БАҒдарламасы ақтөбе, 2010 мазмұНЫ



бет3/13
Дата07.07.2016
өлшемі1.42 Mb.
#182788
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА


Өңірлік экономика

16 өңір (14 облыс және 2 республика дәрежесіндегі қала) арасында ЖӨӨ мен табысты тарату мықты асимметриялы болып келеді. 2009 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ биіктігін талдау Қазақстанның мейлінше дамыған жақсы және мейлінше нашар дамыған облыстары арасында айырмашылықтың арта түсуін көрсетеді. Талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе облысын орташа дамыған өңірлер қатарына жатқызуға болады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2007 жылы 678,9 млрд. теңге, 2008ж ЖӨӨ көлемі 871,5 млрд. тенгеге дейін өсті. Алайда, 2009 жылы Ақтөбе облысының ЖӨӨ көлемі 853,6 млрд. теңге құрады. Ақтөбе облысының ЖӨӨ-нің төмендеуі дүниежүзілік қаржы дағдарысымен негізделеді. Жалпы алғанда 2007-2008 жж. өңірдің ЖӨӨ меншікті салмағы орташа есеппен 5,4% құраса, 2009 жылы 5,0% құрады. Аталған төмендеу Республиканың ЖІӨ-де өңір алатын орынға ықпал етті. Ақтөбе облысы Қазақстан өңірлері арасында 9-орын алады.

1 Кесте – Ақтөбе облысының ЖӨӨ НКИ



2007

2008

2009

108,5

105,5

103,2

Ақтөбе облысының ЖӨӨ НКИ төмендеуін 1-кестеден көруге болады. Төмендеу, негізінен, ЖӨӨ құрайтын салалар көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен орын алады.

2009 жылы өнеркәсіп үлесі ЖӨӨ-нің 42,8%-ын құрады, негізінен мұнай және газ саласы есебінен орын алды, жыл сайын өнеркәсіп үлесі арту үдерісіне ие болып отыр, көлік және байланыс саласы - 9,4%, сауда - 8,9%, құрылыс - 7,3% және ауыл шаруашылығы - 4,6%.

2. Кесте – Ақтөбе облысының ЖӨӨ құрылымы



млн.теңге

 

барлығы

Ауыл шаруашылығы

Өнерркәсіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

Басқа қызмет түрлері

2007

678 938,6

26 146,4

304 436,6

46 714,5

53 529,9

70 849,5

177 261,7

2008

871 514,3

36 756,5

406 430,6

59 621,3

67 536,1

81 273,0

219 896,8

2009

853 646,0

52 276,4

366 232,1

65 222,1

68 907,3

83115,5

217 892,6

2010 жылы облыстың ЖӨӨ өткен жылмен салыстырғанда 320,0 млрд. теңгеге өсіп 1173,6 млрд. теңге құрады. Жалпы өңірлік өнім тұрғындардың жан басына шаққанда 1523,1 мың теңгені құрады.

Облыс пен қалалар арасында қосымша құн секторын таратуды талдау мақсатында секторлы коэфициент (СК) белгіленді.

Ақтөбе облысының экономикасы өнеркәсіп саласы есебінен дамушы облыс қатарына жатады.

Ауыл шаруашылығының СК ЖӨӨ бойынша 0,8 тең, тұрғындары бойынша – 1,0. Қазақстан өңірлері арасында Ақтөбе облысының дәрежесі жоғары емес (9-орын). Тұрғын бойынша СК 1,0-ден жоғары болып үш облыс қана табылады, олардың қатарында Ақтөбе облысы да бар.

Құрылыс секторы Ақтөбе облысында басым болып табылмайды, ЖІӨ бойынша оның СК 0,8 құрады, алайда, аталған секторда халық саны бойынша СК 1,0-ге тең мейлінше жоғары өнімдікке ие.

Сауда СК Астана және Алматы қалаларының басымдылығын нақты көрсетеді. Халқы бойынша СК көрсетілгендей бұл қалаларда аталған секторының тиісті экономикада өнімділігі басым келеді. Ескеретін жай, барлық облыстарда халқы бойынша СК 1,0-ден аз , оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша да аз екенін атап өту керек.



Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өңір экономикасының негізгі саласы болып табылады. Облыс өнеркәсiбін дамытудағы оң үрдістер 2007-2009 жылдар аралығындағы кезеңде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң өсуiне байланысты болды. 2008 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 879 млрд.теңге құрады, бұл көрсеткіш 2007 жылдың көрсеткішінен (655 млрд. тенге) 1,3 есе көп. 2009 жылы аталған көрсеткіш дүниежүзілік қаржы дағдарысының әсерінен төмендеп 695,2 млрд. теңге құрады. Жалпы республикалық көлемде өнеркәсіптің үлес салмағы - 7,9% құрады. Облыс өңірдегі басқа облыстары арасында 5 орында тұр.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылыөткен жылдан 1,4 есе өсті, оның ішінде тау-кен өндірісі - 37,8%, өңдеу өнеркәсібі – 37,7%.

Өткен жылдан электр қуаты 18,9%, (2622,4 млн. кВт. сағ.), жылу қуаты 6,2%, (6226,6 мың Гкал) артық жүргізілді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2009 жылдың көрсеткішінен 25,9 мың АҚШ долларына төмен, өңдеу өнеркәсібінде бір жұмыс жасаушыға 31,4 мың АҚШ долларын құрады, өсім 2009 жылдан 1,4 есе көп.

Белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге қарамастан облыстың әртараптандыру және инновациялық даму саясаты толық іске асырылған жоқ. Нәтижесінде экономика құрылымы шикiзат бағытын сақтады.

Ақтөбе облысы өндірісінің негізін тау-кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы – 77,9%. Аталған саланың құрамдауыштары: отын-энергетикалық пайдалы қазбалар (66, 7%), тау-кен өндіру өнеркәсібі, отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіріп алудан өзге (11,2%), металл рудаларын өндіріп алу (9,8%), тау-кен өнеркәсібінің өзге салалары (1,4%) жатады.

Ақтөбе облысының аумағында Қазақстандағы көмірсутекті шикізаттың 30% және шамамен барланған 10% болжамды қорлары шоғырланған. Көмірсутекті шикізаттың 19 жер қойнауы ашылды, оның ішінде ең ірілері Жаңажол мен Кеңқияқ жер қойнаулары.

Облыста республиканың 13% мұнайы (2012 ж. - 8,6 млн. тонн), 11% мұнайлы ілеспе газы (2012 ж. - 4,2 млрд.куб.м.) өндіріледі.

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру көлемінің үлесі облыс өнеркәсібінің жалпы көлемінің 55% құрайды. Негізгі капиталдағы инвестиция 2012 жылы 147,7 млрд. теңге құрады немесе облыс инвестициясының жалпы көлеміндегі үлесі 45,3.%

Облыс пайдалы қазбалы 340 жер қойнауы бар қолайлы минералды-шикізат базасына ие, оның ішінде, барлық отандық хром қорлары. Облыс 400 млн. тоннадан астам хромитті кендері қорлары бойынша әлемде екінші орын, 100 млн. тонна мыс кендері қорлары бойынша Қазақстанда үшінші орын алады.

Ақтөбе облысы Республикада негізінен Кемпірсай тобы жер қойнауы ұсынылған никелді жер қойнауына өңдеу жүргізетін жеке дара өңір болып табылады.



Бәсекелестік мүмкіндігі:

бай минералды-шикізат базасы; (хромды, мысты, мысты-мырышты темірі, никелді, алтын құраушы, титанды, алюминді кендер, платина, вольфрам, молибден, тантал және ниобий);

зерттелген мұнайлы жер қойнауының қолда болуы;

облыстың теміржол, әуежол және автокөлік магистраліндерінің қиылысында орналасқан қолайлы географиялық жағдайы;

әлемдік нарықтарға жеткізу үшін дамыған инфрақұрылым;

әлемдік нарықта мұайға сұраныстың тұрақты өсімі;

ірі инвесторлардың болуы (CNPC, Sinopec, Лукойл, TETHYS Petroleum және т.б.);

жоғары экспорттық әлеует.



Саланың проблемалары:

Мұнай өндіру саласының болашақтығына және мемлекеттік қолдауға қарамастан оның дамуын алып жүретін бірқатар тосқауылдарды атап өтуге болады. Мұнайдың негізгі көлемі экономиканың нағыз шикізаттық бағыты туралы куәландыратын жанар-май нұсқасы бойынша экспортталады және жеткізіледі. Мұнайды қайта өңдеу мұнай және газ сепарациясында шектеліп химиялық шикізаттар алуға бейімделмеген.

Сонымен бірге, облыста лабораторлық және ірі масштабта технологиялық зерттеулер жүргізу үшін тау-кен металлургиялық сынақ базасы жоқ деуге болады. Осыған байланысты, байыту және металлургиялық жабдықтарымен сынақ орталығын құру, рентгенкопиялық сандық талдау, жеке тексеру лаборотоияларын ашу мәселелері туындайды.

Сынақ орталығын құру үшін кадрларды оқыту және орналастыру, таңдау, стандарттық талаптарға сәйкес халықаралық аккредитация талап етіледі.



Өңдеу өнеркәсібінің негізін мына кіші салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру саладағы үлес салмағы 7,4%, азық-түлік, тамақ өнімдерін өндіру, оның ішінде темекі өнімдері 4,2%, химия өнеркәсібі 1,8%, машина жасау 1,4%, өзге металл емес минералды өнімдер өндіру 1,2%, резеңке және пластмасса өнімдерін өндіру 1,2%, кокс өндірісі, мұнай өнімі және ядролық материалдар 0,6%, целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі 0,3%, басқа да өндіріс салалары 0,1%.

Облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 17,5% құрайды.



Металлургиялық өнеркәсіп облыстың өңдеу өнеркәсібінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 35% құрайды.

Өңірде металлургия Қазақстан ферроқорытпасының 30% құрайтын «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытымен танылды.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Қазақстан бойынша бірінші рет металды хром, гранулирланған ферросилиция, ферротитан өндірісі игерілді, феррованадия шығару технологиясы жұмыс жасады.

2013 жылы «Қазхром» ТҰК» АҚ жаңа ферроқорытпа зауытындағы цехтың (№4) құрылысын аяқтайды. Келешекте конверторлық цех пен жоғары көміртекті феррохром өндірісі бойынша №4 цехтың құрылысы жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

«Ақтөбе релсь балкалы зауыт» ЖШС рельсобалқалық және электрліқұрыш қорыту зауыттарының құрылыссы жобасы іске асырылуда.

Бәсекелестік мүмкіндігі:

әр түрлі минералды-шикізат түрлерінің мол қорының жеткіліктілігі;

облыстың теміржол, әуежол және автокөлік магистралдерінің қиылысында орналасқан қолайлы географиялық жағдайы;

әлемдік нарықтарға жеткізу үшін дамыған инфрақұрылым;

әлемдік деңгейдегі ірі инвесторлардың болуы - ЕNPC PLC («Қазхром» ТҰК» АҚ);

Химия өнеркәсібі облыстың өңдеу өнеркәсібінің 12% ие. Облыста химия өнеркәсібі саласында 17 кәсіпорын бар. Олардың ішінде ірі кәсіпорындар болып табылатындар:

«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ – хромды ангидрид, хром окисі, натрия бихроматы, хром сульфаты;

«Темір-Сервис» ЖШС – фосфортты ұн;

«КазЦКУБНитрохим» ЖШС – жарылғыш заттар өндірісі.

Келешекте келесідей жобаларды жүзеге асыру жоспалануда:

МАФ/ДАФ түріндегі күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі,

Жилянск калийлі тұз жер қойнауы базасында минералды тыңайтқыштар өндірісі, жарылғыш заттар өндірістерін жаңғырту, патрондалған және патрондалмаған эмульсионды жарылғыш заттар шығару.

Бәсекелестік мүмкіндігі:

минералды-шикізат базасының болуы (калийлі тұздар, фосфориттер т.б.)

жоғары транзиттік әлеует;

ірі инвесторлардың болуы (ChilisaiChemicals, Батыс-Калий);

жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар;

әлемдік нарықта химиялық өнімдерге сұраныстың болуы.



Басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі

Облыста шығарылатын құрылыс өнімдері (цемент, табақ әйнек, гранит, мрамор, тиекті арматура, құрышты және чугунды құбырлар өндірістерінен басқа) құрылыс материалдары ассортименттерінің барлығына жуық дерлігін қамтиды. Қазіргі уақытта облыс көптеген позиция бойынша Қазақстанның Батыс өңірлеріне негізгі құрылыс материалдарын жеткізуші болып табылады.

Құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісі саласында 50-ден астам кәсіпорындар жұмыс жасайды. Өндірістің негізгі түрлері – кірпіш, шебін және темірбетон бұйымдары.

ҮИИДМБ аясында құрылыс индустриясы бойынша Индустриализациялы Картаға кіргізілген жалпы сомасы 9,6 млрд. теңге құрайтын, 1,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрумен 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, облыста «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кварц құмын өңдеу және байытудан энергия сақтаушы, декоративті, табақ әйнек, сондай-ақ тағы да басқа әйнек өнімдері түрлерін шығаруға дейінгі шегінің барлық кезеңдерін қамтитын әйнек кластерін құру жоспарлануда.



Бәсекелестік мүмкіндігі:

өндірістің әлеуеттік тұтынушыға жақындығы;

минералды-шикізат базасының болуы (цемент шикізаты (саз, опок, диатомит, трепель)) керамзиттік саздар, вермикулит, шунгит сақтаушы жыныстар, құм аралас қиыршық тас, қаптаушы және бөлуші тастар, кварц, әйнек құмы);

жоғары транзиттік әлеует;

құрылыс өнімдері ассортиенттерінің барлығына жуық дерлігі болуы;

құрылыс жұмыстарына сұраныстың өсуі.



Саланың проблемалары:

Жалпы проблемалардың арасында өңдеу саласындағы негізгі проблемалар жоғары энергия, сыйымдылығы, төменгі рентабельділік, облыс кәсіпорындарына негізгі қорларды жаңалауға және жаңа технологияларды дамытуды инвестициялауға, сонымен бірге инженерлік және жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыруға және дайындау проблемаларына мүмкіндігі болмауы.

Сондай-ақ әлемдік нарықтың тұрақтамауы және металдарға бағаның теңселуі (атап айтқанда ферроқорытпа, мыс кендері мен концентрат) салаларға кері әсерін тигізеді.

Химиялық салада шикізатты қайта өңдеу төмен деңгейде.

Ауылшаруашылығын өндірушілердің төмен төлем қабілеттілігіне байланысты минералды химиялық тыңайтқыштарға сұранысының аздығы.

Құралдардың тозу деңгейінің жоғарылығы өндірістің тиімді артуына кері әсерін тигізеді.

Отандық өнімдер өндірісінің өзіндік құнының жоғарылығы, импорт бойынша түсудегі химикаттар тарапынан бәсекелестіктің өсуі.

Негізгі қорларды жаңалаудың төмен коэфициенті, әрі қарай өнімдер шығару үшін өндірістік базаның болмауы.

Отандық өндірістің бәсекеге қабілетті өнімін дамыту үшін жағдай құру мақсатында облыста 2010-2014 жылдарға арналған республикалық қазақстандық мазмұн Бағдарламасы іске асырылуда.

2011 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен жүйе құраушы компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлеміндегі қазақстандық мазмұнды дамыту көрсеткіштері бойынша нысаналы индикаторлары облыста толығымен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік органдардың сатып алынатын тауарлары бойынша нысаналы индикаторда 53,0% болғанда 54,0% құрады, жұмыстар мен қызметтер бойынша 85,3% болғанда 94,1% құрады.

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялары бойынша аталған көрсеткіштер сәйкесінше жоспарда 8,0% болғанда, нақтысы 13,4% және жоспарда 81,1% - нақты 82,0% құрады, жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша жоспар 52,0% - нақты 60,1% және жоспар 85,3% - нақты 94,1% құрайды.

Сатып алынатын тауарлардың қазақстандық мазмұн деңгейіне ірі жүйе құраушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың айналасындағы тірек және қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жеткіліксіз дамуы әсер етеді.

Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен

Облыстың агроөнеркәсiптiк кешенi облыстың ірі және әлеуметтiк - мағыналы экономикалық секторларының бiрi болып табылады.

Оның негiзiн жалпы аймақтық өнiмнiң құрылымындағы еншiсiне 4,0%-4,3% келетiн ауыл шаруашылығы құрайды. 2009 жылы жалпы өнімнің құны 88, 1 миллиард теңге құрады.

Өсімдік шаруашылығында Облыс тұрғындарының азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған бәсекеге лайық өнiм өндiрiсiнiң көбеюі үшін далалық аймақта орналасқан Айтекеби, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандары және Ақтөбе қаласында құрылымдық және технологиялық диверсификациялау, басымды ауылшаруашылық өнімдерін егетін жерлерді кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Құрылымды әртараптандыру есебінен майлы дақылдар егілген алқаптар 10 жыл ішінде 5,7 есе өстi.



Ылғал сақтаушы технологияларды қолдану арқылы 2009 жылы 384,6 мың га жерге астық дақылдары егілді, бұл 2008 жылға қарағанда 7, 9 % көбiрек.

Картоп және көкөнiстерді өңдеу бағытында арнайы бағдарлама жасалып, ауылшаруашылық кешендерiне өнімді өсiру және өндiруді 2 есе арттыруға мүмкiндiк бердi.



Инновациялық технологияларды енгiзу жалғасуда, 195 гектар егіс алқабы тамшылатып суландырылады. Тұқым өндіру төңiрегiнде тұқым әзiрлеу бойынша 11 орталық жұмыс iстейдi. Сонымен бірге 12 тұқымдық шаруашылықтар бар. «Оңтүстiк-шығыс-2», «Саратов - 70» және жергілікті «Ақтөбе - 39» сортты бидайдың жаңа көп өнiм беретiн сорттары өндiрiске ендiрілген.

Машина – трактор паркін жаңарту жұмыстары бойынша тұрақты негiзде нысананы көздейтiн жұмыс жүргiзiледi.

Жақын және алыстағы шет елдердiң жоғары өнiмдi энергетикалық қуатты техникасын сатып алу, өткен жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етуді жоғарылатуға мүмкiндiк бердi.



Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Бүгінгі күнде қайта өңдеу өнеркәсібі облыстың тамақ өнеркәсібінің дамуын құрайтын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Облыста 81 өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін цехтар жұмыс жасайды, оның ішінде 12 диірмен, 57 наубайхана, 8 макарон цехы, 3 жарма цехы мен өсімдік майы өндірісі бойынша 1 зауыт бар. Цехтардың басым көпшілігі Ақтөбе қаласы – 15 цех (18,5%), Әйтеке би ауданы – 10 цех (12,3%), Мәртөк ауданы – 16 цех (19,7%) аумағында шоғырланған.



Мал шаруашылығының өнiмi 2009 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң ортақ сомасынан 55, 4% дейiн өстi. Бұдан облыстың ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы жылдан жылға өсіп алдыңғы орында келе жатқандығы көрінеді.

Алынған шаралардың нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері мен мал басы көбейіп келеді.

2009 жыл ішінде ет шаруашылығының барлық түрінің өнімдері 2008 жылмен салыстырғанда - 6,6% , сүт - 2,9 %, жұмыртқа – 5,9 %, жүн – 5,0% өсті.

Ірі мүйізді мал саны 2,3% өсіп 457,7 мың бас құрады; оған сәйкес қой мен қозы - 2,9 % және 1 104,0 мың бас; жылқы – 3,3% және 71,0 мың бас; түйе – 0,4% және 16,4 мың бас; құс– 15,6% және 1137,0 мың бас, шошқа 2,6% және 69,7 мың бас.

Мал шаруашылығы саласындағы позитивтi жылжуларының нақтылы ықпалы селекциялық - асыл тұқымды жұмыс өткiзiлетiн мал шаруашылығында көрінеді.

Азықтық жем-шөп өндірісі

Облыс малдарының 90% дейiн дербес шаруашылықта болғандықтан, жем өндіру кәсіпорындары ауылшаруашылық мекеніне жақын бар мал жайылымдарымен қысқа жем дайындау және азық өндiрiсіне байланысты негiзделген жұмыстар жасайды. Далалық азық өндiрiсi тек қана бүгiнгі күнге саналатын 104 iрi және орташа ауылшаруашылық кешендерiнiң құрылысымен және құрылуымен байланысты туындайды.



Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Мал шаруашылығы өндірісі мен өнімдерін қайта өңдеу облыстың байырғы тұрғындары үшін қызметтің дәстүрлі түрі болып табылады.

Облыста 27 мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін цехтар жұмыс жасайды, оның ішінде 12 шұжық өңдеу, 10 шұжық бұйымдары өндірісі және 5 етті жартылай фабрикаттар (пельмен)өндірісі бойынша. макарон цехы, 3 жарма цехы мен өсімдік майы өндірісі бойынша. 1 зауыт бар. Етті қайта өңдеуші кәсіпорындар негізінен Ақтөбе қаласында – (64,7%), сүтті қайта өңдеушілер Мәртөк ауданыда – (40%) және Ақтөбе қаласы аумағында шоғырланған. Сонымен бірге облыста мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін импорт үлесі басым.

Мал дәрігерлігі. Мал дәрiгерлiктің халықаралық стандартқа көшуі мақсатында 2009 жылы Ақтөбе қаласында модульдік мал дәрігерлік лаборотория салынды. Бруцеллездi мерзімінен бұрын анықтау үшін иммуноферменттік талдау өткiзу бойынша диагностикалық әдiс өндiрiске енгiзiлдi.

Облыстың мал дәрігерлік саласында эпизоотикалық саулықты және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.



АӨК инфрақұрылымның дамуы

Соңғы жылдары өнім өндіруді арттыру мақсатымен ауыл шаруашылығы өнiм өндiрушiлерiн біріктіретін немесе республикада құрылған ауылдық тұтынушылар кооперативінің төртінші бөлігі - 53 ауылдық тұтынушылар кооперативі (АТК) құрылды.

6 сервистік - дайындау орталықтары құрылды.

Облыста ауылдық тауар өндірушілерді нсиелік қаржымен қамтамасыз ету үшін «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ (әрі қарай - Корпорация) қатысуымен 10 млн. астампайдаланатын жері мен жалпы мал саны 43,1мың бас құрайтын 434 ауылшаруашылығы құрылымдарын біріктіретін 12 ауылдық несиелік серіктестігі (АНС) құрылды.

Ауылдықтарға қызмет көрсетуші 34 шағын несие ұйымдары құрылды.

«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 61 шаруа (фермерлік) қожалықтары 2570 бас ірі қара малы сатып алды. Алға ауданында «АқТеп» ЖШС 3,0 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталды және 1200 малды бордақылауға қойды.

Ақтөбе қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру үшін шартты шекарасы айқындалды. Оған 200 км. аймақта орналасқан облыстың 6 ауданы, сондай-ақ Ақтөбе қаласының АӨК субъектілері кірді.

Облыста ауыл шаруашылығы құрылымының экспортқа бағытталған сүт, шошқа өндірісі дамып келеді («Айс» ЖШС, «Болат ЛТД» ЖШС, «Анди» ЖШС Ақтөбе қаласы, «Парижская коммуна ХХI» ЖШС Алға ауданы). «Көктас-Ақтөбе» АҚ үш құс қораны қайта жарақтауда.



Ауыл шаруашылығын дамытуағы негiзгi мәселелері:

өсімдік шаруашылығына заманауи агротехнологияларды әлсiз енгiзу және қол жетімді бағамен жоғары репродукциялы тұқымдармен жеткiлiксiз қамтамасыз етілуі;

ауылшаруашылығы құрылымдарының технологиялық парктерінің моральдық және физикалық тозушылығы;

мал шаруашылығында: орта және iрi өндiрiстердiдің дамуының жеткiлiксiздігі, ірі масштабты селекциялық - асыл тұқымды жұмыстың жүруінің іркілуі, бар мал жайылымдарының тиiмсіз қолданылуы, мал шаруашылығы процестерін механизациялаудың төмен деңгейi;

өңдеу және өндірістік қуаттарды жүктемелеудің төмен деңгейi;

ауыл шаруашылығындағы еңбек ақының төмен деңгейі, соның iшiнде жаңадан алынған кадрлар; (агрономдар, технологтер, мал дәрiгерлiк мамандар және тағы басқалар) аграрлық кадрлардың дайындау бойынша жеткiлiксiз гранттар және оларды жұмысқа орналастыру және әлеуметтiк мәселелерi шешiлмеген сұрақтар;

ауыл шаруашылығында ұсақ тауар өндірушілердің санының қөптігі, өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулігі, сапалы өнім өндірісі үшін шикізат сапасының төмендігі;

шетелдік елдерге ет, сүт және қайта өңделген өнімдерін жеткізуде тарифтік емес реттеуінің болуы, тамақ өнімдерінің импорттық үлесінің жоғары болуының нәтижесі;

кәсіпорындардың заманауи технологияларды және тамақ өнімдері өндірісінің технологияларын иемденуінің төмен үлесі;

тамақ өнеркәсібінде білікті технолог кадрлардың жетіспеуі, азық-түлік тауарлары мен қызметі өндірісі саласында жеке бизнесін дамыту үшін әкімшілік тосқауылдардың болуы.



Өңірлік экспорт Ақтөбе облысының жақын және алыс шет елдермен дамыған сыртқы экономикалық байланысы бар. Сыртқы сауда айналымының қарқынды дамуы облыстың экономикалыққ дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызады. Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымы 2009 ж 5530,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2008 жылдан 44,7 % төмендеді, оның ішінде экспорт – 4057,2 млн. АҚШ доллары (48,8%), импорт – 1473,6 млн. АҚШ долларын (29,1%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы қолайлы 2583,6 млн. АҚШ долларын құрады

2009 жыл ішінде экспорт шикі мұнаймен, хром кенi, ферроқорытпалармен, хром тұздары, дәрiгерлiк рентген аппараттар, дәндi дақылдармен көрінді. Өнімді негізгі сатып алушы мына елдер болып табылады: Италия (20,4%), Қытай (13,9%), Нидерланды (8,6%), РФ (8,5%), Жапония (5,6%), Германия (5,5%), Иран (4,1%), Швейцария (3,8%).

Облыста құралдар, химиялық және ағаш өңдеу өнеркәсіптерінің өнімдері, көлік құралдары, қара және түсті металл өнімдері, құрылыс материалдары т.б. импортқа жіберіледі. Негізгі импортерлер болып мына елдер саналады: РФ (45,2%), Қытай (24,4%), АҚШ (6,3%), Украина (4,9%), Австрия (3,4%), Германия (2,7%), Жапония (1,4%) және Финляндия (1,3%).

2009 жыл ішінде облыстың сыртқы экономикалық байланыстағы географиясы әлемнің 103 еліне ұсынылды. Облыс өнімдерін әлемнің 49 елдері таңдаса, 101 елдің компаниялары өз өнімдерін өңірге жеткізуді жүзеге асырды.

Ақтөбе облысының аумағында өкілдіктері мен филиалдарын қосқанда 530 шетелдік компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар тіркелген.

Облыс экономикасының дамуына Кедендік Одақтың (КО) әсері

Ақтөбе облысының сыртқы саудасының динамикасы облыстың сыртқы саудасында басқа елдердің ролінің артуы туралы куәландырады, бұл экспортты географиялық әртараптандыру көзқарасымен қарағанда қолайлы факт болып табылады.

Кедендік одақты құру және Қазақстан, Ресей және Беларусьтің бірыңғай экономикалық кеңістігінде 2012 жылдың 1 қаңтарынан қалдырмай қалыптастыру – қабылданған саяси шешімдерден шығатын сапалы өзгерістер аталған елдердің экономикасының және азаматтарының өмір сүру деңгейін мейлінше алға жылжуына мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысы үшін КО тиімділігі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік жүктемелерді төмендетуге келісулеріне болады.



Шағын және орта бизнес, сауда

Облыстың экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып табылады.

2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген ШОБ саны 41,7 бірлікті құрады, оның ішінде – 8,7 заңды тұлға, 283 - жеке кәсіпкерлер және 4,7 шаруа (фермерлер) қожалықтары.

Облыста өткен жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің жалпы саны 5,1% ұлғайды және 29245 бірлікті құрады.

2009 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 4,3% ұлғайды және 81307 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлға – 22984, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлға - 12730, жеке кәсіпкерлер - 36569 және 9024 шаруа (фермерлер) қожалықтары.

2009 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерініңшығарған өнімдері (жұмыс және қызмет) өткен жылмен салыстырғанда 120 284 млн. теңгені (тұрақты бағада) құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар– 62109 млн. теңге, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлға – 24379 млн. теңге, жеке кәсіпкерлер – 26007 млн теңге және шаруа (фермерлер) қожалықтары – 7790 млн.теңгенің өнімдерін шығарды..

Жеке кәсіпкерліктің дамуына позитивті әсер ету кәсіпкерліктің инфрақұрылымдарының келесідей маңызды элементтерін құруға мүмкіндік берді: атап айтқанда, бизнес-инкубаторлар, консалтингтік және кеңестік орталықтар. Бүгінгі күнге 54 қоғамдық бизнес-құру жұмыс жасайды, оның ішінде 12-бизнес-инкубаторлар, қәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша – 6 орталық, 1 технопарк, 35 салалық одақтар, заңды тұлғаның асоциялары мен бірлестіктері.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспары жүзеге асыру үшін әзірленді.

Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес белсенділіктерді қолдау (пайздық ставкамен субсидиялау, банк несиесі бойынша ішін-ара кепілдік, бизнесті жүргізуге сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту);

2) кәсіпкерліктің сектордың сауығуы;

3) экспортқа бағытталған өндістерді қолдау.

Бірінші және үшінші бағыттарды жүзеге асыру облыс әкімдіктері арқылы жүзеге асырылады.

Облыстық бюджеттен 629,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы аталған Бағдарламаларды іске асыру бойынша республикада көш басшы орында келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет