БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Туризмология негіздері» пәні



жүктеу 143.2 Kb.
Дата12.06.2016
өлшемі143.2 Kb.
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

География және табиғатты пайдалану факультеті

Рекреациялық география және туризм кафедрасы

«6М090200»-Туризм»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012


Емтихан тақырыптарының тізімі
«Туризмология негіздері» пәні

  1. Рекреациялық географияның негізгі түсінігі. Бос уақыт, оның функциялары және адам өміріндегі орны. Рекреациялық іс-әрекет туралы түсінік, оның аумақтық бөлінуі – күнделікті, апталық, жылдық рекреация. Демалыс адам әрекетінің бөлігі ретінде. Рекреация анықтамасы адамның тұрақты жерінен тыс жердегі әрекеті ретінде. Туризм – рекреацияның бөлігі. Экскурсия түсінігі. Демалыс-рекреация-туризм-экскурсия: ұғымдар ара қатынасы.

  2. Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің кеңістік-уақыттық ұйымдастыру негізі. Рекреациялық қажеттіліктер түсінігі. Рекреациялық қажеттіліктер рекреациялық іс-әрекетінің ұйымдастырылуының негізі. Қоғамдық, топтық және жеке дара рекреациялық қажеттіліктердің өзара әрекеті. Рекреациялық қажеттіліктерді зерттеудің бағыттары мен әдістері. Рекреациялық қажеттіліктерді зерттеудің социологиялық әдістері.

  3. Рекреациялық іс-әрекеттің әлеуметтік-экономикалық құбылыстар өмір элементінің кейіпі ретінде. Мәні, құрылымы, классификациясы. Рекреациялық іс-әрекет психоэмоциялық құбылыс ретінде. Рекреациялық іс-әрекет – территориялық рекреациялық жүйелердегі (ТРЖ) жүйе құрушы фактор ретінде. Еңбек режимі мен демалыс режимінің ара қатынасы. Рекреациялық іс-әрекеттің қоғамдық функцияларының сипаттамасы: 1) медикалық-биологиялық; 2) әлеуметтік-мәдени; 3) экономикалық; 4) саяси, 5) экологиялық. Рекреациялық іс-әрекет эволюциясындағы тенденциялар. Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары.

  4. Рекреациялық география – қоғамдық - география ғылымының жаңа саласы. Рекреациялық қызмет көрсету материалды емес өндіріс сферасының саласы ретінде. Рекреациялық жүйе және территориялық рекреациялық жүйелер түсініктерінің ара қатынасы: сала және кәсіпорын. Рекреациялық сала мен туризм индустриясы. Рекреациялық саланың арнайы ерекшеліктері.

  5. Рекреациялық география және туризм географиясы – қоғамдық география (әлеуметтік-экономикалық) пән саласы. Демалыс географиясы туралы түсінік. Рекреациялық география және туризм географиясы зерттеулердегі объекті мен пән арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар. Рекреациялық география және туризм географиясы – ұғымдар ара қатынасы.

  6. Туризм географиясы ғылым ретінде. Туризм географиясы – әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның жаңа саласы. Туризм географиясының зерттеу объектісі мен пәні. Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері. Туризм географиясының әдістемелік өзінділігі.

  7. Қазіргі заман туризмінің жіктелуі. Туризмнің классификациясы, оның күрделілігі және маңыздылығы. Саяхат мақсатына байланысты туризм классификациясы туралы сұрақтың талқылануы. Рекреациялық, іскерлік, діни, этникалық туризм. Жаппай және элитарлық, коммерциялық және әлеуметтік, ұйымдасқан және әуесқой, белсенді және белсенді емес, көліктік және экологиялық туризм.

  8. Аймақты рекреациялық бағалау. Демалыс пен туризм дамуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Табиғи, әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар, олардың туризм дамуындағы ролі мен маңызы. Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары.

  9. Туристік аймақтарды аудандау. Тиімді ғылыми-дәлелденген туристік аумақтарды аудандастыруға байланысты халық шаруашылығының саласы ретінде туризмнің территориялық ұйымдастырылуы мен әсерлі дамуының тәуелділігі.

  10. Туризмді дамыту және табиғатты қорғау. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы мәселелері – халықтың демалыспен толық қамтылуын қамтамасыз ету және туризмге «агрессивтік» әсерлерден табиғатты қорғау сияқты бір-бірімен байланысты екі мәселені шешу қажеттілігімен байланысты қазіргі туризм географиясының өзекті және маңызды міндеттері.

  11. Туризмді анықтау мәні. Туризм күрделі кеңістіктік әлеуметтік-экономикалық құбылыс пен күрделі қоғамдық шаруашылық жүйе ретінде.

  12. Туристік нарықтың жұмыс істеуі. Туризм күрделі кеңістіктік әлеуметтік-экономикалық құбылыс пен күрделі қоғамдық шаруашылық жүйе ретінде.

  13. Туристік шаруашылық. Туристік шаруашылық түсінігі. Тура және жанама туристік шаруашылық. Түнеу базасы, оның туризм дамуындағы маңызы, сипаттамасы. Тамақтандыру базасы, оның құрылымы мен сипаттамасы (гастрономиялық, сауда мекемелері).

  14. Туризм экономика саласы ретінде. Экономиканың саласы ретінде туризмнің ерекшеліктері: бір уақытта өнімнің өндірілуі және сатылуы, туристік өнімнің бір жерде өндірілуі және пайдалануы, қызмет көрсетілгенге дейін өндірілетін объектіге тұтынушыны көлікпен тасымалдау, туристік өнімнің «өзін өзі шығаруы.

  15. Туризм менеджменті туралы түсінік. Туризмдегі менеджменттің міндеттері. Туризмдегі менеджменттің ерекшеліктері: тереңге таралуы және элементтерінің өзара байланысының күрделілігі, түсініксіз және қиын өлшенетін мақсаттар, аймаққа шектелген әсері, клиенттердің әсері, туристік өнімнің ерекшелігі, туристік өнімнің сыртқы әсері, туристік сұраныстың ерекшелігі (сезіну мен сақталуға мүмкін еместігі, туристік қызметтерді пайдаланатын тұтынушылардың әртүрлілігі, мемлекеттегі қоғамдық факторлардың маңыздылығының жоғарғы деңгейде болуы), туристік қызметтің кешенділігі, туризмнің маусымдылығы.

  16. Туризм маркетингі туралы түсінік. Туристік өнімнің ерекшеліктерімен анықталатын туристік маркетингтің ерекшелігі. Туристік сұраныстың икемділігінің конъюнктураға, табысқа, білім деңгейіне, бағаға, жарнамаға және тағы басқа факторларға тәуелділігі. Туристік маркетинг-бағдарламалар. Туристік маркетингтің стратегиялық мәні.

  17. Халықаралық туризм ішкіэкономикалық қарым-қатынастар түрінде. Халықаралық туризмнің статикалық және динамикалық (табиғи-географиялық, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық, саяси) даму факторлары. Табиғи-географиялық факторлардың ерекше ролі.


«Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасының негіздері» пәні

  1. «Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы» негізгі анықтамасы. Туризмнің белсенді түрлеріндегі табиғи және жасанды кедергілер. Беткейлер түрлері. Мұздықтар, қар, фирн, шөпті беткейлер. Тау туризмі, шаңғы, су туризмі және туризмнің басқа белсенді түрлерінде кездесетін кедергілер. Жер бедер элементтері. Жорықтағы кедергілер – маршруттың қиындық дәрежесін бағалайтын фактор.

  2. Белсенді туризм саяхат түрлерінің отандық және шет елдік жіктелуі. Спорттық туризм жорықтарының классификациясы. Спорттық туризм саяхаттарының қиындық дәрежесіне қойылатын талаптар. Спортшы туристердің дәрежелері мен атақтарына қойылатын талаптар. Асулардың қиындық дәрежесін анықтау. Маршруттық-квалификациялық комиссияның жұмысы. Маршруттық кітапша және маршруттық парақ.

  3. Белсенді туризм түрлерінде тактикалық жетілдіруді құрастыру әдістемесі және түсінігі. Туризмнің белсенді түрлеріндегі саяхаттардың мақсаттары. Тактикалық жоспардың кезеңдері. Спорттық туристік саяхатшыларға қойылатын талаптар. Саяхатшылар тобы мүшелері мен жетекшілеріне қойылатын талаптар. Саяхаттың тактикалық схемалары. Саяхаттың негізгі, қосымша және апаттық нұсқалары. Саяхат туралы есептеме құрылымы.

  4. Белсенді туристік саяхатта тамақтануды ұйымдастыру. Азық-түлік құрамына кіретін заттар. Әртүрлі қиындық дәрежедегі саяхаттардағы азық-түліктің күш-қуат құндылығы. Белсенді туристік саяхаттардағы тамақтандыру. Саяхаттың ас мәзірін және азық-түлік тізімін құрастыру. Белсенді туристік саяхат азық-түлігіне қойылатын талаптар. Азық-түлікті саяхатқа әзірлеу, тыстау және тасымалдау қағидалары.

  5. Белсенді туристік іс әрекетке дайындық. Дене шынықтыру және жаттығу ерекшеліктері. Жаттығулар кезеңдері. Белсенді туристік мамандар деңгейіне қойылатын талаптар. Спортшы туристерге арналған жаттығулар жоспарын құрастыру. Жаттығулардың циклдері.

  6. Белсенді туристік саяхат үшін туристік құрал-жабдықтарға сипаттама. Туристік құрал-жабдықтар топтары. Туристік құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар. Туристік құрал-жабдықтардың туризм түрлері бойынша ерекшеліктері. Әртүрлі қиындық дәрежедегі спорттық жорықтарға арналған туристік құрал-жабдықтар тізімін құрастыру. Сақтандыру жабдықтары. Арқан түрлері және туристік баулар.

  7. Туризммен айналысуда қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жорық кезінде кездесетін қауіп-қатерлер және олардан аман қалу әдістері. Жорық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін танктикалық жоспарлаудың, жеке тактикалық-техникалық дайындықтың маңызы. Сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру. Бивак жұмыстарын ұйымдастыру және бивак орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  8. Белсенді туристік саяхатта сақтандыру түрлері және дәрігерлік қамтамасыз ету. Жорық алдындағы дәрігерлік бақылау. Жорық кезінде болатын ауру-сырқаттар, оларды алдын алу және емдеу. Биік тау ауруы, оны алдын алу және емдеу. Акклиматизация қағидалары. Дәрі-дәрмек қобдишасы және оның құрамы. Алғашқы медициналық жәрдем беру.

  9. 1-2-ші дәрежелі қиындықтағы таулы туристік маршруттарды ұйымдастыру және олардың ерекшеліктері. Тау туризмі, альпинизм. Әлемнің және Қазақстанның таулы аймақтары. Таудағы саяхаттардың классификациясы. Әртүрлі қиындық дәрежедегі тау саяхаттарын ұйымдастыру ерекшеліктері. Тау жер бедерінің элементтері. Тау туризміндегі қауіпсіздік.

  10. 1-2-ші дәрежелі қиындықтағы судағы туристік маршруттарды ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстан аймақтарының су, шаңғы, велотуризмін ұйымдастыру мүмкіншіліктері. Жаяу, су, шаңғы, велотуризм саяхаттарының техникасы мен тактикасы, құрал-жабдықтары, қиындық категориялары. Жаяу, су, шаңғы, велотуризмде кездесетін табиғи және жасанды кедергілер, олардан өту әдістері.

  11. 1-2-ші дәрежелі қиындықтағы жаяу, шаңғы және велосипед туристік маршруттарын ұйымдастыру ерекшеліктері. Топографиялық карта, масштаб, азимут, дирекциялық бұрыш, географиялық және тік бұрыштық координат анықтамалары. Топографиялық картамен жұмыс істеу. Маршрут схемасын сызу. Топографиялық картада жер бедерін, гидрографиялық нысандарды, жолдарды және т.б. көрсету әдістері. Топографиялық есептерді орындау. Метеорологиялық элементтер және атмосфералық құбылыстар. Жел түрлері. Жорық алдында және саяхат кезінде ауа райын болжау әдістері.

  12. Ертіп жүруші топтарын даялау. Тәсілдік және жалпы физикалық жаттығу түрлері. Ертіп жүруші топтарының мөшелерін дұрыс іріктей білу. Маршрутта кездесетін аппаттық жағдайларын алдын-ала ескеру. Құрал-жабдықтарға, азық-түлікке және дәрі-дәрмекке қойылатын талаптар. Маршруттық құжаттарды әзірлеу. «Жоспарлы» маршруттарды белгілеу.

  13. Белсенді туристік саяхат кезінде отандық және шетелдік туристерді ертіп жүруші топтарды ұйымдастыру ерекшліктері. Аталған топтардың мүшелеріне 1-2 қиындық дәрежесіндегі саяхатта қойылатын талаптар. Саяхаттарда міндеттерді бөліп алу.

  14. 3-6-шы дәрежелі қиындықтағы туристік маршруттарды ұйымдастыру ерекшеліктері және шыңға шығу. 3-6 дәрежедегі белсенді туристік саяхаттарға қойылатын талаптар. Түнеу орындарын жабдықтау. Бивак жұмыстары. 3-6 дәрежедегі белсенді туристік саяхаттардың жабдықталуы, тактикалық және техникалық ерекшеліктері.


«Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру»пәні

  1. Туристік кәсіпорын жұмыстарын ұйымдастыру. Туристік кәсіпорын ұғымы. Туроператорлық, турагенттік және экскурсиялық фирмалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Турфирманы құру, тіркеу және лицензиялау тәртібі және іс-әрекетке қажетті негізгі құжаттар. Кішігірім және ірі фирмаларының құрылымы. Штатқа кіретін және штаттан тыс қызметкерлер.

  2. Туристік кәсіпорынды бақылау және басқару негіздері. Қызметкерлерді талғау және таратып бөлу жұмысындағы кәсіпорын жетекшісінің жаупкершілігі. Фирма басшысы және мамандардың еңбек көлемі. Картотекаларды жүргізу, олардың Қазақстанның рекреациялық ресурстары бойынша мазмұны (туроператорлар үшін), көлік мекемелері бойынша, мәдени-көрермендік мекемелер бойынша, орналастыру және тамақтандыру құралдары бойынша картотекаларды жүргізу, өкілдіктер мен консульдіктер жөнінде, жорықтар мен экскурсиялар, спорттық-туристік және экскурсиялық шаралар мамандары жөніндегі мағлұматтар. Штатқа кіретін және уақытша істейтін қызметкерлерді юристік тіркеу.

  3. Туристерге қызмет көрсетуді жоспарлау. Туристерге көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы: орналастыру, тамақтандыру, трансфер, экскурсиялық және т.б., туризм түріне байланысты. Қызмет көрсету ерекшеліктері, қызметтерге қойылатын талаптар. Турларды жобалау. Турпакет құрастыру жоспары.

  4. Көлікпен саяхатты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің жағдайы және оның туризмдегі мүмкіншіліктері. Көлік ролі және ең кең тараған түрлері. Қазақстанның әуе нарығы, оның сипаттамсы, болашағы. Туристерді темір жол көлігімен тасымалдау, оның географиясы. Су туризмі круиздерді ұйымдастыру. Маршрут жолын құрастыру. Саяхаттың ұзақтығы. Көліктің меншік түрі. Көлік мекмелердің құқықтары мен міндеттері және олардың «Транспорт жөніндегі Заңға», 21.09.1997 ж. қосымшалары мен өзгертулеріне сәйкестілігі. Туристік маршруттың технологиялық картасының мазмұны.

  5. Автосаяхатты жобалау. Автобустардың орын саны, отын түрі, категориясы, жайлылығы бойынша классификациясы. Автотасымалдауларды жергілікті және халықаралық дәрежеде реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар. Автотурларды жобалау жоспарын құрастыру: мақсаты мен тақырыбын анықтау; жолын жобалау, ресурстарды талғау, шектерін анықтау, маршрутты өз көзімен көру, қозғалыс схемасына өзгерістерді енгізу; келіссөздерді жасау; технологиялық карталарды құрастыру; калькуляция; маршрутты бекіту.

  6. Көлікпен саяхат туризмнің еркін түрі ретінде. Көлікпен саяхат - бұл жолдамасы бар әр түрлі көліктерді пайдалана отырып белгіленген маршрут бойынша туристер тобына ұйымдастырылған саяхат болып есептеледі. Жіктелуі.

  7. Авиациялық турситік маршруттарды дайындау және жүргізу ерекшеліктері. Халықаралық әуе турларын ұйымдастыру. Туристерді әуе көлігімен тасымалдау заңдары және ережелері. Әуе турларын жоспарлау. Ұйымдастырылған топтар үшін қолданылатын тарифтер, жеңілдіктер. Чартерлік рейс ұғымы. Чартерлік рейстерді ұйымдастыру.

  8. Темір жол және судағы саяхаттарды жоспарлау және ұйымдастыру. Туристерді темір жолымен тасымалдау түрлері: графикке сәйкес поездар, туристік-экскурсиялық поездар және олардың классификациясы. Темір жолда және турфирмаларда істейтін қызметкерлер ұйымдарының құрылымы. Инструктор, аниматор, дәрігер және темір жол қызметкерлерінің міндеттері. Балалар турпоездарын ұйымдастыру. Тәрбиешінің құқықтары және міндеттері. Қысқа мерзімді теміржол саяхаттарын жобалау және өткізу.

  9. Туристерге қызмет көрсету сапасы және мәдениеті. Туристік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету принциптері. Туристік өнімді стандартизациялау. Өнім сапасына қойылатын ішкі талаптар. Сапа, қонақжайлық ұғымдары. Ақпарат тақтасын құрастыру. Туристерге арналған ақпарат құрылымы, негізгі тараулары. Туристерге арналған ережелер және жадынама. Ақпарат тақтасының орны, безендірілу ережелері. Өкілдік қызметтер мен филлиалдардың мақсаты мен міндеттері.

  10. Менеджерлердің талап-тілектермен жұмысы. Шағым ұғымы, турфирманың пікірі. Шағымды құрастыру тәртібі. Шағым профилактикасы. Қызмет міндеттерін бұлжытпай орындау – туристерге сапалы қызмет көрсету кепілі. Туристердің қауіпсіздігі ұғымы. Қауіпсіздік – туризм дамуының басты факторы. Ерекше қауіпті факторлар.

  11. Туристік қызмет көрсетуге дифференцальдық көзқарас. Туристердің әлеуметтік құрамына қарай саяхат тақырыбын талдау. Балаларға, жастарға, жанұялы саяхатшыларға, қарт адамдарға қызмет көрсетудің ерекшеліктері. Клубтың, ойын-сауықтың, білім беруші, іскерлік және т.б. турлар, олардың инфрақұрылымы және жоспарлау ерекшеліктері.


«Қонақ үй шаруашылығы»пәні

  1. Туристерді орналастыру классификациясы. Туристік орналастырулардың концепциясы мен класстары: Қонақ үй және одан тыс кешендер. Қонақ үйлерінің регламентациясы мен классификациясы. Қонақ үйлерді ұйымдастыру жүйесі.

  2. Қонақ үй құрылысының жалпы сипаттама. Қонақ үйлердің негізгі сипаттары. 2* қонақ үйлерінің негізгі сипаттары. 3* қонақ үйлерінің стандарттары. 4*қонақ үйлеріне қойылатын талаптар. 5* қонақ үйлерінің негізгі сипаттары.

  3. Қонақ үйде қызмет көрсету технологиясы. ВТО ұсынған орналастыру құралдарының классификациясы. Типтік классификациялау.Орналастыру құралдарының 4 тобы олардың сипаты. Қонақ үйлері және оған ұқсас кәсіпорындар. Коммерциялық және әлеуметтік орналастыру мекемелері. Орналастырудың мамандандырылған құралдары. Жекеменшік туристік орналастыру құралдары. Қонақ үйін туристік қонақ үйін анықтау.

  4. Туристік-қонақ үй кешенінің құрамы. Қонақ үйдің қоғамдық бөлігінде қонақтарға қызмет көрсету. Қонақ үй бөлмелерінің қызметі, оларды топтарға бөлу: вестибюль, тұрғын бөлігі, тамақтану орындары, сауда-саттық орындары, қызметшілер бөлмелері, тұрмыстық, техникалық, т.б., олардың функциялары. Қонақ үй кешенінің тұрғын бөлігі және олардың қызметі.

  5. Қонақ үйде өмірде қамтамасыз ету жүйесі. Қонақ үйдің тұрғын бөлігінің құрамы: нөмірлер, коммуникация, қонақжай, кіре беріс-лифт холлдары, кезекші қызметшілер бөлмелері. Нөмірлерді классификациялау (жіктеу). Қонақ үйдің тұрғын бөлігін бөлмелердің түріне қарай қызмет ету

  6. Қонақ үй қызметі. Қонақ үй қызметтері және оның сипаттамасы. Негізгі қызмет түрлері.Қонақ үйдің номерлік фондтық қызметі, сауда, сервистік, кадрлық, техникалық қызмет түрлері

  7. Қонақ үйде тамақтандыруды ұйымдастыру. Тамақтану қызметін жіктеу. Тамақтану мекемелері. Негізгі қызметі, басқа да қызмет түрлері. Тамақ өндірісінің өнімдері. Шала өндіріс. Мәзір, оның түрлері мен функциялары. Қонақтарға қызмет көрсету, олардың реті: қарсы алу, сәлемдесу, орналастыру, заказ қабылдау, және басқалары. Тамақтану мекемелеріндегі менеджмент. Басқару және қызмет көрсету персоналының міндеттері.

  8. Қонақжайлық индустриясындағы корпоративті мәдениет. Қонақ үйдегі көңіл- көтеру секторы. Әлемдегі көңіл- көтеру орталықтары.Клубтар.Би орталықтары


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебник. – М., 2009.

  2. География туризма / под ред. А.Ю.Александровой. – М.: КНОРУС, 2009.

  3. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000.

  4. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. – М.: МГУ, 1981.

  5. Вуколов В.Н. Основы техники и тактики активных видов туризма. Учебное пособие. – Изд. 2-ое, исп.и доп. Алматы, 2005. –224 с.

  6. Федотов Ю.Н., Востоков И.Е. Спортивно-оздоровительный туризм: Учебник / Под общ.ред.Ю.Н.Федотова. – М.: Советский спорт, 2002.

  7. Аркин Я. Горный туризм. Снаряжение, техника, тактика. Таллинн: ЭЭСТИ РААМАТ, 1981.

  8. Ганопольский В.И. Организация и подготовка спортивных туристских походов. – М., 1986.

  9. Морозов М. А. Экономика и предпринимательство в социально-культурном сервисе и туризме. – М.: Издательский центр «Академия», 2008. – 288с.

  10. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. основы планирования и организации туристского бизнеса. – Алматы, 2003.

  11. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. – М.: НОЛИДЖ.,1996.

  12. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. – М.: Финансы и статистика, 1998.

  13. Тимохина Т.Л. Организация приема и обслуживания туристов : учеб. пособие.- Изд. 3-е, перераб. и доп.- М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2009.- 351с.

  14. Филипповский Е.Е., Шмарова Л.В. Экономика и организация гостиничного хозяйства.- М.: Финансы и статистика, 2006.-160 с.

  15. Медлик, С. Гостиничный бизнес : учебник, пер. с англ.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.- 224 с.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Пирожник И.И. Основы географии туризма и экскурсионного обслуживания. – Минск: Университетское, 1985.

  2. Теоретические основы рекреационной географии / Под ред. В.С. Преображенского. – М.: Наука, 1975.

  3. www.unwto.org - сайт Всемирной туристской организации

  4. Волков Н.Н. Спортивные походы в горах. М.: ФиС, 1974.

  5. Гранильщиков Ю.В. Горный туризм. М.:ФиС, 1966.

  6. Водный туризм / Сост.Григорьев В.Н. – М., 1990.

  7. Кропф Ф.А. Спасательные работы в горах. М.: Профиздат, 1975.

  8. Захаров П.П., Ваксоо А.П. Методические указания дя инструкторов альпинизма и горного туризма. Таллинн: ЭЭСТИ РААМАТ, 1976.

  9. Туристские спортивные маршруты / Перечень классифицированных туристских спортивных маршрутов / Сост. Попчиковский В.Ю. – М., 1989.

  10. Правила проведения спортивных туристских походов на территории Республики Казахстан. Алматы, 1997.

  11. Закон Республики Казахстан «О туристской деятельности в Республике Казахстан». – Алматы: Юрист, 2001.

  12. Карпова Г.А., Злацен М.Р. Направление и прием туристских групп, путешествующих по транспортным маршрутам. - М.: ЦРИБ. Турист, 1986.

  13. Пузакова Е.П., Честников В.А. Международный туристский бизнес. – М., 1997.

  14. Кабушкин Н.И., Бондаренко Г.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Учебник. – Минск: Новое знание, 2002. – 368 с.

  15. Уокер Д.Р. Введение в гостеприимство: Учеб. Пер. с англ. Н. Н. Михайлова.- М.: ЮНИТИ, 1999.- 463 с.

  16. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. Перевод с англ. -М.: Аспект. Пресс, 1995.

  17. Котлер Ф.и др..Маркетинг.Гостеприимство. Туризм: Учеб. для студентов вузов: пер с англ.- М.: ЮНИТИ, 1998.- 763 с. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002. -795 с. ; - 4-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2007.- 1045 с.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет