БАҒдарламасы қарағанды, 2010 мазмұны №


Облыстағы энергия кәсіпорындары бойынша АСКУЭ енгізу



бет12/33
Дата24.02.2016
өлшемі4.52 Mb.
#13116
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

Облыстағы энергия кәсіпорындары бойынша АСКУЭ енгізу



Кәсіпорындар

Даму аралығы

Дамыту жылдары бойынша шығындар млн.теңге

Қаржыландыру көздері

барлығы

2011

2012

2013

2014

2015

1

«Қарағанды Жарық»ЖШС

2011-2012

2628,1

2128,1

500










өзіндік қаржы

2

«КРЭК»ЖШС

2011-2012

125,8

62,9

62,9










өзіндік қаржы

3

«ЖРЭК»АҚ

2011-2015

113,3

29,8

15,4

16,2

29,7

22,2

өзіндік қаржы

Автоматтандырылған жылу пунктері, энергия үнемдегіш шамдар, электр энергиясы және жылу, суық су және ыстық суды тұтынудың есепке алу аспаптарын анықталуы бойынша облыстың қалалары мен аудандарында, облыстық басқармаларында (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік орта, спорт) мүліктендірілу жүргізілді.

Облыс бойынша барлығы қойылды, соның ішінде білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметік орта, спорт:


  • электр энергиясын есепке алу аспаптары 2288;

  • жылу электр аспаптарын есепке алу аспаптары 447;

  • ыстық суды есепке алу аспаптары 74;

  • Суық суды есепке алу аспаптары 74;

  • Энергия үнемдеу шамдары 12938;

  • АТП 38.

Энергия үнемдеу жобаларын іске асыру жергілікті атқарушы органдар кезінде ЭСКО құруда үлкен рөл атқарады, энергия сервистік келісімшарт енгізу, осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Орталықтандырылған энергиямен жабдықтаудың үлкен тарифтік шарттары нақты инвестициялық қатысушы жаңарушы энергия көздерін қолдану мүліктендіру мәселесі үлкен энергетикада маңызды рөл атқарады.

Облыста экологиялық таза дәстүрлі емес метериологиялық және географиялық табиғи шарттар есебінен жел электр қондырғылары,гелио су жылытқыштар және т.б қарастырылуда; жұмыс бойынша олардың жеке меншік жабдықтары мен технологияларын дамыту қабілеттіліктерін қолдану; рацианалды экономикаға шашыратқыштан адамдарды өзін-өзі тәрбиелеуін қамтамасыз етуіне көшуін қолдану;

Облыста жел электр стансасын және жел қондырғыларын электр энергиясын өндіру мүмкіндіктеріне байланысты орналастыру үшін бірнеше аулалар табылды, электр энергиясын тұтынуды қамтамасыз ету жеткілікті.

Қазақстан Респуьликаасының жаңа технологиялар және индустрия Бірінші Вице-Министрлігі А.П. Раудың 2010 жылдың 12 маусымындағы №111 бекітілген бұйрығындағы жаңарушы энергия көздерін қолдану бойынша нысандарды орналастыру жоспарына сәйкес және энергия үнемдеуді дамыту мәселесі бойынша Қарағанды облысының әкімдігі және ПРООН арасындағы қызметкерлік қатынас Меморандумы негізінде Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында қуаты 15 МВт жел электр стансасының құрылысы жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды енгізу жүзеге асыру келесі күтілген тиімділіктерді береді.



  • энергия көздеріне энергия және ресурстарды үнемдеу тапсырмаларының шешілуі;

  • өзіндік қажетке отын-энергетикалық ресурстар шығындарын қысқарту;

  • жылулық және электрлік қуаттың қосымша көлемін алу;

  • электр және жылу энергиясының шығындарын азайту;

  • атмосфераға зиянды заттарды лақтыруды белгілі мәнге дейін төмендету;

  • бюджеттік ортадағы нысандарға және тұрғын үй ғимараттарының энергия тиімділіігін арттыру;

  • коммуналдық қызметтер төлеміне шығындарды азайту;

  • жеткізілмейтін қызметтер сапасын жақсарту.

Ауылдық елді мекендерде тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін коммуналдық меншіктегі электр тарату желілерін қайта құру бойынша 12 жоба бойынша техникалық экономикалық негіздеме (ТЭН) дамытылды және ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін электр тарату желілерінің құрылысы бойынша 11 жоба аяқталды.

2009 жылғы жергілікті бюджет есебінен электр тарату желілерін қайта құру бойынша Бұқар Жырау ауданыныдағы Үштау және Майөзек ауылдары мен Абай ауданындағы Талдықұдық, Қарабас кенттерінде жұмыстар орындалды.

2009 жылы Шет ауданының Деріпсал ауылында орталықтандырылған электрмен жабдықтау қалпына келтірілджі және арақашықтығы 9,6 км электр тарату желісі салынды.

2010 жылғы облыстық бюджет есебінен Қарқаралы ауданының Едірей стансасы мен Ақтоғай ауданының Ақсенгір стансасында электр тарату желілерінің құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталуы бойынша жұмыстардың аяқталуы жоспарлануда.

Жол Картасы негізінде 2010 жылы Бұқар Жырау ауданының Мұстафин кентінің электр тарату желілерін қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Облыстың қалалары мен аудандарында тұрақты жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында қосалқы стансаларында, жылу таратушы кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырылады.

2010-2011 жылдардағы алда тұрған жылулық маусым кезеңдеріне дайындық негізінде жылулық және электр тораптарында арақашытықтары 143,6км және 2610,0 км, 542 бірлікті қосалқы стансаларында жөндеу бойынша жұмыстар жылу, электр жабдықтау кәсіпорындарында жүргізілді.

Энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізу облыстағы энергия кешенді энергетика шаруашылығы мен бюджеттік нысандарды қазіргі заманғы сапада жасау, энергиямен қамтамасыз етуді сенімді ету және жақсарту, бюджеттік шығындарды азайту, берілген коммуналдық қызметтер сапасын арттыру және әлеуметтік жүктемені азайту, тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қала атмосферасын ластанудан және булы газдардың бөлінуін төмендетуін орындайды.



Сумен жабдықтау және суды бұру

Жалпы Қарағанды облысының сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 6 459 км. құрайды, оның ішінде 4 908,1км. (75,9%) жеке меншікте.

2004 жылдан 2009 жылға дейін облыста желіге берілетің судың көлемі бырталай өзгерді. Оның ішінде Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында өзгеріссіз қалып, Балқаш, Қаражал, Саран қалаларында және Нұра мен Осакаровка аудандарында судың тұтынуы азайды (7-14%). Басқа қалалармен аудандарда ауыз сумен тұтыну көрсеткіші біршама көбейді (Приозерск қаласында 24%, Ұлытау ауданында 20 есеге).

Облыстағы су құбыры желілерінің тығыздығы шекті бірқалыпсыздықпен сипатталады. Осылайша, облыстың ірі қалалары – Қарағанды мен Теміртау қалаларында – желілер тығыздығы өте жоғары және 1 шаршы км-ге шаққанда 2 км-ден асады. Қаражалдан басқа қалалардың барлығында желілер тығыздығы 1 шаршы км-ге шаққанда 0,1-0,7 км аралығында өзгереді. Ауылдық аудандарда және Қаражал қаласында желілер тығыздығы 1 шаршы км-ге шаққанда 0,02 км-ге жетеді.

Жалпы облыс бойынша алғанда жағымсыз тенденция ретінде көшелердегі су құбыры желілері созылымдылығының 4%-ға қысқарғандығын және оның тозған тұсының созылымдылығының 44%-ға ұлғайғандығын айта кету керек. Жалпы алғанда, желілер тозуы 34%-дан 51%-ға дейін өскен. Дағдарыстық жағдай – желі тозуының 75% мөлшердегі көрсеткіші Қарағанды, Қаражал, Саран және Шахтинск қалаларында байқалады Желі тозуының 50-75% мөлшердегі көрсеткіші Балқаш пен Приозерск қалаларында және Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра аудандарында орын алған. Анағұрлым жағымды жағдай Жезқазған мен Жаңа-арқа ауданында байқалады (желі тозуы – 10-20%).

Жалпы бұру желілерінің ұзындығы 2 468,0 км. құрайды, оның ішінде 941,4 км. (78,7%) жеке меншікте.

Су бұру жүйелерінің желілерімен құрылыстарының көпшілігі сумен жабдықтау нысандары сяқты қолданысқа беру және күрделі жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам бұрын жүргізілген. Жалпы желілердің қолданыста болу мерзімі 25 жыл деп есептегенде, қазіргі уақытта желілердің 66% күрделі жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етеді. Кәріз жүйелерінің тозуына байланысты жыл сайын болатын апаттардын салдарынан құбырлардан аққан лас сулар жергілікті табиғатқа кері әсерін тигізуде.

Сонымен қатар облыс бойынша су бұру жүйесінің 75% апатты жағдайда. Кәріз жүйелерінің тозуына байланысты жыл сайын құбырлардың жарылып істен шығуы жиі болып тұрады.

Өндірістік кәсіпорындардан шығатын ағынды сулар көлемінің басым бөлігі (жеке қалаларда 24% дейін), өндірістік ағынды суларын тазалауға арналмаған қалалық тазалау құрылымдарына тікелей құйылады. Көптеген су тазалау құрылғыларының қолдану уақыты бітіп, ауыстыруды қажет етеді.

Газбен қамтамасыз ету

Орталықтандырылған газбен қамтамасыздандырылған Қарағанды облысының Қарағанды және Теміртау қалалары. Отын ретінде сұйықталған көмірсутекті газ – мұнай өңдеу өнімі қолданылады. Қарағанды қаласында газбен қамтамасыздандыратын ұйым «Алем Газ» ЖШС қызмет көрсетеді, Теміртау қаласында – «Темір-Газ» ЖШС, 2009 жылында жеткізу көлемі 11 517,8 тонна құрды. Оьлыстың қалған қалаларында орталықтандырылған газбен қамтамасыздандыру жоқ, тұрмыста газ баллондары қолданылады. Соған байланысты көпқабатты салуларда газ баллонын қолдану мәселесі бар.

Пайдаланатын топталған қойма құрылғылар (әрі қарай ТҚҚ) Қарағанды және Теміртау қалаларында техникалық орташа күй жағдайда. Жылсайын кәсіпорынның қаражат есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстар және газ бөлу шаруашылығын техникалық қызмет көрсету жүргізіледі.

Бірақ ТҚҚ жалпы санының үштен бір бөлігі айтылған қалаларда олардың тозушылығына байланысты пайдалынбайды.



Қатты тұрмыстық қоқыстарды пайдалану

Жыл сайын облыс бойынша 580 мыңнан астам тонна қоқыстар құралады, соның ішінде 400 мың тонна коммуналдық және 180 мың тонна өндірістік. Қатты-тұрмыстық қоқыстардың орталықтандырылған жүйелі жинауымен облыстың барлық қалалары қамтылған. Қатты тұрмыстық қоқыстарды жинау мен көмудің негізгі орындары полигондар және ауылдық елді мекендерде ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерлер болып есептеледі.

Өткізілген зерттеулерге сәйкес ҚТҚ құрамына негізінде органикалық (тамақтық) қоқыстар, автошиналар, майлар, салқындатушы сұйықтардың қоқыстары және аккумуляторлар сияқты қауіпті қоқыстары бар екінші қайтара шикізат және қалдықтар бар.

ҚТҚнің 5 %-дан азы өңдеуге душар болады, қалған қалдықтар қалдық полигонында сұрыптаусыз жиналады, ол қоршаған ортаны қосымша ластауына әкеп соқтырады. Сараптамаушылардың берілгені бойынша ҚТҚнің морфологиялық құрамының 40 % өнеркәсіпте қолдану үшін потенциалдық шикізат құрайды, 30 % компострлеуге жатады. Автосервис қоқыстары да бағалы материалдарды, соның ішінде жанатын-майлайтын материалдарды және отынның басқа түрлерін, құрылыс материалдарды және тағы басқаларды өңдіру үшін шикізат болып саналады. Мысалы, 1 тонна шина 700 кг. резіңке, 160 кг. метал, 170 кг. тоқыма құрайды.

Олай болса пайдалы екінші қайтара шикізатқа ҚТҚ пайдалануы Қазақстанда экономикалық тартымдылықтың және де экологиялық қауіпсіздіктің көзқарасынан преспективалы бағыты болып табылады.

ҚТҚні басқару бірнеше мақсат көздейді:


  • қоршаған ортаға әсерін төмендету;

  • шығарылатын материалдардың екінші қайтарма қолдануына оралуы;

  • үй алдындағы аумақтардың ұстау мәдениетін жоғарлату.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға негативті әсерді төмендетуге бағытталған бірнеше іс-шаралар қолдануда. Бірнеше қалаларда ҚТҚ-ны өңдеу бойынша кәсіпорындар салынды және пайдлануда, өңдеуге макулатураны қабылдау бойынша пунктер ашылды.

Сонымен бірге бекітілмеген муниципалды қоқыстарды көмуіне бақылау және жауаптылықты одан әрі жетілдіру, ережелер мен ҚТҚ бөлек жинау бойынша кепілдеме өңдеу, жаңа құрылыста қоқыс жинау бойынша жер астын контейнерлерді енгізуге бағытталған ережелерді өңдеу қажеттілігі бар.

Берілген саланың табысты дамуы үшін бәсекені қамтамасыздандыру қажет, ол үшін жер туралы заңнамамен сәйкес айналманың инфрақұрылым субъектілеріне лайықты жер учаскілерінің шағын және орта бизнеске беру мүмкіншілігін қарау керек.

Тұрғын үй секторы

Қазақстан Республикасының статистика агентігінің берілгені бойынша облыста тұрғын үй қорының жалпы аумағы 2009 жылдың 1 қаңтарына 26 867,3 мың шаршы м. құрайды.

Облыста 482 пәтер иелерінің кооперативі жұмыс істейді, олар жалпы аумағы 14 472 мың шаршы м. 7 448 көппәтерлі үйлерге қызмет көрсетеді. Үй іші және қалалық инженерлік желілердің техникалық жағдайы коммуналдық қызметтерді көрсету сапасын арттыруға рұқсат етпейді.

Тұрғын үй қорының инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыздығы құрайды: суқұбыры – 63,6%, канализация – 39,7%, орталық жылыту - 37,8 %, ыстық сумен қамтамасыздандыру - 37,5%.

7 448 көппәтерлі тұрғын үйлердің (14 472 мың шаршы м.) ішінен 2 700 үй (6 750 мың шаршы м.) күрделі жөндеу жұмыстарының бөлек түрлерін өткізулерін талап етеді, 170 үй (376 мың шаршы м.) жоюға жатады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық негізгі қорының иелері сияқты коммуналдық кәсіпрындар осы қорларды жаңғырту және қайта жасау программаларын өткізу үшін қаржы қаражатында өткір мұқтаждық көреді. Шектеулі жергілікті бюджеттер қажетті қаржы қаражаттарды беру жағдайда емес, осыған байланысты жылдан жылға коммуналдық сектордың кәсіпорындарда ескірген өндірістік қорлардың көлемі өсуді, инженерлік желілер жарамсыздыққа келеді, көрсетілетін қызметтердің сапасы төмендейді, оларды қалпына келтіру үшін шығындар көбееді.

Бөлінген қаржы қаражаттардың толық емес көлемі коммуналдық секордың объектілері толығымен қайта жасауға мүмкіндік бермейді.

Коммуналдық кәсіпорындардың күрделі қаржы жағдайы қызметтер өндірісінде нақты шығындар мен тарифтердің сәйкессіздігімен көбінесе ескертілген. Қолданылатын тарифтер коммуналдық сектордың шығынсыз қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етпейді.

Суық су есеп аспабымен жабдықталған – 73,2%, ыстық судың - 75,6 %, жылу энергиясы - 9,1%, электр энергиясы - 100%.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық тұрғын үй секторында көрсетілген стратегиялық мақсаттарына жету мақсатында энерго ресурстің негізгі тұтынушысы бірі болып саналатынын ескере отырып, және де бюджеттік пен әлеуметтік салалар мекемесінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштеріне жетуін қамтамасыз ететін іс шаралар кешенін өткізу керек, соның ішінде:

1) тұрғын үй қорының нормативтік ұстауды қамтамасыздандыру;

2) тұрғын үйлердің термомодернизация және әлеуметтік саласының объектілері бойынша региондық жоспарларды құру және энергияны сақтау бойынша типтік рекомендацияларды өндеу үшін әр түрлі климаттық зоналарда және әр түрлі конструкциялық орындауда тұрғын үй қоры объектілерінің және әлеуметтік саласының энергетикалық тексеруді өткізу;



  1. кондоминиум объектілерінің термомодернизация және жақсарту бойынша жобаларды орналастыру және пәтер иелерінің жинақтаумен бірге қаржыландыру және бюджеттік қаражатымен қайтарымды қаржыландыру сұлбаларын өндеу;

  2. кондоминиум объектілерінің термомодернизация процесіне пәтерлер иелерін қатыстыру үшін партиялық ұйымдар мен қоғамдық бірігулердің, ҮЕҰ қорлары мен әлеуетті бұл қызметке қатыстырумен тұрғындардың арасында энергияны сақтау насихаты бойынша іс-шаралар өткізу қажет;

  3. термомодернизация және тұрғын үйлердің энергия нәтижелік жабдықтарын құру бойынша жобаны іске асру үшін және де тұрғын үйлерде және әлеуметтік саласынң объектілерінде жылу тұтынушыны реттеу автоматтандырылған жүйелерді құру бойынша іс-шараларды өткізу үшін ЭСКО қызметін және құру механизмін өндеу;

6) кондоминиум объектілерін термомодернизация бойынша пилоттық жобаны іске асыру қажет.

Абаттандыру.

2009 жылға орташа қалалық деңгейдегі шамдарды орнату қажеттілігі 51,5%, көгалдандыру қажеттілігі – 46,3%, қоқыс контейнерлерді орнату қажеттілігі – 62,4% құрды. Берілген көрсеткіштердің орташа аймақтық деңгейі төмен және 51,5%, 46.3%, 62.4% құрайды. Әл - ауқаттық дәрежесіне қарай облыс қалалар және аудандарын шартты түрде 5 түрге бөлуге болады:

Біріншіге шамдарды орнату, көгалдандыру және қоқыс контейнерлерді орнату қажеттілік көрсеткіштері 70% тең немесе үлкен қалалар мен аймақтар кіреді. Оларға жататын қалалар Жезказган, Саран, Абай ауданы, Жанаарка ауданы және Шет ауданы.

Облыс аймақтарына және қалаларына 70%дан үлкен екі көрсеткіштерімен Қарағанды және Осакаровка ауданы жатады.

Балқаш, Қаражал және Теміртау қалалары сияқты және Нура ауданында қоқыс контейнерлерін орнату қажеттілігі орташа 56,4% тең. Бұл қалаларда және аудандарда қалған көрсеткіштер 47,5% аспайды.

Шахтинск қаласы және Ұлытау ауданы барлық үш көрсеткіштерде орташа деңгейі 50-60% аралығында.

Приозерск және Сәтбаев сияқты қалалар барлық үш көрсеткіштері бойынша қамтамасыздануы бойынша орташа деңгейге ие. Ақтоғай, Бұқар-Жырау және Қарқаралы аудандарында барлық үш қажеттілік көрсеткіштер орташа деңгейге ие.

Аумақтық (кеңістік) дамыту. Қарағанды облысында экономикалық кеңістіктің кенттенуінің жоғары деңгейі байқалады: қала халқының үлесі 77,9-78% құрайды. Ең интенсивті Қарағандының қалалық агломерациясының ядросы және оның кенттену зонасы, қоныстанудың тірек-каркас құрылымы дамуда. Дамудың позитивті динамикасын КГА-ға және «Қарағанды-Теміртау-Астана» «Сарыарқа» өңірі өсіндегі Осакаров ауданындағы Бұқар жырау ауданының кеңістік-тең селолық үлгі қоныстануы көрсетеді. Облыс бойынша жалпы сондай-ақ экономикалық кеңістік көрсеткіштері сапасының өскені байқалады: шаруашылық қызметтері тығыздығының көрсеткіштерінің өсуі, сондай-ақ оның вариациясы көрсеткіштерінің қысқаруы, оның ішінде қала ішілік және селолық жерлерде байқалады.

Экономикалық кеңістіктің төмен сапасы тегіс емес түрдегі қоныстануда байқалады: Қарқаралы мен Нұра аудандарында селолық түрдегі қоныстандыру, Ұлытау мен Ақтоғай аудандарында шаруашылық-игерілмеген аумақтар басымдылығымен Балқаш пен Жезқазған қалалары айналысында орналасудың ошақты түрі, сондай-ақ Шет ауданында тура-ошақты тең емес түрдегі қоныстану түрі.

Сонымен қатар, шаруашылық қызметтерін орналастыруды бөлудің қысқаруында кардиналды жылжу жоқ: вариация коэффициенттері қысқартуға қарқын болса да өте жоғары болып қалуда.

Экономикалық кеңістіктің даму потенциалы алдындағы деп Қазақстанның орталығындағы Астана-Алматы өсі өсуіндегі шағын көлік байланысы ретінде КГА геоэкономикалық жағдайын бөлуге болады, олар серіктес қалалардың өсу мүмкіндігін және кенттену концентрациясындағы зонаға агломерациялық-жүйені қалыптастырады, сондай-ақ Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш қалаларының экономикалық қарқынды дамуына ықпал ететін темір жолдар мен магистралды автомобиль жолдарын салу жөніндегі КТЖ жобаларын іске асырады.

Қарағанды облысының дамуына қауіпті маңызды аймақтары Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы және Нұра аудандарынан (батыс бөлігі) халықтың орын ауыстыруы және ауыл шаруашылығы жайылымдары үлесінің қысқаруы болып табылады.

Өңір дамуының орталық нүктесі «Алматы-Балқаш-Қарағанды-Астана-Көкшетау-Петропавловск» кеңістік каркасының негізгі жоспарлы өсі бойында болады.

Сондай-ақ «Достық – Ақтоғай – Балқаш – Жезқазған – Сақсаул – Шалқар – Бейнеу – Ақтау» 2 санатының өсінің жанында іске асыруды дамыту жоспарлануда.

Қостанай-Жезқазған-Қызылорда-Аягөз-Қарағанды жергілікті өсаралық жүйенің дамуымен орталық нүкте маңында орналасқан аумақтарды игеру, елдің бірыңғай ішкі экономикалық кеңістігін, Ресей Федерациясының Азиаттық бөлігі – Орталық және Оңтүстік Азия (Солтүстік-Оңт.) бағытында сауда-экономикалық коридорлар қалыптастыруының негізі болуы керек.

Сарыарқа өңірінің аумағындағы көшбасшы-қала болып Астана қаласы табылады, онда жоғары әлеуметтік-мәдени деңгейлі орасан экономикалық потенциал шоғырланады, сонымен қатар ұлттық маңызы бар тірек қала болып Қарағанды қаласы және Теміртау, Саран қалаларымен Қарағандылық қалалық агломерация ретінде қызмет ететін болады. Болашағы бар тірек орталықтары мен алыс аудандардың арасындағы орталықтарды байланыстыратын қалалар Жезқазған мен Балқаш.

Өңірдің кеңістік дамуына тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жалға берілетіні де) құрылыс негізінде облыстың елді мекендерінің әлеуметтік тартымдылығын көтеру есебінен экономикалық кеңістіктің сапасын жақсартуға, ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытуға, ТКШ (сумен жабдықтау және кәрізді қоса алғанда) қызмет көрсетулер облыстың қалалары мен аудандар дамуының экологиялық шектеулеріне бағытталатын болады.

Аумақтың инфрақұрылымының дамуы мемлекеттік жеке меншік әріптестігінің басқармалармен және «Мемлекеттік жеке меншік серіктестігі өңірлік орталығы» АҚ мен бірлескен жобалары негізінде жүзеге асырылатын болады.

Ауылдық елді мекендердің тұрақты дамуын, оның ішінде Қарағанды облысының қиын аудандарының селоларындағы келеңсіз әлеуметік-экономикалық қарқынды жеңу (Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы аудандары) қалыптастыру үшін аграрлық экономиканы дамыту шаралар жүйесі іске асырылатын болады, әлеуметтік сала (ауыз су, жолдар, мектептер және басқалар) оларды тұрақты дамытуға шығару.

Облыстың халқының сапалы тұрмыс деңгейін көтерудің маңызды жолдарының бірі болып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жұмылдыру және дамыту табылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымдық элементтерінің тозуы соған сәйкес халыққа көрсетілетін қызметтердің нашарлығы тұрғын үй-коммуналдық секторының қызмет көрсетушілерінің потенциалын көтеру мақсатында және пәтер меншіктілерінің кооперативтер потенциалын көтеру үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жұмылдыру негізінде көрсетілетін қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталған негізгі бағыттарды іске асыруды қажет ететін халыққа қызмет көрсету сапасының төмендігі.

Қарағанды облысы халқының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі табиғи экологиялық жүйе қызметіне зиянды әрекеттерді болдырмау және аймақта биологиялық әр түрлілікті сақтау облыстағы экологиялық жағдайдың шиеленісін азайту жөніндегі экологиялық саясаттың бағыттарын анықтайды:



  • тазалау ғимараттарының тиімді жұмыс істеуін көтеру;

  • облыстың ірі су қоймаларын тазалау жөніндегі және судың жоғарғы жақтарына жеткілікті тазаланбаған ағын суларды азайту іс-шараларын өткізу;

  • бұзылған жерлерді тыңайтуды іске асыру, өнеркәсіптік және қатты тұрмыс қалдықтарын орналастыру көлемін азайту;

  • қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін жетілдіру.

Облыста 418 ауылдық елді мекені бар, оның 108 жоғары потенциалдық дамуындағы, 301 - орташа және 9 – төмен потенциалды дамудағы.

Бағдарламаны іке асыру кезеңінде (2004 жылдан бастап) қаржыландырудың барлық табыс көздерінен АЕМ әлеуметтік және инжнерлік инфрақұрылымын дамытуға 37 млрд. 864 млн.теңге жіберілді, оның шінде: республикалық бюджеттен – 12 млрд. 322 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 19 млрд. 268 млн. теңге, бюджетен тыс табыс көздерінен – 6 млрд. 274 млн.теңге.

АЕМ қызмет етушілер:

- 358 мектеп, оның ішінде 190 мектеп (53%) типтік ғимараттарда, 168 – бейімделген мекемелерде орналасқан (47%);

- денсаулық сақтаудың 234 нысаны, оның ішінде 64 нысан кәдімгі ғимараттарда (28%), 170 – бейімделген (72%). 68 нысан қажет етеді және бейіделгендер орнына 38 нысан бар.

Клубтар (жеке меншіктілерді қосқанда) 217 АЕМ қамтылған, бұл АЕМ (418) 52 пайызын құрайды. Қолданыстағы клубтардың – 123 нысаны жөндеуді қажет етеді. Қосымша 27 АЕМ клубтарды салу қажет.

Барлық аудан орталықтарында балалар-жасөспірімдер спорт мектептері бар (10 нысан Осакаровка ауданында - 2). Спорт залдары - 259, ашық спорт алаңдары – 67, стадиондар – 9, жабық спорт кешендері – 9.

204 АЕМ (48,8%) ауылдық елді мекедер орталықтандырылған сумен қамтылған, 209 АЕМ (50%) – орталықтандырылмаған сумен қамту көздерінен алады.

5 АЕМ ( 815 адам халқымен) - су тасылады. Бұлар: Ақсу-Аюлы, Бұқар жырау ауданы, Роднички, Қарасу, Осакаров ауданының Степное селосы.

Облыста 16 АЕМ электр орнатылған. Сондай-ақ электр энергетикасы үшін қиын мәселе электр беру сымдарының тозығының жетуі. 19 АЕМ электр беретн сымдарының ескіруі 85% артық, бұл қайта жөндеу және күрделі жөндеуге көп жұмсауды қажет етеді.

Облыстық және аудандық маңызы бар барлық жолдардың (6071,3 км) 41% автомобиль жолдары қанағаттанарлық емес жағдайда.

140 АЕМ (33,5%) аудан орталығына дейінгі жолдар қанағаттанарлық емес жағдайда.

Телекоммуникция жүйесімен 418 АЕМ қамтылған. Ауыл халқына қызмет көрсететін пошта байланысының нысандарымен барлық селолық (кенттік округтар) – 193 стационарлық және 8 жылжымалымен қамтылған.

418 АЕМ 118 қоғамық монша жұмыс істейді.

Нормативке сәйкес селолық жерлерде 1000 адамға 7 жуынатын орны қарастырылған. 418 АЕМ 1000 адамнан көп халқы бар 35 АЕМ монша жоқ.

Қолданыстағы моншаларың 16 жөндеуді қажет етеді.

Қосымша 138 монша салу керек.

418 АЕМ 95 наубайхана жұмыс істейді. Ауыл халқына нан пісіретін кәсіпорындар пісірген нанмен қамтамасыз етілуінің орташа деңгейі 77 пайызды құрайды. Нормативтік тұтынуға жетпеген нанд үлесі үйде пісіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет