БАҒдарламасы астана 2015 Бағдарламаны әзірлеушілер



жүктеу 313.46 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі313.46 Kb.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы
«6D051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша докторантураға түсушілер үшін кешенді емтиханның

БАҒДАРЛАМАСЫ




Астана – 2015

Бағдарламаны әзірлеушілер:

Федотова З.Л., з.ғ.к., профессор; Нұрышева Т.С., з.ғ.к., доцент;

Примашев Н.М., з.ғ.к., доцент (1-бөлім).

Майдырова А.Б., э.ғ.д., профессор (2-бөлім).

Мұқашева Б.Ә., э.ғ.к., профессор (3-бөлім).


Жалпы ережелер
Кешенді емтихан бағдарламасы: «Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет», «Менеджмент», «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәндерінің үш блогын қамтиды.

«6D051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» – (DРА – 2015-2018 оқу жылы) мамандығы бойынша докторлық бағдарлама үміткерлерінің жоғары кәсіптік білім берудің жұмыс жоспары шеңберінде оқытылатын базалық пәндердің іргелі негіздерін білуі, сонымен қатар осы білімді теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуде қолдана алатындығы пайымдалады.

Бағдарламаға:

а) жоғары кәсіби білімнің жұмыс жоспарының негізгі пәндерінің бағдарламасының мазмұнына;

б) ұсынылатын оқу және ғылыми әдебиетке, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетін сұрақтар енгізілген.

1-бөлім. «МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ» ПӘНІ

Мазмұны

1-тақырып. Мемлекеттік басқарудың түсінігі және ерекшелігі.

2-тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымының негіздері.

3-тақырып. Мемлекеттік басқару нысандары және басқарушылық қызметтің әдістері.

4-тақырып. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары.

5-тақырып. Мемлекеттік саясатты қалыптастырудың және іске асырудың негіздері.

6-тақырып. Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет және қоғамның өзара әрекеті.

7-тақырып. Мемлекеттік шешімдерді әзірлеудің және іске асырудың негіздері.

8-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің түсінігі, қағидаттары, функциялары және ерекшеліктері.

9-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті құқықтық реттеу.

10-тақырып. Мемлекеттік қызметші: түсінігі, мәртебесі, жауаптылығы, құқықтық және әлеуметтік қорғау.
1-тақырып. Мемлекеттік басқару түсінігі және оның ерекшелігі

Әлеуметтік басқарудың түрі ретінде мемлекеттік басқарудың түсінігі және ерекшелігі. Мемлекет қоғамдық үдерістерді басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттер типологиясы. Мемлекеттің нысандары (форма). Мемлекет нысанының (формасы) мемлекеттік басқаруға әсері. Мемлекеттік басқарудың объективтік негіздері және субъективтік фактор.


2-тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымының негіздері

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымының түсінігі. Мемлекеттік басқарудың мақсаты. Мемлекеттік басқару мақсаттарының «ағашы». Мемлекеттік басқарудың функциялары.


3-тақырып. Мемлекеттік басқарудың нысандары (формалары) және басқарушылық қызметтің әдістері

Басқарушылық қызметтің нысандары және әдістері. Мемлекеттік басқарудың құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары. Мемлекеттік билік органдарын функцияландыру әдістері. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету әдістері. Мемлекеттік басқарудың құралдары. Азамат мемлекеттік басқару жүйесінде. Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері адам еңбегінің айрықша түрі ретінде.


4-тақырып. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары

Мемлекеттік басқару қағидаттарының түсінігі. Мемлекеттік басқару қағидаттарын жүйелеу. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттарының сипаттамасы. Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) және салааралық қағидаттары.


5-тақырып. Мемлекттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру негіздері

Мемлекеттің негізгі функцияларының өзгеруі. Қоғамды реформалаудың міндеттері мен бағыттары. Мемлекеттік саясатты құру негіздері. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдаулары мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы. Мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы тұжырымдамалар. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын белгілеу. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға әсер ететін факторлар.


6-тақырып. Мемлекет пен қоғамның мемлекеттік басқару процесіндегі өзара әрекеті

Мемлекеттік басқарудағы мүдделер өкілдігі. Өкілдік нысандары (формалары). Өкілдік түрлері. Басқарудағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделердің өзара әрекеті. Қоғаммен байланыс және ақпарат. Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет ету нысандары.


7-тақырып. Мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру негіздері

Басқарушылық шешімдерді қабылдау субъектілері. Мемлекеттік шешімдерді әзірлеу негіздері. Басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру технологиясы. Субъектілердің қабылдаған басқарушылық шешімдері үшін жауаптылығы.


8-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет түсінігі, оның қағидаттары, функциялары және ерекшеліктері

Мемлекеттік қызмет түсінігі, оның мақсаты және міндеттері. Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбекті бөлудегі рөлі мен алатын орны. Мемлекеттік қызметтің айрықша белгілері. Мемлекеттік қызметтің қағидаттары мен функциялары. Мемлекеттік қызметтің жіктемесі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті басқару.


9-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті құқықтық реттеу

Мемлекеттік қызметтің конституциялық негіздері. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. Президенттің мемлекеттік қызмет туралы жарлықтары. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі бұйрықтары. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.


10-тақырып. Мемлекеттік қызметші: түсінігі, мәртебесі, жауаптылығы, оларды құқықтық және әлеуметтік қорғау

Мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі. Мемлекттік қызметшіге берілетін кепілдіктер және оның экономикалық қамтамасыз етілуі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі. Мемлекеттік қызметшілерді құқықтық қорғау. Әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілерді құқықтық қорғау. Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау. Мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы.


«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» пәні бойынша үлгілі сұрақтар


  1. Мемлекеттік басқарудың әдіснамалық негіздері: бағдарламалық бағыт, қоғамдық таңдау теориясы, институционалдық теория.

  2. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі және мемлекеттік секторды реформалаудың негізгі бағыттары (Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары).

  3. Мемелекеттік басқару органдарының өкілеттіктері мен жауаптылықтарын анықтау – қазіргі жағдайда мемлекеттік секторды реформалаудың негізгі бағыты.

  4. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі.

  5. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі (ҚР Президентінің 2010 ж. 19 наурызындағы № 954 Жарлығы).

  6. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік басқару түрі ретіндегі түсінігі және ерекшелігі.

  7. Басқару субъектісі мен объектісі – әлеуметтік-басқарушылық құбылыс тасушылары.

  8. Мемлекет – қоғамдық процестерді басқару субъектісі ретінде.

  9. Мемлекеттік басқарудың объективтік негіздері және субъективтік факторы.

  10. Мемлекеттер типологиясы және мемлекеттік басқару.

  11. Қазіргі мемлекеттің негізгі функциялары.

  12. Ғаламдық ынтымақтастық қазіргі мемлекеттің функциясы ретінде.

  13. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттің функциясы ретінде.

  14. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқарудың өзараәрекет ету тетігі.

  15. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылым ұғымы.

  16. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары: саралау, олардың шарттылығы және негізділігі.

  17. Мемлекеттік басқарудың қағидаттары.

  18. Меритократия, адалдық және тиімділік – мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негіздері ретінде.

  19. Басқарушылық қызметінің әдістері.

  20. Басқарушылық қызметінің әдістерін қолдану мәселелері.

  21. Мемлекеттік басқарудың құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары.

  22. Мемлекеттік басқарудың функциялары.

  23. Мемлекеттің көрсететін қызметі мемлекеттік органның функциясы ретінде.

  24. Мемлекттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру негіздері.

  25. Мемлекеттік басқару қағидаттары түсінігі және оларды жүйелеу.

  26. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттарының сипаттамасы.

  27. Мемлекеттік басқару қағидаттарын тәжірибеде қолдану.

  28. Мемлекеттік басқарудағы мүдделер өкілдігі.

  29. Мемлекеттік басқарудағы мүдделер өкілдігінің нысандары.

  30. Мемлекеттік басқарудағы мүдделер өкілдігінің түрлері.

  31. Мемлекеттік және қоғамдық мүдделердің басқарудағы өзара қатынастары.

  32. Мемлекеттік саясатты әзірлеу негіздері

  33. Мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері.

  34. Мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарын айқындау.

  35. Мемлекеттік саясатқа әсер ететін факторлар.

  36. Мемлекеттік саясатты әзірлеудің модельдері

  37. Мемлекеттік саясатты іске асыруды бағалау, бағалау типтері.

  38. Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тетігі.

  39. Мемлекеттік саясатты іске асыруды анықтайтын факторлар.

  40. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің қазіргі жағдайы.

  41. Қоғамдық процестерге мемлекеттің қатысуының сұранымы және қажеттілігі.

  42. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту қағидалары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 13 қаңтардағы Жарлығы).

  43. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформаның негізгі бағыттары.

  44. Қазақстан Республикасының 2010-2020 жж. Құқықтық саясатының Тұжырымдамасы және мемлекеттік басқару аясындағы заңнаманың дамуы.

  45. Мемлекеттік басқарудағы қоғаммен байланыс және ақпарат.

  46. Мемлекеттік басқарудың қазіргі жағдайдағы мүдделерді қолдаудың ерекшеліктері.

  47. Мемлекеттік басқаруды демократизациялау – Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформаның бір бағыты.

  48. Мемлекеттік басқаруды дебюрократизациялау – Қазақстан Республикасы әкімшілік реформасының бір бағыты.

  49. Қазақстан Республикасының 2010-2020 жж. Құқықтық саясатының Тұжырымдамасы және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіру.

  50. Қазақстан Республикасының 2010-2020 жж. Құқықтық саясатының Тұжырымдамасы және мемлекеттің көрсететін қызметін жетілдіру.

  51. Мемлекеттік саясатты бағалаудың дәстүрлі әдістері.

  52. Мемлекеттердің теориялық модельдері және мемлекеттік басқару.

  53. Мемлекеттік басқару функцияларын топтастыру.

  54. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік басқаруды жаңғырту туралы (2006 ж. 1 қыркүйекте ҚР Парламентінің үшінші сессиясындағы баяндама).

  55. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың нормативтік базасы.

  56. Реттеу – мемлекеттік басқарудың функциясы ретінде.

  57. Мемлекеттік басқарудың құралдары.

  58. Салааралық мемлекеттік басқару: мәні және түрлері.

  59. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты.

  60. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік басқару.

  61. Мемлекеттік қызметтің қазіргі кездегі жағдайы.

  62. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.

  63. Мемлекеттік қызметті реформалаудың құқықтық негіздері.

  64. Мемлекеттік қызметті құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

  65. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.


Ұсынылатын әдебиет

  1. Нұрышева Т.С. Мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы. Оқу құралы. – Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2013. – 171 б.

  2. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. – М.: Омега-Л, 2005.

  3. Государственная служба: комплексный подход: учебник / Отв. ред. А.В. Оболонский. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2009. – 512 с.

  4. Государственное управление: основы теории и практики / Под ред. Козбаненко В.А. – М.: Статут, 2002.

  5. Теория государства и права : учебник / Морозова Л. А. - Изд. 3-е, перераб. и доп. – М.: Эксмо, 2009.

  6. Шамхалов Ф.И. Теория государственного управления. – М., 2003.


Нормативтік құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2013.

  2. Әкімшілік рәсімдер туралы : Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы.

  3. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы : Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы

  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы : Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі Заңы.

  5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы : Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы.

  6. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы : Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.

  7. Нормативтік құқықтық актілер туралы : Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы.

  8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы : Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы.

  9. Мемлекеттік қызмет туралы : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы.

  10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 898 Жарлығы.

  11. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 874 Жарлығы.

  12. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы.

  13. Қазақстан Республикасы мемлекетінің жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығы.

  14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы.
  15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы.

  16. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығы.

  17. Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығы.

  18. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығы.

  19. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығы.

  20. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы.

  21. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығы.

  22. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы.

  23. Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы.

  24. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығы.

  25. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығы.


  26. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығы.


Ресми құжаттар

  1. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.

  2. Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша // Егемен Қазақстан. 2014. 12 қараша.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // Егемен Қазақстан. 2014. 18 қаңтар.

  4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // www.akorda.kz.

  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам // Егемен Қазақстан. 2012. 10 шілде.

  6. Назарбаев Н.Ә. «Мемлекеттік қызметтің елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференциядағы баяндама // Человек и закон. 2008. 20 июня.

  7. Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, ашықтық және қоғамға есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту : Қазақстан республикасы Парламентінің жалпы отырысындағы баяндама // Егемен Қазақстан. 2006. 2 қыркүйек.



2-бөлім. «МЕНЕДЖМЕНТ» ПӘНІ
Мазмұны

1-тақырып. Менеджмент мәні мен қағидаттары

2-тақырып. Менеджмент мектептері мен тұжырымдамасының эволюциясы және оның шетелде даму үрдістері

3-тақырып. Ұйым басқару объектісі ретінде

4-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

5-тақырып. Басқарудың ұйымдық құрылымы

6-тақырып. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

7-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың негізгі қызметтері

8-тақырып. Басқарушылық еңбегі мен оның ерекшелігі

9-тақырып. . Басқару шешімдерін әзірлеу процесі

10-тақырып. Ұйым мәдениеті мен басшылық стилі
1-тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидаттары

Басқару ұғымы. Басқару ғылым мен өнер ретінде. Басқару теориясының пәні, мәні мен мазмұны. «Менеджмент» ұғымының мәні мен мазмұны. Менеджмент экономика, психология, құқық, социология және басқа ғылымдар саласындағы білімге негізделген ғылыми тәсілдер жүйесі мен күрделі пәнаралық ғылым ретінде. Менеджмент қағидаттары. Менеджмент мемлекеттік қызмет жүйесінде және оның Қазақстан қоғамындағы рөлі. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік менеджмент: ортақтығы мен ерекшелігі. Мемлекеттік органдардағы менеджмент ерекшеліктері.


2-тақырып. Менеджмент мектептері мен тұжырымдамасының эволюциясы және оның шетелде даму үрдістері

Басқару үлгілері басқарушылық ойдың даму формасы ретінде. Негізгі басқару тұжырымдамаларының қалыптасуы және олардың дамуы. Менеджменттің ғылыми әдістері: үдерістік, жүйелік, ситуациялық. Басқару мектептері. Басқару ғылыми мектебі. Классикалық мектеп. Адами қатынастар мектебі мен оның дамуы. Математикалық мектеп. Менеджмент теориясындағы жүйелік және ситуациялық тәсілдер. Басқарудың қазақстандық үлгісін қалыптастыру шарттары.


3-тақырып. Ұйым басқару объектісі ретінде

Ұйым ұғымы. Ұйымның негізгі белгілері мен түрлері. Ұйымның жалпы сипаттамалары. Тігінен және көлденеңінен еңбек бөлінісі. Ұйымды басқару деңгейлері. Басқару объектісі ретіндегі ұйымның сипаттамасы. Біртектес ұйымдардың топтау және олардың жалпы белгілерін анықтау. Ұйымның ел экономикасындағы рөлі. Ұйымды жобалау элементтері. Ұйымды басқару тиімділігінің өлшемдері.
4-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Басқару ортасының құрылымы. Ұйымдық элементтері мен сипаттамалары. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының негізгі құрамдас бөліктері. Мақсаттар мен ұйымдық құрылымның өзара байланысы. Күрделі және қарапайым іскерлік орта. Тұрақты және тұрақсыз іскерлік орта. Мемлекеттік ортаның іскерлік ортамен өзара іс-қимылы. Өзгерістер менеджменті.

5-тақырып. Басқарудың ұйымдық құрылымы

Басқарудың ұйымдық құрылымының негізгі элементтері. Ұйымдық құрылымның қалыптасу мен өзгеру процесі. Ұйымдық құрылымның типтері, түрлері мен олардың құрылу қағидаттары. Иерархиялық (бюрократиялық) басқару құрылымдары: желілік, функционалдық, желілік-функционалдық, желілік-штабтық, штабтық, дивизионалдық. Бейімделу (органикалық) басқару құрылымдары: матрицалық, желілік, виртуалдық.



6-тақырып. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

Басқарудағы ақпараттың рөлі. Ақпарат, оның қасиеттері, ақпараттың басқару тиімділігіне ықпалы. Фирмаішілік ақпарат жүйесінің негізгі қағидаттары, міндеттері мен қызметтері.



7-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың негізгі қызметтері

Басқаруды талдауы мен тиімділігі. Басқару жүйесіндегі болжау мен жоспарлау. Жоспарлау басқару қызметі ретінде. Басқару қызметі ұғымы мен құрамы. Жоспарлау ұғымы мен мәні. Жоспарлау қызметтері, қағидаттары. Жоспарлау процесінің кезеңдері. Стратегиялық жоспарлау ұғымы мен мәні. Қазақстан экономикасын басқару стратегиясы.

Ұйымдастыру мен үйлестіру басқару қызметі ретінде. Коммуникация басқару қызметі ретінде. Басқарудағы уәждеме мен ынталандыру үлгілері. Бақылау басқару қызметі ретінде. Бақылаудың даму үрдістері, қазіргі мәселелері мен келешегі. Стратегия мен стратегиялық басқару. Өкілеттік және жеке ықпал, ұйымдағы басшылық, билік формалары мен ықпал. Лидерлік теориясына шолу.

Басқару тиімділігін бағалау және оны арттыру факторлары. Басқару тиімділігінің өлшемдері мен көрсеткіштері.



8-тақырып. Басқарушылық еңбегі мен оның ерекшелігі

Басқару еңбегі және оның ерекшелігі. Басқарушы қызметкерлер санаттары. Менеджерлер типтері. Менеджерлердің міндеттері. Мемлекеттік органдардағы менеджердің рөлі. Мемлекеттік мекемелер басшыларының кәсібилігі мен біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар. Мемлекеттік органның ұйымдастырылуын өзгерту мақсатындағы менеджер қызметінің негізгі типтері.



9-тақырып. Басқару шешімдерін әзірлеу процесі

Шешім қабылдау процесінің кезеңдері. Басқару шешімдерін әзірлеу және іске асыру технологиясы. Басқару шешімдерін әзірлеу процесіне қойылатын талаптар. Шешімдер сапасы және процесс сапасы. Басқару шешімдерінің жіктелуі.



10-тақырып. Ұйым мәдениеті мен басшылық стилі

Ұйымдық мәдениет ұғымы, құрылымы және мәні. «Күшті» және «әлсіз» ұйымдық мәдениеттің анықтамасы. Ұйымдық мәдениет тиімділік факторы ретінде. Ұйымның инновациялық мәдениеті. Ұйымдық мәдениетті басқару. Ұйымдық мәдениет пен басқару стилінің өзара ықпалы. Мемлекеттік органдардағы қарым-қатынас мәдениеті. Мемлекеттік қызметшінің имиджі. Қазақстан Республикасының ар-намыс кодексі. Мемлекеттік қызмет менеджерінің стилі мен имиджі. Басқарушылық қызметтің этикасы мен мәдениеті.



«Менеджмент» пәні бойынша үлгілі сұрақтар

  1. Менеджмент және оның қазіргі заманғы білім жүйесіндегі рөлі.

  2. Менеджменттің қызметтері және ұйымдық нәтижелер.

  3. Мемлекеттік басқару және менеджмент: ортақтығы мен айырмашылығы.

  4. Мемлекеттік органдардағы менеджмент: ерекшеліктері мен қызметтері.
  5. Менеджмент әдістері мен технологиясы.
  6. Басқару тиімділігін бағалау мен оны арттыру факторлары.
  7. Басқарушылық ойдың дамуы.
  8. Ғылыми басқару мектебі.
  9. Әкімшілік басқару мектебі.
  10. Адами қатынастар мен мінез-құлық ғылымдар тұрғысынан басқару.
  11. Басқарудағы математикалық үлгілер.
  12. Басқарудың ғылыми әдістері: процестік, жүйелік және ситуациялық.
  13. Көшбасшылық: стиль, ситуация мен тиімділік.
  14. Ұйым басқару обьектісі ретінде.
  15. Ұйымның сыртқы және ішкі ортасы.

  16. Ұйымның ішкі ортасының ерекшеліктері мен негізгі элементтері.

  17. Ұйымның сыртқы ортасының ерекшеліктері мен негізгі элементтері.

  18. Қазіргі кездегі менеджмент үрдістері.

  19. Мемлекеттік органдардың іскерлік ортамен өзара іс-әрекеті.
  20. Ұйымның миссиясы.
  21. Ұйымның мақсаттары мен міндеттері.
  22. Мемлекеттік ұйымның мақсаттар ағашы.
  23. Ұйымның өмірлік циклы мен оның негізгі кезеңдері.

  24. Мемлекеттік қызмет менеджерінің перспективалық үлгісі.

  25. Мемлекеттік қызмет менеджерлеріне қойылатын кәсіби және жеке тұлғалық талаптар.

  26. Көшбасшы мен менеджердің ерекшеліктері.

  27. Менеджердің мемлекеттік органдардағы рөлі.

  28. Ицхак Адизес тәсілі бойынша тиімді басшылық.

  29. Басқару тиімділігін талдау.

  30. Ұйым стратегиясы.

  31. Д. Коттердің ұйымдық өзгерістер жүргізу кезеңдері.

  32. Ұйымдастыру мен үйлестіру басқару функциясы ретінде.

  33. Менеджменттегі ақпарат және коммуникация.

  34. Басқарудағы ақпараттың рөлі.

  35. Ақпарат, оның белгілері, ақпараттың басқару шешімдерін қабылдау тиімділігіне ықпалы.

  36. Басқарудағы мотивация және ынталандыру.

  37. Бақылау басқару қызметі ретінде.

  38. Сапаны кешенді басқару (TQM) түрлері.

  39. Мемлекеттік органдардағы адам ресурстарын басқару мәселері.

  40. Басқарудың ұйымдық құрылымы: түсінігі, типтері мен түрлері.

  41. Ұйымды басқарудың ұйымдық құрылымының жіктемесі.

  42. Басқарудың иерархиялық (бюрократиялық) құрылымдары мен бейімдік (органикалық) құрылымдары.

  43. Басқару шешімдерін қабылдау процесі мен әдістері.

  44. Шешімдер қабылдау процесінің кезеңдері.

  45. Басқару шешімдерін әзірлеу мен іске асыру технологиясы

  46. Ұйымдық мәдениеттің ұғымы, құрылымы мен мәні.

  47. Теңгерімделген көрсеткіштер жүйесі (ССП).

  48. «Күшті» және «әлсіз» ұйымдық мәдениеттің белгілері.

  49. Ұйымдағы инновацияны басқару негіздері.


Ұсынылатын әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері. Оқулық. – Ақтөбе; Орал: А-Полиграфия 2005. - 518 б.

  2. Ибраимова С.Ж. Менеджмент негіздері. Оқу құралы. 1 бөлім. – Семей: Семей мемлекеттік ун-ті, 2001.– 50 б.

  3. Бердалиев К. Менеджмент. Курс лекций. – Алматы : Экономика, 2005.

  4. Дафт Р.Л. Менеджмент. 8-е издание. – СПб.: Питер. 2009. - 800 с.

  5. Игнатов В.Г. Теория управления : учеб. пособие. – М.; Ростов-на-Дону : МарТ, 2012. - 463 с.

  6. Шеметов П.В. Менеджмент: управление организационными системами : учеб. пособие. - 4-е изд. – М.: Омега-Л, 2011. - 407 с.

  7. Казначевская Г.Б. Менеджмент: учебник. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2012. – 452 с.

Ресми құжаттар

  1. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.

  2. Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11қараша // Егемен Қазақстан. 2014. 12 қараша.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // www.akorda.kz.

  4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // www.akorda.kz.

  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам // Егемен Қазақстан. 2012. 10 шілде.

  6. Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтар // www.akorda.kz.

  7. Назарбаев Н.Ә. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар // www.akorda.kz.

  8. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 30 қаңтар // www.akorda.kz.

  9. Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан дамуға! : Қазақстан Республикасын Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2009 жылғы 6 наурыз // www.akorda.kz.

  10. Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту : Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының пленарлық отырысындағы баяндама // Егемен Қазақстан. 2006. 2 қыркүйек.



3-бөлім. «ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ» пәні
Мазмұны

1-тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі

2-тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері

3-тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары

4-тақырып. Қоғамдық игіліктердің мемлекеттік өндірісі

5-тақырып. Экономиканы ақша-кредиттік мемлекеттік реттеу

6-тақырып. Экономиканы бюджет-салықттік мемлекеттік реттеу

7-тақырып. Экономикалық өсу мен өндіріс құрылымын мемлекеттік реттеу

8-тақырып. Инвестицияларды мемлекеттік реттеу

9-тақырып. Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты

10-тақырып. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу

11-тақырып. Жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдауды мемлекеттік реттеу

12-тақырып. Мемлекеттік сектор экономиканы мемлекеттік реттеу құралы ретінде

13-тақырып. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау мен болжамдау


1-тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі

Экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы экономикалық ойдың эволюциясы: меркантилизмнен ұсыныс экономикасы теориясына дейін. Әртүрлі экономикалық жүйелердегі мемлекет қызметіндегі ортақтық. Мемлекеттің экономикалық функциялары.

Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен мүмкіндігі. Нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу ұғымы. Экономикалық дамуы әртүрлі елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері. Орталықтан басқарылатын экономика мен нарықтық жүйедегі мемлекеттік реттеудің айырмашылығы.

Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеудің негізгі салалары.


2-тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері. Экономикалық мүдделердің жеткізушілері. Экономикалық мүдделерді білдірушілер. Экономикалық мүдделердің орындаушылары. Экономикалық мүдделердің жеткізушілерімен ЭМР кері байланысы.

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері: микро, макро, мезо, мегодеңгейлер; әлеуметтік-экономикалық процестер.

Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарының ағашы. Мақсаттардың өзара іс-қимылы. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын тұжырымдау принциптері. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын қою кезінде басымдықтарды таңдау. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарының көп бұрыштылығы.


3-тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары

Экономикаға төте және жанама ықпал ету әдістері. Экономикаға мемлекеттік ықпал ету құралдарын жіктеу: төте және жанама ықпал ету құралдары.

Реттеудің әкімшілік құралдарының ерекшеліктері, оларды қолдану қажеттігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құқықтық құралдары.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-психологиялық құралдары. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары.

Нарықтық экономикаға мемлекеттік араласудың ең аз және ең көп шегі.
4-тақырып. Қоғамдық игіліктердің мемлекеттік өндірісі

Қоғамдық тауарлар/игіліктер экономикаға ең аз араласу объектілері ретінде. Қоғамдық тауарлар мен олардың дәстүрлі жеке тауарлардан айырмашылығы. Қоғамдық жұмыстардың жіктемесі мен оларды ұйымдастыру қажеттігі. Қоғамдық игіліктер ұсынысының тиімді деңгейі. Мемлекет жеткізетін жеке игіліктер.

Қоғамдық игіліктерді өндірудегі мемлекеттің рөлі.

Сыртқы әсерлер ұғымы. Сыртқы әсер экономикаға ең аз араласу объектісі ретінде. Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеу.


5-тақырып. Экономиканы ақша-кредиттік реттеу

Мемлекеттің ақша-кредиттік саясатының мәні мен теориясы. Орталық банктің ақша-кредиттік реттеу мен инфляцияны азайтудағы рөлі.

Экономиканы ақша-кредиттік реттеу құралдары: есеп ставкасы ақша-кредиттік реттеу құралы, резервтік норманы өзгерту, ашық нарықтағы операциялар ретінде. Мемлекеттің экономиканы реттеудің әртүрлі құралдарын пайдалану кезіндегі басымдықтары.
6-тақырып. Экономиканы бюджет-салықттік мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет құрылымы. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теңгерімділігі мәселесі. Мемлекеттік займдар. Мемлекеттік қарыз мәселесі. Мемлекеттік қарызды өтеу әдістері.

Нәтижеге бағдарланған бюджет. Бюджетті үш жылға жоспарлау мемлекеттің қаржылық ресурстарын реттеу ретінде.

Салықтар мен Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Экономикалық жүйедегі салық функциясы. Салық жүйесін жетілдіру бағыттары. Салық ставкасын өзгерту кәсіпкерлік белсенділікті реттеу тәсілі ретінде.


7-тақырып. Экономикалық өсу мен өндіріс құрылымын мемлекеттік реттеу

Экономикалық өсу мен оның ұлттық экономика үшін маңызы. Экономикалық өсуге мемлекеттік ықпал етудің негізгі бағыттары. Қазақстанда дағдарыстан кейінгі жағдайларда экономикалық өсу қарқынын арттыру қажеттігі.

Ұлттық экономика құрылымы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында оны жетілдіру қажеттігі. Құрылымдық өзгерістердің әлемдік тәжірибесі. Экономикалық құрылым және Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың басым салалары.

Жеделдетілген экономикалық жаңғырту – үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы. Экономиканың инфрақұрылымдық дамуы – Нұрлы Жол бағдарламасы мен Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі.


8-тақырып. Инвестицияларды мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың қажеттігі мен ерекшеліктері. Инвестицияларды мемлекеттік реттеу құралдары. Инвестициялық шешімдер қабылдауға мемлекеттік ықпал ету құралдары. Жеделдетілген амортизация және оның инвестицияларды ынталандырудағы рөлі. Лизинг негізгі капиталды тиімді пайдалануды мемлекеттік көтермелеу нысаны ретінде.

Қазақстан Республикасында инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске сыруда отандық және шетелдік инвестициялардың рөлі.
9-тақырып. Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты

Мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жүргізу мен бәсекелестікті дамытудың қажеттігі мен негізгі бағыттары. Атқарушы билік органдарының бәсекелестікті қорғауы.

Монополияға қарсы заңнама мен нарықтық экономикасы дамыған елдерде монополияға қарсы саясаттың дамуы. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялардың қызметін мемлекеттік реттеу.
10-тақырып. Ауыл шаруашылығын  мемлекеттік реттеу

мемлекеттік реттеу

Агроөнеркәсіптік кешенде қайта өндірістің мәні мен ерекшелігі және оны мемлекеттік реттеу қажеттігі.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары.

«НУХ «КазАгро» АҚ мен оның бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған АӨК дамытудағы рөлі.


11-тақырып. Жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдауды мемлекеттік реттеу

Халықты жұмыспен қамту тұжырымдамасы. Жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық мәні. Әлеуметтік жаңғырту – мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясаты.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы Қазақстан Республикасында жұмыссыздықты азайту факторы ретінде.

Кәсіпкерлік теориясының дамуы. Қазақстанда кәсіпкерлікті реттеудің негізгі бағыттары. «Бір терезе орталығын» құру кәсіпкерлікті дамытудағы бюрократиялық кедергілерді азайту тәсілі ретінде. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау. Қазақстанның кәсіпкерлігін дамытудағы «Бизнестің жол картасы – 2020».


12-тақырып. Мемлекеттік сектор экономиканы мемлекеттік реттеу құралы ретінде

Экономиканың мемлекеттік сектор теориясы. Экономиканың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлары. Меншікті жекешелендіру мен ұлт меншігіне алу және оны экономиканы мемлекеттік реттеуде пайдалану.

Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, экономиканың мемлекеттік секторы құрылымына мемлекеттік капиталдың қатысуымен ұлттық компаниялар. Әріптестік нысандары: мемлекеттік-жеке әріптестік және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен оның ұлттық экономиканы тұрақтандыру мен көтерудегі рөлі.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауының негізгі ережелері, қаңтар, 2012 ж.

 

13-тақырып. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау мен болжамдау

Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау ұғымы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік өңірлік және салалық бағдарламалардың түрлері.

Болжамдау әдістері. Мемлекеттік экономикалық болжау қажеттігі. Болжамдар түрлері.

Нәтижеге бағдарланған нарықтық экономикадағы жоспарлау. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі стратегиялық және операциялық жоспарлау.


«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінен үлгілі сұрактар


  1. Экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы экономикалық ойлар эволюциясы.

  2. Әртүрлі экономикалық жүйедегі мемлекет қызметіндегі жалпылық. Мемлекеттің экономикалық функциялары.

  3. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі және мүмкіндігі.

  4. Экономиканы мемлекеттік реттеу субъектілері.

  5. Государственные органы управления как субъекты регулирования экономики.

  6. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері және олардың бағыттары.

  7. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттар діңгегі. Мақсаттардың өзара әрекеттесуі.

  8. Қазіргі жағдайдағы экономиканы мемлекеттік реттеуде мақсаттарды қоюдағы басымдықтар таңдауы.

  9. Экономикаға мемлекеттің тікелей әсерінің әдістері.

  10. Экономикаға мемлекеттік әсер ету құралдарының жіктелуі және тікелей әсер ету құралдары.

  11. Экономикаға мемлекеттік әсер ету құралдарының жіктелуі және жанама әсер ету құралдары.

  12. Экономиканы реттеудің әкімшілік құралдарының ерекшеліктері және қазіргі жағдайда оны қолданудың мүмкіндіктері.

  13. Қоғамдық тауарлар/игіліктер экономикаға мемлекеттің араласуының минималды объектісі ретінде.

  14. Қазақстанның ұлттық экономикасындағы қоғамдық жұмыстар және оларды ұйымдастыру қажеттігінің классификациясы.

  15. Қоғамдық тауарлар мен игіліктерді өндірісін мемлекеттік реттеу.

  16. Сыртқы әсерлер экономикаға мемлекеттің араласуының минималды объектісі ретінде.

  17. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысында Ұлттық Банк жүзеге асыратын ақша-несие саясатын реттеу құралдары.

  18. ІІІ жылға бюджетті жоспарлау мемлекеттің қаржылық қорларын реттеудің бағыты ретінде. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысындағы бюджеттік саясат.

  19. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысындағы салықтық әкімшілікті либерализациялау саясаты.

  20. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысында инфрақұрылымды дамыту арқылы экономикалық өсуге мемлекеттік ықпал етудің негізгі бағыттары.

  21. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысында инвестициядан кері қайтару деңгейін көтеруге бағытталған инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары мен қажеттігі.

  22. Өнеркәсіптік қуаттылықты импорттауда елдің индустриалды-инновациялық дамуының жеделдетілген бағдарламасын нақтылау және елді үшінші индустриалдық революцияға дайындауда технологиялармен алмастыру.

  23. «Қазақстан - 2050 Стратегиясы» тұрғысында ресурстардың қолдануын реттеуде экономикалық өсуді қамсыздандыру үшін Қазақстанның маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде.

  24. Қазақстан Республикасында табиғи монополия қызметін мемлекеттік реттеу.

  25. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысында ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудегі негізгі бағыттар мен ауыл шаруашылығын ауқымды жаңарту.

  26. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысынан әлеуметтік қауырттылықты азайту факторы ретіндегі жұмыспен қамсыздандырудың жаңа стратегиясы және еңбекақыны көтеру.

  27. Қазақстанның кәсіпкерлікті дамытудағы «Бизнестің жол картасы 2020».

  28. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысынан кәсіпкерлікті барлық жағынан мемлекеттік қолдау – ұлттық экономиканың жетекші қуаты.

  29. Мемлекеттік/қоғамдық сектор экономиканы мемлекеттік реттеу құралы ретінде.

  30. Ұлттық экономиканы мемлекеттік бағдарламалаудың қажеттігі және стратегиялық жоспарлаудағы оның мәні.

  31. Экономикалық болжаудың қажеттігі және оның мемлекеттік реттеу әдістері.

  32. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысынан әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары – әлеуметтік кепілдік және жеке жауапкершілік. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысынан азаматтарға орташа әлеуметтік стандартқа кепілділік беру.

  33. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысынан мұқтаж топтарға әлеуметтік қолдау көрсету.

  34. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұрғысынан өңірлерді дамытуда әлеуметтік-экономикалық теңгерімсіздікті мемлекеттік реттеу.

  35. Экономиканың инфрақұрылымдық дамуы –Нұрлы Жол бағдарламасы мен Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі


Ұсынылатын әдебиет

  1. Мұқашева Б.Ә., Дёмушкина Л.О., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу. – Астана: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2010 – 190 б.

  2. Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: 2008. – 206 б.

  3. Сансызбаева Г.Н. Государственное регулирование экономики зарубежных стран. – Алма-Ата: РИК МОН РК, 1994.

  4. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. – М.: Экономика, 1966.

  5. Мукашева Б.А., Дёмушкина Л.О. Государственное регулирование экономики: теория и практика. – Изд.2-е, доп. – Астана: Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан, 2008. – 216 с.

  6. Государственное регулирование рыночной экономики: Учебник для вузов / Под общей ред. Кушлина В.И. – М.: РАГС, 2005. – 834 с.

  7. Ходов Л.Г. Основы государственной экономической политики: Учебник. – М.: БЕК, 1997.


Ресми құжаттар

  1. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.

  2. Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11қараша // Егемен Қазақстан. 2014. 12 қараша.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // www.akorda.kz.

  4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // www.akorda.kz.

  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам // Егемен Қазақстан. 2012. 10 шілде.

  6. Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтар // www.akorda.kz.

  7. Назарбаев Н.Ә. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар // www.akorda.kz.

  8. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 30 қаңтар // www.akorda.kz.

  9. Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан дамуға! : Қазақстан Республикасын Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2009 жылғы 6 наурыз // www.akorda.kz.

  10. Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту : Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының пленарлық отырысындағы баяндама // Егемен Қазақстан. 2006. 2 қыркүйек.

ОӘжҒК отырысында

бекітілді

9 хаттама



24.04. 2015 жыл
ҒК отырысында

бекітілді

15 хаттама



05.05. 2015 жыл


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет