БАҒдарламасы қарағанды қ., 2015 бағдарламаның паспорты 4


Энергиямен қамтамасыз ету



бет9/37
Дата14.06.2016
өлшемі6.5 Mb.
#136005
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
2.1.1.2.4. Энергиямен қамтамасыз ету

Әлеуметтік-экономикалық мәні

Энергиясақтау бойынша шараларды жүзеге асыру бүгінгі күні өндірісті, тұрғынжай-коммуналдық шаруашылықты және көлік модернизациялаудың негізгі құралдарының бірі. Энергиясақтау мен энерготиімділік бойынша шараларды табыспен жүзеге асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар Қарағанды облысының бәсекелестілігін арттырады.

Аймақтағы экономиканың өсуімен энергия ресурсын тұтыну қарқынмен артып келеді, ішкі аймақтық өнімде де экономикалық даму өнім өндірісі көлемінің артуымен ресурстарды тұтынудың артуы арқылы жүреді.

Сонымен энергиясақтау Қарағанды облысының алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

2014 жылы Қарағанды облысында электрэнергия шығару 12573,9 млн.кВт.с. облыс сыртынан 3671,4 млн.кВт.с, алынды сыртқы – 1839,7 млн.кВт.с. жіберілді. 2014 жылы облыс кәсіпорындарына 12988,5 млн.кВт.ч электр энергиясы жіберілді. Жалпы жіберілген электрэнергия көлемінен 77,2% (10025 млн.кВт.с) өндіріс кәсіпорындары мақсатына келіп отыр. тұрғындардың пәтерді жарықтандыруына басқа да тұрғынжай қажеттіліктеріне 1404,6 млн.кВт.с (10,8%) электр энергиясы жіберілді. Электржелісіндегі жоғалту 1417 млн.кВт.с (9,8%) құрап отыр.

2014 жылы Қарағанды облысында жылу энергиясын шығару 13,1 млн.Гкал құрады оның 10,7 млн.Гкал жылу электрстанцияларына және 2,4 млн.Гкал – қазандықтарға келеді. 2014 жылы облыс кәсіпорындары 15,7 млн.гкал жылуэнергиясын шығарды. Тұрғындарға жалпы жіберілген жылу энергиясы көлемінен 3,7 млн.Гкал (23%), кәсіпорындар мен ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктері 2,2 млн.Гкал (14%) кетті.

Сонымен, Қарағанды облысының энергиятұтынуын сараптау мынаны көрсетіп отыр, энергия ресурстарын негізгі тұтынушылар өндіріс секторы болып табылады, оның ішінде электр және жылуэнергиясы өндірісі.

Тұрғынжайсекторы шамамен 10,8 % электр энергиясын тұтынады және 23 % жіберілген энергия көлемін тұтынады.

Аймақта 71 % тұрғын жай қоры тиісті жағдайда, оның 28,6 % жөндеуді қажет етеді және 0,4 % апаттық жағдайда тұр.

Қарағанды облысының коммуналдық секторындағы инженерлік жүйенің тозуы мынандай жағдайда:

- жылумен қамтамасыз ету 61% нормативтік жағдайда және 39% жөндеуді қажет етеді. Жылумен қамтамасыз ету желісінің жалпы ұзындығы 2 801 км;

- электрсақтау 61,2% нормативтік жағдайда және 38,8 % жөндеуді қажет етеді. Электрмен қамтамасыз ету желісінің жалпы ұзындығы 27 844 км;

- газбен қамтамасыз ету желілері облыста жоқ.

Облыста энергия қорғау бойынша және энерготиімділікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жүзеге асырылып жатыр:


  1. Қарағанды облысының 2011 - 2015 жылдарға арналған кешенді түрдегі энергиясақтау бойынша кешенді жоспары.

  2. Энергиясақтау-2020 кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген, 29 тамыз 2013 жыл № 904.

Энергиясақтау саласында Елбасы ішкі жалпы өнімдегі энергия кетіру көлемін 10% 2015 жылы және 25% 2020 жылы төмендету бойынша міндет қойылды.

2014 жылғы салынған қаржы көлемі 1 313 млн. теңгені құрады, энергетика кәсіпорындарда 3 млрд. 363 млн.теңге және өндіріс секторы кәсіпорындарында 1 млрд. 796 млн.теңге .

ТКШ модернизациялау Бағдарламасы аясында

- 4 жылда 190 жөнделді сомасы 2,7 млрд.теңге , оның ішінде 2014 жылы 63 үй 844,5 млн.теңгеге жөнделді.

- 2011 жылдан 2014 жыл аралығында 123 көппәтерлі тұрғын үйлерде энергоаудит жүргізілді, оның ішінде 2014 жылы 23 МЖД 13 млн.теңге сомасына энергоаудит жүргізілді. Энергоаудит қорытындысы бойынша үй тұрғындары жөндеу жүргізу жұмыстаны көлемін анықтау үшін қорытынды нәтижесін алды.

Бағдарлама аясында 2015 жылы облыстағы бюджеттік ұйымдарда жоспарды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 1 млрд. 337 млн.теңге қаржы салу жоспарланып отыр өнеркәсіп өндірістерінде 1 млрд. 796 млн.теңге энергетика кәсіпорындарында ол сома шамамен 6 млрд. теңге .

Осы қаржыға энергия сақтау шамдарын орнату бойынша шаралар жоспарланып отыр, автоматтандырылған жылу бекеттерін (АЖБ), пластик шыныпакеттер алу шатыр мен кіру топтарын толығымен жөндеу, жылумен қамтамасыз ету жүйесін ауыстыру реттеуші аппараттар құру және коммуналдық қызметті есептеу құралдарын құру жоспарланып отыр.

Өндіріс пен энергетика нысандарында сыртқы және ішкі жарық беруді модернизациялау жоспарланып отыр, ескірген жылу беру жүйесін алмыстыру, ескірген технологиялық құралдарды жаңа энергия тиімділеріне ауыстыру сонымен қатар өндіріс йикылын оптималды жұмыс істеуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Әр энергия беруші ұйымдар ЖШС «Қарағанды Жарық», ЖШС «КРЭК» және АҚ «ЖРЭК» инвестициялық бағдарлама аясында 100% тұтынушыларды құралдандыру және электрэнергиясын автоматтандыру жүйесін құру шаралары жоспарланып отыр (ЭБЕАЖ).

Сонымен қатар Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев қалалары әкімдігі «Мэрлар Келісімен» қол қойды. Бүгінгі күні аталған әкімдіктер тұрақты энергетикалық даму бойынша әрекет ету Жоспары жүргізілуде. (ТЭДӘЕЖ), ол энергоресурсты кеміту шараларынан көрінетін болады.

Тұрақты түрде энергетикалық даму бойынша әрекет ету Жоспарын бекіткеннен кейін (ТЭДӘЕЖ) энергияны үнемдеу бойынша шараны жүзеге асыру үшін қала «Мэрлар Келісімі» қаржылық көмек көщіне қолжеткізеді, гранттар,субсидиялар мен несиелер.

2.1.1.2.5. Жергілікті құрамды дамыту

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының жүйе құрушы кәсіпорыны жалпы көлемі 434,2 млрд. теңгеге қазақстандық құрамдағы тауар, жұмыс және қызметті сатып алды, ол 290 млрд. теңгені құрады немесе 66,8 %: - тауар бойынша – 159,7 млрд. теңге немесе 53,9%; - жұмыс пен қызмет бойынша – 130,2 млрд. теңге немесе 94,3% болды.

Республикадағы 116 жүйе құрушы кәсіпорыннан Қарағанды облысы қазақстандық тауар, жұмыс пен қызметті сатып алу бойынша 1 орын алып отыр.

2013 жылы Қарағанды облысының жылу өндірушілерін қолдау бойынша шаралар Жоспарына Қарағанды облысының Өндіріс және индустриалдық-инновациялық даму Басқармасы мен АҚ «ҰК «КТЖ» «Жаңа импортты алмастырушы өндірісті дамыту бойынша Орталық» арасында қол қойылды, ол 2013-2015 жылдарға арналған.

АҚ «АрселорМиттал Теміртаудың» Шығын (эксплуатациялық ) материалдары құрылды, ол 415 тауарлық позициядан тұрады сонымен қатар ЖШС «Корпорация қазақмыс» ол 2471 тауарлық позициядан тұрады. Аталған шығын материалдары Қарағанды облысының, Астана, Алматы қаласының құрылыс индустриясына бағытталды, облыс кәсіпорындары палатасына импорттыалмастыру мүмкіндігін қарастыру үшін жөнелтілді.

Жергілікті тауар өндірісін танымал ету үшін Қарағанды облысының өндіріс және индустриалдық-инновациялық даму Басқармасы 2014 жылы Қарағанды облысының өндірушілерін 12 әр түрлі конкурстық-көрмелер оның ішінде аймақаралық және халықаралық көрме конкурстар ұйымдастырылды.

2014 жылы 23 қазанда Республикалық «Қарағанды облысының өндірісінің даму перспективалары» Форумында Қарағанды облысының жүйе құрушы кәсіпорындары (АҚ «АрселорМиттал Теміртау», ЖШС «Қазақмыс корпорациясы») және Шығыс Қазақстан облысы (ЖШС «Қазцинк») арасында келісімге қол қойылды аймақтағы 41 тауар өндірушілермен сомасы 13 млрд. 268,2 млн. теңге келісімге қол қойылды.

Форум аясында Қарағанды облысы әкімдігі жергілікті құрамды дамыту қызметтестігі туралы меморандумға ЖШС «Самұрық-Қазына Контракт» және жобаны жұзеге асырушы басты жалгер «Абу-Даби Плаза» арасында қол қойылды.

Қазақстандық құрамды дамыту бойынша қызметтестік туралы қол қойылған Меморандум аясында Қарағанды облысы әкімдігі мен «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясы филиалы арасында көпфункционалды кешен «Абу-Даби Плаза» салу үшін келісімшарт жасалды, облыстағы сегіз кәсіпорынмен жалпы сомасы 748,6 млн. теңгеге келісімдер жасалды: ЖШС «Баутас», ЖШС «ККК Бетон», ЖШС «КазСтройИнвест-2030», ЖШС «КарГидроПроект», ЖШС «Утилизация», АҚ «Караганданеруд», ЖШС «Каскад Партнерс» және ЖШС «КАЗНЕРУД».

2014 жылы 7 қарашада ұлттық компания «Астана ЭКСПО- 2017» делегациясы Басқарма төрағасымен бірге Қарағанды облысына келді, онда облыстың бірнеше кәсіпорындарына барды, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп көрмесі өткізілді.

Аталған шара барасында АҚ ҰК «Астана ЭКСПО 2017» мен Қарағанды облысы әкімдігі арасында және аймақ кәсіпорындары арасында өзара қызметтестік туралы 6 меморандумға қол қойылды.

2014 жылы Қарағанды облысының Сауда Палатасы 877 сертификат терді «СТ-KZ».

Жүйе құрушы кәсіпорындардан басқа Қарағанды облысының 92 астам ірі кәсіпорындарына мониторинг жүргізіледі. 2014 жыл қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындар жалпы сомасы 109,6 млрд. Теңге болатын тауар, жұмыс пен қызмет сатып алды оның ішінде отандық тауар өндірушілерден , жалпы сомасы 95,6 млрд. Теңге немесе 87,2% болатын тауар, жұмыс пен қызмет сатып алды.Өткен жылмен салыстырғанда өсі 5,1% құрап отыр.

2015ж. 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаев облыс әкімдігі мен ұлттық компания арасында жергілікті құрамды дамыту бойынша қызметтестік меморандумына қол қойды, жалпы сомасы 4 млрд. 958,6 млн. теңге. Қол қойылған Меморандумдар нәтижесі бойынша бүгінгі күні ұлттық компаниялар 756 келісімге қол қойды сомасы 7 348,5млн млн. теңге - (148,2 % орындау).

Сонымен қатар, жүйе құрушы кәсіпорындар мен облыс тауар өндірушілері арасында өнім жеткізу бойынша өзара қызметтестік туралы саны 43 меморандумға қол қойылды жалпы сомасы 48 млрд. 433,1 млн. теңге. Бүгінгі күні 241 келісім жасалды жалпы сомасы 45 млрд. 587,5 млн. теңге (94,1% орындау).

«Қазақстанда жасалған» акциясына қатысты Елбасының тапсырысын орындау мақсатында Қарағанды облысы әкімдігі аймақтағы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қазақстандық өндіріс тауарларын қолдау бойынша шаралар Жоспары жүзеге асырылуда («Қазақстандық өнімді сатып ал» акциясы»).

Қарағанды облысының көтерме және бөлшек сауда нысандарында Қазақстандық өндіріс тауарының логотипін орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні облыс қалалары мен аудандарда «Қазақстандық өнімді сатып ал» акциясын 1 134 дүкен өткізді, 8 мыңнан артық логотип орнатылды, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Медиа-жоспарға сәйкес республикалық және облыстық БАҚ эфирынан жергілікті кәсіпорындар өндіретін тауарды жылжыту бойынша материалдар беріліп тұрады.

«Қазақстанда жасалған» акциясы аясында шаралар республикалық және облыстық БАҚ кең таратылып отыр. Акция басталғаннан бері 70 астам материал берілді.

Сонымен қатар, 2015 жылы 2 шілдеде Астана қ. Индустриализация Күнінде Елбасының қатысуымен «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» форум көрмесі өткізілді, онда облыстың әр түрлі саласынан 15 кәсіпорын қатысты .



«Қазақстанда жасалған» Форум көрме аясында АҚ «Жергілікті құрамды дамыту бойынша Ұлттық агенттік «NADLoC» Қарағанды облысының 6 кәсіпорыны өнімдерін бірдей логотиппен орналастыру туралы меморандумға қол қойылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет