БАҒдарламасы алматы, 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні



Дата12.06.2016
өлшемі136.7 Kb.
#130460
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

География және табиғатты пайдалану факультеті
География жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

«6M060900-География»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ

АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША

ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ, 2012

Емтихан тақырыптарының тізімі
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні
1) Қазақстан табиғатының физикалық-географиялық зерттелу тарихы. Қазақстан Республикасы аумағының географиялық орны және физикалық-географиялық сипаттамасы. Қазақстан табиғатының физикалық-географиялық зерттелу тарихы. Қазақстан табиғатына ресейлiк зерттеушiлердің экспедициялары. П.П.Семенов-Тян-Шанский, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, Л.С.Бергтің қосқан үлестері. Кеңес уақытында мемлекет табиғатының зерттелуi.

2) Геологиялық тарихы және палеогеографиясы. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысының негiзгi сипаттары. Пайдалы қазбалардың кен орындары. Көп жылдық тоң және қазiргi криогендi үдерістер. Негiзгi тектоникалық құрылымдар дамуының ерекшелiктерi. Тектоникалық аудандастыру.

3) Климаттық жағдайлары. Негiзгi климат құрушы факторларды талдау. Қазақстан аумағы бойынша күн радиацияның таралуы. Жер бедерi дифференциациясына климаттық шарттардың ықпалы. Жылдың маусымдары бойынша негiзгi метеорологиялы элементтердiң сипаттамасы. Ауа райына тән ерекшелiктер және климаттық аудандастыру. Ауа райының қауiптi құбылыстары. Ауа райының континенттiлігiнiң дәрежесi. Антропогендік шөл және жаһандық жылыну мәселелері.

4) Жер беті сулары және олардың қоры. Гидрографияның ерекшелiктерi. Өзен торабының күрделілігі. Жер беті ағынының қалыптасу жағдайы. Өзендер қоректенуiнiң түрлерi. Жазық және тау өзендерінiң гидрологиясының негiзгi сипаттары. Сел ағындары. Каналдар және су қоймалары.Қазақстан су қорларын шаруашылық бағалау.

5) Ішкі континенттегi теңiздер және көлдер, олардың шұңғымаларының генезисi. Көлдің шаруашылықтағы маңызы. Каспий, Арал және Балқаштың су мәселелерi. Жер асты суларының түрлері және қорлары. Су қорларын тиiмдi қолдану

6) Қазiргi мұзбасу және көпжылдық тоң. Қазақстанның оңтүстiк-шығысындағы мұзбасудың таралуы. Мұздықтардың морфологиялық түрлерi. Мұздықтардың қозғалысы. Өзен ағысының мұздықтардың еруіне әсері.

7) Қазақстанның топырақ жамылғысы. Топырақ түзуші факторлар. Топырақтардың түрлерiнiң аумақ бойынша таралуының негiзгi ерекшелiктері. Топырақ-географиялық аудандастыру. Жазық аумақтардың топырақтары. Тау және тау етегiндегi аумақтардың топырақтары. Антропогендік фактордың топыраққа әсері.

8) Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Өсiмдiктердiң түрлерi және олардың құрылымдық-серпінділік ерекшелiктерi. Ботаникалық-географиялық аудандастыру. Өсiмдiк жамылғысына антропогендік әсердің ықпалы. Шөлдену мәселесі.

9) Қазақстан фаунасы. Жануарлар әлемінің зоналық және аймақтық ерекшелiктерi. Жануарлар әлемінің пайда болуының негiзгi факторлары. Фаунаның зоналығы және зоогеографиялық аудандастыру. Өзендер және суаттардың жануарлар әлемі.

10) Табиғат зоналары және физикалық-географиялық аудандастыру. Биіктік белдеу. Антропогендік ландшафттар. Табиғи-аймақтық кешендерге шаруашылықтың ықпалы. Геоэкология және табиғатты қорғау мәселелері. Экологиялық апатты аймақтар. Қорықтар және ұлттық саябақтар.
«Геоморфология» пәні
1) Геоморфологияның теориялық және әдіснамалық негіздері. Бедерді эндогендік және экзогендік факторлардың өзара қатынасу нәтижесінде қалыптасқан ретінде зерттеу. Бедердің өрлей дамуы және алсара дамуы туралы түсінік. Бедер қалыптасуында тектоникалық рөлі.

2) Бедер туралы жалпы түсінік. Бедердің морфологиясы, оның морфографиялық, морфометриялық сипаттамасы. Бедердің генезисі. Бедердің қалыптасуындағы эндогендік және экзогендік процестер. Бедер пішіндерінің аккумуляциялық, денудациялық аккумуляциялық,-денудациялық түрлері.

3) Бедер пайда болудағы геологиялық факторлар. Геологиялық құрылымдар және олардың бедердегі көрінісі. Морфоқұрылым жайлы ұғым. Морфоқұрылым қалыпасуындағы жыныстардағы литологияның рөлі. Тікелей және инверсиялық бедер, басқа да құрылымдар мен бедерлердің қатынасы. Литосфералық тақта. Литосфералық тақталардың шекаралары және шекаралас зона бедерінің ерекшеліктері. Литосфералық тақтайлардың өзараәсерінің сипаты және оның бедердегі көрінісі.

4) Бедер жаралуындағы эндогендік процестер. Тектоникалық қозғалыстар және оның бедердегі көрінісі. Бедер жаралауындағы эпейрогендік, қатпарлық және атырылымды тектоникалық қозғалыстар бедер түзудегі рөлі. Жердің дамуындағы неотектоникалық кезең. Бедер тектоникалық белсенділігі ретінде қарастырылуы. Бедер жаралуындағы жер сілкінулердің рөлі. Жер сілкінулердің морфологиялық көрінісі. Жер сілкінулердің географиялық таралуы.

5) Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Бедердегі интрузивті денелердің пайда болуы. Атқылау сипатына сәйкес жанартаулардың жіктемесі. Жанартаулардың морфологиялық типтері. Эффузиялық магматизм және бедер. Жанартаулардың морфологические түрлері. Жанартаулы бедерлердің негізгі формалары.

6) Экзогендік процестер және бедер. Тау жыныстардың үгілуі және бедер жаралуы. Физикалық, химиялық және органикалық үгілуі. Үгілу қыртысы және олардың түрлері. Үгілу қыртысының жер бедерімен байланысы әр климаттың зонасындағы үгілу қыртысының құрамы үгілу қыртысына байланысты қалыптасқан кен орындары.

7) Беткейлік процестер және беткейлік бедер пішіндері Беткей деген ұғым. Беткейлік процестер. Беткейлердің морфологиясына сәйкес жүктелуі. Беткейлердің бедер пішіндері: опырылымдар, жылжымалар, қорымда, солифлюкциялық беткей, делювилік беткейлер, қар көшкіндері. Беткейлердің беткейлік процестердің ғылыми және практикалық маңызы.

8) Флювилік процестер және бедер. Ағынды суларының бедер таралуындағы ролі. Өзендердің жұмысы. «Өзен арнасы», «өзен аңғары» ұғымдары, олардың морфологиялық бөліктері. Өзкен арналарының морфологиялық типтері. Өзен арналарының генетикалық типтері.Жазықты және таулы өзендер арналарының салыстырмалы сипаттамасы.

9) Карст және карсты бедер пішіндері. «Карст» ұғымының анықтамасы. Карст пайда болуының жағдайлары және карст пайда болу. Карсты бедер пішіндерінің жіктелуі.. Карсты өңірлердегі гидрологиялық режим және оның бедер қалыптасуына әсері. Қазақстан аумағындағы карсты бедер пішіндері.

10) Эолды процестер және бедер. Шөл және шөлейт зоналарындағы бедер пайда болуының физикалық-географиялық жағдайлары. Шөлдің түрлері және олардың Орталық Азия мен Қазақстанда таралуы. Эолды процестер және түзілімдер.шөлдердегі аридті-денудациялық бедер пішіндері. Аридті климат жағдайындағы шарушылық ерекшеліктері.
«Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуметтік географиясы» пәні
1) Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық сипаттамасына жалпы шолу. Қазақстанның Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Табиғи жағдайлардың ерекшеліктері, табиғи ресурстар және олардың шаруашылық мәні. Қазақстан Республикасыныңжер қорының сипаттамасы және ауылшаруашылық жерлердің мәні. Жер қорлары өнімділігінің көрсеткіштері. Орман ресурстары. Минералды-шикізат ресурстары. Рекреациялық ресурстар және оларды туризм мақсатында бағалау.

2) Қазақстан Республикасының халқы. Демографиялық әлеуеті, урбандалу және қоныстану үдерісіндегі халықтың құрылымдық көрсеткішінде болатын негізгі аумақтық ерекшеліктер. Қазақстан Республикасының урбандалу ерекшеліктері. Халықтың этникалық және конфессионалдық құрамы. Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты.

3) Қазақстан Республикасының қара және түсті металлургия географиясы. Аса ірі өндірушілер, шикізат және отынмен қамтамасыз етудің мәселелері, сыртқа сауда нарығына шығудың жағдайы.

4) Химия өнеркәсібінің географиясы. Шикізат базасының ерекшеліктері. Салалардың салалық және аумақтық құрылымы. Қазақстан Республикасындағы салалардың аса ірі өнеркәсіп орталықтары. Химия өнеркәсібін орналастыру факторлары мен негізгі орталықтары.

5) Қазақстан Республикасының машина жасау географиясы. Машина жасаудың аса маңызды орталықтары. Жетекші салалар мысалында машина жасаудың ерекшелігі (ауыр машина жасау, ауылшаруашылықтық және автомобиль өнеркәсібі, тау-кен шахталық машина жасау).

6) Тамақ және жеңіл өнеркәсіп географиясы. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілермен байланыс бұзылған жағдайда шикізатпен қамтамасыз ету және тұтынудың төлем төлеу қабілетінің төмен болу мәселелері.

7) Ауыл шаруашылығы салаларының географиясы мен аймақтық типтері. Экономиканың агроөнеркәсіптік секторының құрылымы. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын аумақ тұрғысынан ұйымдастырудың факторлары мен заңдылықтары. Табиғи жағдай мен агроклиматтық ресурстарды ауылшаруашылығын аумақ тұрғысынан дифференсациялаудың бір факторы ретінде қарау. Жерді экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау.

8) Қазақстан Республикасының мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы салаларының орналасу ерекшелігі және олардың үйлесімі. Мал шаруашылығының азық қорындағы өзгешеліктер. Жайылымдық ресуртармен қамтылуы. Мал шаруашылығы салаларының географиясы: сиыр, қой, шошқа, құс, ешкі, жылқы, марал шаруашылықтары. Азық қоры ерекше болып есептелетін мал шаруашылығының салалары (ара өсіру, бағалы терілі аң өсіру, су қоймаларындағы балық өсіру).

9) Қазақстан Республикасының көлік жүйесі. Құрылымы, негізгі көрсеткіштері, даму динамикасы.Көлік жүйесіндегі көліктің жекеленген түрлерінің атқаратын қызметі мен рөлі. Қазақстан Республикасы көлік жүйесіндегі теміржол көлігінің алатын орны. Негізгі теміржол магистральдары мен басты теміржол тораптары. Жаппай тасымылданатын жүк түрлерінің географиясы, негізгі жолаушылар тасымалының бағыттары. Автомобиль көлігінің географиясы. Негізгі автомагистральдар. Құбыр көлігінің географиясы. Мұнай және газ бағыттары бойынша құбырмен тасымалдау жүйесінің даму жобасын жүзеге асыру. Әуе көлігінің географиясы.

10) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясының аудандары және аймақтық даму мәселелері. Қазақстан Республикасы экономикалық аудандары (Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан) және олардың аймақтық даму мәселелері:экономикалық-географиялық жағдайының ерекшелігі, табиғи ресурстарын және еңбек әлеуетін бағалау, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының жетекші салалары, оның мамандануы, көлік, ауданааралық байланыстар.
«Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні
1) Жердің географиялық қабықтары дамуының және қалыптасуын анықтайтын планетарлы-ғарыштық факторлар. Табиғи құрам бөліктердің өзара әсерлесу және ұзақ уақыт дамуының өнімі саналатын табиғи орта; табиғи ланшафтардың геологиялық-геоморфологиялық және биоклиматтық негізі және олардың құрлықтар ландшафтарындағы кеңістік-уақыттық дифференциациясындағы рөлі.

2) Еуразия. Еуразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуында. Геологиялық құрлысының қүрделілігі мен жер бедер. Құрлық ішіндегі табиғи айырмашылықтар. Саяси карта. Батыс Еуропа - Еуразияның бір бөлігі (шекарасы мен ауданы). Шетелдік Азия - Еуразия құрлығының бір бөлігі (шекарасы, конфигурациясы, ауданы).

3) Солтүстік Америка. Солтүстік Американың жер бедері және геологиялық тарихының негізгі кезеңдері. Пайдалы қазбалардың негізгі кен орындары және олардың қүрылықтың геологиялық құрылымымен байланысы.

4) Солтүстік Американың климат құрушы факторлары және ішкі сулары. Меридиан бағыттағы ірі орографиялық элементтердің климатқа әсері. Ірі өзендерге қысқаша сипаттама: Миссисипи, Макензи, Колумбия, Колорадо, Рио-Гранде. Аса ірі көлдері және олардың генезисі.

5) Африка. Африка табиғатының басқа кұрлықтармен салыстырғандағы негізгі ерекшеліктері. Геологиялық даму тарихы. Негізгі климат құрушы факторлар. Жыл маусымындағы ауа массаларының циркуляциясы. Құрлықтың ылғалдылығы мен термикалық режимі. Климат түрлері. Су баланысы, су режимі мен су тармағының қоректенуі. Ірі өзен жүйелері. Көлдік қазаншұңқырлар мен олардың, шығу тегі. Шөлдерді игерудегі жер асты суларының рөлі.



6) Африканың топырақ пен өсімдіктер жамылғысының негізгі түрлері. Флора мен фауна эндемизмі. Географиялық және ландшафттық белдеулер мен зоналар. Орта таулы, биік таулы және таулы қыраттардың биіктік белдеулері. Шөлейттенудің келелі мәселелері. Физикалық-географиялық аудандастыру.

7) Оңтүстік Америка. Географиялық орнының өзара байланысы, құрылықтың кескін үйлесімдігімен табиғат жағдайлары. Оңтүстік Америка платформасының геологиялык дамуының ерекшеліктері. Пайдалы қазбалар және олардың әртүрлі геологиялық құрылыспен ұштасуы. Су ресурстары, күрылықтың ірі өзендерінің су балансы мен режимі. Ішкі ағын таралған облыстар.

8) Австралия. Континенттің геологиялық даму тарихы. Пайдалы қазбалары Австралияның климат құрушы факторлары мен ішкі сулары. Үлкен Суайрық жотасының климат бөлуші рөлі. Климат түрлері. Ауа массаларының маусымдық циркуляциясы. Тропиктік климат түрінің басымдылығы. Құрлыктың су ресурстары мен су балансы, ішкі ағынның су алаптары. Топырақ пен есімдіктер жамылғысының дифференциациясы. Флора мен фауна эндемизмі. Географиялық белдеулер мен ландшафт зоналары. Табиғи-антропогендік ландшафттар. Табиғи және антропогендік ландшафттардың негізгі түрлері..

9) Антарктида. Географиялық орны және құрлықтың көлемі. Құрлыктардың ашылуы мен зерттелуі. Оңтүстік полюсті бағындыру тарихы. Геологиялық құрлысы, тектоникасы және мұзасты жер бедері. Атмосфера циркуляциясы мен климаттық ерекшеліктері. Флора мен фаунасы. Антарктиданың мұз жамылғысының тарихи дамуы. Мұз қалқанының пайда болу жағдайы, оның қалыңдылығы.



10) Дүниежүзілік мұхиттың физикалық-географиялық аудандастырылуы. Солтүстік Мұзды мұхит, Тынық мұхит, Үнді мұхиты және Атлант мұхиттарының өзара салыстырмалы сипаттамасы.
«Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы»пәні
1) Дүниежүзінің саяси картасы. Дүниежүзінің картасының қалыптасу кезеңімен қазіргі құрылымы. Дүниежүзілік экономикадағы мемлекеттердің негізгі типтері және олардың экономикалық бірлестіктері.

2) Дүниежүзінің өнеркәсіп географиясы. Отын-энергетика кешені. Отынды өндіру, тасымалдау және қолдану ерекшеліктері. Жалпы қорының құрылымы.Мұнай және газ өнеркәсібі - экологиялық таза және тиімді тың мен шикізат көзі. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясы. Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары.

3) Дүниежүзінің электр энергиясы. Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелері.

4) Дүниежүзінің қара және түсті металлургия. Дүниежүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны тұтынушылар, өнімді негізгі экспорттаушылар.

5) Дүниежүзінің машина жасау өнеркәсібі. Оның ҒТР-дің жетістіктерін таратудағы негізгі маңызы. Дүниежүзі шаруашылығындағы маңызды рөлі. Дүниежүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттаушы мемлекеттер типі.



6) Дүниежүзінің химия өнеркәсібі. Жоғары технологиялық химикаттар мен полимер материалдар үлесінің жоғарылылығы. Сала дамуындағы экологиялық мәселелер. Сыртқы сауданың негізгі белгілері. Биоиндустрия - өнеркәсіптің жаңа саласы. Биоиндустрияның дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдеріндегі негізгі белгілері.

7) Дүниежүзінің жеңіл өнеркәсіп. Әртүрлі елдердегі оның құрамының ерекшелігі. Соңғы дайын өнімді өндірудің маңызы, саланың шикізат базасының түбегейлі өзгеруі. Дүниежүзінің маңызды өндірісінің географиясы. Сыртқы сауданың негізгі белгісі және оның негізгі бағыты.

8) Дүниежүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтері. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, құрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясы. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сыртқы саудасы. Мал шаруашылығы. Маңызы, түрлері, құрылымы, азық базасының әртүрлі елдердегі ерекшелігі. Сала өнімін экспорттаушылар.

9) Дүниежүзінің көліктік-коммуникациялық жүйесі. Саланың шаруашылық дамуындағы рөлі. Дүниежүзілік және аймақтық транспорт жүйесі дамуының негізі көрсеткіштері. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттары.Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөлі. Ірі халықаралық магистралдар. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясы. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігі. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық эуе жолы мен эуе көлігі порттарының географиясы.

10) Дүниежүзі шарушылығының жаһандық үдерістері. Ұлтаралық үдерістердің дамуы. Ұлтаралық компаниялар қызметінің ерекшеліктері, олардың дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануындағы рөлі. Жаһандық және аймақтық интеграция, олардың айырмашылығы.

5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Физическая география Казахстана. Под ред. А.А. Науменко. Алматы, КазНУ, 2009.

2. Физическая география Республики Казахстан. Под ред К.М. Джаналеевой. Алма-Ата,1998.

3. Бейсенова Ә.С. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. –А., Рауан. 1990.

4. Жамалбеков Е, Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы. –А., Қазақ университеті. 2006. 24 6б.

5. Горбунов А.П. Природа Казахстана: история познания. Алматы, 2011.

6. Молдағұлов, Н.. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы.- Алматы, 1994

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы. Алматы, 2006.

8. Құсаинов С.А. Жалпы геоморфология. –А., Қазақ университеті. 292 б.

9. Леонтьев О.К.. Рычагов Г.И. Общая геоморфология. М.: Высш.шк., 1988.

10. М.Қожахмет. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Оқу құралы. –Қарағанды: 2006

11. Кунхожаев Н.Р. Экономика современного Казахстана: состояние и развитие. Алматы, 1998.

12. Леонтьев О.К.. Рычагов Г.И. Общая геоморфология. М.: Высш.шк., 1988.

Лютцау С.В., Кружалин В.И. Учебное пособие по общей геоморфологии. М.: Изд. МГУ, 1987.

13. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. / Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Каледина. – М.: Гардарики, 2002. – 928 с.

14. И.М. Любимов. Общая политическая, экономическая и социальная география. / Под ред. д.э.н., академика Л.П. Куракова. – М.: Гелиос АРВ, 2001. – 336 с.

15. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С. Б. География мирового хозяйства. Учебное пособие для студентов. - М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.

16. Спиридонов И.А. Мировая экономика. Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 1999.

17. Максаковский В.П. Географические культуры: учебное пособие для студентов ВУЗов. - М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.

18. Максаковский В.П. Историческая география мира: Учебное пособие для ВУЗов. - М.: Экопрос, 1999.

19. Родионова И.А. Экономическая, социальная и политическая география мира. -М.: Экон-Инфором, 2008г. -492.: 16 с.
Қосымша әдебиет:

1. Неклюкова, Н. П.. Жалпы жер тану.- Алматы, 1980

2. Мұқашева, Ж.Н.. Жалпы жер тану.- Алматы, 2007 

3. Вильямс В.Р. Топырақтану. Егіншілік, -А., 1954. Қаз. ауд.Бияшев А.Б.

4. Мұқашева, Ж.Н.. Антропогендік ландшафтану.- Алматы, 2004 

5. Klein M. Capital Account Liberalization, Institutional Quality and Economic

Growth: Theory and Evidence // NBER Working Paper. 2005. № 11112.

6. Леонтьев О.К. Физическая география Мирового океана. М.: МГУ. 1982. 200 с.

7. Притула Т.Ю., Ерёмина В.А., Спрялин А.Н. Физическая география материков и океанов. М.: ВЛАДОС. 2003. 688 с.

8. Физическая география материков и океанов. Под общей ред. А.М.. Рябчикова. М.: Высшая школа. 1989. 547 с.

9. Бабаев А.Г., Дроздов Н.Н., Фрейкин В.Г. Природа мира. Пустыни. М.: Мысль. 1986.

10. Гвоздецкий Н.А., Голубчиков Ю.Н. Природа мира. Горы. М.: Мысль. 1987. 350 с.

11. Долгушин Л.Д., Осипова Г.Б. Природа мира. Ледники. М.: Мысль. 1989. 447 с.

12. Романова Э.Г., Куракова Л.И., Ермаков Ю.Г. Природные ресурсы мира. М., МГУ, 1993, 304 с.

13. Залогин Б.С., Кузьминская К.С. Мировой океан. М., 2001.

14. Географический энциклопедический словарь. М., 1988. 432 с.



15. Скиннер М., Редферн Д., Фармер Д. География: А – Я. Словарь справочник. /Пер. с англ. К.С. Ткаченко. М.: ФАИР-ПРЕСС. 1999. 528 с.

15. Четырёхъязычный энциклопедический словарь терминов по физической географии. /Сост. И.С. Щукин. Отв. ред. А.И. Спиридонов. М. 1980. 704 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет