БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Аударма теориясы» пәні



Дата08.06.2016
өлшемі114.69 Kb.
#122388
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Аударма теориясы және әдіснамасы






Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген




«6М020700»- Аударма ісі»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Аударма теориясы» пәні

  1. Аударма теориясына кіріспе. Аударма трансформациялары, аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері мен тәжірибелері, аударма мәтінінің түпнұсқамен сәйкестігін пайымдап, барлап – байқаудан туған қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорыту.

  2. Әдеби аударматану. Мәтіндерді талдаудың әдеби стилитикалық әдіс-амалдары, түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы коммуникативтік, функционалдық қарым-қатынастарын айқындау, сәйкестік мәселелерін саралайды.

  3. Лингвистикалық аударматану. Тіл біліміндегі лексикология, лексикография, семасиология салалары арқылы мәтін талдау, мәтіннің грамматикалық-синтаксистік құрылымын анықтау, сөз біріктіру амалдары, қосымшалардың қызметі, көркем мәтін авторының, аудармашының сөз қолданасын т.б., айқындауды басты нысанаға алады.

  4. Аудармадағы эквиваленттілік түсінігі. Аударманың коммуникативтік схемасын, эквиваленттіліктің бес типімен таныстыру, олардың көркем прозаны тәржімалаудағы қызметін айқындау.

  5. Аударма трансформациясы. Аударма үдерісін оқытуда аударманың теориялық модельдері мен әр түрлі типтерінің өзгеріске ұшырауы (трансформация) ерекше қарастырылады.

  6. Аудармада аударылмайтындар. Адам аттары, жер-су аттары, фразеологизмдер, идиомалық тіркестер, мақал-мәтелдерге мысал келтіре отырып дәлелдеу. Аударма және термин сөздер. Жарнамадағы халықаралық сөздердің орны. Калька тәсілі.

  7. Аударма тәсілдері. Аударма мәтініңде қолданылатын тәсілдерді анықтау. Балама, еркін, сөзбе-сөз тәсілдеріне тоқтала отырып, аударманың функционалдық-семантикалық жақтарына назар аудару.

  8. Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары. Түпнұсқадағы сөзбен сөйлем мағынасын аударудың басты жолдары. Коннативтік мәнді жеткізудің ерекшеліктері. Аударма шығармалардан мысалдар келтіру.

  9. Аудармадағы тілдік белгілер. Аударма кезіндегі семантикалық дәлме-дәлдіктер. Аудармадағы грамматикалық мағыналардың рөлі. Аударма кезіндегі контекст пен жағдай. Аудармадағы грамматикалық белгілер.

  10. Аударманың прагматикалық мәселелері. Прагматика түсінігі. Аударма прагматикасы курсының негізгі мақсат-міндеттері.


«Тілі оқылатын елдің әдебиеті және аударма мәселелері» пәні

1. ХІ – ХIХ ғғ. ағылшын әдебиеті және аударма мәселелері. Англосаксон эпосы. Беовульф. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиеті. Шекспира шығармашылығы. «Король Лир» трагедиясы және оның қазақ тіліне аударылу тарихы.

2. ХVII ғасырдағы ағылшын әдебиеті. Д.Мильтона шығармашылығы. XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағылшын әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы.

3. XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағылшын әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы. Еңбек тақырыбы және оның Д.Дефоның «Робинзон Крузо» романында көрініс табуы. Ағылшын романтизмі. Лейкистер шығармашылығы.

4. Дж.Г.Байрона шығармашылығы. Қазақ тіліне аударылу тарихы. Байронның «MY SOUL IS DARK» өлеңінің түпнұсқасы мен қазақ аудармаларын салғастыра талдау.

5. П.Б.Шелли және Д.Китс шығармашылығы. В.Скотта өмірі мен шығармашылығы. Ағылшын реализмі. Ч.Диккенс шығармашылығы. Ч.Диккенстің «Оливер Твист» романындағы реалийлердің қазақ аудармаларында берілуі.

6. XX- XXІ ғ. басындағы ағылшын әдебиеті және көркем аударма мәселелері. Ғасырлар тоғысындағы ағылшын әдебиеті.О.Уайльд шығармашылығы.

7. Р.Киплинг туындылары және олардың қазақ тіліне аударылуы. Р.Киплинг прозасының қазақ тіліне аударылуы. Ағылшын және үнді реалилерінің берілу ерекшеліктері.

8. ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс. Ағылшын әдебиетіндегі реалистік әдіс. Д.Джойс шығармашылығы және модернистік әдебиетті аударудың ерекшеліктері.

9. ХХ ғ. ағылшын әдебиетіндегі утопия және антиутопия дәстүрі. ХХ ғ. ағылшын әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы. Ғасырлар тоғысындағы ағылшын әдебиеті.О.Уайльд шығармашылығы; Ағылшын неоромантизмі. Р.Киплинг туындылары және олардың қазақ тіліне аударылуы; ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс. Ағылшын әдебиетіндегі реалистік әдіс; Д.Джойс шығармашылығы және модернистік әдебиетті аударудың ерекшеліктері; ХХ ғ. ағылшын әдебиетіндегі утопия және антиутопия дәстүрі; ХХғ. ортасы - ХХI ғ.басындағы ағылшын әдебиеті және көркем аударма мәселелері

10. ХХғ. ортасы - ХХI ғ.басындағы ағылшын әдебиеті және көркем аударма мәселелері. Ағылшын әдебиетіндегі философиялық роман жанры.

11. Ағылшын романтизмі. Лейкистер шығармашылығы. Романтизм әдеби бағыт ретінде. Еуропалық романтизмнің қалыптасуы. Француз революциясы туралы идеяның күйреуінің кейінгі жалпы мәдени кризистің әдеби дамуға тигізген әсері. Әлем және адамзат туралы романтикалық дүниетанымдағы болып өткен катастрофалар бейнесі. Романтиктер поэтикалық шығармашылығында жеке сана мен жеке стильдің үйлесімділігі.

12. ХІХ ғасыр әдебиеті: сыншыл реализм. Ағылшын әдебиетіндегі реалистік романның негізін салушы Чарльз Диккенс (1812-1870)– Ұлы Британияның ұлттық мақтанышы. Ол Портсмут маңындағы Лендпортта теңіз ведомоствосының шенеунігінің жанұясында дүниеге келген.

Диккенс өзінен кейінгі әдебиетке зор ықпалын тигізген жазушы. Бұл туралы орыс әдебиетінде Достоевский, Лесков, неміс әдебиетінде Кафка, АҚШ-та Фолкнер, т.б. айтып өткен.

13. Ғасырлар тоғысындағы ағылшын әдебиеті. О.Уайльд шығармашылығы. Викторианство және ағылшын әдебиеті. Англия әдебиетіндегі реализм, романтизм и натурализм. Ғасырлар шегіндегі Британ империясы. Ағылшын буржуазиялық мәдениетінің дағдарысы. Символизм. 1880–1890-жылдар және ағылшын әдебиетіндегі викториандық дәуірдің күйрей бастауы. Әдеби сананың ерекшеліктері: христиандық социализм дәстүрі, позитивистік және эволюциялық идеялар (Милль, Дарвин, Г. Спенсер, Хаксли), ағылшын эстетизмі.

14. ХХ ғ. ағылшын әдебиетіндегі утопия және антиутопия дәстүрі. Дэвид Герберт Лоуренстің өмірі мен шығармашылығы (1885-1930). «Любовник Леди Чаттерлей» романының проблематикасы. Жазушының тілі мен стилі. Д.Г.Лоренс- «20 ғасырдың 1-жартысындағы ең көрнекті... қарама-қайшы және қиын ағылшын жазушыларының бірі».


«Мәдениетаралық қарым-қатынастың теориясы мен практикасы» пәні

1. «Мәдениет»- «культура» термині және оның мән- мағынасы, құрылымы. Көркем аударманың шығармашылық сипаты туралы жалпы түсінік.Түпнұсқа және аударма: саймасайлық сипаты.

2. Аударманың тіл және мәдениетаралық коммуникациядағы қызметі. Көркем аударманың шығармашылық кезеңдері.Түпнұсқа мен аударма: көркемдік бейнелеу құралдарының саймасайлығы.

3. Аударманың коммуникативтік, эстетикалық, қоғамдық талаптары. Көркем шығарма авторы мен аудармашы еңбегі: ортақ белгілер мен дара ерекшеліктер.Түпнұсқа мен аударма: мағыналық құрылым, компазиция саймасайлығы.

4. Аудармашы мәдениеті. Көркем аударма теориясы және оның аударманың лингвистикалық теориясынан ерекшеліктері.Түпнұсқа мен аударма: сюжеттік даму сатыларының саймасайлығы

5. Мәдениет әлемі және аударма маңызы. Көркем аудармсаны зерттеу мен зерделеудің деңгейлері және олардың негізгі сипаттары. Түпнұсқа мен аударма: идея саймасайлығы.

6. Халықтар мәдениетін жақындастырудағы аударманың ықпалы. Көркем аудармадағы тілдік ұстаным және әдеби тұрғы. Түпнұсқа мен аударма: тақырып саймасайлығы.

7. Мәдениет әлемі және аударма маңызы. Көркем аударманың шығармашылық сипаты туралы жалпы түсінік. Түпнұсқа және аударма: сыны саймасайлығы.

8. Евразиялық ауқымдағы аудармашылық жұмыстар. Ұлттық әдебиет, тектес халықтар әдебиеті, өңірлік әдебиет әлемдік әдебиет деғгейлері. Көркем аударма мәселелерін әдеби компаративистика аясында зерттеудің мекендік деңгейлері.

9. Әдеби компаративистика және көркем аударма процесі. Көркем аударма мәселелерін әдеби компаративистика аясында зерттеудің пәндік проблемалық деңгейлері.

10. «Әдеби компаративистика және көркем аударма». Көркем аударманы қабылдаудың эстетикалық сипаты және оның түпнұсқаның эстетикалық әсеріне сәйкестігі.

11. Компаративистика және әлемдік әдебиеттің өзара қарым-қатынасы. Халықаралық әдеби байланыстардың түрлері. ХІХ ғасырдағы қазақ-орыс әдеби байланысы. ХХ ғасыр басындағы әдеби байланыстар. Көркем аударманың негізгі функциясы – оқырман арасындағы қатынас. Салыстырмалы әдебиеттану контексіндегі аударма үрдісі. Көркем аударма теориясы – салыстырмалы әдебиеттанудың түп негізі.

12. Батыс Еуропа мектептерінің озық тәжірибелері. Еуропа әдебиеті және Шығыс Еуропа әдебиеті мен еуропалық ой-тұжырымдар аймағы. Еуропа әдебиеті және Ресей. Орта Азияға Ресей арқылы тараған Еуропалық әдебиет түрлері. Еуропалық әдебиеттің өсіп нығаюына Шығыстық әдебиеттің, ілімнің әсері.


«Аудармашы кәсібі қызметінің негіздері» пәні

1. Аудармашы қызметі. Аудармашының кәсіби талаптары. Аудармашы мамандығының маңыздылығы мен қажеттілігі. Аударма үдерісі және аударма ісінің адамзатқа, қоғамға қажеттілігі. Аудармашы құзыреті. Көркем аударманың ерекшелігі. Аударма өнерінің қиындығы, оны меңгеру. Аудармаға машықтану, тәжірибелік ізденісті жетілдіру. Аударма ісіне дағдылану

2. Аударма үдерісі және аудармаға қойылатын талаптар. Аударма үдерісінің түпнұсқаға қатынасы. Аудармашы атқаратын іс-әрекеттер. Аудармаға қойылатын талаптар (Х.Саворидің талдап, жіктеуі бойынша). Аударманың түпнұсқалық мағынасы мен сөздерін беруі, аудармада түпнұсқаның құрылымдық сипатының сақталуы.

3. Аударма дербестігі мен стратегиясы. Аудармашы дербестігі мен стратегиясы. Аудармашы дербестігінің авторды, оның шығармасын таңдауға қатысты ерекшелігі. Аударманың жоғарғы сапалы болуын, көркем шығарманы таңдаудың тигізер ықпалы. Аудармашы дербестігі ұғымы және оның аудару үдерісіндегі рөлі. Аудармашының стратегиялық таңдауы. Автор мен аудармашы аралығында байланыс.

4. Аудармашылыққа кәсіби мамандану негіздері. Аударманың жалпы және жеке теориясы А.Поповичтің аударматану ғылымын жүйелеп жіктеуі. Аударманың жалпы дедуктивтік және индуктивті теориясы. Аударманы зерттеп, сараптау, талдау туралы түсінік.

И.С.Алексееваның аударма теориясын түрге бөліп, талдауы. Олардың мән-маңызы.

5. Аударма теориясы және оның қалыптасып дамуы. Аударма ісіне кәсіби маманданудағы аударма теориясының қажеттілігі. Аударма теориясының қалыптасып дамуы мен кеңестік кезеңдегі аударматану ғылымының негіз қалауы. Әлем әдебиетінің аудару дәстүрінің басталуы. Аударма ісі туралы зерттеу еңбектердің жазылуы, оның жаңаша бағыт алуы. Аудармашы лингвистикалық негізде зерттеу.

6. Аударма теориясын аудару тәжірибесімен ұштастыру. Аударма теориясын жан-жақты меңгеру – аудармашының кәсіби мамандануының басты негізі. Аударма теориясының қалыптасып дамуында Ресей ғалымдары Федоров, Бархударов, Чуковский, Рецкер, Флорин, Влахов, Виноградов т.б. қосқан үлесі. Аударма теориясының әлемдік деңгейде даму барысы; Аударма теориясын тәжірибелік негізде меңгеру.

7. Аударма үдерісінің психологиясы және аудармадағы психологиялық ерекшеліктер. Көркем аудармадағы психологиялық үдеріс. Елестету қабылдау, түйсік, зерде, сезімталдық т.б. қасиеттердің көркем аудармадағы ерекшелігі. Аудармашылықтың – аса ауыр психологиялық үдеріс екенін сипаттау. Аударманың басқа да ғылымдармен байланысы. Аударма психологиясының тілдің ойлау жүйесімен, тілдік образдармен байланыстылығы. А.В.Федоров, Б.В.Беляевтің аударма психологиясының ерекшеліктеріне қатысты ой-тұжырымдары.

8. Көркем аударманы қабылдау. Көркем шығармашылық өзіндік ерекшеліктегі өнер туындысы. Көркем аударманың басқа ғылымдармен, тіл білімінің салаларымен байланыстылығы. Аударма шығармасын қабылдау. Қабылдау үдерісінің коммуникативті, композициялық, эстетикалық т.б. сипаттары. Аударма үдерісіндегі қабылдау мәні.

9. Аударма мәтіндерін түсіну, түйсіну ерекшелігі. Мәтінді түсіну және талдау – герменевтика жайлы түсінік. Әдеби шығарма композициясы мен мәтін мағынасын меңгеру, түсіну қажеттілігі. Мәтінді түсіну сипаты. Көркем шығарманы түсініп аудару – аударма психологиясының басты үдерісі. Сөзді дұрыс қолдану ерекшелігі. Шығарманың композициясы мен көркемдік-психологиялық элементтерін түсіну және түйсіну.

10. Өркениет дамуындағы көркем аударма рөлі. Көркем аударманың әлемдік өркениетті дамытудағы рухани ықпалы. Қазіргі көркем аударманың әлемдік әдебиет жетістіктерімен салыстырудағы деңгейі. Аударманы дамытудың ғылыми-теориялық мүмкіндіктері. Көркем аударманың ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытудағы әсері. Ұлт таланттарын таныту құралы ретінде көркем аударманың қажеттілігі. Аударманың тәлімдік-тәрбиелік ықпалы.

11. Аудармашы мәдениеті мен әдебі. Аударманың қоғамдағы қызметі. Аудармашының дәстүрлер, ұстанымдар, ашылымдар, жетістіктер сабақтастығы. Аудармашы мәдениетінің ұлттық тілге, түпнұсқалық тіл мен мәдениетке қатынасы. Аудармашының түпнұсқаға адалдығы мен авторға деген құрмет сезімінің жеке тұлғалық сипаты. Аудармашы әдебі оның аударма түрлеріндегі қажеттілігі.

12. Қазақ көркем аудармасының қалыптасып дамуы және келешегі. Абайдың қазақ көркем аудармасының негізін поэзия жанрында қалауы. Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлихановтың көркем аудармаға қосқан үлесі. Қазақ көркем аудармасының қалыптасу кезеңі. ХІХ ғасырдағы алғашқы тәржімалардың жарық көруі. Көркем аударманың кеңестік кезеңдегі даму бағыттары. Аудармаға кеңестік әдебиетте идеологиялық саясат құралы ретінде пайдалану мақсаты.

13. Аудармашы қызметі. Аудармашы мамандығы оның адамзат өміріне, қоғамға қажеттілігі. Аудармашы құзыреті мен құқықтары. Аудармашының кәсіби мамандануына қажетті ережелерді талдап шығу.

14. Аударма үдерісі мен технологиясы. Аударма үдерісі және аудармашылық іс-әрекет. Көркем аудармаға қойылатын талап, шарттар. Әр аудармашының өзіндік ерекшелігі және аудармашылық мамандану қажеттіліктері.


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Жақсылықов А.Ж., Есембеков Т.О., Казыбек Г.

Аударма теориясы мен тәжірибесінің библиографиялық анықтамасы.

Әдістемелік құрал – Алматы: Қазақ Университеті баспасы, 2007ж. 5,6 б.т.



  1. Тарақ Ә. Аударма әлемі. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ Университеті баспасы, 2007 ж. 15 б.т.

  2. Мұсалы Л.Ж. Аудармашының кәсіби машығы. Әдістемелік құрал. – Алматы: Қазақ Университеті баспасы, 2007 ж. 3,5 б.т.

  3. Үмбетаев М. Еншілес ел ақындары. Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2007; 15 б.т.

  4. Дадебаев Ж.Д. Адам және заман. Монография. – Алматы: «Өнер», 2007. 18,9 б.т.

  5. Есембеков Т.О. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы: Қазақ Университеті, 2009ж.

  6. Тарақ Ә. Ауызша аударма. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2009ж.

  7. Мұсалы Л. Поэзиядағы символ-берне және оқыту мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2009.




  1. Тарақ Ә. Аудармашы мамандығының кәсіби негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2010.

  2. Комиссаров В.Н. Общая теория перевода – М., 2000

  3. Адмони В. Вопросы художественного перевода. Звезда, №12, 1954

  4. Брандес М. Стили и перевод – М., 1988

  5. Бархударов Л Язык и перевод – М., 1975

  6. Брагинский И. Теория художественного перевода как наука – М., 1967

  7. Виноградов В.С Лексические вопросы перевода художественной прозы – М., 1978

  8. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе – М., 1986

  9. Виноградов В.С. Введение в переводоведение – М., 2001

  10. Латышёв Л.К. Перевод: проблемы теории, практики и методики – М.,1988

  11. Фёдоров А.В. Основы общей теории перевода – М., 1985

  12. Актуальные проблемы теории художественного перевода Т. 1-2. М; 1967

  13. Алексеева И.С. Профессиональный перевод

  14. Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода М., 1980

  15. Задорнова В.Я. Восприятие и интерпретация художественного текста – М; 1984


Қосымша әдебиеттер:

  1. Контрастивное исследование оригинала и перевода художественного текста; - М. 1983

  2. Любимов Н.М. Перевод искусства; - М. 1982

  3. Попович А. Проблемы художественного перевода М.;1980

  4. Проблемы сопоставительного перевода; – М. 1988

  5. Рагойша В.П. Проблемы перевода с близкородственных языков – Минск; 1980

  6. Кантемирова Г.З. Национальное своеобразие оригинала и проблемы перевода; Казань; 1974

  7. Файзуллаева Р. Национальный колорит и художественный перевод – Ташкент; 1979

  8. Левый И. Искусства перевода; – М 1974


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет