашылық үдерістерін жаһандануы жағдайында, әлем елдерінің басым көпшілігінің экономикасы әлемдік шаруашылық үдерістерге еліктіріліп, олардан тым сезімтал болғанда маңызы ерекше зор. Осыған байланысты, әлемдідік экономика саласындағы болашақ мамандар заманауи әлемдік шаруашылықты, оның негізгі субъектілерін және олардың өзара әрекеттесу механизмін, оның қандай заңдылықтармен жұмыс істейтінін және қандай бағытта дамитынын жақсы талдауы керек.

Оқуға түсер алдындағы емтиханның формасы – біріктірілген жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушылар емтихан билетінің сұрақтарына жауаптар парағанда өз жауаптарын жазады, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Аппеляцияға берген жағдайда қарастыруға негіз – жауаптар парағында жазылған жазбаша жазулар болып табылады.


2. «6М051300 - Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсуші тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратура бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білімдері: Шетел тілі, Экономикалық теория, Әлемдік (Халықаралық) экономика болуы керек. «6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

заманауи әлемдік экономиканың құрылымы, субъектілері, заңдылықтары және даму динамикасы туралы; халықаралық экономикалық қатынастардың формалары және ерекшеліктері туралы; халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдардың мақсаттары, қызметтері және негізгі міндеттері туралы; сауда, инвестициялық, валюталық-қаржылық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу туралы түсінігі болуы керек.

әлемдік экономикадағы елдердің қазіргі замандық топтастырмасын; Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен ролін; елдің және оның шаруашылық субъектілерінің халықаралық экономикалық қатынастарға байланысты шығындары мен пайдаларын; жеке елдер мен интеграциялық бірлестіктердің экономкалық саясатын; халықаралық экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін; трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) әлемдік экономикадағы ролін, ТҰК қызметінің әлеуметтік-экономикалық салдарын; кәсіпорындардың (фирмалар мен ұйымдардың) сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру қағидаттарын білуі тиіс;

әлемдік экономика, халықаралық экономикалық қатынастар, микроэкономика, макроэкономика, менеджмент, статистика, қаржылық-банктық пәндер бойынша білімдерін өздерінің тәжірибелерінде қолдана білуі тиіс; өздерінің кәсіби қызметтерінде шетел тілін және заманауи ақпараттық технологияларды белсенді түрде пайдалануы тиіс; шетелдік серіктестермен іскерлік келіссөздер жүргізе білуі тиіс;

халықаралық экономика және бизнес саласындағы ақпаратты жинау, жүйелеу және қорытындылауға; кәсіби қызмет мәселелері бойынша анықтамалар және аналитикалық шолулар дайындауға, мәтіндерді қысқаша мазмұндауға, халықаралық коммерциялық, сыртқы сауда, валюталық, көліктік-кедендік, банкілік, қаржылық және басқа да операцияларды жүзеге асыру бойынша дағдылары болуы керек.
3. Білім бағдарламасының пререквизиттері

Экономикалық теория, Шетел тілі, Әлемдік (Халықаралық) экономика.


4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Экономикалық теория» пәні
1 Тақырып. Экономикалық теорияның мәні, әдістері және кезеңдері

«Экономика», «экономикалық теория», «саяси экономика» ұғымдарының арақатынасы.

Әртүрлі мектептердің түсінігіндегі экономикалық теория (саяси экономия) пәні. Микроэкономика, макроэкономика, мезоэкономика.

Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар. Адамдардың қажеттіліктері. Игіліктер және олардың түрлері. Шаруашылық қызметі, еңбек үдерісі, еңбек заты, еңбек құралы, еңбек әдістері.

Экономикалық құбылыстарды зерттеу әдістері. Позитивті және нормативті экономика. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Экономика ғылымының пайда болуы және оның дамуының негізгі кезеңдері. Меркантилизм. Физиократтар. Ағылшын классикалық саяси экономикасы. Марксизм. Маржинализм. Математикалық және тарихи мектептер.

Заманауи экономикалық пікірлердің негізгі бағыттары. Неоклассицизм. Монетаризм. Неолиберализм. Кейнсиандық және неокейнсиандық. Институционализм.
2 Тақырып. Қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері

Қоғамдық өндіріс және ұдайы өндіріс. Өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Өндірігіш күштер және өндірістік қатынастар.

Экономикалық ресурстар және олардың негізгі түрлері. Экономикалық ресурстардың шектеулігі және қажеттіліктердің шексіздігі. Экономикалық жүйенің негізгі мәселелері: «не өндіру», «қалай өндіру», «кім үшін өндіру». Өндірістік мүмкіндіктер қисығы. Экономикалық таңдау. Рационалды экономикалық мінез-құлық.

Қоғамның экономикалық жүйелері. Экономикалық жүйелердің топтастырмасы. Формациялық көзқарас. Өркениеттік көзқарас. Өсу сатыларының теориясы.


3 Тақырып. Экономикалық институттар және нарықтық экономикадағы меншік

Институт ұғымы. Экономикалық институттар және олардың нарықтық шаруашылық жүйесіндегі ролі. Трансакциялық шығындар концепциясы. Институттар және өндіріс тиімділігі. Коуз теоремасы.

Экономикалық және заңды меншік категориялары. Меншік – мүлікке ие болу, пайдалану және билеу құқығы ретінде. Қазіргі замандық қоғамдағы меншік құқықтарының араласуы. Меншік құқықтарын жүзеге асырудың экономикалық формалары.

Меншік формалары. Мемлекеттік меншік. Жеке меншік. Ұжымдық (топтық) меншік. Акционерлік меншік. Зияткерік меншік формасы. Аралас меншік. Меншік қатынастарының интерұлттану үдерісі.


4 Тақырып. Нарық және нарықтық экономика

Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары және олардың моделдері. Натуралды шаруашылық. Шаруашылықтың тауарлық (нарықтық) формасы және оның түрлері.

Тауарлық өндіріс – нарықтық экономиканың негізі ретінде. Нарықтың пайда болуының тарихи шарттары. Нарық және нарықтық экономика ұғымы. Нарықтың ең маңызды қызметтері. Нарықтың «көрінбейтін қолы».

Нарық құрылымы және инфрақұрылымы.

Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері: үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет және олардың ресурстар мен дайын өнім жүйесі арқылы өзара байланысының формалары. Экономикалық ресурстар, дайын өнім мен қызмет көрсетулердің, ақшалай қаражаттың ағымыдарының айналма схемасы.

Нарықтың жүйе құраушы элементтері: тауар және ақша. Игілік және тауар. Тауардың екі қасиеті. Құнды талдауға субъективистік және объективистік көзқарас. Құнның еңбек теориясы. Шекті пайдалылық теориясы.

Айырбастау процесінің дамуы және ақшаның пайда болуы. Ақшаның мәні және қызметі. Ақша формасының дамуы. Ақша айналымының заңы. Ақша жүйелері және олардың дамуы. Қазіргі ақша массасының құрылымы. Алтын демонетизациясы (ақша міндетін атқарудан қалуы).
5 Тақырып. Нарықтық механизм: мәні, элементтері, заңдары

Нарықтық механизм және оның негізгі элементтері. Нарықтық механизм жүйесіндегі бәсеке және монополия. Жетілген және жетілмеген бәсеке.

Сұраныс – экономикалық категория ретінде. Сұраныс және сұраныс көлемі. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың бағалық емес детерминанттары.

Ұсыныс – экономикалық категория ретінде. Ұсыныс және ұсыныс көлемі. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсыныстың бағалық емес детерминанттары.

Нарықтық тепе-теңдік. Өндірістің тепе-теңдік көлемі. Тепе-теңдік баға. Бағаның мәні және қызметі. А. Маршаллдың баға концепциясы.

Сұраныстың икемділігі түсінігі. Икемділік коэффициенті. Сұраныстың баға бойынша икемділігі және оның түрлері. Икемділік және сатушының түсімі. Сұраныстың баға бойынша икемділігінің факторлары. Сұраныстың баға бойынша тоғыспалы икемділігі, оның мәні және есептеу әдістері. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі. Қалыпты тауарларға және сапасы нашар топ тауарларына табыс бойынша икемділік. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігінің факторлары.


6 Тақырып. Тұтынушыдың мінез-құлығы теориясы

Пайдалылық. Жиынтық пайдалылық. Шекті пайдалылық. Шекті пайдалылықтың кему заңы. Баға және кіріс – тұтынудың негізгі шектеушілері ретінде.

Тұтынушыдың тиімді мінез-құлығының критерийлері. Жиынтық пайдалылықты арттыру. Тұтынушы мінез-құлығының талдауға кардиналистік және ординалистік көзқарас. Бюджеттік шектеу. Талғаусыздық қисықтары, олардың қасиеттері және түрлері. Тұтынушы оптимумы. «Баға-тұтыну» қисығы. Сұраныс функциясынан пайдалылық функциясын шығару. Қалыпты тауарлар және төменгі категориялы тауарлар. Гиффен парадоксы.

Алмасстыру әсері және кіріс әсері (Хикс бойынша және Слуцкий бойынша). «Табыс-тұтыну» қисығы және Энгель қисықтары.


7 Тақырып. Кәсіпкерлік және оның ұйымдық-құқықтық формалары

Фирма (кәсіпорын) – ресурстарды тұтынушы және дайын өнімді жеткізуші ретінде. Кәсіпкерлік қызметтің мәні және шарттары. Бизнес, кәсіпкерлік қызмет және коммерция: ұқсастықтары және ерекшеліктері.

Кәсіпорынның негізгі ұйымдық-экономикалық формалары: жекеменшік, серіктестіктер (кооперативтер), акционерлік қоғамдар (корпорациялар). Кәсіпорын формаларының әр қайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері.

Өндірістің шоғырлануы. Заманауи нарықтық экономикадағы ірі және шағын фирмалардың ролі, олардың өзара қарым-қатынастарының формасы. Венчурлық капитал.


8 Тақырып. Өндіріс және фирма тәртібі: өндіріс шығындары

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік және экономикалық сипаттамасы. Өндірістің жүктелген (алтернативті) шығындары. Өндірістің айқын және жасырын шығындары. Қалыпты табыс. Орташа табыс. «Табыс» категориясына бухгалтерлік және экономикалық көзқарас.

Өндірістің қысқамерзімдік кезеңі. Өндірістің тұрақты және ауыспалы факторлары. Ауыспалы өндіріс факторының шекті өнімі. Ауыспалы өндіріс факторының шекті өнімінің (өнімділігінің) кему заңы. Жиынтық өнімді арттыру. Шекті және орташа өнім.

Өндірістік функция және оның экономикалық интерпретациясы. Изокванталар және технологиялық алмастыру нормасы.

Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар. Тұрақты, ауспалы, жалпы. Орташа және шекті шығындар.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар. Ұзақ мерзімді шығындар қисығы. Масштабтың жағымды әсері. Масштабтың жағымсыз әсері. Масштабтың бейтарап әсері.


9 Тақырып. Нарық үлгілері: жетілген және жетілмеген бәсеке

Жетілген бәсеке моделі. Табысты арттыру гипотезасы. Бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңдегі ұсынысы. Өндірушінің қысқа мерзімді кезеңдегі артығы. Фирманың ұзақ мерзімді кезеңдегі ұсынысы.

Жетілген бәсеке және қоғамдық тиімділік. Аллокативті (ресурстарды орналастыру) тиімділік. Өндірістік тиімділік.

Монополия. Монополия және бәсеке. Монополияның жұмыс істеу ерекшеліктері. Бағалық дискриминация. Монополияның шекті табысы және сұраныстың икемділігі. Монополия және қоғам. Аллокативті және өндірістік тиімділіктің болмауы. Табиғи монополия. Табиғи монополияның қоғамға пайдалылығы. Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу әдістері.

Монополистік бәсеке моделі. Өнімді саралаудың және жарнаманы мәні. Фирманың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдердегі тепе-теңдігі. Монополистік бәсеке және қоғамдық тиімділік.

Олигополия. Олигополистік фирма тәртібінің ерекшеліктері. Олигополия моделдері. Сөз байласу үлгісі. Сұраныстың сынық қисық үлгісі. Дж. Робинсонның жетілмеген бәсеке теориясы. Чемберлиннің олигополия теориясы. Олигополия және қоғамдық тиімділік.


10 Тақырып. Еңбек нарығы

Еңбек нарығы және оның ерекшелігі. Еңбек – жұмысшының жұмыс күші функциясы ретінде. Жалақы – экономикалық ресурсты пайдаланғаны үшін төлем ретінде. Жеке фирма тарапынан еңбекке сұраныс және еңбекке нарықтық сұраныс.

Жеке жұмысшының еңбек ұсынысы және еңбектің нарықтық ұсынысы. Жеке жұмысшының бос уақытқа және еңбек ұсынысына сұранысы. Бос уақыт пен жұмыс арасындағы уақытты бөлу моделі.

Еңбек нарығындағы монопсония және оның жұмыспен қамтылу және еңбекақы деңгейіне әсері. Кәсіподақтар және олардың жұмыспен қамтылу, жалақы және еңбек өнімділігі деңгейіне әсері.

Баға мен табыстардың мемлекеттік саясаты. Жалақының ең төмен деңгейін белгілеу және бұл шараның нәтижелілігі. Мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты.
11 Тақырып. Капитал және бағалы қағаздар нарығы

Капитал және оның экономикалық сипаты. Капиталдың дәстүрлі және заманауи түсінігі. Капитал – өндіріс факторы және ерекше тауар ретінде. Капитал-меншік және капитал-функция. Капитал – қор концепциясы ретінде.

Капиталға сұраныс және капитал ұсынысы. Пайыз – тауар-капитал бағасы ретінде. Пайыздың тепе-теңдік мөлшері. Пайыз мөлшерін анықтайтын факторлар.

Негізгі және айналымды капитал. Амортизация. Капиталдың физикалық және сапалық тозуы.

Бағалы қағаздар нарығы – капитал қозғалысы механизмі ретінде. Бағалы қағаздардың мәні және олардың түрлері. Қарыздық және үлестік бағалы қағаздар. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мүшелері. Қор биржасы және оның қызметі.
12 Тақырып. Жер нарығы

Жерге меншіктік монополиясы және жерге монополия – шаруашылық объектісі ретінде. Жер нарығы және жер «қызметі» нарығы. Жерді жалдау.

Жер учаскелерінің өнімділігі. Жердің жалпы шектілігі және соның ішінде ең сапалы учаскелердің шектеулігі. Жер ұсынысының икемсіздігі. Жер нарығындағы тепе-теңдік. Жер рентасы және жер бағасы.

Дифференциалды және абсолютті жер рентасы. Монополиялық рента.


13 Тақырып. Табыстардың теңсіздігі және табысты қайта бөлу

Табыстар мен әл-ауқаттың теңсіздігінің себептері: түсіндірмелердің айырмашылығы.

Табыстардың мөлшері бойынша теңсіздігі. Лоренц қисығы. Джини коэффициенті. Децилді коэффициент. Ең төмен, орта еңбекақы және күн көріс минимумының арақатынасы.

Табыстарды алу көзі бойынша теңсіздік. Табыстардың халық шаруашылық салалары және жұмыспен қамтылу түрлері, мамандық бойынша теңсіздігі.

Әл-ауқат деңгейінің теңсіздігі.

Табыстарды қайта бөлудің мемлекеттік саясатын жақтайтын және оған қарсы аргументтер. Табыстарды қоғамда қайта бөлудің негізгі арналары. Салықтар мен субсидиялар – кірістерді қайта бөлу мемлекеттік саясатының негізгі формалары ретінде. Табыстарды қайта бөлу мемлекеттік саясатының нәтижелілігі.


14 Тақырып. Нарықтағы сәтсіздік және мемлекеттің нарықтық экономикадығы ролі

Шаруашылықтың нарықтық жүйесінің жетілмеушілігі. Экономикаға мемлекеттік кірісудің объективті қажеттілігі. Аралас экономиканың дамуы.

Нарық сәтсіздігі ұғымы. Экстерналии (сыртқы әсерлер) және олардың жіктелуі.

Қоғамдық және жеке игіліктер. Қоғамдық игіліктерге сұраныс және олардың ұсынысы. Таза қоғамдық игіліктердің саяси институттар арқылы ұсынысы.

Мемлекеттің кірісуінің негізгі мақсаттары мен қызметтері. Экономикаға мемлекеттік ықпалдың формалары мен құралдары. Әкімшілік-құқықтық және экономикалық реттегіштер жүйесі. Тікелей және жанама реттеу. Экономикадағы мемлекеттік сектор. Тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік тұтынуы.

Кейнсиандық және неоконсервативті концепция тұрғысынан экономиканы мемлекеттік реттеу. Қоғамдық таңдау теориясы.


15 Тақырып. Макроэкономиканың зерттеу тақырыбы және әдісі. Макроэкономикалық көрсеткіштер

Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері. Макроэкономикалық талдау әдістері. Макроэкономикалық үлгілер. Экзогенді және эндогенді ауыспалылар. Қорлар және ағындар. Айналмалы ағындар моделі. «Ағымдар» және «инъекциялар». Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы шарттары. Макроэкономикалық саясат.

Макроэкономика ұғымы, оның негізгі мәселелері мен қызметтері. Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) ұғымы. ҰШЖ негізгі көрсеткіштері. Жалпы ішкі өнім: мәні және маңызы. Қоғамдық әл-ауқат. ЖІӨ және ЖҰӨ. ЖІӨ есептеу әдістері: қосылған құн бойынша, шығыс және кіріс бойынша. Номиналды және нақты ЖІӨ. Экономикалық өсуді өлшеу. ЖІӨ дефляторы. Тұтыну бағаларының индексі. Тұтыну кәрзеңкесі. Ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері. Кірістер мен шығыстардың айналымы. Негізгі макроэкономикалық үйлестік.
16 Тақырып. Экономикалық өсу теориялары

Экономикалық өсу ұғымы. Экономикалық өсуді өлшеудің негізгі әдістері, көрсеткіштерді бағалау. Экономикалық өсудің оңтайлылық мәселесі. Экономикалық өсуді зерттеу бағыттары. Экономикалық өсу факторлары: ұсыныс факторлары, сұраныс факторлары, бөлу факторлары. ҒТП – экономикалық өсудің ең маңызды факторы ретінде.

XX ғасырдың соңындағы экономикалық өсудің жаңа факторлары. Экономикалық даму келешегінің дәлелі.

Экономикалық өсу мәселелерін зерттеу кезіндегі моделдеу әдісі. Е.Домардың экономикалық өсу моделі. Р.Харродтың экономикалық өсу моделі. Р.Солоудың экономикалық өсу моделі.

Экономикалық өсуді өндіріс факторлары арқылы мемлекеттік реттеу.
17 Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Нарықтың жалпы моделі

Жиынтық сұраныс және оның құрамдас бөліктері. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары. Жиынтық ұсыныс. Жалпы экономикалық тепе-теңдік нүктесі. Жабық экономикадағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Жиынтық ұсыныс талықсытпасы. АD-AS моделіндегі макроэкономикалық саясат.


18 Тақырып. Тұтыну, жинақтау, инвестициялар, мультипликатор-акселератор теориясы

Тұтыну, жинақтау және инвестициялардың жалпы сипаттамасы. Тұтынуға орташа бейімділік (АРС). Тұтынуға шекті бейімділік (МРС). Жинақтауға орташа бейімділік (APS). Жинақтауға шекті бейімділік (MPS).

Инвестиция ұғымы. Инвестицияның маңызы. Инвестиция көлеміне әсер ететін факторлар. Инвестициялық сұраныс. Инвестиция түрлері. Инвестиция мен ұлттық табыстың өзара арақатынасы. Инвестиция мультипликаторы (автономды инвестициялар). Мультипликатор теориясы.

Ұқыптылық парадоксы. Дефляциялық және инфляциялық алшақтық. Акселератор моделі (индукцияланған инвестиция). Акселерация принциптері. Қарапайым акселератор формуласы. Акселератор мен мультипликатордың өзара қатынасы.


19 Тақырып. Тауар және ақша нарықтағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM моделі

IS-LM моделінің негізгі айнымалылары және теңдеулері. Тауар және ақша нарықтардағы тепе-теңдік. IS және LM қисықтарын қорытып шығару. IS және LM қисықтарының көлбеуі және орын ауыстыруы. IS-LM моделіндегі тепе-теңдік. AD-AS және IS-LM моделдерінің өзара қарым-қатынасы.


20 Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы. Экономикалық тепе-теңдік циклдары теориясы

Циклдардың мәні және түрлері. Н. Д. Кондратьевтің ұзын толқындары. Қалыпты және «үлкен» экономикалық циклдар. «Кіші» циклдар. Мерзімдік және қысқа мерзімдік тербелістер. Циклдылық себептері. Цикл фазалары. Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өзгерісі. Дағдарыс – циклдың құраушы фазасы ретінде. Дағдарыс түрлері. XIX ғасыр, XX ғасырдың бірінші жартысындағы дағдарыстар.

Дағдарыс пен циклдың Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі түрленуі. ХХ ғасырдың 70-ші, 80-ші, 90- шы жылдарындағы циклдық дамудың ерекшеліктері (дамыған индустриалды елдердің үлгісі).

Антициклдық саясат, оның құралдары және тиімділігі. Циклдар теориясы. Монетарлы теория. Артық қорлану теориясы. Толық тұтынбау теориясы. «Психологиялық теориялар». Экономикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру мәселесі. Экономикалық дағдарыстан шығу. Экономикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру.


21 Тақырып. Экономикалық тұрақсыздық және жұмыссыздық

Жұмыссыздықты экономикалық өсу тарапынан бағалау. Толық жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық. Жұмыссыздық – қоғам игілігі және қоғам шығасылары ретінде. Жұмыссыздық себептері және түрлері. Жұмыссыздық көрсеткіштері.

Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың заманауи формалары. Жұмыспен қамтудың неоклассикалық концепциясы. Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясы. Оукен заңы.

Еңбек нарығы. Еңбек нарығындағы тұрақсыздықпен күресу әдістері. Еңбек нарығындағы тұрақтандыру процесі. Жұмыссыздықпен күресу әдістері.

Жұмыссыздық жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау мәселесі.
22 Тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық және инфляция

Инфляция, оның анықтамасы және өлшемі. Инфляция себептері. Инфляцияның даму факторлары. Инфляция концепциялары және моделдері. Сұраныс инфляциясы. Ұсыныс инфляциясы. Еңбекақының өсуінен пайда болатын инфляция. Сұраныстың салалық құрылымы өзгеруі негізіндегі инфляция. Сұраныс инфляциясы мен шығын инфляциясы арасындағы мүмкін болатын айырмашылықтар. Ашық және тұқыртылған инфляция. Ұсыныс талықсытпасы. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы, оның түрленуі.

Инфляцияның экономикалық салдары. Антиинфляциялық саясат. Кейнсиандық антиинфляциялық саясат. Монетарлық бағдарлама.
23 Тақырып. Ақша жүйесі және ақша моделінің теориялық моделі

Ақша массасы. Квазиақша. Қолма-қол және қолда жоқ ақша. Ақша агрегаттары. Ақша сұранысы және ұсынысы.

Ақшаға сұраныстың теориялық моделі. Аақшаның сандық теориясы және ақша айналымы жылдамдығы. Кейнсиандық моделдегі ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныстың заманауи теориясы. Классикалық концепция. Ақшаға сұраныстың кейнсиандық теориясы. Ақшаға сұраныс. Ақшалық ұсыныс. Ақшалық ұсыныс көлеміне ықпал ететін факторлар.

Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Тепе-теңдіктің классикалық концепциясы. Тепе-теңдіктің монетаристік концепциясы. Тепе-теңдіктің кейнсиандық концепциясы.


24 Тақырып. Несиелік-банктіқ жүйе және оның нарықтық экономикадағы ролі

Банк жүйесінің құрылымы. Банктер, олардың түрлері, қызметі. Негізгі операциялар және коммерциялық банктердің нарықтық экономикадағы ролі. Ақшалай ұсыныс мультипликаторы.

Ақшалай-несиелік саясат: мақсаттары және құралдары. Монетаризм және оның ақшалай-несиелік саясат концепциясы.

Тұрақты нарықты экономиканы қамтамасыз етудегі Орталық банктің ролі. Орталық банктің негізгі құралдары. Резервті талаптар нормасының өзгеруі. Ашық нарықтағы операциялар. Дисконтты саясат. Қазақстанның заманауи банктық жүйесі.


25 Тақырып. Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік фискалды саясат

Мемлекеттік қаржының мәні. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асырудағы қаржының ролі. Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Мемлекеттік қаржы концепциясы және оның дамуы. Мемлекет кірістері. Салықтық саясаттың экономиканы реттеудегі ролі. Мемлекеттік ақшалай қаражаттарды пайдалану бағыттары.

Фискалды саясат, оның мақсаттары және жүзеге асыру механизмі. Фискалды саясаттың тежеушілік және ынталандырушы нұсқалары. Ұсынысқа бағдарланған фискалды саясат. Лаффер қисығы. Теңдестірілген бюджет мультипликаторы.
«Әлемдік экономика (Халықаралық экономика)» пәні
1 Тақырып. Әлемдік және халықаралық экономиканың зерттеу пәні

«Әлемдік экономика», «әлемдік шаруашылық» «халықаралық экономика» ұғымдары. Әлемдік экономиканың экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері мен оның әрекет ету ұстанымдары. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері. Халықаралық экономикалық қатынастардың (ХЭҚ) негізгі формалары және әлемдік шаруашылық жүйедегі орны.


2 Тақырып. Халықаралық еңбек бөлінісі және әлемдік шаруашылықтың қалыптасуы

Халықаралық еңбек бөлінісі және оның әлемдік экономиканың қалыптасуындағы ролі. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи үдерісі. Халықаралық сауда мен капиталистік (нарықтық) шаруашылықтың әлемдік шаруашылықтың қалыптасуындағы маңызы. Әлемдік нарық пен әлемдік шаруашылықтың пайда болуы. ХІХ-ХХ ғғ. межесіндегі әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктері.


3 Тақырып. Әлемдік экономика дамуының негізгі кезеңдері

Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері. Әлемдік шаруашылықтың соғыстан кейінгі кезеңдегі даму барысындағы тұтастығының артуы. Өндірістің интерұлтануы және оның қозғаушы күштері. Әлемде интеграциялық бірлестіктердің пайда болуы. Халықаралық экономикалық ұйымдардың пайда болуы және олардың әлемдік шаруашылық үдерістерді реттеудегі ролі.


4 Тақырып. Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі заманғы бағыттары

Әлемдік экономиканың қазіргі кездегі дамуының ерекшеліктері. Экономиканың постиндустриализациясы: мәні және оның көрініс беруінің негізгі формалары. Индустриалды және постиндустриалды қоғам туралы теориялар.

Экономиканың трансұлттануы. Трансұлттық компаниялар ұғымы (ТҰК).

Әлемдегі шаруашылық өмірдің ырықсыздануы және ашық экономика саясаты. Аймақтандыру мен интеграция.

Шаруашылық өмірдің жаһандануының мәні мен көрініс беру формалары. Экономиканың жаһандануының негізгі факторлары. Экономиканың жаһандануы үдерісінің әлеуметтік-экономикалық қайшылықтары.
5 Тақырып. Әлемдік экономикадағы елдерінің типологиясы

Әлем елдерінің классификациясы (типологиясы) және оның негізгі өлшемдері (критерийлеры). Әлемдік шаруашылықтың тарихи даму барысында елдердің әртүрлі топтарға бөлінуі. Қазіргі заманғы әлемдік шаруашылықтың орталығы мен перифериясы.

Елдердің табыс деңгейлері бойынша классификациясы: жан басына шаққандағы ЖҰӨ/ЖІӨ көрсеткіші. ЖҰӨ/ЖІӨ-ді валюта бағамы және сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша өлшемінің есебі. ЖҰӨ/ЖІӨ-нің жалпы көлемі бойынша көшбасшы-елдер.

Елдің экономикасының даму деңгейін салалық құрылымы, өнімнің негізгі түрлерін өндіру мен тұтыну бойынша анықтау.

Елдердің өнеркәсібі дамыған, дамушы және өтпелі экономикалы елдерге бөлінуі.
6 Тақырып. Елдер арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі алшақтық

Әлемдік экономикада әртүрлі елдер жағдайының өзгеруі. Елдер арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алшақтық ұғымы мен көрсеткіштері.

ЖҰӨ/ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша алшақтықтың көлемі. Адами даму индексі (АДИ) және оны есептеудің әдістемесі. АДИ өлшемі бойынша әлем елдері мен аймақтарының айырмашылықтары.

Әлемнің кедей елдерінің артта қалуының негізгі себептері. Олардың даму деңгейлеріндегі алшақтықтың азаюы/ұлғаюы.

Даму деңгейіндегі алшақтықты еңсеру мәселелері. Қуып жету дамуының моделі және оларды іс жүзінде жүзеге асыру. ЖИЕ (НИС) пен Қытайдың жетістіктері.
7 Тақырып. Ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа қатысуы

Автаркия және ұлттық экономиканың ашықтығы. Ашық ұлттық экономиканың пайдасы мен мәселелері.

Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен негізгі мақсаттары. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттары. Қазақстанның қазіргі кездегі халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны.

М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясы. Елдің бәсекеге қабілеттілігі (ұлттық бәсекеге қабілеттілік): түсінігі мен көрсеткіштері. Бүкіләлемдік экономикалық форумның елдің ұлттық бәсекеге қабілеттілігін анықтауы. ҚР халықаралық бәсекеге қабілеттілігі.


8 Тақырып. ХЭҚ жүйесіндегі халықаралық сауда

Әлемдiк нарық және тауарлардың халықаралық қозғалысы. Сауда жасалатын және сауда жасалмайтын тауарлар. Сауда жасалатын және сауда жасалмайтын тауарлар арасындағы шекара.

Халықаралық сауда: ұғымы және құрылымы. Халықаралық сауданың құндық көлемiн өлшеу. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы. Әлемдiк нарықтағы тепе-теңдiктiң моделі. Ұлттық және халықаралық экономиканы дамытудағы халықаралық сауданың мәні. Қазақстанның сыртқы саудасы: негізгі сипаттамалары.
6 Тақырып. Халықаралық сауданың классикалық теориялары

Халықаралық сауда теорияларының тарихи эволюциясы. Меркантилистік теорияның негiзгi идеялары. Меркантилизмнің тарихи мәні және оны сынау.

А. Смиттiң абсолюттi артықшылықтар үлгісі. Абсолюттi артықшылықтар теориясының шектеулігі.

Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар үлгісі. Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар қағидасының маңызы. Салыстырмалы артықшылықтар теориясының шектеулігі.

Өндіріс факторларының арақатынас теориясының мәні. Хекшер-Олин үлгісі және оның негiзгi алғышарттары. Леонтьев парадоксы және оның түсiндiрілуi.
10 Тақырып. Халықаралық сауданың стандартты үлгісі

Стандартты үлгінің негізгі сипаты. Сауданың жоқтығы жағдайындағы баланс. Сауда жағдайындағы баланс. Әрбір сауда жасаушы елдiң толымсыз мамандану қағидасы.

Айырбастан алынған ұтыс және маманданудан алынған ұтыс. Шағын және үлкен елдiң арасындағы сауда. Сауда шарты: ұғымы және өлшемі.

Халықаралық саудаға тигізетін әсерi тұрғысынан қарастырғандағы экономикалық өсудiң түрлерi (типтері). Елдің үкiметiнің экспортты ұлғайту және импортты алмастыру саясаттары арасындағы таңдауы.


11 Тақырып. Халықаралық сауданың альтернативті теориялары
Халықаралық сауданың табыстардың бөлінісіне тигізетін әсерi. Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы. Столпер-Самуэльсон теоремасы. Рыбчинскийдiң теоремасы. Рыбчинский теоремасының дербес жағдайы ретіндегі «голланд ауруы».

Классикалық теориялардың шектеулілік мәселесi. Әлемдiк нарықтардағы жетiлмеген бәсекелестiк және халықаралық сауданың жаңа үлгiлерiн жасаудың қажеттiлiгі. Масштаб әсері негiзiндегі сауда. Ішкісалалық сауданың теориясы. Неотехнологиялық теориялар. Р.Вернонның тауардың өмірлік циклі теориясы.


12 Тақырып. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары. Сауда сясатының тарифтік құралдары

Елдің сыртқы саудасының негiзгi көрсеткіштері: сыртқы сауда айналымы, сауда балансы және сауда сальдосы. Қазақстанның сыртқы саудасының негiзгi көрсеткiштері және сипаты.

Халықаралық сауданы мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгі және мақсаттары. Протекционизм және еркін сауда.

Сауда саясатының құралдары: тарифтiк және тарифтік емес.

Халықаралық сауданы реттеудiң тарифтік әдiстерi. Кеден бажы және оның қызметтері. Кеден баждарының классификациясы. Тарифтардың экономикалық рөлi: тарифтарды енгiзудiң әсері. Тарифтың шағын және үлкен елдiң экономикасына тигізетің ықпалы. Тарифтерге қатысты қарсы және қорғау дәлелдер.
13 Тақырып. Сыртқы сауда саясатының тарифтік емес құралдары

Сыртқы сауданы реттеудiң тарифтік емес әдiстерi: кеден тарифынан айырмашылығы және негiзгi түрлері.

Сандық шектеулер. Үлестеу (квоталарды қолдану). Экспортты «ерiктi» шектеу. Сауданы тарифтік емес шектеудің жасырын әдiстері: негiзгi түрлері және қазiргi жағдайдағы рөлi. Сауда саясатының қаржы әдiстерi.

Сыртқы сауданы реттеудегі экономикалық емес әдiстер.


14 Тақырып. Халықаралық сауданы реттеудегi ДСҰ-ның рөлі

Сауда саясатының (саудалық тәртiптің) сипаты. Халықаралық сауданы реттеудегi ДСҰ-ның қызметі мен рөлі. ДСҰ-ның халықаралық сауда саясаты. ДСҰ-ның құрылымы, мақсаттары мен міндеттері. Елдердің ДСҰ-на қосылу механизімі. Қазақстанның ДСҰ-на қосылу мәселелері мен болашағы.


15 Тақырып. Капиталдың халықаралық қозғалысы

Капиталдың халықаралық қозғалысының ұғымы мен түрлері.

Кәсiпкерлiк және ссудалық капиталының халықаралық орын ауыстыруы. Тікелей және портфельді инвестициялар. Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы. Тікелей инвестициялардың мемлекеттiк қолдауы. Қазақстандағы шетел тікелей инвестициялары.

Қоржындық (портфельді) инвестицияларды салудың түрлерi мен себептері. Қазiргi жағдайдағы портфельді инвестициялардың рөлi.

Ссудалық капиталдың халықаралық қозғалысы және оның түрлері. Халықаралық қарыз алу және несие берудiң негiзгi құралдары.
16 Тақырып. Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) рөлі мен қызметі

ТҰК-дың негізгі белгілері. Көп ұлттық корпорациялар. ТҰК-дың әлемдік шаруашылықтың негізгі субъектілеріне айналуы. ТҰК-дың әлемдік шаруашылық жүйедегі дуализм жағдайы. ТҰК қызметінің негізгі салалары.

ТҰК қызметінің қабылдаушы елдердің экономикасына әсері. Дамушы елдердің экономикасына ТҰК қызметінің қайшылықтылық әсері. ҚР ТҰК-дың қызметі және оның салдарлары.
17 Тақырып. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы

Жұмыс күшінiң халықаралық миграциясының мәні және себептерi. Жұмыс күшінiң халықаралық миграциясының қазiргi формалары және бағытары. Қазақстандағы жұмыс күшінiң сыртқы миграциясының көлемі және мәнi.

Миграцияның экономикалық әсерлері. Жұмыс күшінiң импортер-елінің және экспортер-елінің пайдасы және шығындары. Мамандардың шетелге кету («ақыл-ойдың жылыстауы») мәселесi.

Жұмыс күші миграциясын мемлекеттiк реттеу: қажеттiлiгі және мақсаттары. Халықаралық Еңбек Ұйымы мен Миграцияның Халықаралық Ұйымының жұмыс күшiнiң халықаралық миграциясын реттеудегi рөлі.


18 Тақырып. Технологияларды халықаралық жеткізу

Технологиялардың халықаралық қозғалысы: ұғымы және түрлері. Технологияларды халықаралық жеткізудің механизмдері. Технологияларды қорғаудың заңды формалары. Технологияларды жеткізу формалары. Лицензиялармен сауда және лицензиялық төлемдердiң түрлерi.

Халықаралық техникалық қолдау. Техникалық қолдау бағдарламалары. Техникалық көмектiң механизмідерi.

Технологияларды жеткізуді мемлекеттiк реттеу. Технологиялар беруді шектеудiң себептері. Технологияларды жеткізуді реттеу механизмідерi.


19 Тақырып. Халықаралық экономикалық интеграция: мәні, алғышарттары, мақсаттары мен типтері

Интеграция ұғымы. Аймақтық экономикалық интеграцияның мәні, алғышарттары және мақсаттары. Интеграциялық бiрлестіктердің түрлері (кезеңдері).

Интеграцияны бағалау ұстанымдары. Интеграцияның статикалық және серпінділік әсерлері. Сауда жасау әсері. Сауда ауытқуының әсері. «Екiншiсі жақсы» теориясы.

Еуропалық Одақ: пайда болуы және дамуының негiзгi кезеңдерi. NAFTA (НАФТА). APEC (АТЭС) және ASEAN (АСЕАН). MERCOSUR (МЕРКОСУР).

ТМД және ЕурАзЭҚ. Интеграциялық үдерісіне Қазақстанның қатысуы.
20 Тақырып. Төлем балансы

Төлем балансының ұғымы мен экономикалық рөлi. Төлем балансының құрылымы. Елдiң төлем балансын қалыптастырудың әдiстемесі және ұстанымдары. Қос жазба жүйесі. Төлем балансы операцияларының классификациясы.

Ағымдағы операциялардың есеп-шоты. Сауда балансы және тауарлар мен қызмет көрсету балансы. Табыстар және ағымдағы трансферттер. Капиталдар және қаржы құралдар операцияларының есеп-шоттары. Төлем балансы есеп-шоттарының өзара байланысы. Ресми валюталық резервтер және олардың төлем балансын қаржыландыруындағы рөлi.
21 Тақырып. Халықаралық қаржы-валюта жүйесі: даму кезеңдері

Халықаралық валюталық-қаржы жүйенiң ұғымы және қазiргi құрылымы.

Валюта және оның түрлерi. Валютаның ауыстырымдылығы. Валюталардың параллелді айналуы.

Әлемдік валюталық жүйенiң эволюциясы. Алтын стандарт. Генуя конференциясы. Алтындевиздік стандарт. Бреттон-Вудс валюталық конференциясы. Ямайка валюталық конференциясы. Қалқымалы валюта бағамдарының жүйесi. Қазiргi кездегі әлемдік валюталық жүйе. Халықаралық қаржы-валюта қатынастарын реттеудегі ХВҚ қызметі.

Еуропалық валюталық жүйе. Қазақстанның ұлттық валюталық жүйесi.
22 Тақырып. Валюта бағамы және оны реттеу

Валюта бағамы: ұғымы және түрлері. Валюта бағамына әсер ететiн факторлар. Нарықтық және мемлекеттiк валюталық реттеу.

Тепе-теңдiк валюта бағамы. Шетелдiк валютаға сұраныс пен ұсыныс. Шетелдiк валюта құнының өзгеруі. Бағалардың валюта бағамына тәуелдiлiгі. Шетелдiк валютаға сұраныс және ұсыныс икемдiлiгi. Валюта бағамының тұрақтылығы.
23 Тақырып. Халықаралық қаржы нарықтары

Халықаралық қаржы нарығының құрылымы

Халықаралық валюталар нарығы. Валюталық нарықтың қатысушылары. Валюталық нарықтың функциялары.

Мiндеттемелердiң халықаралық нарықтары. Несие нарығының құрылымы. Халықаралық қарыздың мәселесi.

Меншiктiң титулдарының халықаралық нарығы. Акциялар нарығының құрылымы. Деривативтердің халықаралық нарығы және оның құрылымы. Биржалардағы сауда. Биржадан тыс сауда.
24 Тақырып. Халықаралық валюта-қаржы ұйымдары

Халықаралық валюта-қаржы және несие ұйымдары: мақсаттары мен қызмет ұстанымдары.

ХВҚ-ның пайда болуы. ХВҚ-ның әлемдік экономикадағы ролі мен функциялары. Дүниежүзілік Банк Тобы: құрамы мен құрылу мақсаттары.

Халықаралық есеп айырысу банкі: пайда болуы және халықаралық валюта-қаржы қатынастарындағы ролі.

Аймақтық даму банктері: негізгі мақсаттары мен міндеттері.

Халықаралық валюта-қаржы және несие ұйымдарының Қазақстандағы қызметі.


25 Тақырып. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері

Адамзаттың негізгі жаһандық экономикалық мәселелері. Экологиялық дағдарыс жаһандық мәселе ретінде. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламалары.

Әлемдік экономиканың дамуындағы демографиялық мәселелер. Әлемдегі халықтың тығыз қоныстануы мәселесі. Оның аймақтық-экономикалық аспектісі және реттеу жолдары.



Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі. Жалпы ахуалы және халықты азық-түлікпен қамтамсыз етудің аймақтық-экономикалық аспектісі. Ашаршылық мәселесі және оны шешудің басты факторлары. Мәселені шешудегі ұлттық және халықаралық талпыныстарды үйлестіру.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

«Экономическая теория»пәні бойынша
Негізгі әдебиет:

  1. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы. – Алматы, 1999.

  2. Экономикалық теория С. Әкімбаев А.С., Баймұхамбетов. – Астана, 2002.

  3. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. – Алматы-Ақтөбе, 2002.

  4. Жілебеков С., Баймұхамбетова А.С., Жанайдаров У.А.Экономикалық теория: оқу құралы – Астана, 2002.

  5. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. Оқулық. Алматы, Қазақ университеті, 2005

  6. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Макроэкономика. Алматы, Қазақ университеті, 2008

  7. Экономическая теория: Учебник. - Изд. испр. и доп. / Под общ. ред. акад. В.И.Видяпина, А.И.Добрынина, Г.П.Журавлевой, Л.С.Тарасевича. – М.: ИНФРА-М, 2009

  8. Курс экономической теории: учебник – 5-е изд-е /Под ред Е. Чепурина и А. Киселевой - Киров.: «АСА», 2005

  9. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Е. Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006.

  10. Бимендиева Л.А. Экономикалық теория. Оқу құралы – Алматы, 2006


Қосымша әдебиет:

  1. Аубакиров Я.А. Национальная экономика в условиях глобализации. Алматы, 2009 г.

  2. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система,- Алматы, 2000

  3. Нарматов С.Р., Нарматов А.С. Экономикалық теория лекциялар курсы. – Тараз, 2004.

  4. Крымова В.Ж. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. – Алматы: Аркаим, 2003. – 120 б.

  5. Ядгаров В., Шеденов Ө.Қ., Досқалиев С.Д. Экономикалық ілімдер тарихы. – Алматы, Қазақ университеті, 2002

  6. Ескалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономисттері және қазіргі көз қарас.– Алматы, 2004

  7. Макконнелл Р.К., Брю С.Л. Экономикс: Принципы, проблемы и политика: В 2-х томах – М.: ИНФРА-М, 2003.

  8. С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи. Экономика.– М. 1997 г.

  9. Экономика. Учебник. / Под ред. д.э.н., проф. А.С. Булатова. – М.: 2004 г.

  10. Кенжеғали Сағадиев. Проблемы конкурентоспособности национальной экономики. Алматы, 2004.

  11. Бибатырова И.А., Кекілов Б.Ж., Мемлекеттік реттеу. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 2006


«Әлемдік экономика (Халықаралық экономика)» пәні бойынша

Негізгі әдебиет:

    1. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқулық. - Алматы, 2003

    2. Байгісиев М. Ә. Халықаралық экономикалық қатынастар : Оқу құралы. Алматы: Санат, 1998.

    3. Мировая экономика. /Под ред. А. С. Булатова. Изд., 2-е, перераб. и доп.- М.: Экономистъ, 2008.

    4. Киреев А. Международная экономика. - М.: МО.- ч.1,2. - М., 2002.

    5. Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика. 4-е изд. перераб. и доп. – М, 2008

    6. Мировая экономика и международные экономические отношения: Учебник. / под ред. проф. А. С. Булатова, проф. Н. Н. Ливенцова. – Москва: Магистр, 2010.

    7. Мировая экономика и МЭО: Учебник для вузов в 2-х частях/ Под ред. Хасбулатова Р.И. - М.: Гардарики, 2006.


Қосымша әдебиет:

  1. Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика.- М., 2004.

  2. Мировая экономика и международные экономические отношения: Учебник. – Изд. с обновлениями / под ред. проф. А. С. Булатова, проф. Н. Н. Ливенцова. – Москва: Магистр, 2010.

  3. Международные экономические отношения / Под ред. В.Е. Рыбалкина. - М., 2006.

  4. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения: Учеб. для студентов вузов / под ред. Л. Н. Красавиной.- Изд. 3-е, перераб. и доп.- М.: Финансы и статистика, 2008.

  5. Герчикова И.Н. Международные экономические организации. – АО «Консалтбанкир», Москва, 2000.

Интернеттің ресурстары: сайттар БҰҰ (ООН) (http://www.un.org/), Бүкіләлемдік банк (worldbank.org), ХВҚ (МВФ) (www.imf.org), БСҰ (www.wto.org), ЭЫДҰ (ОЭСР) (http://www.oecd.org/statistics), ҚР Cтатистика Агенттігі (http://www.stat.kz/).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет