БАҒдарламасы алматы 2015 Бағдарлама Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланды



жүктеу 187.5 Kb.
Дата10.06.2016
өлшемі187.5 Kb.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология институты

Филология институты

Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде бекітілді

«__»__2015 ж., хаттама №__

Ғылыми Кеңестің төрағасы

Филология институтының

директоры

---------------------Әбдіғазиұлы Б.


Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы

6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

бойынша қабылдау емтиханның

БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы 2015


Бағдарлама Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«__»__2015 ж., хаттама №__

Бағдарламаны жазған: п.ғ.д., доцент Дәулетбекова Ж.Т.

ф.ғ.д., профессоры Қосымова Г.Г.

п.ғ.м., аға оқытушы Юсуп А.Н.

Кафедра меңгерушісі ______________ Дәулетбекова Ж.Т.

«6D011700- Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
Мамандық бойынша докторантураға түсушілердің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытудың жаңа талаптарына сай тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесін және тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысын, тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орнын, тілдің мәні мен қызметін, тілдің шығуы мен даму жолын, тілдің тарихы мен даму бағыттарын, тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесінің мәселелерін, сондай-ақ, әдеби-мәдени мұралар мен фольклорды, қазақ әдебиетінің тарихы мен әдебиет теориясын, түркі әдебиетінің өзекті мәселелерін білуін талап етеді. Осы мақсатты көздеген Бағдарлама тақырыптары «Қазіргі әдебиет және фольклор», «Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі», «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері», «Тіл білімі терминдерінің қалыптасу тарихы», «Мәтін лингвистикасы», «Қазақ лингвистикасының жаңа бағыттары», «Лингвомәдениеттаным», «Қазақ тілін оқытудың тарихы», «Түркі

тілдерінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Академиялық грамматика

теориясы», «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәндері бойынша

сұрақтар қамтылған.



Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. Қазақ тілінің шығу

тегі мен даму кезеңдері. Орал-алтай тілдері теориясы. Орал-алтай тіл

бірлестігін дәлелдейтін заңдылықтар. Түркі-моңғол тілдері және олардың

тілдік байланысы. Түркі тілдерінің дамуындағы ғұн дәуірінің алатын орны. Ғұн,

үйсін және қаңлы-қыпшақ тілдерінің қазақ тіліне қатысын дәлелдейтін

деректер. Көне түркі тілі және оның лексика-грамматикалық сипаты. Орта

ғасыр түркі тілі және оның қазақ тіліне қатысы. Қазақ тілінің тарихына

қатысты мұралар.

Шумер-түркі тілінің байланыстары. Шумер-түркі тілінің байланыстары туралы түсініктің қалыптасуы. 1947 жылдан бастап талмай зерттеу жүргізген түрік ғалымы Осман Недим Тунның зерттеулері. Осман Недим Тунның тарихи-салыстырмалы зерттеулері. Шумерлік Гильгамеш жыры мен түркі дастандарының ұқсастығы мен айырмашылығы. Гильгамеш жырының «Алпамыс батыр» «Қорқыт ата» жырларымен үндестігі. Шумер мен түркі тілінің ұқсастықтары (әзірбайжан, хакас, өзбек, түркімен ғалымдарының

зерттеулері, Т.Таиров, Н.М. Зеляев және т.б.).

Шумер мәдениеті. Шумер мәдениетінің қалыптасуы ( біздің

заманымыздан бұрын 3400 жылы). Мәдениеттің жарқын көріністері болған

Эриду, Лагаш, Урук, Ур, т.б. қалаларында жүргізілген археологиялық

қазбалардың жемісі. Мәдениетті қалдырған егін шаруашылығымен айналысқан

халық туралы мәлімет. Шумер жазуы. Шумер мәдениеттінің бірегейлігі.

Шумер мәдениеттінің Элам, Мысыр, Үнді өркениеттері сияқты көне замандағы

мәдениеттерге тигізген ықпалы. Шумер мәдениетін қалдырған халықтардың

саяси бірлігін құраған қала-мемлекеттер. Энки, Энлиль, Наннар, т.б.

құдайлардың бейнелері, мүсіндері.

Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоөзектік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән береді: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, әрекет ету т.б. Қоршаған дүние – адам мен оның ортасының өзара байланысы, ал дүние белгісі – адам мен оның ортасы жайлы ақпараттарды өңдеудің нәтижесі. Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесі Е.С.Кубрякова, В.И.Постовалова, Ю.М.Караулов, В.Н.Телия, А.А.Уфимцева, Э.Д.Сүлейменова және т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып жүр. Әр ұлт тілінде, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік деректер арқылы таңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді.

Мәтін лингвистикасы. Мәтін лингвистикасы – өзінің теориясы мен

практикасы бар салыстырмалы түрде алғанда жас (ХХғасырдың ортасы) дербес

ғылым және оқу пән екендігі. Мәтін лингвистикасының филологиялық

риторика бағытының дамуына ықпалы. Заманауи мәтін лингвистикасының

құрылымы, категориялары мен тілдік бірліктері, сол сияқты көркем мәтінді

құрастыру, тудыру және талдау тәсілдері. Мәтін лигвистикасындағы үш

дербес ғылыми сала ( жалпы мәтін теориясы, мәтін грамматикасы, мәтін

стилистикасы). Мәтінде қолданылатын түрлі коннотация құралдары

(функционалды-стилистикалық, эмоционалды-экспрессивті, бағалаушы).

Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдары. Мәтінді талдаудың негізгі аспектілері (лингвистикалық түсіндірме, семантикалау). Мәтінді талдаудың негізгі деңгейлері (бейнелік-тілдік, құрылымдық-композициялық, идеялық-тақырыптық. Мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі принциптері (историзм принципі, шығарманың формасы мен мазмұнының өзара байланысын, өзара шарттылығын ескеру принципі, мәтінді талдауға деңгейлік принцип, жалпы мен жекені үйлестіру принципі. Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдары (стилистикалық эксперимент әдісі,семантика-стилистикалық әдіс, салғастыру-стилистикалық әдіс, мәтінді сандық талдау әдістері ).

Қазақ тілін оқытудың тарихы. Қазақ тілін оқытудың тарихы – жеке дербес пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму тарихы, оны жүйелеу негіздері. Қазақ тілінің салаларын оқытудың қалыптасу жолдары мен кезеңдері, даму бағыттары. Қазақ тілін оқыту және әдіскер-ғалымдардың әдістемелік мұрасы (А.Байтұрсынов, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, С.Жиенбаев, Ғ.Басымов, И.Ұйықбаев, т.б. еңбектері).


Түркі тілдерінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Түркі тілдерінің лексикологиясы мен фразеологиясын қалыптастыру мен зерттеудің өзекті проблемалары. Түркі тілдерінің фразеологиялық қоры. Түркі тілдерінің сөздік қорындағы ортақ    лексика.  Ұлттың тілінің көркем дүниесі – фразеологизмдер.  Тіл тілде  сақталған мақал мәтелдер мен фразеологизмдер. Оның күллі түркі жұртының ойлау жүйесіне тигізер ықпалы және түркі ұлтына тән феномендік қасиеттер. Түркі тілдерінің  лексикологиясы мен фразеологиясының зерттеу. Түркі тілдерінің лексикологиясы мен фразеологиясының өзге ұлттардан айырмашылығы.

Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі. Жоғары мектепте қазақ тілін

оқыту әдістемесі – қазақ тілін оқыту процесінің заңдылықтарын зерттейтін

ғылым саласы. Зерттеу нысаны. ЖМҚОӘ мақсаты. Қазақ тілі пәндері жүйесін

меңгертудің жаңа жолдарын зерттеу. ЖОО-да тілді оқытудың жолдары,

ұстанымдары, әдіс-тәсілдері. Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары. Болашақ

филолог маманның функционалдық сауаттылығы. Студенттің өздік жұмысын

ұйымдастырудың (СӨЖ) ерекшеліктері. Жоо-да қазақ тілін оқыту

әдістемесінің ерекшеліктері.



Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуы кезеңі. Қазақ әдебиетінің қалыптасуына негіз болған көне түркі жазбалары. Әдебиет дамуының кезеңдері мен халықтың жалпы тарихи даму үрдісі. Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық-әдіснамалық мәні. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы. Қазақ ғалымдарының әдебиет тарихын дәуірлеудегі теориялық көзқарастары мен әдіснамалық тәжірибесі. Әдебиет тарихын дәуірлеудің принциптері (аналитикалық принцип, гетерогендік принцип, автономдық немесе автогендік принцип).

Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы.

Әдебиеттану ғылымы, мақсат-міндеттері, салалары.

Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы: жетістіктері мен проблемалары. Өнерге жаңаша көзқарас. Әдебиеттану ғылымының зерттеу, қарастыру нысанына, мақсат-міндеттеріне орай оның эстетика, тарих, философия, тіл, мәдениеттану, т.б. ғылымдармен байланысы. Өмір болмысы, қоғамдық шындықты танудың екі жолы: ғылыми таным және көркем таным ерекшеліктері.

Қазақ өлеңтануының өзекті жайлары.

Өлеңтану ─ әдебиеттанудың бір құрамдас бөлігі. Мақсат-міндеттері. Қазақ өлеңтану тарихына және қазіргі жай-күйіне шолу. А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтың, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Қ.Жұмалиевтің, З.Ахметовтің Ә.Тәжібаевтің және қазіргі зерттеушілер (С.Негимов, Қ.М.Жүсіповтың, Б.Кәрібозұлы, Т.Шапаев т.б.) еңбектерінің маңызы, оларда қарастырылған мәселелер.

Өлеңтанудың аз, жетімсіз қарастырылған мәселелері (қазіргі қазақ өлеңіндегі пішін, мазмұн тұрғысындағы жаңалықтар. Буын, бунақтық өлшемдерінің өзгерісі, өлең мәдениетнің тереңдеуі. Лирикадағы сюжет мәселесі т.б.).

Өнердегі көркем шарттылық мәселесі.

Көркем шарттылық ұғымы. Мәселенің орыс, қазақ әдебиеттану ғылымын зерттелу жайы. Көркем шартылықтуралы түсінік ─ ұғымдар. Көркем шартылықтың бейнелеу тәсілі, өнер заңдылығы екендігі. Көркем шарттылықтың ауыз әдебиетіндегі көріністері. Реалистік өнер және көркем шарттылық мәселесі. Көркем шартылық тәсілінің басқа өнер түрлерінде (сурет, мүсін, кино, театр т.б.) қолданылуы.



Әдеби процесс. Әдеби бағыт, ағымдар.

Әдеби процесс ─ әдеби даму. Әдеби процестің, әдеби дамудың толыққандылығының көрінісі әдеби бағыт, адамдардың молдығы екендігі. Әдеби бағыт, әдеби ағымдар жайлы пікірталастары. Қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби бағыттар мен ағымдар, олардың арақатынасы. Зар заман ағымы т.б.

Әрбір әдеби бағыттың, әдеби ағымның өзіндік бағдарламасы, өзіндік өмір шындығын тану, бағалау, суреттеу ұстанымдары болатындығы.

Абай шығармашылығы арқылы қалыптасқан әдеби бағыт, оның бағдарламасы.

Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық, ағартушылық ағымдар.

XX ғасырдағы кеңестік әдебиет.

Қазақ әдебиетіндегі постмодернистік өнердің кейбір көріністері.

Әдеби бағыт, ағымдар проблемасының төл әдебиеттану ғылымында жетімсіз қарастырылуы.



Көркем туындының шығармашылық тарихы.

Шығармашылық процесс ─ жазушы лабороториясы ─ шығармашылық психологиясы мәселелері. Бұл мәселені қарастырудың бір өнімді жолы ─ көркем туындының шығармашылық жазылу тарихын зерттеу, қарастыру. Мәселенің орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарының жай-күйі, төл ғылымымызда кенжелеп келе жатқандығы, одан жуандайтын проблемалар.

Шығармашылық тарихты зерттеудің жолдары мен әдістері. Мұндай зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігі. Жазушылық еңбек құпияларын ашуға қаламгердің өмір шындығын өнер шындығына айналдыру барысында сан-сала ізденістерін шеберлігін тануға т.б. мүмкіндік беретіндігі. Қазақ әдебиетінде шығармашылық тарихы зерттелген туындылар ()М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б.) тағылымы.

Текстология ─ мәтінтану мәселелері.

Шығармашылық тарихты зерттеудің жолдары мен әдістері екендігі, оның міндет-мақсаты.

Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологиялық зерттеулер жайы. Бұл саланың қазақ тіл білімі ғылымында білім дамуы. Орыс ғылымында текстологияның іргелі ғылыми сала (акад. Д.С.Лихачев т.б. еңбектері болып) екендігі, бізде кенжелеп қалғандығы.

Махамбет, Абай т.б. қаламгер туындыларының текстологиясына қатысты пікірталастары. Текстолог мамандар даярлау қажетттілігі. Мәтіндік зерттеу, талдаулар жүргізудің ерекшелігі мен қиындықтары, ғылыми маңыздылығы.



Әдебиеттегі авторлық мәселесі.

Өнердегі авторлық мәселесі. Әдебиет, өнер тарихында түрлі себептер мен кейбір туындылар авторларының аталмауы немесе басқа біреудің атымен таралыуы, жариялану фактілері. Мұндай фактілердің ән саласында (нақты авторы бар туындының халық әні аталуы), әдебиетте орын алуы, оның түрлі себептері. Авторлық мәселесін анықтаудың жолдары мен әдістері. Төл әдебет тарихында кеңестік дәуірде М.Дулатов өлеңінің Ы.Алтынсаринге, А.Байтұрсынов аудармасының Асан қайғыға делінуі осылай жарияланып, насихатталып келуі. т.б.



Қазақ әдебиеті және модернистік өнер.

Батыс Еуропа әдебиетінде модернистік өнер түрлерінің тууы мен қалыптасуы.

Модернистік өнердің мақсат-міндеті. Негізінен реализмге, өмір-болмысты нақтылы тынытуға қарсылығы. Кеңестік әдебиет теориясы мен эстетикасында модернистік өнер түрлерінің айыпталуы, оның себептері. XX ғасыр басындағы әлем, қазақ әдебиетіндегі модернистік бағыт-ағымдар ерекшелігі.

Модернистік өнер аясындағы ағым-бағыттардың композициясы құруда, сюжет дамытуда, адамның ішкі сырына бойлау және танытудағы кейбір амал-тәсілдерінің озықтығы, пайдалылығы.

XX ғасырдағы және қазіргі қазақ әдебиетіндегі кейбір туындыларда модернистік ағымдарға тән суреттеу тәсілдерінің қолданылуы (экзистенциализм өнеріне тән жатсыну, жалғыздық мәселесі; сондай ақ психологиялық талдау, «сана ағымы» т.б. көріністері).

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің жайы, баспасөз ісінің қанат жаюы, ағартушы-демократтық бағыттығы ақын-жазушылардың шығармашылығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы шығармашылықтары. 1917-1940 ж. ж. қазақ  әдебиеті, 1937 жылы қазақ зиялыларына жасалған репрессия. Ұлы отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945), 1946-1960ж. ж. қазақ әдебиеті, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэма жанрындағы Абай дәстүрін жалғастыруы. М. Сералыұлының шығармашылығы. 1920-1960 ж. ж. (С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ж. Жабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов т.б.)  қазақ әдебиеті.

Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі.  Әдістеменің даму негіздері мен бағыттары, қалыптасу кезеңдері. Әдебиет әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. А.Байтұрсынов- қазақ әдебиеті әдістемесінің көшбасшысы. «Тіл жұмсар» еңбегіндегі ағартушының ойлары. «Баяншы, «Әлифба астары» еңбектеріндегі әдістеме туралы ойлары. Қазақ әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар

(А. Байтұрсынов, М. Жұмабаеев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Сейітов, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Ш.Кәрібаев, Қ.Жұмалиев, Ш.Аманов, Е.Ысмайылов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Т.Ақшолақов, Ә.Дербісалин, Т.Жұмажанова, С.Мақпыров, т.б.).


Емтихан сұрақтары
Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдері

Орал-алтай тілдері теориясы. Орал-алтай тіл бірлестігін дәлелдейтін заңдылықтар.

Түркі-моңғол тілдері және олардың тілдік байланысы

Ғұн, үйсін және қаңлы-қыпшақ тілдерінің қазақ тіліне қатысын дәлелдейтін деректер

Көне түркі тілі және оның лексика-грамматикалық сипаты

Орта ғасырдағы түркі тілі және оның қазақ тіліне қатысы

Түркі тілдерінің қазіргі классификациясы.

Фонология. Отандық фонология мәселелері

Шешендік сөздің тектері мен түрлері

Пікірталас мәдениеті талаптары

Пікірталас түрлері

Әлеуметтік лингвистиканың зерттелуі

Лингвомәдениеттанымның өзекті мәселелері

Қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық зерттеулер

Тілдік тұлға теориясы

Сөз мәдениеті: пәні, категориялары

Тіл біліміндегі концепт ұғымы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі: тарихы, даму кезеңдері

Қазақ тілін оқытудың тарихы: пәні, мақсаты, міндеттері

А.Байтұрсынұлының шығармашылығы және қазақ тілін оқыту әдістемесі

Қ.Кемеңгерұлының шығармашылығы және қазақ тілін оқыту әдістемесі

Репродуктивтік және конструктивтік білім түрлері

Интербелсенді дәрістің түрлері

Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары

Қазақ тілін оқыту әдістемесі және И.Ұйықбаевтың әдістемелік мұрасы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі және Қ.Қ.Жұбановтың еңбектері

Студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың (СӨЖ) ерекшеліктері

ЖОО-да қазақ тілін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері

Студенттің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары

Қазақ тілін жобалау технологиясы негізінде оқыту

Қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

ЖОО-да студент білімін бағалау мәселесі

Интербелсенді әдіс-тәсілдер

Студенттің өздік жұмысын (СӨЖ/СОӨЖ) ұйымдастырудың жолдары

Зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделген өздік жұмыс түрлері

Т.Шонанұлының шығармашылығы және қазақ тілін оқыту әдістемесі

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары

Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ) және оны ұйымдастыру

Мәтін лингвистикасы

Мәтінді құраушы тұлға-бірліктерді айқындау

Мәтіннің негізгі категорияларын сипаттау

Шумер ілімінің қалыптасу тарихы

Мәтінге психологиялық талдау жасау

Мәтін түрлері және олардың ерекшеліктері

«Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнінің қарастыратын мәселелері

Концептосфера. Ақын не жазушы тіліндегі концептілер

Лингомәдениеттанымды зерттеген отандық ғалымдар

Мәтін туралы ұғым және оның негізгі белгілері

Шумер жазуларының түркі танымдық сипаты

Мәтіннің құрылымдық тұтастығы

Мәтін композициясы

Көркем мәтіндегі тілдік бірліктер

Мәтін лингвистикасының зерттелуі

Шумер мен түркі тілдерінің жақындығын дәлелдейтін нақты жайттар

Тіл біліміндегі концептуалдық зерттеулер



Әдебиеттану ғылымы, мақсат-міндеттері, салалары

Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы: жетістіктері мен проблемалары

Қазақ әдебиеттану ғылымының өзге ғылымдармен байланыс-сабақтастығы

Қазақ өлеңтану ілімінің өзекті мәселелері

Қазіргі қазақ өлеңіндегі пішін, мазмұн тұрғысындағы жаңалықтар

Лирикадағы сюжет мәселесі

Қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби бағыт, ағымдардың, әдеби мектептердің зерттелу жайы

Өлеңдегі көркем шарттылық мәселесі, оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі

Көркем шарттылық тәсілі және реалистік әдебиет

Көркем шарттылықтың ауыз әдебиетіндегі көріністері

Қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби бағыттар мен ағымдар, олардың арақатынасы

Абай шығармашылығы арқылы қалыптасқан әдеби бағыт

Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық, ағартушылық ағымдар

Қазақ әдебиетіндегі постмодернистік өнердің кейбір көріністері

XX ғасыр басындағы әлем әдебиетіндегі модернистік бағыт-ағымдар ерекшелігі

Қазақ әдебиетіндегі мәтінтану мәселелері

Әдебиет пен өнердегі авторлық мәселесі

Шығармашылық тарихты зерттеудің жолдары мен әдістері

Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақ кезең келбеті және оның қазіргі тұрғыдан зерттелу сипаты.

О.Бөкей шығармаларындағы жалғыздық мәселесі

Қазіргі қазақ прозасындағы мифологизм

Ж.Аймауытовтың «Елес» әңгімесіндегі сюрреализм, жаңаша пайымдау

Қазақ поэзиясының өткені, кешегісі, бүгіні және ертеңі туралы толғаныстар

М.Мағауин шығармаларындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі

Д.Исабеков шығармаларындағы экзистенциализмнің көрінуі

А.Алтай шығармаларындағы жаңашылдық

Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі

О.Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік, этно-фольклорлық символдардың

қолданылуы

Көркем шығармалардағы бүкпе мән, символдық астар

Ұлттық идеяның ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын-жазушылар шығармаларында

көрініс табуы

Абай шығармашылығының негізгі бағыттары. Абайдың ақындық мектебі

Абайтану ілімінің қалыптасуы. Абайдың ақын-шәкірттері

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы, зерттелуі. Шәкәрім

Құдайбердіұлының поэма жанрындағы Абай дәстүрін жалғастыруы

Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы шығармашылықтары

1917-1940 ж. ж. қазақ  әдебиеті

1937 жылы қазақ зиялыларына жасалған репрессия

Ұлы отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945), 1946-1960ж. ж. қазақ әдебиеті

Қазіргі қазақ әңгімелерінің негізгі тақырыптары

Әдеби сынның рөлі мен мәні

Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері

Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақ тілі бойынша:

Негізгі әдебиеттер

1. Айғабылов. А. Қазақ тілінің морфонологиясы. А., 1995.

2. Аманжолов. С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А.,1994.

3. Ағманов. Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі.А.,1986.

4. Аханов. К. Грамматика теориясының негіздері. А.,1996.

5. Әміров. Р. Жай сөйлем синтаксисі. А.,1983.

6. Базарбаева. З. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. А.,1996.

7. Балақаев. М. Қазіргі қазақ тілі/ Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А.,1992.

8. Сағындықұлы. Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А.,1994.

9. Әбікенова Г. Т. Көркем шығармадағы мәтінтүзім мәселелері : оқу құралы. – Семей, 2010. – 155 б.

11. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы : Білім, 1994. – 124 б.

12. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991. – 460 б.

13. Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы : Қазақ университеті, 2002. – 111 б.

14. Қ.Жұбанов. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А.,1999.

15. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А.,2010.

16. Қазақ грамматикасы. А.,2002.

17. Қосымова Г. Қазақ тілінің тарихы. А.,2007.

18. Есенова Қ. Ө. Қазіргі қазақ медия-мәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз мактериалдары негізінде): филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. – Алматы, 2007. – 49 б.

19. Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 272 б.

20. Қалиұлы Б. Тіл білімінің жаңа бағыттары: концепт, прагматика, дискурс, мәтін. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. – 158 б.

21. Хасанұлы Б. Ана тілі-ата мұра. Алматы, 2002.-269б.

22. Әбілқаев А., Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы., 2009, –276 б.

23. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы., 2006.–156 б.

24. Дәулетбекова Ж. Т. Тілдік білім нәтижесі – сөз мәдениеті.- Алматы: ҚБТУ, 2010.-240 б.


Қосымша әдебиеттер
1. Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивті парадигма. Ф.ғ.д. дис. қолжазбасы. – Алматы, 2006. – 321 б.

2. Кәріпжанова Г. Т. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау : оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2009. – 112 б.

3. Қалиев Ғ. Қазақ тіл білімінің терминологиялық түсіндірме сөздігі. – Павлодар : Кереку, 2010. – 605 б.

4. Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми теориялық негіздері: филол. ғыл. д-ры... дисс. – Алматы, 1999. – 340 б.

5. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы : Санат, 1995. – 208 б.

6.Ерназарова З. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі: филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. –Алматы, 2001. – 49 б.

7. Әзімжанова Г. Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті: филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. – Алматы, 2007. – 49 б.

8. Әлкебаева Д. А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы : Зият-Пресс, 2007. – 243 б.

9. Белл Р.Т. Социолингвистика. Цели, методы и проблемы. – М., 1980.

10. Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. – М., 2000.

11. Жұбанов А. Қолданбалы лингвистика. – Алматы, 2004.

12. Сүлейменова Ж.Қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. – Алматы: Білім, 2001. –115

13. Ғаббасов С.Ғ. Халық педагогикасының негіздері. Алматы, 1995. 210 б.

14. Оразахынова Н.А. Сатылай кешенді таолдау технологиясының ғылыми әдістемелік негіздері. Монография. Алматы, Дайыр баспасы, 2007 – 289 бет.

15. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. –159 б.

16. Құрманова Н. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. Астана: 2007.–159 б.

17. Жахина Б.Б.Қазақ тілі сөзжасамы: оны тереңдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі. Көкшетау, 2009. –249 б.

18. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004. –207 б.

19. Қисымова Ә.Қ., Нұрланов Е.Б. Оқыту технологиялары. Алматы, 2007.–191 б.

20. Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері. /Жинақ. Алматы, 2008. –389 б.



21. Білімнің ұлттық моделі: мамандарды кәсіби даярлау әдіснамасы және қазіргі технологиясы. Алматы, 2003. –396 б.
Қазақ әдебиеті бойынша:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ахметов. З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, Мектеп, 1973

  2. Байтұрсынов А. Шығармалары, Алматы, 1989

  3. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы, 1998, 2006

  4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991.

  5. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, Санат, 2002

  6. Мұхаметжанов Қ. Абай шығармашылығының текстологиясы хақында. Алматы, 1959

  7. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. Нұсқаулық.- Астана, Фолиант, 2003

  8. Мақпырұлы С. Адамтану өнері. Оқу құралы.-Алматы, Арыс, 2009

  9. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістері. Қарағанды. 2009

  10. Убайдуллаева Г.Қазақ текстологиясы. Оқу бағдарламасы. Өскемен. 2009

  11. Введение в литературоведение. Колл.авторов. Изд. 3-е. Москва. 1980

  12. В.Е.Уализев. теория литературы. Москва, Высшая школа, 1999,2009

  13. С.А.Рейсер. Палеография и текстология.

  14. Жүсіпбаева Б.А. Художественная условность и формы еë воплощения. Алматы. 1993

  15. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1т. Алматы: Қазақ университеті, 2001

  16. Сүйіншәлиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – А., 1989

  17. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – А., 1987



Қосымша әдебиеттер


  1. Ахметов З. Текстология жайында бірер сөз Кіт., З. АхметовАбайдың ақындық әлемі.- Алматы, 1995. 258-259 б.

  2. Әбдірахманов. Т. Жаңа ғасыр көгінде. – Алматы, 1969

  3. Әдебиеттану. Сөз өнерінің сырлары. – Алматы, Мектеп, 2003

  4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, Ана тілі, 1991

  5. Кәкішев Т. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінднгі ағымдар. Кіт.:

  6. Қалыжанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылыұ ағым. – Алматы, Білім, 1998

  7. Кәрібозұлы Б. Сырлы сөз сипаты – Алматы, Қазақ университеті, 1997

  8. Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. - Алматы, 1991

  9. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы,1996

  10. Мақпырұлы С. «Ботагөз» романының тарихы. Кіт.., Қазына, Арыс, 2004

  11. Негимов С. Өлең өмірі. 1970

  12. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2004

  13. Пірәлиева Г. Ішкі монолог. Алматы,1994

  14. Серікқалиұлы З.Дүниетану даналығы. Алматы,1994

  15. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тіні.- Алматы, Ер-Дәулет, 1998

  16. Сыздықова Р. Тектология мәселелері. «Қазақ әдебиеті», 27.03.1964.

  17. Ұлттық әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелері. Халықаралық конф. мат. Әдебиет және өнер институты. – Алмалы, 2001

  18. Көкейкесті әдебиеттану. VIII кітап. – Алматы, ЕҰУ 2008

  19. Ибраева А. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман-дилогиясының шығармашылық тарихы. Алматы,Арыс, 2004

  20. Дмитриев В.А. Реализм и художественная условность. Москва, 1974

  21. Литературный процесс. Сб. Издательство МГУ, 1981


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет