БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама



Дата19.06.2016
өлшемі198.41 Kb.
түріБағдарламасы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-әдістемелік кеңесі мәжілісінде бекітілді

хаттама



«_____»_____2012 ж.





«6М051500 – МҰРАҒАТТАНУ, ҚҰЖАТТАНУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАМЕН ҚАМТАМСЫЗ ЕТУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «6М051500- Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтмасыз ету» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Бағдарламаны құрастырған т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатова.


Бағдарлама дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының мәжілісінде қаралды

№ 35 хаттама 22.05.2012 ж.

Кафедра меңгерушісі ________________Қ.Т. Жұмағұлов


Тарих, археология және этнология факультетінің әдістемелік бюросында қолдау тапты

№7 хаттама 27.04.2012 ж.

Әдістемелік бюро төрайымы__________ О.Х. Мұхатова

Ғылыми кеңес мәжілісінде бектілді

№ 10 хаттама 25.05. 2012 ж.

Ғылыми кеңес төрағасы,

факультет деканы __________________ Ж.Қ. Таймағамбетов

Ғалым хатшы _________________ Т.Е. Картаева



МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері
«6М051500 – Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша түсі емтиханының мақсаты мен міндеттері – магистратураға түсетіндердің мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқару саласы бойынша жүелі білімін анықтау.

«Мұрағаттану» пәні білім алушыларға мұрағаттардың қалыптасуы және қызметінің заңдылықтары туралы базалық білім береді, мұрағаттану саласына байланысты заңдар және негізгі нормативтік-әдістемелік құжаттармен таныстырады, мұрағаттарда құжаттарды жинақтау және құжаттардың құндылығын сұрыптауға байланысты, оларға ғылыми-анықтамалық аппарат құру, сақталуын қамтамасыз ету және түрлі мақсаттарда пайдалану, сондай-ақ мұрағаттық құқық, менеджмент және маркетинг туралы түсініктерін кеңейтеді.


«Құжаттану» пәні білім алушыларға құжаттық байланыс пен құжаттық қорлардың негізін құрайтын құжаттардың мәні, құрылымы, қызметі және көп түрлілігі туралы жүйелі түсінік береді, сондай-ақ құжаттарды құрастыру, өңдеу, сақтау және пайдалану үдерісімен таныстырады.


Түсу емтиханының түрі – құрама жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсыратындар өздерінің емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптарын жауап парақтарына жазып, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляцияға берген жағдайда оны қараудың негізі болып жауап парағындағыжазбалар табылады.
2. «6М051500 – Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» магистратурасына түсетін тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
«6М051500 – Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеруге тілек білдірушілері тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі келесі жоғары базалық білім (бакалавриат) немесе жоғары арнайы білім бағыттарының (мамандықтарының) біреуіне:

5В051500 – «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету»,

050203- «Тарих»,

050114 – «Тарих (пед)»,

050419 - «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау»

мамандықтарының жоғары және жоғары білім беруден кейінгі білім, көрсетілгендерге туыстас, соның ішіндешет елдік жоғары оқу орындары мамандықтарының жоғары және жоғары білім беруден кейінгі мамандықтарына сәйкес келуі тиіс.


Компетенциялары:

  • электрондық ресурстар көмегімен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып қажетті курс саласында әдебиеттерді іздеп табуда және мұрағаттық анықтамалықтар мен ақпараттық құжаттарды құрастыруда;

  • кәсіби білім аясында мұрағат ісі саласының негізгі мәселелерін шешуде;

- мұрағаттануға байланысты деректерге баяндама және аннотациялар жасауда, негізгі және нормативті әдебиеттерді қолдануда.

- құжаттану бойынша негізгі әдебиетті талдау мен қысқаша мазмұнын жазбаша беруде.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

Мұрағаттару, Құжаттану.


4. Емтихан тақырыптарының тізімдемесі
«Мұрағаттану» пәні
1 тақырып. Мұрағаттану саласындағы түсініктемелік аппараттың қалыптасуы

Мұрағаттану саласының түсініктемелік аппараты. Түсініктемелік аппаратты жетілдіру – мұрағаттану саласындағы білімді дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Мұрағаттық терминологияның дамуы. Түсініктер классификациясы. Мұрағаттық терминология жүйесіндегі терминдер мен түсініктердің өзара байланысы.

«Мұрағаттану», «мұрағат ісі», «мұрағаттық құжат», «мұрағаттанудың теориясы мен әдістемесі» түсініктері.

2 тақырып. Мұрағаттық терминологиялардың дереккөздері. Мұрағаттанулық түсініктемелер аппаратын жүйелеу. Түсініктемелік аппараттың жүйелік бөлімдері, олардың түрлері. Мұрағаттық терминология дамуының теориялық бағыты. Терминологиялық сөздіктер - теориялық терминологияны жетілдірудің түрі ретінде. Мұрағаттық терминологияның тәжірибелік даму бағыты. Стандарттау - тәжірибелік терминологияны жетілдірудің формасы ретінде. Мұрағаттық терминолгияға байланысты стандарттар жүйесін құрастыру.
3 тақырып. Мұрағаттану теориясы

Мұрағаттану теориясы мен әдістемесінің пайда болуы мен дамуы. Зерттеу нысаны мен пәні. Курстың мақсаты мен құрылымы. Оның бөлімдерінің мазмұны мен сипаттамасы.

Мұрағаттанудың теориялық мәселелері. Ғылыми шынтуайттылық принциптері, тарихилық принцип, жан-жақтылық принципі, орталықтандыру принципі. Өндірістік принциптер: қорды бөлшектемеу принципі, құжат құндылығын сұрыптау принципі, қор ішінде құжаттарды жүйелеудің үш принципі. Мұрағаттанудың методологиялық сипаттамасы.

Жалпытанымдық әдістердің курс мәселелерін шешудегі орны. «Мұрағаттанудың теориясы мен әдістемесі» курсында қолданылатын нақты ғылыми пәндерге тән әдістер.



4 тақырып. Мұрағаттар және тарих ғылымы. Мұрағаттық құжатты тарихи дерек көзі ретінде қабылдауға байланысты көзқарастар эволюциясы. Тарих ғылымындағы тарихи-салыстырмалық зерттеу әдісі және мұрағаттық құжаттар.

5 тақырып. Мұрағаттану және деректану. Құжаттарды талдаудың деректанулық әдісі және оны құжаттарды сұрыптауда, ұйымдастыруда және сипаттауда пайдалану мүмкіндігі.

6 тақырып. Мұрағаттану және қосалқы тарихи пәндер (палеография, дипломатика, тарихи хронология, сфрагистика, тарихи метрология, геральдика, эпиграфика, генеалогия, нумизматика, тарихи география). Мемлекеттік мекемелердің мұрағаттық құжаттарды ұйымдастырудағы рөлі.

Экономикалық ғылымдар және мұрағат қызметіндегі жоспарлау әдісінің дамуы, есепке алу, экономикалық талдау.



7 тақырып. Мұрағаттану және құжаттану. Құжаттарды сыныптау мәселесі, сипаттау, құндылығын сараптау.

8 тақырып. Мұрағаттану және археография. Археография әдістерін мұрағаттардың ғылыми-ақпараттық қызметінде пайдалану.

Ақпараттық теория әдісі және оларды мұрағаттардың ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесінде автоматтандырылған іздестіру жүйесін құрастыруда қолдану.

Мұрағаттану принциптері және курста қолданылатын арнайы зерттеу әдістері (мұрағат қорының біртұтастығы, мұрағаттық ақпараттың қолжетімді болуы, дифференцацияланған сипаттама және мұрағат құжаттарын орталықтандырылған есепке алу)
9 тақырып. Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі (1990жж. –ХХІ ғасырдың басы)

Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісінің тарихы.

Мұрағаттық реформа: мәселелері, даму жолдары, ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері.

Қазіргі кездегі отандық мұрағат ісінің заңдық-құқықтық негіздері. Қазіргі таңдағы мұрағат ісін басқару органдары және оларға бағынышты мұрағаттар. Бір-біріне ықпалы мәселесі.


10 тақырып. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының қалыптасуы (ҚР ҰМҚ)

ҚР ҰМҚ құрамы. «Мұрағаттық қор» түсінігі және эволюциясы. Мұрағат қорының және кешендерінің қажеттілігі. Мұрағат қоры шектерін анықтау.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ереже. Қор құрамына құжаттарды ендіру тәртібі.

«Мұрағаттық коллекция» түсінігі.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарына байланысты кепілдік және меншік құқығы мәселесі.
11 тақырып. Мұрағаттарды жинақтау

Мұрағаттарды жинақтау түсінігі. Мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау міндеттері.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері. Стратегиялық ұлттық «Мәдени мұра» жобасының ҚР ҰМҚ-ын толықтырудағы маңызы.

12 тақырып. Қазіргі мұрағат желілері. Мекеме мұрағаттары. Олардың міндеттері мен функциялары. Мемлекеттік мекемелер, олардың негізгі функциялары мен міндеттері. Орталық мемлекеттік мұрағаттар. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары.

Қалалық және аудандық мұрағаттар. ҰМҚ құжаттарын сыныптау белгілері негізінде мемлекеттік мұрағаттар желісін құру.



13 тақырып. Ведомстволық және арнайы мұрағаттар. Кітапханалар мен мұражайлардың қолжазбалар бөлімінің мұрағаттары.

ҰМҚ құжаттарының мемлекеттік мұрағаттар желісі бойынша таралуы. Республиканың орталық мемлекеттік мұрағаттарының желісі. Республиканың ҰМҚ құрамы. Жергілікті жерлердегі мемлекеттік мұрағаттар желісі, олардың арасында құжаттардың бөліну ерекшелігі.



14 тақырып. ҰМҚ құру негіздері. Республикалық мемлекеттік мұрағаттарды ведомстволық және жеке мұрағаттар құжаттарымен толықтыру көздері.

Мемлекеттік мұрағаттарға құжаттарды жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру.


15 тақырып. Құжат құндылығын сараптау

Құжат құндылығын сараптау түсінігі және оның міндеттері. ҚҚС негізгі кезеңдері.

Құжаттың түпнұсқасы, көшірмесі туралы түсінік. Дублетті құжаттар. Дублетті құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдауға сұрыптау мәселесі.

Қайталанбалы ақпаратты құжаттарды мемлекеттік сақтауға сұрыптау мәселесі.



16 тақырып. Құжаттардың сақтауын қамтамасыз ету. Мұрағат қоры құжаттарының сақталу деңгейі. «Қор іздерін» сақтау. Мұрағат қорын өзге мекемелер құжаттары есебінен толықтыру.

Құжаттардың физикалық жағдайлары. Құжаттардың палеографиялық, тілдік, көркемдік және өзге де ерекшеліктері. Құжаттың заңдық күші.

«Құжат тізімдемесі» түсінігі. Тізімдемелердің атқаратын қызметтері, типтері және түрлері.

Титік және ведомстволық тізімдемелер, мемлекеттік мұрағатқа қабылданатын құжаттардың тізімдемелері, үлгі тізімдемелер. ҚР мемлекеттік органдарындағы Бріңғай электрондық құжатайналымы жүйесінің анықтамалықтары.



17 тақырып. Құжаттардың құндылығын сараптайтын комиссия.

Құжат құндылығын сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру. Сараптау және сараптау-тексеру комиссиялары, олардың міндеттері мен құқықтары.



18 тақырып. Құжаттарды есепке алу

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету – барлық мұрағаттардың негізгі қызметі.

Құжаттарды сақтауға тиімді жағдайлар жасау. Құжаттарды қоймаларда орналастыру және топографиялау. Мұрағаттардан істерді пайдалануға беру тәртібін сақтау. Құжаттарды есепке алу, олардың жағдайын тексеру. Ерекше құнды және теңдесі жоқ құжаттарды анықтау, сақтандыру қорын құру.

ҚР ҰМҚ құжаттарын орталықтандырылған есепке алу туралы әдістеме құжаттарды есепке алу саласындағы негізгі нормативтік құжат.



19 тақырып. Мұрағаттардағы негізгі есеп бірліктері. Құжаттарды есепке алу принциптері. Негізгі есептік құжаттар.

Мемлекеттік мұрағаттарда құжаттарды есепке алу.

Мемлекеттік мұрағаттардағы негізгі есептік құжаттар.

Құрамы ауыспалы құжаттарды мемлекеттік мұрағаттарда есепке алу.

Мекеме мұрағаттарында құжаттарды есепке алу.

Мемлекеттік мұрағаттарда құжаттың орнында болуын және жағдайын тексеру, оның мақсаты. Құжаттардың орнында болуын және жағдайын тексеру жұмысын ұйымдастыру. Тесксеру актілері.


20 тақырып. ҰМҚ құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесі

Мұрағаттардың ақпараттық қызметі туралы түсінік. Қайталанбалы ақпаратты құжат туралы түсінік. Ақпараттық-іздестіру жүйелері.

ҰМҚ құжаттарының ғылыми анықтамалық аппарат жүйесі (ҒААЖ) туралы түсінік. ҒААЖ құру негіздері, оларға қойылатын талаптар.

21 тақырып. Ғылыми анықтамалық аппарат жүйесінің құрылымы.

ҒАА түрлері. Мұрағаттық анықтамалықтар. Мұрағаттық тізімдемелер. Тізімдеменің мақсаты.

Мұрағаттық каталогтар. Каталогтар түрлері.

Мұрағат құжаттарының шолуы. Шолуларды құрудың мақсаты мен түрлері.

Мемлекеттік мұрағаттардағы жолсілтерлер.

Мемлекеттік мұрағаттар желісінің анықтамалықтары. Мұрағат құрамының сипаттамасы. Құжат құрамы мен мазмұнына аннотация жасау әдістемесі.

Тақырыптық жолсілтерлер. Мұрағаттық анықтамалықтардың қосалқы аппараттары.
22 тақырып. Мұрағат құжаттарын пайдалану мақсаттары мен түрлері

Құжаттарды пайдалану - мұрағаттардың ғылыми-ақпараттық қызметі ретінде. Құжаттарды қоғамдық өмірдің түрлі аяларында пайдалану.

Пайдалану түрлері. Мұрағаттардың оқу залдарында құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру. Мұрағаттық құжаттарды оқу залдарында пайдалану ережелері, оқу залы қызметкерлерінің атқаратын функциялары.

Көрмелерді ұйымдастыру. Көрмелерді ұйымдастырудағы мақсат. Көрмелердің тақырыптары. Стационарлық және жылжымалы көрмелер. Экспозицияларды дайындау. Фотожинақтар, альбомдар мен плакаттарды басып шығару. Оларды дайындау әдістемелері.

Құжатарды бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану. Мақалалар, ғылыми-көпшілік кітапшалар дайындау; жекелеген құжаттарды жариялау; мұрағаттық өмірдің ағымдағы мәселелері туралы ақпарат.

Мұрағаттық құжаттарды радиобағдарламалар көмегімен көпшілікке таныту. Тақырыптық әңгімелесулер, баяндамалар, дәрістер, хабарламалар және т.б. және оларды дайындау әдістемесі.

Мұрағаттық құжаттарды теледидар көмегі нәтижесінде пайдалану. Теледидарда бағдарламалар дайындау әдістемесі. Аудиовидеотехникада құжаттарды пайдалану ерекшеліктері.

Мұрағаттарда кездесу кештерін, экскурсиялар, баяндамалар, дәрістер ұйымдастыру. Оларды ұйымдастыру әдістемесі.

Мұрағаттарда өлкетану және тарих сабақтарын ұйымдастыру. Оқу орындарына арнап көрнекі құралдар дайындау.

Мекемелер мен азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру. Мұрағаттық анықтамалықтар, құжаттардың көшірмелері. Тақырыптық және биографиялық анықтамалықтар.



23 тақырып. Азаматтардың сұраныстарымен жұмысты ұйымдастыру. Азаматтардың сұраныстары негізінде мұрағаттық анықтамалықтар құрастыру.

Мекемелерге уақытша пайдалануға құжаттарды ұсыну. Мұрағат құжаттарының пайдалану нәтижесін анықтауға бағытталған есеп жүргізу жұмыстары.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдаланушылар міндеттері.

24 тақырып. Мұрағаттық құқық және мұрағаттық заңдар

«Мұрағаттық құқық» және «мұрағаттық заңнама» туралы түсінік.

Заң – қоғамдық қатынастар мен қоғамдық нормаларды реттеуші нормативтік құқықтық акт. Нормативтік құқықтық актілер түрлері.

Посткеңестік кеңістіктегі мұрағаттық заңдар. Мұрағат ісі саласындағы кеңестік кезеңнің негізгі заңдық актілері. Халықаралық ынтымақтастықты бекітуде халықаралық заңдардың ойнайтын рөлі.
25 тақырып. Қазақстан Республикасының мұрағаттық заңдары

Қазақстандағы мұрағаттық заңнамалар. Мұрағат ісі саласындағы негізгі нормативтік актілерге шолу. Министрлер кабинетінің мұрағат ісі саласына байланысты қабылдаған қаулысы.

1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасында құжаттану жүйесі мен мұрағат ісі саласын дамыту бағдарламасы.

ҚР ҰМҚ құжаттарын сақтау, пайдалану, есепке алу және жинақтауды ұйымдастыруға байланысты нормативтік-әдістемелік құжаттар.

Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік стандарттар.

Ведомстволық мұрағаттарда жұмыс жасаудың негізгі ережелері.

Мұрағат мекемелері басшылары мен қызметкерлеріне қойылатын квалификациялық сипаттамалар. Сақтау мерзімі анықталған типтік құжаттар тізімдемесі.


«Құжаттану» пәні
1 тақырып. “Құжат” және “ақпарат” ұғымдары.

“Құжат” және “ақпарат” ұғымдары. Ақпараттың дәстүрлі ұғымы. Ақпараттың әлеуметтік және экономикалық процестердегі рөлі. Ақпараттың әлеуметтік, басқару, семантикалық, техникалық және басқа да түрлері. Құжатсыз және құжаттық ақпарат. Құжаттық ақпаратқа қойылатын талаптар. Ақпараттың әлеуметтік құжаттық байланыстағы рөлі.



2 тақырып. Құжаттанудың қалыптасуының негізгі кезеңдері. “Құжат” ұғымының қалыптасуы. Оның дамуының негізгі кезеңдері. “Құжат” ұғымының жалпы түсінігі. Құжаттануда құжаттың негізгі ұғым ретінде қалыптасуына Поль Отленің қосқан үлесі. Құжаттануда және мемлекеттік стандарттарда “құжаттың” анықтамасы. Құжат - теориялық және қолданбалы пәндердің зерттеу объектісі. Құжат ақпараттық және материалдық жүйе салаларын біріктіретін жүйе ретінде. Құжаттың құрылымы, қасиеті және белгілері.

Ақпарат пен құжаттың байланысы. Құжат – ақпараттың материалдық тасушысы. “Құжат” ұғымының ары қарай теориялық игерілуі мен тәжірибелік қолданылуын жетілдірудің келешегі.


3 тақырып. Құжат қызметтері

Құжат қызметтері (функциясы). “Құжат” ұғымының оның қызметіне тәуелділігі. Құжат қызметтерін зерттеу қажеттігі. Құжат қызметінің негізгі, жалпы, арнайы топтары.

Құжаттың ақпараттық қызметі ақпаратты бекіту және сақтау құралы ретінде. Ақпараттық қызметтің құрылымы. Ақпараттың ақпараттық сыйымдылығы (ақпараттық әлеуеті). Ақпараттың ақпараттық сыйымдылығын сипаттайтын көрсеткіштер. Ақпараттың толықтығы, дәлдігі, шүбәсіздігі, тиімділігі, өзектілігі.

Байланыстық қызмет ақпаратты жеткізу құралы ретінде. Құжаттық байланыстық қызметтің түрлері. Бір бағыттағы құжаттар. Қос әрекеттегі құжаттар.

Кумулятивтік қызмет құжаттың ретроспективті ақпаратын сақтау құралы ретінде.

4 тақырып. Құжаттың әлеуметтік қызметі. Әлеуметтік ақпарат. Құжаттың әлеуметтік мәні. Әлеуметтік ақпараты бар құжаттардың қоғамдық салалардың қызметіндегі рөлі. Әлеуметтік қызметті зерттеу.

Басқару (реттеу) қызметі және оның басқаруды ұйымдастырудағы маңызы. Басқару қызметі басқару іс-әрекетінің құралы ретінде. Жаңа, өзекті ақпараттың басқарудағы рөлі. Басқару қызметін иемденетін құжаттардың негізгі қасиеті. Олардың жеделдігі. Басқару ақпаратын өңдеу деңгейі. Басқару құжаттарының қызметінің түрлері.

Мәдени қызмет мәдени дәстүрлерді жеткізу құралы ретінде. Құжат мәдени үлгілер мен мәдени құндылықтардың жүйесін пайдалану нұсқауы ретінде. Құндылықтар жүйесін құжаттау мәдениетті бекіту, шоғырландыру және қалыпты жеткізу үдерісі ретінде.

Құқықтық қызмет құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды және қандай да фактілерді (мәліметтерді) дәлелдеу, растау құралы ретінде.



5 тақырып. Құжаттың есептік қызметі. Есептік қызметтің мазмұны. Есептік қызмет пен әлеуметтік қызметтің байланысы.

Құжаттың тарихи дерек ретіндегі қызметі. Қоғамдағы білімнің түрлі салаларын зерттеуде құжаттың тарихи дерек ретіндегі рөлі.

Мемориалды қызмет ақпаратты сақтау және оны бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізу құралы ретінде.

Құжаттың гедоникалық қызметі дем алу, көңіл көтеру, бос уақытты тиімді пайдалану құралы ретінде.

Құжаттың көп қызмет атқаруы (полифункционалдығы). Тұрақты әрекеттегі және жедел қызмет түрлері.

6 тақырып. Құжаттың құрамы

Құжаттың ақпараттық құрамдас бөлігі. Құжат ақпартты ұйымдастыру және жүйелеу құралы ретінде. Ақпараттың элементарлық, биологиялық, әлеуметтік формалары.

Әлеуметтік ақпарат құжаттанудың басты объектісі ретінде. Әлеуметтік ақпараттың анықтамасы. Ақпаратты бөлу қағидалары. Әлеуметтік мақсаты бойынша бөлу. Көпшілік және арнайы ақпарат. Ақпаратты адам санасында бейнеленуі әдісі бойынша бөлу. Қисынды және эстетикалық ақпарат. Ақпаратты адамның қабылдауының физиологиялық еркшеліктері бойынша бөлу. Дыбыстық, көзге көру, есту, сезу ақпараты. Ақпаратты таралу әдісі бойынша бөлу. Жарияланған және жарияланбаған ақпарат. Ақпаратты қайта өңдеу әдісі бойынша бөлу. Алғашқы және қайталама ақпарат. Ақпаратты қабылдау және пайдалану салалары бойынша бөлу. Ғылыми, өндірістік, техникалық, саяси, педагогикалық, спорттық ақпараттар және басқа да түрлері.

7 тақырып. Құжаттың материалдық құрамдас бөлігі. Ақпаратты тасушы құжаттың материалдық құрамдас бөлігін айқындаушы ретінде. Құжаттың ақпаратты сақтау және оны уақыт пен кеңістікке жеткізу үшін қолданылуы. Құжаттың материалдық құрамдас бөлігінің құрылымы: құжаттың материалдық негізі (ақпараттың материалдық тасушылары), ақпаратты тасушының нысаны, құжаттау тәсілдері.
8 тақырып. Құжаттың материалдық негізі

Құжаттың материалдық негізі. Ақпаратты жеткізушінің түрлері. Ежелгі жазу материалдары. Алдыңғы Азиядағы жазу материалдары (сына жазбу табақшалары). Папирусты әзірлеу және қолдану. Пергаментті, қара ағашты және басқа материалдарды жазу материалы ретінде пайдалану. Қағаздың шығуы және оның ақпаратты таратуды қамтамасыз ететін артықшылықтары. Ерекше белгілер (филигриндер). Жазу материалының жазба графикасына ықпал етуі.

Техникалық құжаттаудың материалдары. Ватман, калька, жай қағаз. Фотокиноқұжаттаудың материалдары. Фотопленка, кинопленка. Фоноқұжаттау материалдары. ЭЕМ-ның жадына енгізуге арналған ақпаратты тасушылар. Ақпаратты машиналық тасушылар. Видеограммалар. Ақпаратты тасушылардың құжаттың ұзақ мерзім сақталуына және құнына ықпал етуі.
9 тақырып. Ақпаратты тасымалдаушының формасы

Ақпаратты тасымалдаушының формасы. Құжаттың парақтық, кодекстік, карточкалық, ленталық, дискілік, аралас нысандары. Құжаттың дәстүрлі және дәстүрлі емес формалары. Құжаттың формасын жетілдіру.



10 тақырып. Құжаттау тәсілдері

Құжаттау тәсілдері. “Құжаттау тәсілдері” түсінігі. Құжаттардың және құжаттаудың тарихи сипаты. Құжаттау тәсілдерінің дамуының тарихи кезеңдері. Дыбыстық сөз, оның ақпаратты бекіту, жеткізу мүмкіндіктері және кемшіліктері. Ақпаратты тасушының заттық және белгілік тәсілдері.

Ақпаратты бекіту мен жеткізудің сызба тәсілдері. Мәтіндік құжаттау. Пиктогрфиялық (суретті) жазу және оның ерекшеліктері. Идеографиялық (логографиялық) жазу. Ойды бекітудің дәлдігі. Сөздерді жеткізу үшін бейнелеу белгілерін қолдану. Буындық жазу. Фонетикалық (әріптік) жазу. Фонетикалық (әріптік) жазудың шығуы және дамуы. Жазу материалдары.

11 тақырып. Техникалық құжаттау. Техникалық құжаттар. Техникалық құжаттардың негізгі топтары. Техникалық құжаттар өндіріс құралдары мен еңбек үдерістерін жазбаша бекіту нәтижесі ретінде. Техникалық құжаттар қарым-қатынас және қызмет көрсету салаларында қалыптасатын үдерістерді жазбаша бекіту құралы ретінде. Техникалық құжаттарды әзірлеу. Техникалық құжаттаудың қолданылу салалары.

12 тақырып. Фотоқұжаттау. “Фотоқұжат” түсінігі. Фотосуреттің ақпаратты бекіту тәсілі ретінде мәні. Фотоқұжаттарды қолдану.

13 тақырып. Киноқұжаттау. “Киноқұжат” түсінігі. Киноқұжаттардың түрлері. Киножылнама. Кинохроника. Құжаттық фильмдер. Видеожазба.

14. Фоноқұжаттау. “Фоноқұжат” түсінігі. Фоноқұжаттау ерекшеліктері және оны қолдану салалары.

Электрондық (машинамен оқылатын) құжаттар. ЭЕМ үшін ақпаратты жазу ерекшеліктері. Ақпаратпен және құжаттамамен қамтамасыз етудегі электрондық құжаттардың рөлі.


15 тақырып. Құжаттарды жіктеу

Жіктеу туралы түсінік. Құжаттануда құжаттарды жіктеу теориясын жасау.     “Құжаттарды жіктелеу” және “құжаттарды жіктеу” түсініктері.       Құжаттарды тегі, түрі және әртүрлілігі бойынша бағыныстылық және дихотомиялық бөлу.



16 тақырып. Құжаттарды жіктеу және тұрпаты бойынша бөлу. Жіктеу белгілері: құжаттау тәсілі бойынша, жасалған орын бойынша, мазмұны бойынша, атауы бойынша, түпнұсқалық деңгейі бойынша, қарастыратын мәселелерінің саны бойынша, шұғылдығы бойынша, құжаттарды пайдалануға шек қою бойынша, пайдалануы бойынша, заңдық күші бойынша, ақпаратты қабылдау арнасы бойынша, ақпаратты жеткізушінің материалы бойынша, ақпаратты жеткізушінің нысаны бойынша.

Құжаттарды тұрпаты бойынша жіктеу. Құжаттардың тұрпаттары. Құжаттардың тұрпаттарының белгілері: құжаттың мақсатты пайдаланылуы және құжатты оқырмандардың пайдалануы (жасы бойынша, жалпы және білікті білім деңгейі бойынша).


17 тақырып. Құжаттама жүйелерінің қалыптасуы

“Құжаттама жүйесі” түсінігі. Мемлекеттік стандарттарда “құжаттама жүйесінің” анықтамасы. Құжаттама жүйелерінің қалыптасуы және дамуы.          Құжаттама жүйелерінің түрлерінің. Құжаттаманың мемлекеттік жүйелері. Құжаттаманың жоспарлау, есептік-статистикалық, қаржылық және өзге де функционалдық жүйелері.

Салалық және ведомстволық жүйелер, олардың өзара байланысы.

18 тақырып “Құжаттаманың бірізді жүйесі” түсінігі. Құжаттаманың бірізді жүйелерін жасау - құжаттарды бірыңғайлау мен стандарттаудағы жаңа кезең.       

19 тақырып. Құжаттаманы бірізді жүйелерінің сипаттамасы. Бірізді құжаттар құрылымы. Бірізді құжаттардың тақырыптық, мазмұндық және ресімдеу бөліктері.

20. Құжаттарды халықаралық стандарттаудың тәжірибесі.

Құжаттама жүйелеріне мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ 1042-2001 “Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар”, ГОСТ 6.10.1-88 “Құжаттаманың бірізді жүйелері. Негізгі ережелер”, ГОСТ 6.10.5-87 ““Құжаттаманың бірізді жүйелері. Формуляр-үлгіні құрастыруға қойылатын талаптар”).

Басқарудың міндеттеріне сәйкес құжаттардың түрлері мен әртүрлілігінің құрамын реттеу.

Құжаттама жүйелерінің өзара байланысы. Жаңа ақпараттық технологиялардың және оларды енгізудің құжаттама жүйелерін жетілдіруге ықпалы.


21 тақырып. Құжаттардың алғашқы және күрделі жиынтықтары

“Құжат жиынтықтары” түсінігі. Құжаттардың алғашқы жиынтықтары, олардың түрлері. Құжаттарды алғашқы топтаудың негіздемесі. “Істерді қалыптастыру белгілері” түсінігі. Істерді қалыптастырудың негізгі белгілері: атау, пәндік-мәселелік (логикалық), авторлық, корреспонденттік, географиялық, мерзімдік. Істерді қалыптастыру белгілерінің құжат формулярының элементтерімен өзара байланысы. Құжаттарды алғашқы топтаудың тәжірибесі.

22 тақырып. Құжаттардың алғашқы және күрделі жиынтықтары. “Құжаттық қор” және “мұрағаттық қор” түсініктері. Мұрағаттық қорлардың түрлері. Қорқұрушы. Жеке тектік құжаттардың жиынтықтары. Жеке қорлар. Біріккен мұрағаттық қорлар. Жеке қорлар. Біріккен мұрағаттық қорлар. “Құжаттардың топтамасы” түсінігі. “Мұрағат” түсінігі. Ведомстволық мұрағаттар. Мемлекеттік мұрағаттар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарының жүйесі. Ұлттық мұрағаттық қор.


23 тақырып. Құжаттардың ғылыми-тарихи және практикалық құндылығы

“Құжат құндылығы” түсінігі. Құжат құндылығын айқындаудың мәні. Құжат құндылығын айқындаудың қағидалары. Құжат құндылығын талдау әдістері.

Құжаттың тәжірибелік құндылығы. Құжаттың ғылыми құндылығы. Құжат тарихи дерек ретінде. Құжаттардың ішкі және сыртқы сыны. Құжаттың авторлығын, жасалған уақытын, шыққан орнын талдау. Құжаттың мазмұнын талдау. Құжаттың шүбәсіздігі мен құндылығы. Жүйелі-функционалдық әдіс. Түрлі мекемелердің - қорқұрушылардың, орны мен рөлі. Жеке құжатты өзара бір-бірімен байланысты элементтердің жиынтық бөлігі ретінде қарастыру.



24 тақырып. Құжаттанулық талдау. Құжаттардың нысаны мен мазмұнының дамуын, олардың ақпаратының сипатын, құжат жүйелеріндегі өзгерістерін талдаудың құжат құндылығын айқындауға ықпалы.

25 тақырып. Қайталанатын ақпараты бар құжаттар. Қайталаудың түрлері: дублеттік, толық қамту, жинақтау, нұсқалылық, рефераттау. Бір сала төңірегінде қайталанатын ақпараты бар құжаттардың қалыптасуын айқындайтын ортақ заңдылықтар.

Алғашқы және қайталама құжаттардағы құбылыстардың, оқиғалардың, фактілердің мәні. Олардағы ақпараттың негізгі және қосалқы қызмет түрлеріне сәйкестігі. Құжаттардың жеке қорлары мен топтарының заңдық күшін бағалау.


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

«Мұрағаттану» пәні бойынша

Негізгі


  1. Алексеева Е.В., Афанасьева Л.П., Бурова Е.М. Архивоведение. Учебник. – М.,2002.

  2. Экспертиза ценности управленческих документов и комплектование ими государственных архивов (теория и методика). - М., 2007.

  3. Архивистика. Путеводитель по архивным технологиям. Курс лекций. –М., 2003.

  4. Автократов В.Н. Теоретические проблемы отечественного архивоведения. – М., 2001.

Қосымша


  1. Хорхордина Л. Архивы и история. – М., 2006.

  2. Хорхордина Л. Наука об архивах. – М., 2007.

  3. Государственный стандарт Республики Казахстан. СТ РК 1037-2001. Делопроизводство и архивное дело. Термины и определения. – Астана, 2001.

  4. Сборник нормативно-правовых актов, научно-методических документов в области архивного дела (19981- 2001). Под общей ред. доктора ист. наук К.Л. Есмагамбетова. – Астана, 2002.

  5. Адельгужин А.А. Нормативная правовая база документирования и архивного дела // Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу – Делопроизводство в Казахстане. -2007. -№ 1(1). -С. 60-66.


«Документоведение)» пәні бойынша

Негізі

1. Кушнаренко Н.Н. Документоведение. Учебник. – Киев: Знания, 2001. –460 с.

2. Кудряев В.А. и др. Организация работы с документами. Учебник. – М., 2001.

3. Ларьков В. Документоведение. – Омск, 2008.

4. Жакып А. Делопроизводство.– Астана, 2001.

5. Калтунова В.И. Деловое письмо. – М., 2000.



Қосымша

1. Сокова А.Н. Документоведение: теория и практика. – М., 2009.

2. Гельман-Виноградов В. Миссия документа. – М., 2009.

3. Пеневчик В.В. Делопроизводство. – Минск: «Высшая школа», 2000.

4.Делопроизводство. Более 1230 документов. Образцы, документы. Организация и технология работы. – М.: ООО «ТК Велби», 2003. –448 с.

5. Делопроизводство в Республике Казахстан / Сост. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2001.





Каталог: content -> files -> pages -> folder9724
folder9724 -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> «6М060100-Математика»
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М011400-Тарих»
folder9724 -> «6М020800 археология и этнология»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Аймақтану кіріспесі» пәні
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> Бағдарламасы Алматы, 2012 Емтихан тақырыптары: «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
folder9724 -> Программа вступительного экзамена по специальности для поступающих в магистратуру по специальности


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет