БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Аймақтану кіріспесі» пәні



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі207.5 Kb.
#21523
түріБағдарламасы
  1   2   3
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі


«6M050500-АЙМАҚТАНУ»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Емтихан тақырыптарының тізімі
«Аймақтану кіріспесі» пәні

  1. Халықаралық аймақтанудың теориялық негіздері. Аймақ анықтамасы, типологиясы, ұстанымдар

Ғылым жүйесіндегі курстың пәні мен орны. Курстың теориясы мен әдістемесі. Халықаралық аймақтану – пәні және құрылымы. Халықаралық аймақтанудың объектілері мен субъектілері. Аймақтанудың негізгі теориялары мен тұжырымдамалары. Геосаяси теориялар: әлемдік көпполярлы тәртіп теориясы, К. Шмиттің Үлкен кеңістіктер теориясы. Геоэкономикалық теориялар: И. Валлернстайның әлемдік жүйелер теориясы. П.Дж. Тейлердің геоэкономикалық моноцентризм ілімі. Әлеуметтік теориялар: П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация теориясы. Экономикалық және географиялық теориялар: К. Акамацудың қуып жетуші ел теориясы, Й. Шумпетердің полюстардың (нүктелердің) өсу теориясы.

Аймақтар: түсінігі, түрлері, сатысы. «Аймақ» түсінігі: кеңістіктік-уақыттық, генетикалық, мәселелік және геосаяси ұстанымдар. Аймақтың құрылымдық сипаттамалары. Аймақ түрлері. Физико-географиялық аймақтар. Аймақтардың қалыптасуының тариxи-географиялық ерекшеліктері. Аймақтың құрылымдық үлгісі. Аймақтың құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы. Аймақтардың құрамы мен шекарасы. «Халықаралық аймақ» түсінігі. Аймақтық құрылымдардың түрлері.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі халықаралық аймақтардың рөліне қатысты қазіргі кезеңдегі көзқарастар. Халықаралық қатынастардың аймақтық өлшемі. Аймақтар және аймақтық ішкі жүйелер. Халықаралық қатынастардың аймақтық iшкi жүйелерi ұғымы. Халықаралық жүйе, көпполярлылық мәселесі және халықаралық қатынастардың аймақтық iшкi жүйесіндегі үстем мемлекеттер. Ұлттық, аймақтық, жаһандық экономика мен қауіпсіздік. Аймақтық қауіпсіздік тәртіптері. Аймақтық геостратегиялық және геоэкономикалық үшбұрыштар. Аймақтық құрылымдар және аймақтық қатынастардың құрылымдануының мәселесі. Аймақтық құрылымдардың түрлері. Жаһандық және аймақтық қақтығыстар мен дағдарыстар.


  1. Аймақтарға жалпы сипаттама

Геосаяси амақтарға және әлем аймақтарына жалпы сипаттама. Геосаяси аймақтар және әлем өркениеттері. Европа, Азия, Америка, Африканың саяси картасына жалпы сипаттама (жалпы аумағы, мемлекеттер саны, халқы, әлекметтік-экономикалық және саяси даму деңгейі, мемлекеттің әлемдік шаруашылық және сыртқы саяси процесстерге қосылғандығы және т.б.)

Әлемнің экономикалық аймақтары (орталықтары). Халықаралық еңбек бөлінісі. Еуразиялық кеңістіктің жалпы геосаяси және экономикалық сипаты. Батыс Еуропа. Шығыс Еуропа. Оңтүстік-Батыс Азия. Оңтүстік Азия. Оңтүстік-Шығыс Азия. Шығыс Азия. Таяу және Орта Шығыс. Американың жалпы геосаяси және экономикалық сипаты. Солтүстік Америка. Латын Америкасы. Аустралия мен Океанияға жалпы геосаяси және экономикалық сипаты. Африкаға жалпы геосаяси және экономикалық сипаты. Солтүстік Африка. Батыс Африка. Орталық Африка. Шығыс Африка. Оңтүстік Африка.



  1. Аймақ әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде.

Аймақты қоғамдық-географиялық жүйе ретіндегі сипаттамасы. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің ұдайы өндіріс қызметтері. Ұдайы өндірістің аймақтыөқ ерекшеліктері. Әлеуметтік-экономикалық жүйенлердің тұрақтылығы. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйенің құрылуы. Орталық пен периферия: өзара әрекеттесу үрдістері. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің трасформациясы.

  1. Табиғи орта аймақтылық факторы ретінде.

Табиғат зонасы мен азоналығы. Табиғи ортаның жекеленген элементтері мен қасиетін аймақтандыру. Ландшафты бірліктерді топтастыру. Әлем мұхитының аймақтығы. Әлемнің негізгі ландшафтық аймақтары. Аймақтың табиғи-ресурстың факторы.

  1. Аймақтың этникалық факторы.

Этникалық аймақтың тамырлары. Нәсілдердің кеңістік диффузиясы. Этностың Отаны немесе даму орны. Жердің этноценоздары және этносфералары. Этникалық белгілері. Этникалық байланыстар. Этникалық құрылым. Этногенез, пассионарлық және этникалық өріс. Этностың уақыттағы айналуы. Этнология және Л.Н.Гумилевтің пассионарлы теориясы.

  1. Аймақтың демографиялық факторы

Халық. Социум. Демография. Халықтың географиясы және геодемографиясы. Геодемографиялық жағдай. Әлем халықтары санының динамикасы. Халықтың туылуындағы аймақтық ерекшеліктер. Халықтың өлуіндегі аймақтық ерекшеліктер. Табиғи өсім және халық өмірінің ұзақтығы. Жас құрылымы және халықтың қызметі.

  1. Аймақтанудың қоныстандыру факторы.

Қоныстандырудың анықтамасы мен факторлары. Табиғи, демографиялық, миграциялық қоныс аудару - қоныстанудың динамикалық факторы ретінде. Әлем халықтарын орналастыру. Георуралистика және геоурбанистика. Ірі қалалар және агломерация. Жергілікті және аймақтық қоныстандыру жүйелері. Урбанизация және «халық-қоршаған орта» мәселесі. Миграция қоныстандыру динамикасының факторы ретінде. Құрлықаралық миграциялар – анализі және болжамдар. Халықаралық халық миграциясының көрсеткіштері. Халықаралық жұмысшы күші миграциясы.

  1. Аймақтанудың конфессионалдық факторы.

Діни кеңістіктің қалыптасуы. Діни ішкі жүйе құрылымы: діни мұра, діни «негіз», діни «құрылым». Әлем діндері. Буддизм. Христиандық. Ісләм. Ұлттық діндердің географиясы. Иудаизм. Конфуцийшілдік. Индуизм. Синтоизм. Діни сенімдер. Еуразиялық діни кеңістік. Қазақстанда дін тұту динамикасы. Қазіргі Қазақстанның діни жағдайы.

  1. Аймақтанудың саяси-географиялық факторы.

Саяси география және геосаясат. Аумақтық-саяси жүйелер. Саяси-географиялық жағдай. Саяси-географиялық шекаралар. Егеменді мемлекеттердің түрлері, маңызы мен типологиясының мәнісі. Әлем елдерінің дифференциясы. Типология көрсеткіштері: сәйкестігі, ел аумағының көлемі, халық саны, ішкі жалпы өнім, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың салалық құрылымы, еңбек өнімділігі, аулы шаруашылығының даму деңгейі, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны. Экономикалық тұрғыдан жоғары дамыған елдер. Орта деңгейлі дамудағы мемлекеттер. Экономикалық тұрғыдан әлсіз немесе дамушы мемлекеттер. Билікті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік құрылым түрлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінің конституциялары: аумақтық бөлініс аймақтық дамудың негізі және шекарасы ретінде.

  1. Әлемнің мәдени-тарихи аймақтары.

Мәдениет және өркениет: түсінігі. Мәдениет, өркениет, аймақтылық. Өркениеттік кеңістіктің құрылымы. Әлемнің мәдени интеграциясы мен аймақтылық. Материалдық мәдениет. Рухани мәдениет. Әлеуметтік мәдениет. Техникалық инновациялар. Мәдени-діни біркелкілік. Аймақтық сана. Әлеуметтік унификация және әлеуметтік ерекшелік аймақтылық факторлары ретінде. Өркениеттік кеңісіктер. Аймақтық өркениеттердің құрылуы мен генезисі. Халықаралық өркениеттің құрылымы. «Өркениеттің» белдеулік таралымы. Қазіргі өркениеттер: арелдар мен «бөліністер». Шығыс өркениеттері. Индуистік өркениет. Қытай-конфуциандық өркениет. Жапон өркениеті. Ісләм өркениеті. Негроафрикандық өркениет. Батыс өркениеті. Латын американдық өркениет. Праволавиелік өркениет.

  1. Еуропа аймақтарының сипаттамасы.

Шетелдік Еуропаның жалпы экономикалық-географиялық және саяси сипаттамасы. Еуропаның шекаралары. Географиялық және геосаяси тұрғыдан орналасуы. Еуропаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін қолайлы табиғи және тарихи-мәдени факторлар. ХХ ғасырдағы Еуропадағы геосаяси өзгерістер. Еуропаның субаймақтары. Еуропадағы интеграциялық үдерістер. Еуропалық Одақ.

Еуропа аймақтарының өндірістік инфрақұрылымы. Еуропадағы қаржы инфорақұрылымы. Еуропа аймақтарының әлеуметтік инфрақұрылымы. Еуропа аймақтарының ғылыми инфрақұрылымы. Еуропадағы туризм және спорт инфрақұрылымы.

Батысеуропалық сәйкестілік. Еуропаның жетекші мемлекеттері. Мнмлекеттердің жалпы сипаттамасы (аумақ, халық, билік ету формасы, әкімшілік-аумақтық құрылысы). Дамудың қазіргі кезіндегі Еуропаның жетекші мемлекеттеріндегі халық пен өмір сүру сапасы. Еуропадағы аймақтық саясаттың жалпы сипаттамасы. Еуропадағы аймақтық саясаттың ұлттық деңгейінен жоғарғы деңгейдің жалпы сипаттамасы.


  1. Америка аймақтарының сипаттамасы.

Солтүстік және Латын Америкасы. АҚШ және Канада. Мемлекеттердің жалпы сипаттамасы (аумағы, халқы, билік ету формасы, әкімшілік-аумақтық құрылым). Географиялық және геосаяси орналасуы. Тарихи-географиялық ерекшеліктер. Аймақтық айырмашылықтар. Америка аймақтарының өндірістік инфрақұрылымы. Солтүстік Американың өндірістік инфрақұрылымының сипаттамасы. АҚШ-тың аймақтық саясатының жалпы сипаттамасы. Қазіргі даму сатысындағы халық пен өмір сүру сапасы. Латын Америкасының жалпы сипаттамасы. Аймақтық айырмашылықтар. Латын Америкасының өндірістік инфрақұрылымының жалпы сипаттамасы. Американың халықаралық қаржы инфрақұрылымы. Америка аймақтарының әлеуметтік инфрақұрылымы. Америка аймақтарының ғылыми инфрақұрылымы. Америка аймақтарының туризм және спорт инфрақұрылымы.

Солтүстікамерикандық сәйкестілік (ағылшын-саксон). Латынамерикандық сәйкестілік. Әкімшілік-аумақтық аймақтандыру. Американың ежелгі халқы мен аймақшылдық. Канададағы «Квебектік аймақшылдық». Солтүстік Американың физика-географиялық аймақтандырылуы. Оңтүстік Америкадағы физика-географиялық аймақтандырылуы. Экономикалық аймақшылдық. Еркін сауданың Солтүстікамерикалық ассоциациясы (НАФТА).



  1. Шетелдік Азия. Таяу Шығыс пен Орталық Шығыс. Азия-Тынықмұхиты аймағы мен Шығыс Азияның сипаттамасы.

Азияның физика-географиялық аймақтандырылуы. Этникалық аймақшылдық. Әкімшілік-саяси аймақшылдық. Аймақшылдықтың факторлары. Солтүстік-шығыс Азия. Қытай, Жапония бойынша елтану. Оңтүстік-шығыс Азия. Оңтүстік Азия аймағы (Үндістан, Пәкістан). Табиғи– ресурстық, еңбек, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеует. Экономиканың салалық құрылымы. Маңызды өнеркәсіптік және қаржы орталықтары. Импорт пен экспорт құрылымы. Сыртқы экономикалық стратегия. Таяу Шығыс, Орталық Шығыс. Араб аймағы. Мәдениет пен дін Азиядағы интеграциялық фактор ретінде.

АТА мен Шығыс Азияның геосаяси, әкімшілік және экономикалық бөлінісі. АТА аймағының өндірісітік инфрақұрылымы. Шығыс Азия аймағының инфрақұрылымының жалпы сипаттамасы. Өндірісітік игфрақұрылым. Материалдық айналыс инфрақұрылымы. Ақпараттық инфрақұрылым (байланыс, телекоммуникация, компьютерлік желілер). Іскерлік қызмет инфрақұрылымы. АТА-ның халықаралық қаржы инфрақұрылымы. Шетелдік Азия мемлекеттеріндегі әлеуметтік инфрақұрылым. Азия аймақтарындағы діни инфрақұрылым. Шығыс Азияның жетекші мемлекеттерінің ғылыми нфраұрылымы. АТА-ның туризм және спорт инфрақұрылымы.



  1. Еуразиялық аймақтың сипаттамасы.

Посткеңестік кеңістіктің аймақтануы. Еуразияшылдық концепциясы. Аймақтылық факторы. «Славян үшбұрышы»: Ресей – Белоруссия – Украина. Каспий ынтымақтастығы: Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан. Кавказ аймағы: Чечня, Грузия, Абхазия, Армения, Әзірбайжан.

Посткеңестік мемлекеттердің еуроазиаттық аймақтағы реформалар саясаты. Физикалық-географиялық аймақтандыру. Мәдени-тарихи аймақтылық. ТМД қызметіндегі Қазақстанның рөлі. Аймақ елдерінің ЕврАзЭҚ-тағы экономикалық әрекеттестігі. Кедендік Одақ, Аймақтық ұйымдардың қауіпсіздік саласындағы қызметі (ҰҚКҰ, ШЫҰ, АӨСШК). Орталық Азия елдері әрекеттестігінің саяси және экономикалық аспектілері.



  1. Аустралия және Океания аймақтарының сипаттамасы.

Аустралиялық сәйкестік. Әкімшілік-территориялық аймақтандыру. Аустралияның физикалық-географиялық аймақтандырылуы. Океанияның физикалық-географиялық аймақтандырылуы. Аустралиялықтар - аборигендер мен аймақтылық. Экономикалық аймақтылық. Аустралияның аймақтық саясаты. Аустралияның аймақтық саясатының басты қағидалары. Орталықтың аймақтарға қатысты саясаты. Штаттар деңгейіндегі саясат.

  1. Африка аймақтарының сипаттамасы. Афро-азиаттық макроаймақтар.

Аймақтың жалпы сипаттамасы. Географиялық және геосаяси жағдайы. Африканың геосаяси, әкімішілік және экономикалық бөлінуі. Табиғи жағдайлар мен ресурстар. Тарихи-географиялық ерекшеліктері. Тұрғыны (ұлттық құрам, дін, демографиялық жағдай). Африка аймағының өндірістік инфрақұрылымы. Африканың халықаралық қаржы инфрақұрылымы. Африка аймақтарының әлеуметтік инфрақұрылымы. Аймақтық айырмашылық. Мәдени-тарихи дифференциация.
«Халықаралық қатынастар тарихы» пәні
1. Халықаралық қатынастардың Версальдік жүйесінің құрылуы

Дипломатиялық дайындық және Париж бейбіт конференциясының ашылуы. Конференцияны ұйымдастыру, жұмыс тәртібі, негізгі мәселелері, қатысушыларының санаттары. Державалардың ұстанымы. Ондық кеңес. Конференцияның негізгі комиссиялары. Ұлы жеңімпаз-мемлекеттердің бейбіт реттеу мәселесіне қатысты негізгі амалдары. Ұлттар Лигасының құрылуы. Версаль бейбіт келісім-шарты, оның негізгі бөлімдері мен баптары. Келісім-шарттың сипаты мен талабы. Ұлттар Лигасының статутының қабылдануы. Германияның шекарасы. Еуропаның саяси құрылысы мәселелерін реттеу. Рейн зонасының қарусыздандырылуы. Австрияға қатысты Германияның міндеткерліктері. Германияның Чехословакия, Польша, Даниямен шекаралары туралы мәселесі. Территориялық ұтылыстар. Германия армиясы және келісім-шарттағы әскери мәселелер. Экономикалық қатынастарды реттеу. Тасымалдау мәселесі. Еңбек мәселесін халықаралық реттеу. Халықаралық еңбек бюросының құрылуы. Версаль келісім-шартының күшіне ену үрдісі. Американ-герман келісім-шарты. Германияның әлсіреуі және оның ұлы одақ мәртебесінен айырылуы. Бірінші дүние жүзілік соғыс және бейбіт шарттар бойынша Германияның одақтастарымен бітімгершілік шарттары. Париж конференциясындағы Еуропаның саяси құрылысы мәселелерін реттеу. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада аумақтық-мемлекеттік қайта құрылымдар. Жаңа мемлекеттердің пайда болуы. Конференцияда Шығыс және отар мәселелері. Мандат жүйесінің құрылуы. Репарация мәселесі және репарациялық комиссияның құрылуы. Париж конференциясындағы орыс мәселесі. АҚШ-тың оқшаулану саясатына қайта оралуы. Еуропадағы халықаралық қатынастардағы Версаль жүйесі.



2. АТА-ғы халықаралық қатынастарда Вашингтон жүйесінің

қалыптасуы және дамуы

Бірінші дүние жүзілік соғыс барысында Тынық мұхит аймағында және Қиыр Шығыста халықаралық жағдайдың өзгеруі. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Қиыр Шығыстағы күштердің ара-қатынасы. Ағылшын-американ бақталастығы. Жапон-американ қарама-қайшылықтары. Жапон-орыс қарама-қайшылықтары.

Вашингтон конференциясының шақырылуы және ашылуы. Конференцияның қатысушылары. Конференцияның мақсаты. Теңіз қару-жарақтарын шектеу мәселесі. Қару-жарақты шектеу жөніндегі комитет. “Төрт державаның трактаты” және оның мазмұны. Аралдық иеліктер туралы мәселе. Мандаттық мемлекеттер. Американдық "Ұлттар ассоциациясы" идеясы.

Теңіздік қарулануды шектеу мәселесі. Бес державалық келісім-шарт. Линейлік кемелердің тоннажы туралы мәселе. Держвалардың міндеткерліктері. Нығаю және теңіз базалары жөніндегі мәселе. Қытай мәселесі. Қытай туралы мәселедегі АҚШ пен Ұлыбританияның талаптары мен қағидалары. Тоғыз держава трактаты. Қытайдағы ықпал өрісі саясатынан ұлы державалардың бас тартуы. Вашингтон конференциясындағы орыс мәселесі. Кеңес-қытай және кеңес-жапон қатынастарының тұрақтануы. Азиялық-Тынықмұхиттық аймағында (АТА) күштердің жаңа тепе-теңдігінң қалыптасуы. АТА-ғы халықаралық қатынастардағы Вашингтон жүйесі, оның ерекшеліктері және қарама-қайшылықтары. Латын Америкасында халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы. Версаль-Вашингтон жүйесі, оның табыстар мен қарама-қайшылықтары.



3. 20-жылдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар

Халықаралық қатынастарда Версаль жүйесін нығайту мәселесі. Соғыстан кейінгі көпбағыттылықтың ерекшелігі. Соғыс аралық кезеңдегі халықаралық қатынастарда және дипломатиядағы орыс мәселесі. Еуропаның экономикалық қайта қалпына келу мәселесі. Генуялық конференциясы, оның мақсаты және қатысушылары. Гаагалық қаржы-экономикалық конференциясы.

Еуропада саяси қарама-қайшылықтардың шиеленісуі. Германияның репарация төлеуден бас тартуы және Рур қақтығысы. 1924 ж. Лондон конференциясы және Дауэс жоспарының қабылдануы. Еуропадағы халықаралық қатынастардың тұрақтануы. Севр келісім шартының күшін жою үшін Түркияның күресі. Таяу және Орта Шығыстағы ұлы державалардың қарама-қайшылықтарының шиеленісуі. Лозанн бітімгершілік шарты. Халықаралық қатынастардың таяушығыстық жүйесінің қалыптасуы. Орта Азия мен Орта Шығыстағы халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы. Иранның аймақтық қатынастардағы жағдайы. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі аймақтық қатынастар жүйесіндегі Ауғанстан. Орта Азиялық мемлекеттердің халықаралық жағдайының ерекшеліктері. Түркістан аумағындағы Кеңес билігінің орнауы.

4. Халықаралық қатынастардағы және соғысаралық кезең дипломатиясындағы Герман мәселесі.

Спадағы конференция (1920 ж.). Германияның қарусыздануы және репарациялар туралы мәселе. Лондон конференциясы (1921 ж.). Репарациялық және Таяу Шығыстық мәселелерді шешу әрекеттері. Лондонның Германияға ультиматумы. Еуропадағы саяси қайшылықтардың шиеленісуі. Репарациялық мәселе жөніндегі Лондон конференциясы (1922 ж.). "Өнімді кепілдер бағдарламасы". Ағылшын-американ жақындастығы. Париж конференциясындағы француз ұсыныстары (1923 ж.). Пуанкаре саясаты. Германияның репарация төлеуден бас тартуы және Рур қақтығысы. "Енжар қарсыласу саясаты". Рейн аумағы және Бавариядағы сепаратистік қозғалыстар. Державалар арасындағы келіспеушіліктер. Германияның ұсынысы. Халықаралық сарапшылар комитеті. Дауэс жоспарын жасау. 1924 ж. Лондон конференциясы және Дауэс жоспарының қабылдануы. Репорация төлемдерінің көздері. Төлеу тәртібі. Юнг жоспары. Германияның репарациялық төлемдері көлемінің өзгеруі. Гувер меморандумы. Репарация төлеуге мораторий. Халықаралық қатынастардағы Германияның рөлі мен орны.



5. 1925 – 1933 жж. халықаралық қатынастар Еуропадағы халықаралық қатынастардың тұрақтануы. 20-шы жылдардың екінші жартысындағы еуропалық тәртіпке тән негізгі белгілері. Арабтық Шығыстағы ағылшын дипломатиясы. Марокко мен Сириядағы соғыстардың дипломатиялық салдарлары. Рейн пактісі туралы герман меморандумы. Г.Штреземанның саясаты. 1925 ж. Локарно конференциясы. Ұлттар Лигасының 16-шы бабы туралы мәселе. Арбитраж туралы мәселе. Рейн кепілдік пактісінің мазмұны мен мақсаты. Төрелік (арбитраждық) келісім-шарттар тізбегіне қол қою. Локарнодан кейінгі Германияның ұстанымы. Германия мен КСРО арасында достық пен бейтараптық туралы келісім-шарт. Локарнодан кейінгі ағылшын-итальян жақындасуы. Итальян фашизмінің негізгі мақсаты мен ұмтылыстары. Жерорта теңізі мәселеі. Еуропада аймақтық қауіпсіздік пактілерін құру бойынша Ұлыбритания мен Францияның бастамалары. Балтық жағалауы, Балқан, Солтүстік, Шығыс, Орталықеуропалық «Жаңа Локарна” құру жобалары. Француз-герман экономикалық жақындасуы. ”Пан-Еуропаны” құру жобасы. КСРО және Локарно үрдісі. Кіші және орта мемлекеттердің одақтары. Кіші Антанта. Ұлттар Лигасы және Кіші Антанта елдері. Олардың саясаты. 1929-33 жж. дүние жүзілік экономикалық дағдарыс және оның халықаралық қатынастарға ықпалы. Державалар арасындағы қарама-қайшылықтардың өткірленуі. Австро-герман кедендік одағы (1931 ж.). Версаль келісім-шартын қайта қарастыру мәселесі.

6. Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар (1925-1939 жж.)

Қиыр Шығыста және Тынық мұхит бассейнінде державалардың бақталастығы. 1925-1927 жж. Қытайдағы ұлттық революция және ұлы державалардың араласпау саясаты. Жапонияның сыртқы саясаты, оның мақсаты. Пан-азиаттық доктрина. Танака меморандумы. Жапонияның Қытайда және Қиыр Шығыстағы үстемдікке деген талаптары. АТА-а әскери-теңіздік шектеу тәртібінің нығаюы. Маньчжурияның жаулап алынуы. Маньчжоу-го мемлекетінің құрылуы. Ұлттар Лигасындағы жапон-қытай қақтығысы. Жапон-кеңес қайшылықтары. Жапонияның Қытайдағы басқыншылығы және державалардың ұстанымы. Ұлттар Лигасының кеңесі және Қытай үкіметінің шағымы. Жапонияның Солтүстік Қытайдағы басқыншылығы. Жапонияның Германия және Италиямен жақындасуы. Коминтернге қарсы пактіге Жапонияның қатысуы. Қиыр Шығыста КСРО мен Жапония мүдделерінің қақтығысы.



7. 1933-1938 жж. халықаралық қатынастар

Германияның аумақтық өктемдік жүргізу жоспарлары. Германияның Ұлттар Лигасынан шығуы. Францияның Германияға қарсы әрекет ету бағыты. Орыс-француз келіссөздері. Балқан пактісі. Оның мақсаты, қатысушылары, іс-қимылының мерзімі. Балтық Антантасы. Италиядағы фашизм және оның жаулап алу жоспарлары. Фашистік державалардың ашық басқыншылығы. Германияның Версаль келісім шартындағы әскери баптардан бас тартуы және батыс державаларының саяси ұстанымы. Халықаралық қатынастардың Версальдік жүйесінің күйреуі. “Оқшаулану” доктринасы және араласпау саясаты. Испаниядағы фашистік көтеріліс және итальяндық-неміс басқыншылығы. Испан ісіндегі “араласпау саясаты” және оның күйреуі. Басқыншылық мемлекеттер одағының қалыптасуы. “Берлин –Рим” өсінің құрылуы. 1936 ж. антикоминтерндік пакт, оның қатысушылары, мазмұны. Ось державаларының әскери келісімі. Италияның антикоминтерндік пактіге қосылуы. Еуропада басқыншыны тыныштандыру саясаты. 1937 ж. экономикалық дағдарыс және еуропалық дипломатия.



8. ХХ ғ. 20-30 жж. аяғындағы бейбітшілік және қауіпсіздік үшін күрес

Ұлттар Лигасы және 1924 ж. халықаралық дауларды бейбіт реттеу туралы Женева хаттамасы. Ұлттар Лигасы, оның қызметі. Ұлттар Лигасындағы қарусыздандыру туралы мәселе. Шығыстағы пацифизм мәселесі. "Пан-Еуропаны" құру жобалары. Брианның Еуропа елдеріне үндеуі. Куденхофе-Каллерги пан-еуропалық манифестісі. Халықаралық қатынастарда күш жұмсамау жөніндегі келісімнің дайындалуы. Бриан-Келлог пактісіне қол қойылуы. Теңіздік қарулануды шектеу жөніндегі Лондон конференциясы. 30-шы жж. басында державалар арасындағы қарама-қайшылықтарының шиеленісуі. 1932-1934 жж. Женевадағы қарусыздандыру бойынша халықаралық конференция және державалар ұстанымы. Ұлттар Лигасында қарусыздандыру мәселесі. 1933 ж. басқыншы мемлекетті айқындау жөніндегі Лондон конвенциялары. Шығысеуропалық пакт жөніндегі келіссөздер. 1935-1936 жж. Лондон теңіздік конференциясы. 1935 ж. КСРО-ның Чехословакия және Франциямен Өзара көмек жөніндегі келісімдері. Қара теңіз мемлекеттерінің қауіпсіздігінің нығаюы. 1936 ж. Монтредегі конференция және қаратеңіз бұғаздары туралы Лозан конвенциясын қайта қарастыру. Нион конференциясы және оның шешімдері.



9. Еуропада соғыс қарсаңындағы саяси дағдарыс

Фашистік мемлекеттердің басқыншылығының ұлғаюы. Австрия аншлюсі және еуропалық дипломатияның ұстанымы. Судет мәселесі. Мюнхен конференциясы, мақсаты, қатысушылары. Мюнхеннен кейінгі Англия, Франция, АҚШ ұстанымдары. Чехословакияның басып алынуы және бөлініске түсуі. Словакия мемлекетінің пайда болуы. Отарлар туралы батыс мемлекеттердің Германиямен келіссөздері. Басқыншы мемлекетті тыныштандыру саясаты. Германияның Польша мен Литваға деген талаптары. Германия басқыншылығының қауіптілігі және ағылшын-француз одағы. Кепілдік саясаты және ағылшын-француз кепілдіктері.

1939 ж. Москвадағы ағылшын-француз-кеңестік келіссөздер, елдердің ұстанымдары. Шабуыл жасаспау жөніндегі Кеңестік-герман пактісі. “Молотов-Риббентроп Пактісі” келісім шартының ресми мәтіні. Келісім шарттың құпия баптары. Мүдделер өрісі. Қалдық поляк мемлекетінің тағдыры жөніндегі мәселе. КСРО мен Германияның Польшаны өзара бөлісуі. Шекара шебі. 1939 ж. кеңес-герман сауда келісімі.


  1. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы державалардың дипломатиялық күресі (1939-1945 жж.)

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында халықаралық күштердің орналасуы. Германияның Польшаға әскери шабуылы. Соғыстың басы. Соғысушы мемлекеттердің мақсаты. Ұлы державалардың дипломатиясы. Батыс Еуропадағы “Ерекше соғыс” және Францияның тізе бүгуі. Американдық дипломатияның ұстанымы.

Соғыста одақтастар үшін дипломатиялық күрес. КСРО-ның соғысқа кіруі. Гитлерге қарсы коалицияның құрылуы. Тынық мұхит бассейніндегі жапон-ағылшын және жапон-американ қатынастарының шиеленісуі. АҚШ-тың соғысқа кіруі.

Тегеран конференциясы және оның шешімдері. Германияны соғыстан кейінгі құрылымының жоспары. Қырым конференциясы және оның шешімдері. Германияның тізе бүгуі. КСРО мен Жапония арасындағы соғыс. Жапонияның тізе бүгуі. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік саяси карта.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет