Бағдарламасы Қарағанды облысының 2007-2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасының



бет2/3
Дата05.07.2016
өлшемі482.22 Kb.
#179416
түріБағдарламасы
1   2   3

Қарағанды облысының 2004 - 2006 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру кәсіпкерлік ортаның өсімін, шағын бизнес субъектілерінің аймақ экономикасына қосар үлесін көрсетті.Үш жыл ішінде шағын бизнес субъектілерінің саны 8 мың бірлікке (31 мыңнан 39 мыңға дейін) өсті. Шағын бизнес субъектілерінің өндірген өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 22 млрд. теңгеге, бюджетке төлем 6,5 мдрд. теңгеге өсті. Негізінен алғанда Бағдарламаны жүзеге асыру шаралар жоспары орындалды, жүзеге асыруға қарастырылған бюджет қаражаты игерілді, бизнес субъектілеріне арналған сайт құрылды, маркетинг, менеджмент пен бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша кеңес беру мен оқыту жұмыстары жүргізілді.


Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың жаңа Бағдарламасының тұжырымдамасы бойынша қорытындылар мен ұсыныстардың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында жалпы Қарағанды аймағының даму келешегін ескере отырып алдағы үш жылға экономиканың осы секторының дамуына маркетингтік зерттеу жүргізілді.

Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың таңдап алынған бағыттары негізінде маркетингтік зерттеулер нәтижесі жатыр: шағын бизнес субъектілерінен сауалнама алу, тұрғындардан социологиялық сұрау алу, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік бизнес қоғамдастық тұрғысында аймақтың келбеті мәселесі бойынша интернет-ресурстың талдауы.

Зерттеу аясында келесі қызмет түрлері бойынша 503 бизнес субъектілерінен сауалнама алынды:құрылыста – 13%, ауыл шаруашылық өндірісінде – 4%, транспортта - 13%, халық тұтынатын тауар өндірісінде – 7,5%, сауда, тұрмыстық қызметте – 58%, оқыту, консалтингтік және басқа қызмет түрлері – 4,5%. Қарағанды облысының отандық және әлемдік нарықтағы имиджін анықтау мақсатында 100 негізгі Интернет-сайттары талданды да, соның негізінде қорытынды баға құрылды. Шағын кәсіпкерлікке және жалпы Қарағанды облысында жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларға қоғамдағы қарым-қатынасты анығтау мақсатында облыс тұрғындарынан социологиялық сұрау алынды (3 мың адам). Жүргізілген зерттеулер Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерліктің негізгі проблемаларының картасын жасауға мүмкіндік берді, олардың жүйелі сипаттамасы төменде мазмұндалады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселерін талдау неғұрлым кең тұрғыдағы жағдайларды талдаусыз, дамудың стратегиялық бағдарын белгілеусіз орынды болмақ емес.

Соңғы жылдардағы, негізінде, табиғи ресурстарды өндіру мен өткізу көлемінің ұлғаюы арқылы Қазақстандағы қаржылық-экономикалық жағдайдың жақсаруын экономиканың жүйелі түрде технологиялық қайта жарақтану әлемдік тенденциясына қосылу мүмкіндігі ретінде қарастырған жөн. Әзірше пайдалы қазбалардың мол қоры болғанымен шикізатты қайта өңдеуде технологиялық артта қалушылық мемлекетті экономикалық тұрғыда әлсіз етеді. Тиісінше экономиканың қайта өңдеу секторын дамытуға, бірақ бәрінен бұрын интелектуалдық өндірістің бәсекелі жүйесін, әсіресе ғылым мен білім берудің тиісті секторларын, басқару және кәсіпкерлік консалтингті дамытуға жағдай туғызуды жеделдетуді талап етеді. Ғылым мен білім беруді дамытуға басымдық беру нәтижесінде бір кездері әлсіз дамыған елдер аз уақыттың ішінде әлеуметтік – экономикалық дамудың жоғарғы деңгейіне жете алды.

Екінші жағынан, нарықтық түрленудің қарқыны олармен байланысты екі аса маңызды қызмет субъектілері айқындалып отыр. Олар кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер.

Мемлекеттік экономиканы дамытудың жүйежасаушы ядросы кәсіпкерлер екені айдан анық, олар қызметтің әр түрлі салалары – денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, материалдық өндіріс, сауда және т.б. жаңашыл олуы керек.

Бәсекелес кәсіпкерліктің қалыптасуында мемлекеттік қызметкерлердің жетекші роль атқаратыны да белгілі жағдай. Олар әр түрлі субъектілер- аймақтық маңызы бар қызмет жобаларын жүзеге асыруда потенциалды серіктестер арасында конструктивті келісім мен өзара қарым-қатынасының нарықтық механизмін құруы тиіс. Жекелей алғанда, қоғамдық ұйымдар, бизнес-бірліктер, мемлекеттік басқару органдары, ғылыми, білім беру, консалтингтік және басқа құрылымдардың өзара қатынас механизмінжүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет.

Кәсіпкерлік қызмет теориясына сәйкес бәсекеге қабілетті мемлекет, өркениетті бизнеске жету жолы оқыту алаңдарында өзін-өзі талдау,өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі басқарудың бәсекелі басқару және кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыру арқылы болады. Бәсекелі басқару және кәсіпкерлік қабілеттіліктер ғана соңында тауар мен қызметтің, кәсіпорындардың, аймақтың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Осыған сәйкес бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік табелі бойынша еліміз алғашқы орындардан көрінбесе, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлердің кәсібилігі мен қабілеттіліктеріне жауап беретін отандақ білім беру жүйкесіне баса көңіл бөліну керек.

Бұл Қарағанды облысына да тікелей қатысты.Сыртқы нарықтағы аймақтың жиынтық өнімінің үлесі өте аз, қосымша құны төмен өнімдер көптеу болып отыр. Жиһаз, өндірістік және тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, аяқ киім мен киім ғана емес, тіпті ауыл шаруашылық өнімдерін де импорттық тауарлар ығыстырып шығаруда. Мемлекеттік басқару органдары мен басқарушы субъектілерінің жеке, локальді мәселелерді шешуге тырысуы,бір-бірімен байланыссыз, тіпті кейде жеке маңызды шаруаларды шешуге негізделген кездесулері стратегиялық маңызды тақырыптарды,яғни басқару мен кәсіпкерлік кәсібилікті көтеру, жақтардың шектеулі мүмкіндіктерінің кооперациясы,экономиканың барлық салаларында инновациялық кәсіпкерлік секілді тақырыптарды шешуден алыстатып кетіп отыр. Бірақ осы мәселелерді шешпейінше ешқандай «даму бағдарламалары» тиімді болмайды

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің өзара қарым-қатынас тәжірибесі көрсетіп отырғандай, екі жақта да тең құқылы диалог жүргізудің, қабылданған шешімдердің нәтижесінде жеңілудің жеткілікті қабілеті болмай отыр. Кәсіпкерлік қызмет теориясы мемлекеттік басқару мен бизнес-қызмет практикасынан сырт қалып отыр. Бұл аймақтың ғылыми және педагогикалық қызметкерлерін тарту мен тиімді пайдалануды, қызметтің аймақтық маңызды жобаларын құру мен жүзеге асыруды қиындатып отыр. Бұның заңды жалғасы – аймақтық субъектілердің бірікпеуі, интеллектуалдық, қаржылық, материалдық және басқа ресурстардың бытыраңқылығы, бір-біріне талап, арыздардың болуы, қалалық, ауылдық территорияларды дамытудағы алшктықтың ұлғаюы және басқалар болып табылады,

Осылайша, Қарағанды өңірінін дамытудың негізгі мәселесі, әсіресе шағын кәсіпкерлікті дамыту жеткіліксіз нарықтық кәсібиліктен және қызметтің аймақтық субъектілері арасындағы серіктестік қатынастардың қалыптасуынан тұрады. Мәселе келесі сипаттан тұрады: ғылыми-әдістемелік, білім беру, ұйымдастыру-құқықтық.

Ғылыми-әдістемелік сипаттағы мәселелер:


  • Қарағанды аймағының интелектуалдық, қажылық, материалдық-техникалық ресурстарын тиімді пайдалану тұрғысында кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен мамандар арасында серіктестік қатынастардың қалыптасуы мен кәсібиаралық қатынастардың қиындауын анықтау мен жүйелеу бойынша зерттеулердің жоқтығы ;

  • Кәсіпкерлік қабілеттіліктерді өсірудің инновациялық педагогикалық технологияларының жоқтығы;

  • Нарықтық ойлауды және кәсібиаралық қатынастарды қалыптастыратын әдістеменің, ұйымдасқан коммуникация мен жақтардың көзқарас келісімінің жоқтығы, тиісті оқу-әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі .

Білім беру сипатындағы мәселелер:

  • Басқару қызметкерлері, кәсіпкерлер,педагог, инженер,экономистер,заңгерлер және басқа мамандардың көпшілігі нарықтық ойлаудың методологиялық негіздерін, коммуникация, көзқарас келісімі, кәсіпкерлік қызмет теориясын білмейді ;

  • Аймақтың көптеген субъектілерінде бәсекеге қабілетті тауар мен қызмет жасаудың негізі болатын бәсекелі қабілеттері, жекелей алғанда кәсіпкерлік қызметтің негізінде жатқан рефлексивті ойлау қабілеттері жоқ.

Ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы мәселелер:



  • Нормативтік құқықтық базаның- салалық, мекемелік және аймақтық нормативтік құқықтық актілердің келісілмегендігі;

  • Кәсіпкерліктің интелектуалдық инфраструктурасының –аймақтың субъектілері арасында кәсібиаралық қатынастар мен серіктестік қатынастар қалыптастыруда маманданған ақпараттық, талдаушылық, жобалау, эксперттік, консалтингтік, білім беру құрылымдарының жеткіліксіз дамуы.

Осылайша, мемлекеттің Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуына, оның ішінде Қарағанды өңірінде де, қатысуы бизнестің ел ішінде, оның сыртында да бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай туғызу қажеттілігімен анықталады.
IV. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты аймақта кәсіпкерлік қозғалысқа тұрғындарды барынша тарту үшін, Қарағанды облысында бәсекеге қабілетті бизнестің қалыптасуы, қызмет етуі және дамуына аймақта құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар туғызуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:



  1. Тұрақты экономикалық өсімнің мол потенциалы бар, инвестициялық тартымды нарықтық субъект ретінде Қарағанды өңірінің позитивті имиджін қалыптастыру .

  2. Инновациялық аймақтық және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша кәсіпкерлік, ғылыми, консалтингтік, білім беру құрылымдары, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік басқару органдары арасында тиімді диалог жүргізу үшін жағдай туғызу.

  3. Инновациялық бизнес қалыптастыруда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық, заңдық, білім беру, әдістемелік және қаржылай қолдаудың дамыған жүйесін құру.

  4. Отандық және шетелдік тауар мен қызмет нарығында бәсекелесуге қабілетті және жоғары технологиялық бизнеске бағдарланған, Қарағанды өңіріндегі шағын бизнесті даярлауға және кәсіби дамытуға материалдық-техникалық база құру .


V. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері
Бағдарламаны жүзеге асыру келесі бағыттар бойынша қарастырылған:

  1. Бизнестің инновациялық салалары мен әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция тарту мен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру бойынша имидждік жұмыстарды ұйымдастыру;

  2. Шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті инфраструктурасын қолдау және дамыту;

  3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

  4. Ауылдағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ұйымдастыру-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

  5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін материалдық және қаржылық қамтамасыз ету;

  6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;



Бизнестің инновациялық салалары мен әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция тарту мен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру бойынша имидждік жұмыстарды ұйымдастыру

Қарағанды өңірінің интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік артықшылықтары – оңтайлы географиялық орналасуы, астанаға жақындығы, білікті кадрлар потенциалының және бай табиғи ресурстардың болуы, аймақ территоиясында ірі өнеркәсіптік компаниялардың, орта бизнестің субъектілері, ғылыми және білім беру ұйымдары және басқаларының қызмет істеуі секілді артықшылықтарының бар екені дау туғызбайды. Бұл артықшылықтар аймақтың инвестициялық тартымды болуына мүмкіндік береді. Бірақ бұл сырттан бас-көз жоқ инвестиция тарта беру деген сөз емес. Аймақтық дамудың басымдықтары, стратегиялар, бағдарламалар мен жобалар болуы керек және олар , ең алдымен, жергілікті, отандық компаниялар мен жеке тұлғалар үшін тартымды болуы қажет. Екінші кезекте – шетелдік инвестициялар үшін.

Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан және 14 облыстың 9-мен шектеседі. Облыс территориясы арқылы көптеген өзендер ағып өтеді, су қоймасы бар. Қарағанды облысының қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша шығарылатын баланстық қорының потенциалдық құны 758,2 млрд. АҚШ долларына тең. Жер қойнауы мен қордың болжалды ресурсы 1162,0 млрд. АҚШ долларын құрайды. Облыста металлургия мен құрылыс индустриясы үшін рудаемес шикізаттың аса бай қоры бар.Осы жерде 2 мұнай-газ бассейні - Оңтүстік Торғай және Шу-Сарысу ойпаты орналасқан.

Қарағанды облысында барлық типтегі жәнеменшік түрлеріндегі 824 білім мекемелері бар.

Облыста ғылыми зерттеулермен 8 ЖОО мен 10 ғылыми-зерттеу институттары айналысады. Облыстың ҒЗИ мен ЖОО кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау бойынша 17 диссертациялық кеңес жұмыс істейді.ҒЗИ мен ЖОО ғалымдарының ғылыми жұмыстары көбінесе облыс экономикасының индустриалдық-инновациялық дамуының бағытын айқындайды.Облыстың жетекші ғылыми мекемелері: Химико-металлургиялық институт,Қарағанды мемлекеттік техникалық университет, Е.А. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті Қарағанды экономикалық университеті, фитохимии институты және басқалар.

Театрлар, концерттік залдар, ресторандар, бақтар, стадиондар қала тұрғындарының бос уақыттарын тартымты өткізу үшін қажетті инфраструктура құрайды. Аймақтың инвестициялық тартымды имиджін қалыптастыру үшін барлық БАҚ, Интернет-ресурстардың жарнамалық және үгіт-насихат қызметі күшейтілетін болады.

Алайда, әлеуметтік-экономикалық потенциалы бола тұра, республикалық, аймақтық, шетелдік БАҚ-ды талдау, сондай-ақ Қарағанды қ. тұрғындарынан алынған социологиялық сұрау нәтижесі көрсеткендей Қарағанды облысының осы артықшылықтары туралы мәлімет бүгінгі күні қоғамның, шетелдік инвесторлардың, отандық кәсіпкерлердің назарынан тыс қалуда, нәтижесінде аймақ пайдасы үшін осы артықшылықтарды пайдаланудың тиімділігіне кері әсер етуде.

Аймақтың қолайлы имиджін тұрақтандыру үшін ньюсмейкерлік технологиясын – бизнес-белсенділіктің оң және тартымды жақтары туралы жаңалықтарды тарату мен шығаруды жүйелі түрде қолдану қажет.

Жүргізілген зерттеулерді өңдеу Интернетте ұсынылған көптеген материалдардың аймақ туралы бейтарап ақпараттан (41%) тұратындығын көрсетті. Зерттелген парақтардың 37% Қарағанды аймағы туралы теріс түсінік қалыптастырады.Тек парақтың 22% нәтижесінде аймақтың оң келбетін танытады.

Аймақтың қолайлы имиджін туғызу үшін барлық БАҚ, Интернет-ресурстардың жарнамалық және үгіт-насихат қызметі күшейтілетін болады

Қарағанды облысының қазақстандық және шетелдік бизнес-қоғамдастықтары ортасында оң имиджін қалыптастыру бойынша төмендегілерді қамтитын аймақтық маркетингтік стратегия әзірленетін болады:

- аймақтың жетекші ғылыми, білім беру, өндірістік құрылымдарының жарнамалық кампанияларын күшейту;

- аймақтық, республикалық және халықаралық көрмелер, семинарлар, конференциялар, симпозиумдар мен бизнес-форумдар өткізу;

- PR-кампаниялар, түрлі деңгейдегі шараларды жүйелі өткізу;

- кәсіпкерлер арасында кәсіби байқаулар өткізу.

Мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар бәсекеге қабілетті бизнес-идеялар мен технологияларды анықтау мақсатында аймақтың интелектуалдық мүмкіндіктерін жұмылдыру бойынша тиісті шаралар қолданады, оларды жүзеге асыруда шағын кәсіпкерлік субъектілерін, әсіресе, жастарды тартуды қамтамасыз етеді.

Аймақ имиджін көтеруде қызу салынып жатқан ел астанасы – Астана қ. жақын орналасу факторы маңызды роль ойнауы керек. Қарағандының интелектуалдық потенциалының арқасында Астана қ. үшін маркетинг, білім беру, инжиниринг аумағында жоғары білікті қызмет түрлерін ұсыну бойынша, ғылыми-экономикалық зерттеулер жүргізуге, инновациялық жобалар әзірлеуге ерекше сервистік орталық ретінде көрінуі мүмкін.

Аймақтық субъектілерінің инновациялық кәсіпкерлік дүниетанымын қалыптастыруда мектептер, колледждер, мен ЖОО-ы , аймақтық маркетингтік және инжиниринг орталықтары бар «Сары-Арка»ӘКК АҚ мен «Технопарк UniScienTech» ЖШС ерекше роль атқаруы тиіс. Осыған байланысты мыналар болжанады:

- маркетинг, жобалы басқару, менеджмент, өнертапқыштық, инновациялық өндіріс пен қызмет мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларына шағын кәсіпкерлік өкілдерін кеңінен тарту;

- бар өндірісті диверсификациялау, қолданбалы инновациялық әзірлемелерді игеру негізінде шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің өзара пайдалы кооперация кестелерін әзірлеу;

- аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының кластерлік-желілік кестелерін жүзеге асыруға шағын кәсіпкерлік субъектілерін тартудың механизмін әзірлеу.

Қарағанды облысының тұрғындарынан алынған социологиялық сауалдар көрсеткендей, сауал алынғандардың

80% артығы аймақтағы қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық жағдай елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда «жақсы» немесе «әлдеқайда жақсы» деп санайтындығые көрсетті. Оң имиджді көтеру мақсатында коммерциялық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет көрсететін тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне арналған әлеуметтік дүкендер желісін ашу көзделіп отыр.
Шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті инфраструктурсын қолдау және дамыту

Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың алдыңғы бағдарламаларынан өзгешелігі бұл Бағдарламада акцент тек нарықтық инфраструктураның жаңа бірліктерін (бизнес-орталықтарын, бизнес-инкубаторлар, үнемі жұмыс жасайтын семинарлар, оқу курстары және басқалары)құру ғана емес, сонымен бірге жұмыс жасайтындардың қызметінің сапасын көтеруге, координацияға, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті дамытудың ресурстық орталықтарын құруға қойылады.

Нарықтық инфраструктура субъектілерінң қызметін жүйелеу мен үйлестіру туралы айтқанда, әңгіме бизнестің қаржылық және экономикалық тұрақтылығын қалыптастыру мәселелерін шешуде облыстың шағын кәсіпкерлігіне тиімді көмек көрсету үшін нарық субъектілерінің күшін біріктіру мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы болып отыр.

Бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысының жоғарғы оқу орындарының интеллектуалдық потенциалы бизнесті жоғары білікті бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін толық іске асырылмай және жүйелі зерттелмей отыр.Облыстың қалалары мен аудандарында мемлекеттік органдарымен нарықтың конъюнктурасының өзгеруін жүйелі зерттеуге, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту үшін потенциалды орындарды анықтауға қоғамдық, ғылыми, білім беру, консалтингтік құрылымдарды тарту жұмыстары жүргізілмей келеді.

Осы Бағдарлама шағын кәсіпкерліктің нарықтық инфраструктурасы субъектілерінің қызметін дамытуға және жандандыруға бағытталған шараларды өткізуді ойластырады.Жекелей алғанда:

- шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру, дамытуға интеллектуалдық қызмет туралы ақпарат банкін құру;

- шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың оқу-әдістемелік құралдарын шығаруға көмек көрсету;

- білім алушылар бойында өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі басқару, инновациялық бизнес-жобаларды жобалау, басқа субъктілермен серіктестік нарықтық қатынастарды келісу мен құруды қалыптастыруға бағытталған эксперименттік оқыту бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыру ;

- инновациялық шағын бизнесті бағыттау үшін жоғарғы оқу орындарының, ғылыми институттар, Қарағанды облысы кәсіпкерлер Ассоциациясы жанында облыстың жетекші бизнесмендері мен мамандарынан тұратын қамқорлық кеңестерін құру;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық бизнес-идеялары мен жобаларын игеру бойынша облыстың ЖОО базасында эксперименталдық лабораторияларды дамытуға көмек көрсету;

- аймақ экономикасына талантты жастарды тартуға мүмкіндік беретін жас мамандар Қорын құру.

Бағдарлама аясында Қарағанды және Жезқазған қалаларында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін екі ресурстық орталық құру жоспарлануда. Ресурстық орталықтар кәсіпкерлердің инновациялық тәжірибесін, нарықтық инфраструктура субъектілерімен қатынасын жүйелеп, жалпылап, шағын кәсіпкерлік субъектілерін кеңестік, әдістемелік, оқыту, ақпараттық қызметтермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруы тиіс.

Жекелей алғанда, ресурстық орталықтарда консалтингтік қызмет көрсету үшін әдістемелік кабинеттер, құқық мәселелері бойынша библиотекалар, инновациялық бағыттағы шағын бизнес құру - қағаз және электронды түрде құрылатын болады. Тәуліктік жұмыс режимімен Интернет-кафе, жаңа ақпараттық технологияларды үйрететін компьютерлік сыныптар, бизнес-менеджмент саласында интерактивті оқыту сыныптары жұмыс жасайтын болады. Кәсіпкерлерге құқықтық мәселелер бойынша тәулік бойы кеңес беретін линиялар жұмыс істейтін болады.

Облыста түрлі бағыттар бойынша шағын кәсіпкерлік инфраструктурасындағы ең жақсы субъект атағына байқаулар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Болжанған шағын кәсіпкерлікті консалтингтік қолдау формаларын кәсіпкерлерден алынған сауалнама қорытындылары бекіте түседі, оның 41% респонденті өзінің бизнесін кеңейту немесе өзгерту шешімін айтқан. Өзгерісті жоспарлап отырған кәсіпкерлердің 15% немесе жалпы сауалнама алынғандардың 5,5%-ы өз бизнесін жаңа бағытта өрістетуді көздеп отыр.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету

Сауалнама қорытындысы мемлекеттік органдармен (19%)қарым-қатынаста мәселе бар екенін көрсетті, ал әкімдік жағынан қолдау жоқтығын (11%) қосқанда жалпы мемлекеттік қолдаудың үлкен мәселе(30%). екендігін айту керек.

Осыған байданысты диалог құрудың тиімді инновациялық моделін құру және жүзеге асыру көзделіп отыр: «бизнес-билік» мынадай жолмен:

- эксперттік кеңестер, жұмыс топтары, комиссиялар арқылы шағын кәсіпкерлік қызметінде бар әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізу;

- мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерді кооперация мен қарым-қатынас нарықтық принциптеріне оқытатын инновациялық оқыту бағдарламаларын мемлекеттік сатып алу бойынша облыстың кәсіпкерлерінің қоғамдық ұйымдары, білім беру мен консалтингтік құрылымдары арасында байқау өткізу

Облыстың қалалары мен аудандарында шағын кәсіпкерлікке құқықтық көмектің арнайы қызметі құрылады

Облыс, қала, аудан әкімдері жанындағы, сондай-ақ облыстық, қалалық департаменттер мен басқармалар жанындағы эксперттік кеңестер, жұмыс топтары, шағын кәсіпкерлікті дамыту комиссиялары шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша ҚР заңнамаларын жетілдіру бойынша өз қызметін жандандырады.
Ауылдағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ұйымдастыру-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
Қарағанды облысының ауылдық аудандарындағы нарықтық инфраструктурасы субъектілерінің үлесі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының 0,09- дан 1,7 процентке дейін құрайды. Сонымен бірге облыс тұрғындарының тамақпен өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесі - стратегиялық маңызды мәселе.

Ішкі нарықта бәсекелестіктің өсуі, тамақ өнімдері импортының көлемінің өсуі, қазақстандық заңнамалардың либералдануы (Қазақстанның БСҰ кіру мақсаты) жағдайында ауыл тұрғындары, әсіресе агробизнеспен айналысатын кәсіпкерлер жағдайы аз қорғалған.

Ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істеу қалаға қарағанда, кірістің өте төмен болуы, коммуналдық, ақпараттық, білім беру және мәдени инфраструктураның дамымағандығынан бұрын да, қазір де мәртебелі болып саналған емес.

Ауылдағы кәсіпкерлер қаладан шалғай жатқандықтан және жеткілікті төлемқабілеті болмағандықтан жоғарыақылы консалтингтік компаниялар қызметіне жүгіне алмайды. Тіпті кәсіпкерлер экономикалық тиімді жобалары бола тұра инвестиция, несиелік ресурстарды тарта алмайды. Олар екінші деңгейлі банктер мен қаржылық институттардың кепілдік қамтамасыз ету мен несиелік ресурстарды сақтандыру бойынша барлық тлаптарын орындай алмайды. Қазақстанның даму институттарының ауылдық кәсіпкерлерді инвестициялау саясаты тым қатаң. Потенциалды инвесторлармен жағдай тіпті қиын болып отыр, себебі ауылдық аймақтың экономикалық тартымдылығы туралы шынайы ақпаратсыз инвестордың осы аймақта оның қызметінің пайдалы болатынына көзін жеткізу және кепілдік беру мүмкін емес.

Ауылдық жерлердегі шағын кәсіпкерлікті дамытудың стратегиялық бағдары қалалық инфраструктураның қолдауы арқасында мыналарды болжайды:


  • басқару аппаратының басқару және кәсіпкерлік кәсібилігін көтеру туралы келісімдер жасау;

  • ауылдық жерлерді дамыту жобаларын әзірлеу мен жобаларды іске асыруда оқыту-кеңестік қолдау көрсету туралы келісімдер жасау ;

  • ЖОО-мен мақсатты даярлау (қабылданған жобалар бойынша) мен түлектерді жұмысқа жіберу туралы келісім-шарт жасау ;

  • Ауылдағы кәсіпкерлік және қоғакмдық-пайдалы қызметтің ұзақ мерзімді жобасы бар тартылатын мамандар мен ЖОО түлектеріне жер, баспана, ауыл шаруашылық техникалары, мал, құс және т.б. түрінде жеңілдіктер ұсыну бойынша шаралар қолдану

Осы Бағдарламаның аясында ауылдағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету келесі бағыттар бойынша көзделеді:

1. Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін шешу бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында үш жыл бойы тауарлық несиелеу жобасы («Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту Қоры» ҚФ ) іске асырылады:

- 2007 ж. – Шет және Қарқаралы аудандары;

- 2008 ж. – Жаңаарқа мен Бұқар жырау аудандары районы;

- 2009 ж. - Осакаров пен Нұра аудандары.

2. Ресурстық орталықтар арқылы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер үшін инновациялық бағыттағы білім беру және консалтингтік ұйымдарды тұрақты түрде тартуды қамтамасыз ететін «Инновациялық бизнес мектебі» аймақтық жобасы аясында көшпелі қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылатын болады.

3. «Сары-Арқа»ӘКК АҚ мен «Технопарк UniScienTech» ЖШС белсенді қатысуымен инновациялық агрожобаларды әзірлеу мен іске асыруға жүйелі түрде байқаулар өткізілетін болады.

4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық мәселелерін шешу үшін кепілдік заттарды қамтамасыз ету үшін «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту Қоры» АҚ аймақтық өкілдігінің жұмысы жандандырылатын болады.


Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін материалдық және қаржылық қамтамасыз ету

Шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін қосымша инвестициялар, донорлық құралдар, мемлекеттік тапсырыстарды тарту қажет. Осыған байланысты мыналар ұсынылады:

- жер телімдерін бірінші кезекте бизнес объектілері құрылысына ұсыну;

- коммуналдық меншік құрамына енетін жылжымайтын мүлікті қайтарымсыз негізде өндіріс ұйымдары мен қызмет объектілеріне ұсыну ;

- «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту Қоры» АҚ , «Шағын кәсіпкерлікті қолдау Қоры» АҚ ҚФ қаражаты есебінен бизнес субъектілерін несиелік ресурстармен қамтамасыз ету;

- «Шағын кәсіпкерлікті қолдау Қоры» АҚ ҚФ аймақтық өкілдігінің қолдауымен шағын бизнес кәсіпорындарында менеджмент сапасын енгізу бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру;

- бәсекеге қабілетті тауар мен қызметке шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (30 % дейінгі мөлшерде) кепілді мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру.

Қонақтық және туристік инфраструктура құру аса маңызды, осыған байланысты туризм, мейманхана сервисі, сувенир , тамақ өнімдері өндірісінде және т.б. бизнес жасап жүрген шағын кәсіпкерлік субъектілеріне барынша қолдау көрсету көзделуде.


Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету аймақты дамытуда маңызды стратегиялық элемент болып табылады.

Осы бағдарлама мыналарды қарастырады:


    1. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің сайтын жетілдіру – ізденушілік жұмыстың техникалық мүмкіндіктерін кеңейту, сайтты қазақтілд, орыстілді, ағылшынтілді пайдаланушылардың қолдануы

    2. Қазіргі уақытта Қазақстанның басқа аймақтарында және шетелде тұратын қарағандылықтармен ақпарат және пікір алмасу үшін осы сайтта үнемі жұмыс жасайтын форум болады. Форумдағы жұмыстарды жүйелеу, тексеріп отыру үшін,жаңару үшін мемлекеттік тапсырыс негізінде аутсорсинг кестесі қолданылатын болады.

    3. Аутсорсинг жағдайында тұрақты түрде шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша аймақтық маңызды шаралардың (көрмелер,форум, акциялар және т.б.). Оларды пайдаланушылар тек облыстың кәсіпкерлері ғана емес. Қазақстанның басқа аймақтарының және шетелдік инвесторлар болады.


VI. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін келесі қаржылық ресурстар қарастырылады:

  1. Облыстық бюджеттің қаражаты – 73784 тыс. теңге, оның ішінде:

- 2007 ж. – 8384 тыс.теңге

- 2008 ж. – 78200 тыс. теңге



- 2009 ж. – 27200 тыс.теңге

  1. Кәсіпкерлік субъектілерінің қаражаты

3. Халықаралық ұйымдардың қаражаты - донорлар, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары, Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орындарының қаражаты.
VII. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Осы Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, мамандар және аймақтың қоғамдық қайраткерлері арасындағы серіктестік қатынастарды қалыптастырудың ұйымдастырушылық механизмі әзірленеді және саралаудан өткізіледі.Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ролі едәуір артады. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі шарты болып табылады. Нәтижесінде Қарағанды облысында 2009 жылы келесі нәтижелерге қол жеткізіледі:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны үш жыл ішінде 9%-ға артады, еңбекпен айналысатындар саны 110 мың адам шамасын құрайды ;

  • өндірілген өнім көлемі (жұмыс,қызмет) 92 млрд. теңгеден жоғарыны құрайды (жыл сайынғы артуы 8%);

  • шағын кәсіпкерлік қызметінен бюджетке түсетін төлем көлемі 15,0 млрд.артық тенгені құрайды (жыл сайынғы артуы 5%);

  • Қарағанды және Жезқазған қалаларында кәсіпкерлер үшін екі ресурстық орталық құрылады;

  • 2 мың кәсіпкерлерді, соның ішінде жаңадан бастағандарды инновациялық бизнесті ұйымдастыру бойынша курстарда оқыту жоспарланып отыр;

  • PR-қызмет Стратегиясы әзірленеді, оны жүзеге асыру Қарағанды аймағының инвестициялық тартымдылығын арттыруды, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің ресурстық қамтамасыз етілуін арттыруды қамтамасыз етеді;

  • Қарағанды қаласында аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі бизнес-форумдар өткізу үшін көрме кешені құрылады;

  • білім алушылар бойында өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі басқару, инновациялық бизнес-жобаларды жобалау, басқа субъктілермен серіктестік нарықтық қатынастарды келісу мен құруды қалыптастыруға бағытталған эксперименттік оқыту бағдарламалары әзірленеді және жүзеге асырылады;

  • инновациялық шағын бизнесті бағыттау үшін жоғарғы оқу орындарының, ғылыми институттар, Қарағанды облысы кәсіпкерлер Ассоциациясы жанында облыстың жетекші бизнесмендері мен мамандарынан тұратын қамқорлық кеңестері құрылады;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының кластерлік-желілік схемасын жүзеге асыруға тарту механизмі әзірленіп, іске асырылатын болады;

  • мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерді кооперация мен қарым-қатынас нарықтық принциптеріне оқытатын инновациялық оқыту бағдарламаларын мемлекеттік сатып алу бойынша облыстың кәсіпкерлерінің қоғамдық ұйымдары, білім беру мен консалтингтік құрылымдары арасында байқаулар өткізіледі;

  • нарықтық инфраструктура субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар арасында ауылдық жерлерді дамытудың жобаларын әзірлеу, жобаларды жүзеге асыруда ғылыми, оқыту-кеңестік қолдау көрсету туралы келісімдер жасалынатын болады.

Қарағанды облысының 2007-2009 жылдарға

арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту

мен қолдау Бағдарламасына қосымша 1
I.Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары




Шаралар

Аяқтау формасы


Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжанған шығындар

(млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

Бизнестің инновациялық саласына және әлеуметтік мәні бар жобаларға инвестиция тарту мен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру бойынша имидждік жұмысты ұйымдастыру

.1.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін Қарағанды аймағының артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы PR-стратегияларды әзірлеу және жүзеге асыру

жоба

КжӨД, инфраструктуры субъектілері (келісім бойынша)

2008-2009жж.

2008ж. – 5,0

2009ж. – 5,0



облыстық бюджет қаражаты

2.

Қарағанды қ. территориясында халықаралыұ деңгейдегі көрме кешенін салу

Көрме кешені

КжӨД, СӨП (келісім бойынша)

2008ж.


кәсіпкерлер қаражаты,


3

Көрме кешенінінің қызмет етуі үшін көрме құрал-жабдықтарын алу

Құрал-жабдықтар

КжӨД

2008

2008ж. – 10,0

облыстық бюджет қаражаты

4.

Қазақстанның басқа аймақтарынан және шетелдік бизнесмен, ғалым-экономистердің қатысуымен жыл сайын бизнес-форум

өткізу


бизнес-форумы

КжӨД, бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша )

2007-2009жж.

2007ж. – ресурстық орталық жұмысы аясында

2008ж. – 6,0

2009ж. – 10,0


облыстық бюджет қаражаты ,



5.

Қарағанды кәсіпкерлерінің сауда миссияларында, шетел көрмелері мен форумдарына

қатысуы

Делегация құру


ҚжӨД, СӨП (келісім бойынша)

Жыл сайын




кәсіпкерлер қаражаты

6.

Кәсіпкерлер, экономикалық сала мен инфраструктура қызметкерлері арасында жыл сайын байқау

Облыстық байқау

КжӨД, бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша )

2008-2009жж.

2008ж.– 2,0

2009ж. – 2,0



облыстық бюджет қаражаты

7.

Облыста әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға арналған әлеуметтік дүкендер құрұ бойынша шараларды ұйымдастыру

Шаралар жоспары

«Атамекен» ЗТБ ҚКЖЖО ҚФ (келісім бойынша), КжӨД, ДЗСП, бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша)

2008ж.




кәсіпкерлер қаражаты

8.

Аймақтық дамыту тұрғысынан келгенде аса бәсекелес экономика салаларын дамытудың кластерлік-желілік кестесін жүзеге асыруға шағын кәсіпкерлік субъектілерін тартудың механизмдерін әзірлеу


Шаралар жоспары

КжӨД ,

«Сары-Арқа»ӘКК (келісім бойынша),

«Технопарк UniScienTech»

ЖШС (келісім бойынша )



2007ж.




«Сары-Арқа»ӘКК ,

«Технопарк UniScienTech»

ЖШС қаражаты


9.

Шағын кәсіпкерлік өкілдеріне арналған бизнестің инновациялық салаларындағы маркетинг пен менеджмент мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу


семинарлар

КжӨД ,

«Сары-Арқа»ӘКК (келісім бойынша),

«Технопарк UniScienTech»

ЖШС (келісім бойынша )



Жыл сайын




«Сары-Арқа»ӘКК,

«Технопарк UniScienTech»

ЖШС қаражаты


2. Бәсекеге қабілетті шағын кәсіпкерлік инфраструктурасын дамыту және қолдау

1.

Инновациялық бизнес аймағындағы жас мамандар Қорын құру бойынша шараларды ұйымдастыру


Шаралар жоспары

КжӨД ,

ІСД,ЖОО (келісім бойынша), бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша)



2008ж.




Кәсіпкерлік субъектілері,кә-

сіпкерлердің қоғамдық ұйымдары мен ЖОО-ның қаражаты



2.

Облыс ЖОО-да нарықтық типтегі оқыту бағдарламаларын құру бойынша қамқорлық кеңестерін құру шараларын

ұйымдастыру



Шаралар жоспары

КжӨД ,

ІСД,ЖОО (келісім бойынша), бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша)



2007ж.




Кәсіпкерлік субъектілері мен ЖОО-ның қаражаты

3.

Арнайы оқыту курстарына бизнестің қажеттілігін анықтауға бағытталған мемлекеттік тапсырыстың орындалуына байқау өткізу

мемлекеттік тапсырыс

КжӨД

2007ж.

2007ж. - ресурстық орталық жұмысы аясында

облыстық бюджет қаражаты

4.

Қарағанды, Жезқазған қ. шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ресурстық орталықтар құру

мемлекеттік тапсырыс

КжӨД

2007-2008жж.

2007ж.–7,184

2008ж.– 5,0



облыстық бюджет қаражаты

5.

Кәсіпкерлікті қолдауға облыстық, қалалық, аудандық шараларды (конференция,кездесу-кеңестер,дөңгелек үстелдер, семинарлар т.б.) ұйымдастыру және өткізу

шаралар

КжӨД, қала, аудан әкімдері

2007-2009жж.

2007ж.- ресурстық орталық жұмысы аясында

2008ж.-1,0

2009ж. – 1,0


облыстық бюджет қаражаты


6.

Кәсіпкерлік басқару мен нарықтық ойлауды қалыптастыру мәселесі бойынша ЖОО-да эксперименттік оқыту бағдарламаларын енгізу

бағдарламалар

КжММҚИ (келісім бойынша), бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша),КжӨД

2007-2009жж.







3. Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін құқықтық қамтамасыз ету

1.

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында билік пен бизнестің өзара тиімді арақатынасы мәселесі бойынша семинар-тренингтер сериясын

өткізу


семинарлар

КжӨД

Жыл сайын

2007ж. –ресурстық орталық жұмысы аясында

2008ж. – 1,5

2009ж. – 1,5


облыстық бюджет қаражаты


2.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – «шұғыл линия», кезекші адвокат»- шұғыл құқықтық көмек бекеттерін құру және қызмет


жоба

КжӨД, бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша)

2007-2009гг.

2007г. – ресурстық орталық жұмысы аясында

2008ж. - 1,0

2009ж. – 1,0


облыстық бюджет қаражаты



3.

Қала және аудан әкімдіктерінде, облыстық басқарма мен департаменттерде кәсіпкерлік мәселесі бойынша эксперттік кеңес құру

Эксперттік кеңес

КжӨД, қала және аудан әкімдіктері

2007ж.







4.

Кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамаларды жетілдіретін ұсыныстарды әзірлеу мен талдау жүргізу

Ұсыныстар пакеті


КжӨД, бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша)

үнемі







4. Ауылдағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету

1.

«Инновациялық бизнес мектебі» жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, әдістемелік нұсқауларды шығару

.


жоба

КжӨД, инфраструктура субъектілері (келісім бойынша)

2007-2009жж.

2007ж. – ресурстық орталық жұмысы аясында

2008ж. – 3,0

2009ж. – 3,0


облыстық бюджет қаражаты

2.

Тауарлық несиелеу жобасын жүзеге асыру

жоба

КжӨД, «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры»ҚФ (келісім бойынша)

2007-2009жж.



«Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры»ҚФ қаражаты

3.

«Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры» ҚФ «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту» ЖШС қайта тіркеу, Қордың жарғылық капиталын толықтыру үшін қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау

Қайта тіркеу туралы куәлік

КжӨД, «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры»ҚФ(келісім бойынша)

2007 ж.







4.

Ауылда жүзеге асырылатын инновациялық жобалардың жыл сайынғы байқауын

өткізу



байқау

КжӨД,

«Сары-Арқа»ӘКК (келісім бойынша),

бизнес- ассоциациялар (келісім бойынша)


Жыл сайын




«Сары-Арка»ӘКК АҚ, бизнес- ассоциациялар қаражаты

5.

Ауылдағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аясында несие кепілін қамтамсыз ету шараларын өткізу

Шаралар жоспары

КжӨД,

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚФ (келісім бойынша )



2007-2009жж.




«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

қаражаты


6.

Нарықтық инфраструктура субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар арасында ауылдық жерлерді дамыту жобаларын бірлесе әзірлеу, жобаларды жүзеге асыруда ғылыми, оқыту-кеңестік қолдау көрсету жөнінде келісімдер жасау

келісімдер

КжӨД,

Қала, аудан әкімдері, инфраструктура субъектілері (келісім бойынша)



2007ж.







5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін материалдық және қаржылық қамтамасыз ету

1.

Қайтарымсыз негізде жер телімдерін бөлу үшін тұрғындарға қызмет көрсету салаларында ең жақсы жобаға байқау өткізу

байқау

КжӨД

2008-2009жж.

2008ж. – 1,5

2009ж. – 1,5




облыстық бюджет қаражаты


2.

Коммуналдық жекеменшік нысандарына, соңынан кәсіпкерлік ортаға беру үшін инвентаризация жүргізу

Шаралар жоспары

КжӨД, ҚД

2007ж.







3.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие кепілін қамтамасыз ету және ИСО 9000 сапа менеджменті жүйесін енгізу жұмыстары шараларын өткізу

Шаралар жоспары



КжӨД,

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚФ (келісім бойынша)



2007-2009жж.




«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

қаражаты


4.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы сатып алу көлемінің 30%-на дейінгі мөлшермен тауар мен қызмет көрсетуді кепілді сатып алуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу

Шаралар жоспары



КжӨД, ҚД


2007-2009жж.







6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету

1.

Қарағанды аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы толыққанды талдаушылық және ақпараттық материалдан тұратын (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) әмбебап Интернет-сайтын құру

сайт

КжӨД


2007ж.

2007ж. – 1,2

2008ж- 1,2

2009ж.-1,2

облыстық бюджет қаражаты





2.


Аймақ үшін маңызды экономикалық шаралардың (көрме, форум, акция т.б.) жыл сайынғы каталогын шығару

жинақ

КжӨД,ЭБЖД, Облыстық статистикалық басқарма, инфраструктура субъектілері (келісім бойынша)

Жыл сайын

2007ж. –

ресурстық орталық жұмысы аясында

2008ж. – 1,0

2009ж. – 1,0



облыстық бюджет қаражаты
кәсіпкерлер қаражаты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет