БАҒдарламасы ақтөбе, 2010 мазмұНЫ



бет5/13
Дата07.07.2016
өлшемі1.42 Mb.
#182788
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Әлеуметтік қамсыздандыру

2008 жылы жұмыссыздар саны 25,1 мың адамды құрады. Тиісті жылы жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. 2003 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 23,9% азайды.

2009 жылы (Жол картасымен бірге) 39 875 жаңа жұмыс орындары құрылды (жоспарға 110,2%), 4852 әлеуметтік жұмыс орындары, 7560 жұмыссыз кәсіби дайындықтан өтті, «Жастар практикасына» 3615 адам жіберілді, 31084 адам жұмысқа орналастырды, қоғамдық жұмыстарға 5033 адам қатысты.

Жұмыспен қамтуға ықпал етудің қосымша формалары пайдаланылды, толық жұмыс күні жасамайтын кәсіпорындарға апта сайынғы мониторинг жүзеге асырылды. Еңбек құқықтарын және жұмысшыларға кепілдікті қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға отыру жұмыс орындарын сақтауға ықпалын тигізді.

Тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша қабылданған шаралар тіркелген жұмыссыздар санын төмендетуге мүмкіндік берді, олар 2009 жылы 1940 адамды құрады немесе алдыңғы жылдан 407 адамға азайған.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда 2008 жылғы 0,6% қарағанда 0,5% құрады. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 6,4%-дан 6,0%-ға дейін төмендеді.

Азаматтардың әлеуметтік әлсіз санаттарын қосымша қолдау мақсатында көрсетілетін жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдері бойынша өтемақы төлемдері біршама өсті. Мәселен, 2009 жыл бойы жалпы сомасы 1 668,4 млн. теңгеге 154,7 мың азаматқа әр түрлі жеңілдіктер мен өзге де қосымша әлеуметтік төлемдері ұсынылды.

Тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз санаттарын қолдау бойынша қосымша шаралары нәтижесінде аз қамтылған азаматтардың үлесі 2008 жылғы 1,0%-ден 2009 жылы 0,6% дейін төмендеді, бұл әлеуметтік төлемдердің төмендеуіне әсер етті.

Жалпы, Ақтөбе облысының еңбек рыногындағы жағдайы экономикалық белсенді тұрғындардың саны өсуіне байланысты оң тенденциялармен сипатталады, өсу қарқыны 113,2% құрады және жұмыссыздық деңгейі 5,9% төмендеді.

Еңбек рыногының негізгі проблемалары құрылымдық дисбаланс, қайта оқытудан өткен жұмыссыздар саны төмендеуі, жеке бизнесін ұйымдастыруға әлеуметтік көмектің төмен мөлшері болып табылады, ауыл тұрғындарын өңірде жүзеге асырылып жатқан бағдарлама аясында өнімді жұмыспен қамтуға тарту.
Мәдениет

Ақтөбе облысының мәдениет мекемелерінің желісі 476 объектіні құрайды. Соның ішінде 202 мәдениет клубтары мен үйлері, 235 кітапхана, 17 мұражай, 3 театр, 3 кинотеатр, 5 мәдениет және демалу саябағы, 1 филармония, 1 аудандық достық үйі, 1 аудандық жастарды патриотты тәрбиелеу орталығы, халық шығармашылығы үйі, Жастарды тәрбиелеу үйі, Облыстың Пленетарий, «Әлия» жастарды патриотты тәрбиелеу орталығы, тарих және архиология орталығы, тарихи-мұраларды қорғау бойынша Мемлекеттік инспекция, «Қобыланды» облыстың мемориалды кешен, және облыстың кітапханалық коллектор бар. 2007-2009 жж аралығында объектілердің саны 74 бірлікке көтерлід, бұл 2006 жылға қатысты 15,6 %-ды құрастырады. 54 кітапхана жаңғыртылды. Кітапхананың жалпы кітап қоры 58,5 мың бірлікке ұлғайтылды, және 2010 жылдың 1-қаңтарына 3981,1 мың дананы құрастырды.

«Ақтөбе облысының мәдениет мұралары» аймақтық бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бағдарламаны іске асру кезінде облыстың тарихи-мәдени мұрасын зерделеу бойынша жұмыс жүзеге асырылды, тарихи-мәдение және архитектуралық ескерткіштер салынды. 14-15ғғ. Абат-Байтақ мавзолейі қайта жөнделді, Қобыланды батыр мавзолейі салынды. Әбілхайыр ханның және Әйтеке кіші жүз биінің жеке тұлғалары зерделенді, Қызылұйық, Балғасын, Хан моласы және Табантал ескерткіштері ашылды, Әйтеке би ескерткіші салынды, Совет Одағының екіретті батыры ұшқыш Т.Я. Бигельдиновке ескерткіш қойылды, «Қан мен тер» романының батыры А. Нұрпейісовке ескерткіш қойылды. Зерттеу және практикалық жұмыс нәтижелері бойынша ғылыми еңбектер мен монографиялар, ғылыми баптар мен очерктер жинақтары жарық көрді.

Мәдениет саласында дамуды шектейтін проблемалар:

мәдениет саласының нашар инфрақұрылымы (мәдениет саласының 46 % ғана өздерінің ғимараттарына ие, соның ішінде 64 пайызына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;

еңбек ақының төмендігіне, тұрғын үй мәселесінің қиындығына, еңбек жағдайының тыс қалуына байланысты режиссер, хореограф, аккопониатор, дыбыс операторы, сияқты мамандандырылған кадрлар тапшылығы;

материалды техникалық жабдықтаудың нашарлығы (музыка құралдарының жетіспеушілігі, қазіргі заманғы құралдардың, сцена костюмдерінің жетіспеушілігі орын алуда) мәдениет мекемелерінің қызмет сапасында көрінеді тұтынушы адамдарға өскелең мәдениетке сәйкес келмейді (клуб мекемелерінің тек 44% толық жабдықталған).
Тіл саясаты

Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында тілдің құрылыстың одан әрі тереңдеуі мен таратылуы болжануда.

2007 жылдан бері тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істеп келе жатыр. Аудандарда мұндай 4 орталық ашылды. 2008 жылмен салыстырғанда, курс тыңдаушыларының саны 23 %-ға өсті, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер қатарынан 10 %ға, басқа ұлт өкілдері ішінен 41 %-ға өсті.

2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап облыстың мемлекеттік басқару органдарындағы іс жүргізу мемлекеттік тілге көшкен. Мемлекеттік тілде іс жүргізу 22 %-ға өсті және 2009 жылы ол 85 %-ды құрастырды. Облыстың 64 % жалпы білім беретін және 67 % мектепке дейін білім беретін оқу орындары қазақ тілінде тәрбие беріп оқытуда. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі бала бақшадағы балалардың 78 % және жалпы білім беретін мектептердегі балалардың 73 % қазақ тілінде оқуда.

Мемлекеттік тілдің коммуникативті функциясы нығайтуда. Қолдау көрсетіп, мемлекеттік тілді оқып білуде облыс аумағындағы 2 радиостанцияда радиосабақтар циклдері жүргізіледі, қазақ тілі сабақтарының циклдері жүзеге асырылады. Электронды БАҚ ересектерге және балаларға қазақ тілін оқыту сабақтары жүргізіледі.

2009 жылы Тіл туралы заңға 1352 визуалды ақпарат мәтіні сәйкестендірілді. 2008 жылмен салыстырғанда тіл туралы заң бұзушылықтар 25 %-ға төмендеді. 65 объектісі және 19 ауыл аймақта тексерілді.

2009 жылы 6 демалыс мекемелерінде облыстың этномәдениетті орталықтары жанында 290 бала мемлекеттк, украин, неміс, орыс, татар, әзірбайжан және корей тілдерін оқып үйренді. Жыл сайын семинар-тренингтер, конкурстар, және мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері бойынша басқа да іс-шаралар өткізілуде.

Тілді үйренемін деген адамға облыста барынша мүмкіндік жасалып отыр.

Мемлекеттік тілді оқып үйренушілер саны артып келеді. Жыл сайынғы әлеуметтік зерттеулер бойынша тұрғындардың 80 пайызы өздеріне және балаларына қазақ тілін оқып үйренуді қажет деп есептейді.

Бұдан басқа ағылшын тілін оқып үйрену үшін жағдайлар жасалды. 2007 жылдан бері 5000 адам мемлекеттік тілді, 479 адам ағылшын тілін оқу курстарына тартылды. Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде басқа ұлттың 290 өкілі туған тілдері мен мемлекеттік тілді оқып үйрену курстарына тартылды.

Сонымен қатар тілдердің дамытун одан әрі алға жібермей ұстап тұрған бірқатар проблемалар да бар:

мемлекеттік тілге үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ;

-тіл саласының нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуі;

тіл саясатын іске асыру ісінде ведомствоаралыًқ үйлесудің жеткілікті дәрежеде тиімді болмауыі;

мемлекеттік тілдің саясаттың ақпараттық қолданылуының жеткіліксіз деңгейі;

оқытудың инфрақұрылым қызметінің бірыңғай стандарттарының жеткіліксіздігі, сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренуде ынталандыру және мониторинг процестерінің төмен деңгейі.



Дене шынықтыру, спорт және туризм

Облыста 65 спорт түрі бар. 2009 жылы спорт құрылыстарының саны 1422 бірлікті құрастырды, сонымен қатар ауылда 890: 14 стадиондар, 1 спорт сарайы, 11 спорт құрылысының кешендері, 4 спорт кешендері, 7 жүзу бассейндері, 333 спорт залдары, лыжа базасы, 25 атқыш тирлер, 784 тегіс құрылыстар, 5 теннис корттары, коньки жолдары, 193 дене шынықтару және спортпен айналысатын арнайы бөлінген орындар, 5 хоккей кортасы, боулинг орталық (108,6 тыс. теңге).

Дене шынықтыру және спортпен ақтөбеліктердің 15 пайызы айналысады.

2004-2009 жж облыста 4 БЖСМ құрылды: олар спорттың атпен шабу түрлері, спорттың шығыс түрі, қысқы спорт түрі, теннис, Олимпия резервіне дайындау орталығы.

2005-2009 жж. облыста капиталды жөндеу 11 балаларға жасөспірімдерге арналған орта мектепте жүргізілді, олардың шығыны 500,0 млн. тенгені құрастырды. Ақтөбе қаласында орталық стадионға және Ойыл селосындағы БЖСМ капиталды қайта құрылыс жұмыстары жүргізілді. Теннис орталығы салынды.

«Жол картасы» шегінде 8 спорт мектептері жөнделді, оларға 300,0 млн. тенге қаражат жұмсалды. Жалпы сомасы 472,9 млн. тенгеге Ақтөбе қаласының №8 БЖСМ-нің әкімшілік корпусына капиталдық жөндеу және жылытылатын жасанды жабындысы бар футбол алаңын қайта жаңғырту, 120,6 млн. теңгеге Ойыл селосының БЖСМ-ін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қобда селосында мектеп-гимназиясы спорт залының құрылысы басталды (153,0 млн. теңге).

Бүгінгі күнге 27 Балалар жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, оның ішінде 13 БЖСМ және олимпиялық резервті дайындау орталығы Ақтөбе қаласында орналасқан, ал қалған 13 БЖСМ әр аудандық орталықтарда орналасқан.

Облыста спорттық инфрақұрылымдарының дамуымен қатар спорттық құрылыстар санының әлі де жеткіліксіз екендігі байқалады.

Бірқатар аудандарда өздерінің базасы мен ыңғайланған ғимараттары жоқ, атап айтқанда:

Әйтеке би ауданы БЖСМ (бұрынғы ескі банк ғимаратына орналасқан), Қарғалы селосындағы БЖСМ (апатты жағдайдағы 2 қабатты үйдің подвалында орналасқан), арналған ат спорты түрі бойынша БЖСМ (өндірістік ғимаратта орналасқан)

№7 БЖСМ (Авиатор стадионы) спорттық базасы мен олимпиядалық резервтер дайындау Орталығы (Нефтяник стадионы) қайта жарақтау жұмыстарын қажет етеді.

Облыс орталығы спорт Сарайы, мұз сарайы, жүзу бассейні сияқты заманауй спорттық объектілерді қажет етеді.

Материальдық-техникалық базаның болмауынан спортты дамыту әсіресе ауылдық жерлерде өзекті мәселе болып тұр. Әрбір аудан орталықтарында ДСК (денсаулық сақтау кешені) құрылысы қажет, сонымен бірге әрбір селолық округке жасанды төсеніштермен, қоршауымен және жарықтандырылуымен қарапайым спорт алаңдары керек.

Жетіспеушіліктер тек қана спорт құрылыстарында ғана емес, сонымен қатар ұйымдарда, оқу орындарында, тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша бұқаралық демалыс орындарында спортттық инвентарлар мен құрал-жабдықтар жетіспейді.

Облыста тек ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялара өздерінің жұмысшы - қызметкерлері мен олардың жанұяларына спортпен айналысу, салалық спартакиадалар жүргізетін үшін жағдай жасауға бағытталан спорттық базалары бар. (АЗФ, Дөң КБК, «СНПСАқтөбемұнайгаз» АҚ)

Бұл кәсіпорындардың құрама командалары облыстың барлық спорттық шараларына қатысады. Өкінішке орай көптеген кәсіпорындардың мұндай мүмкіндіктері жоқ немесе спорттық құрылыстарға қаражат, спорттық обектілерді жалға қаржылындыру бойынша мәселелерді, абонементтік спорттық секцияларға қатысуға кәсіпорын жұмысшысына төлем үшін қаржы қарастырмайды.

Жаңа тұрғын-үй құрылысы кешені кезінде спорттық құрылыстар, балалардың ойын алаңдары мен аула клубын ашу үшін тұрғын үй ғимараттарын салу әрқашан ескеріле бермейді.

Туризм

Соңғы жылдары облыста әр түрлі туристтік бағыттардың даму барысы байқалады. 2009 жылға туризм саласының қызметтерінің жалпы көлемі 968,1 млн. теңгені құрады.

Туристтер көбіне іскерлік (71,5%) және демалу мақсатында саяхаттады (туристердің жалпы санынан 18,7%).

Облыс әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №239 қаулысымен «Туризм» кластері бойынша 2010-2012 жылдарға арналған Ақтөбе облысының шебер-жоспары бекітілді. Облыс орталығында жыл сайын мамыр айының аяғында өткізілетін ITFA (International Travel Fair of Aktobe «АйТиФА») «Туризм, саяхат, спорт» халықаралық туристтік көрмесі дәстүрлі болды.

Саланы ақпараттық қамтамасыз ету үшін «Ақтөбе облысының туристтік порталы» (www.aktobetourism.kz) құрылып, жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта облысттың барлық аудандарына туристтік бағдарлары әзірленген. 2009-2010 жылдары демалу аймақтарын құруға жаңа орындар ашылды: Ойыл селосында «Барқын» - псаммотерапиямен емдеу үшін құмды барқан (құммен емдеу), Мәртөк ауданында «Қарағай орманы, бұлақтар, көлдер», Қарғалы ауданында, «Мылқау ауыл – Ақтөбе облысының шағын Швейцариясы», Ырғыз ауданында «Ырғыз-Торғай табиғат резерваты», Байғанин ауданында «Оңтүстік Актолағай үстірті – борлы таулар кешені».

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан талдау негізінде саланың дамуы бойынша келесі проблемалық мәселелер айқындалды:

туристік нысандарға баратын автомобиль жолдарының төмен сапасы және нашар дамыған инфрақұрылым;

даярланған мамандардың жоқтығы (туризм нұсқаушылары, гид-экскурсия жетекшілері).
Ішкі саясат

Ішкі саясат саласында маңызды бағыт төмендегілер:

аймақта ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, елде және облыста іске асырылатын әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың идеологиялық қамтамасыз етілуі, мемлекеттік саясаттың тиімді ақпараттық ілестірілуі.

Жүйелі түрде ҚР Президентінің Жолдауын «Қазақстан 2030» Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдылықтарын айқындайтын және дамытатын құжат ретінде көпшілікке түсіндіріп тарату бойынша жұмыс жүргізілуде.

Реформалар және мемлекеттік саясат курсын насихаттау және түсіндіру жалпы арнайы ақпаратттық-насихаттау топтары арқылы жүзеге асырылады. Жалпы облыста 397 АНТ қолданыста, оның құрамында 1527 коммуникаторлар бар. Олардың жұмысының тиімділігін жетілдіру, сонымен бірге, өткізілетін мемлекеттік саясат туралы тұрғындардың хабардар болуы деңгейін жоғарылату мақсатында әдістемелік үгіт насихат материалы қалыптастырылуда, әлеуметтік маңызы бар әдебиеттердің шығарылуы ұлғайды.

Сонымен қатар аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси дамудың жағдайы мен тенденциясын терең зерделеу мақсатында жағдайды жүйелік мониторингтеу механизмі орнатылды.

Осы мақсаттармен тақырыптық социологиялық зерттеулер жүргізілуде, халықтың түрлі саннатары бойынша идеологиялық, мәдени, рухани сұраулары зерделенуде, облыстың тіршілік әрекетінің проблемалық мәселелеріні шешілу мүмкіндігі бойынша жолдары ізделуде.

Сондай-ақ облыста саяси партиялардың 9 облыстық филиалы өз қызметін атқаруда, бүгінгі күні олармен тікелей және тығыз байланыс орнатылған.

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасында Қоғамдық-саяси кеңес жұмыс жасауда, оның құрамына барлық облыстық саяси партиялар филиалдарының өкілдері кірген.

Облыста 114 діни ұйымдар қызметін атқаруда. Жергілікті атқарушы орындармен облыста діни ахуалды тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қолданылды.

Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы орындардағы кеңестермен комиссиялар жұмысына белсенді қатысуда, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жүргізуде, мемлекетттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асырады. Мемлекеттік орындардың қоғамдық бірлестіктермен әрекеттесуі бойынша Кеңес жұмыс жасауда.

Жастар саясаты

Ақтөбе облысында 217,7 мың жас адамдар өмір сүруде, ол облыс тұрғындарының 31 пайызын құрайды. Олардың ішінен: қалалық – 110,3 мың, ауылдық жастар – 107,4 адам.

Қазіргі уақытта жастар қызығушылықтарын жылжытудың негізгі механизмі жастарға арналған қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осылайша, облыста жастардың құқықтарын қорғау үшін 21 жастар ұйымы тіркелді.

2006 жылдан бастап қалалық мәслихат шешімі бойынша ЖОО және ОАОО студенттеріне қоғамдық көліктермен жеңілдікпен жүру белгіленген.

Облыста «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасы жүзеге асырылуда. Жыл сайын оған 5000 жуық жастар қатысады.

Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша Ақтөбе облысы республикада озық орында. Соңғы 5 жылда жастар саясатын қаржыландыру көлемі 30 есеге артты және 256,8 млн. теңгені құрады. Бұл әлеуметтік-маңызды жобалардың көбін қаржыландыруды қамтамасыз етуге және жастардың маңызды проблемаларын шешуге мүмкіндік берді.

Ішкі және жастар саясатының ықтималды тәуекелдермен проблемалар арасында келесілерді белгілеуге болады:

өңірде бүлдіргіш күштері бар діни ағымдардың тарау мүмкіндігі;

жұмысқа орналасуға мұқтаж жұмыссыз жастардың жұмыспен қамту орындарында тіркеудің болмауы;

сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері;

жоғарғы оқу, техникалық және кәсіптік білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру;

жас отбасыдардың және жастардың тұрғын үйге қажеттілігі сақталуда;

жастар саясатын жүзеге асыруда кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етудің жетіспеушілігі, ол өңірлік деңгейде жастар саясатын жүзеге асыруды тиімді үйлестіруге мүмкіндік бермеуде.
Облыстың бұқаралық ақпарат құралдары

Ақтөбе облысында 60 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Медиа-нарық құрылымында басым көпшілігін, яғни 84% - газет және журналдар құрады, 16% - электрондық БАҚ.

Облыс аумағында ірі ұлтаралық электрондық БАҚ арқылы хабар таратуды – «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «Ел Арна» республикалық телеарналары қамтуда. Ақтөбе қаласында 11 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қолданыста, олар - «Қазақстан-Ақтөбе», «Рика ТВ», «31 канал Ақтөбе», 4 – кабельді хабар тарату операторы (1 республикалық, 1 қалалық, 2 аудандық), 3 – радиостанция: «Тандем», «Ақтөбе радио», «First FM», 1 телестудия «Пульс». Ақтөбе облысының БАҚ тарату аймағы: Ақтөбе облысы – 17, ҚР – 10, ҚР және ТМД – 2, Батыс өңірі – 9, Ақтөбе қаласы – 7 және 15 аудан газеттері.

Тұрғындардың облыстық БАҚ қызығушылығының орнықты беталысының өсуі байқалады. Оны БАҚ таралымының көбейюі айғайтайды.

Ақтөбе облысының 121 елді-мекенінде 270 теледидарлық және 20 радиотарату станциялары қызмет етеді.

Халықты мемлекеттік бағдарламалармен қамту – «Хабар» - 95,3%, «Қазақстан» - 96,3%, «Ел Арна» - 82,1%, «Евразия» - 79,2%, «Қазақ радиосы» - 76,4%, «Шалқар» радиосы - 53% құрайды.

БАҚ саласында өзекті мәселелердің бірі төмендегілер:

жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттесуін арттыру;

қазіргі заман талаптарына байланысты БАҚ-мен жұмысты модернизациялау, қоғаммен байланыста дәлме-дәл және талап етілген құралдарымен нысандарды қолдану;

ұлттық спутниктік телехабар тарату шеңберінде шалғайдағы елді-мекендерді қамту.


Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Ақтөбе облысы әкімдігімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың деңгейін азайту жөнінде кешенді жұмыс жүргізілді.

2005-2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20 бірлік Дэу Нексия автокөлігі, сондай-ақ 10 бірлік УАЗ автокөлігі алынды. Бұдан басқа, 5 объектінің жөндеуі өткізілді: «Динамо» спорт кешені, облыстық ІІД ғимараты, Шалқар аудандық ІІБ-нің ғимараты мен алғашқы дайындық училишесі, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау басқармасының ғимараты қайта жоспарланып, жөнделді. Сонымен бірге, Темір ауданының Кеңкияқ КПБ қайта жоспарлаумен күрделі жөндеуден өтіп, Мәртөк ауданының ІІБ әкімшілік ғимараты газдандырылды.

Ойыл ауданының Ойыл селосындағы аудандық прокуратура мен сотының бірлескен ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

Ақтөбе облысы аумағында ішкі істер органдарымен 656 қоғамдық құрылымдар 2645 адаммен қызмет жасайды, 228 консьерждер, оның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 72 адам. Облыстағы қоғамдық құрылымдардың құқық қорғау органдарымен: «Сарбаздар» тобы – 405 (1420 адам), «Сақшы» тобы – 12, студенттер тобы – 12, учаскелік полиция пунктері жанындағы қоғамдық кеңес – 69, сондай-ақ 158 - қоғамдық көмекшілер жұмыс жасайды.

2011 жылғы қоғамдық құрылымдардың қатысуымен 124 қылмыс ашылды, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 2148 адам ұсталды.

Сонымен бірге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының статистикалық деректері бойынша қылмыстар саны 5 734-ден 8 719-ге дейін 1,5 есеге өскен.

Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 23,7%, ауыр қылмыстар 15,8%, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 73,5%, көшедегі қылмыстар саны 37,6%, бұзақылық 68,8%, ұрлық 93,4%, мал ұрлығы 23,7%, айдап әкету 70,3% өскен.

Есірткімен байланысты қылмыс саны 3 есеге, оның ішінде есірткіні өткізу 2,5 есеге азайды. Сонымен қатар жасөспірімдер қылмысы - 11,4%, кісі өлтіру - 2%, қорқытып алушылық - 38,5 төмендеді.

Қылмыстардың ашылуы 51,8% құрайды (2010 жылы – 72,0%).

Қылмыс санының көбеюі және оның ашылу деңгейінің төмендеуі республика бойынша қылмыс туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды толық және объективті тіркеудің қатан курсы жүргізілуімен түсіндіріледі. Сондай – ақ, қылмыстық қудалау органдар басшыларының қылмыстарды есепке алудан жасырып қалу жауапкершілігі күшейтілген.

Сонымен қатар 67 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 2010 жылғы көрсеткіштен – 22,1 % төмендеген.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін 186 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұл 2010 жылғы деңгейден – 24,1 % төмендеген.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссия жұмыс істейді. Тоқсан сайын комиссияның отырыстарында сыбайлас жемқорлықпен күрестің түйінді мәселелері, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері мен облыстың атқарушы орган басшыларының есептері тыңдалады.

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға іс-шаралар жоспары әзірленді.
Табиғат және техногендік тәуекелдерін талдау

Көп жылдарғы қадағалаулар бойынша Ақтөбе облысы табиғаттық сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырауда, көк тайғақ, боран, қыс уақытында автомобиль және темір жолдарындағы күртік кар, су мол жылдары көктем кезеңінде қатты су тасқындары, дала өрті, жаз уақытында құйын желдер, індеттер және эпизоотиялар. Вегетативтік кезеңде ауыл шаруашылығы өсімдіктері аурулармен зиянкестерге ұшырауы мүмкін.

Адамдар өліміне әкеліп соқтыратын, қоршаған ортаға және шаруашылық нысандарына залал келтіретін, материалдық ысыраптарға апарып соғатын және тұрғындардың тіршілік әрекетін бұзатын техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мүмкін. Мұндай аса қауіпті болып Қарғалы, Ақтөбе, Сазды ірі су қоймалары, мұнай кәсіпшілігі, мұнай, газ құбырлары және ҚӘУЗ қолданатын ірі кәсіпорындар, тау-кен кешендері, газ шаруашылығы, жылумен қамтитын кәсіпорындар, элетр қуатын өндіретін кәсіпорындар және т.б. нысандардағы апаттар табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі техногенді табиғи дүлей апаттарға қарсы және апатты жағдайлардың болдырмауға бағытталуы тиіс.


БАҒЫТ: Инфрақұрлым

Байланыс және коммуникация
Аймақты дамыту үшін байланыс инфрақұрылымы мыңызды ресурстардың бірі болып табылады. Елдің барлық аумағында қазіргі заманғы байланыстың қол жетімділігі көбінесе экономикалық өсімнің қарқынын, халықтың өмір сапасын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, тәртіпті қорғай және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді анықтайды. Соңғы жылдары республикада елдің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің дамыту бойынша бірқатар шаралар қолданылып жатыр. Коммуникацияның аса кең таратылған түрі ол телефонды байланыс болып табылады.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, халықтың байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі 0,19 %-ды құрайды, бұл жалпы алғанда төмен көрсеткіш. Республикалық мағынадағы облыстар мен қалаларға бөлгенде осы көрсеткіш пропорционалды деңгейде қалуда. Сонымен қатар,Ақтөбе облысында қамтамасыз етілу деңгейі республикалдық көрсеткіштен жоғары қалпында қалуда (0,21). Басқа облыстардақамтылу дәрежесі республикалық орта дәрежеден төмен. Қазақстан бойынша сервер тығыздығы 1000 км-ге 6,07 бірлікті құрайды. Сонымен қатар облыстың сервер тығыздығы 1000 км-ге 1,18-ден 3,74 дейінгіні құрайды.Бұл тенденция Қазақстанның аймақтарындағы ИКТ инфрақұрылым дистрибуциясының тең еместігін айқындайды.

Байланыс қызметінің кірістері 201 жылы 7555,0 млн. теңгені құрады және 2009 жылға ақарағанда 9,4% құрады.

Кірістер құрылымында байланыс қызметіндегі қалааралық байланыс 30,2%, жергілікті телефон байланысы - 25%, интернет - 21% құрайды. Кірістердің жалпы көлемінің 55,6% тұрғындарға байланыс қызметін көрсетумен алынған. Өткен жылдармен салыстырғанда Интернет желісін қолданатындар саны өсуде. 384 АЕМ – нің 31 ВОЛС көліктік ортасы бар, осыншамасы мыс желісі бойынша, қалғандары 322 сымсыз желіге (ЦРРЛ, спутниктік жабдық, СDМА) қосылған.

Байланыс инфрақұрылымын дамыту бірыңғай жүрмейді, халықтың жекелеген топтарына және жекелеген аудандарда қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсетуде елеулі диспорпорциялар орын алуда. Байланыс инфрақұрылымы дамыуының және қол жетімділігінің жеткіліксіз деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолында басты кедергі болады.

Проблемалық мәселелері:

Қобда-Ойыл учаскесінде көлікті орта (ВОЛС) жаңғырту жобасының өзін-өзі қаржыландыралмауына байланысты тұтынушыларды ШПД қызметтерін кеңейту және Интернет желісіне жылдамдығына ұлғайтуға қол жетімділігін кеңейту мүмкіндігі жоқ.

Порттардың өткізу қабілетінің сапасын жақсарту мақсатында ВОЛС құрылысын аудан орталықтарында және ауылдарда салу қажет.

Мемлекеттік органдар объектілерін интернетің кең жолақты желісіне қосу үшін қосымша ресурстар қажет.

ШПД қызметтерін 50 ауылдық округта ұсыну үшін, облыстағы телекоммуникация желісінің инфрақұрылымын есепке ала отырып, Sky Edge спутниктік жабдықты және т.б. алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет