Бағдарламасы Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциптері


Аудитті жоспарлау кезеңдері



бет2/4
Дата09.03.2023
өлшемі54.58 Kb.
#470519
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Ба?дарламасы Аудитті жоспарлау ма?саты мен принциптері

2. Аудитті жоспарлау кезеңдері
Жоспарлау бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент жеке түлға және бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек. Ұйымды алдын ала зерттеу нәтижесінде ғана алдағы жұмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит ұзақтылығын анықтауға болады. Жұмыс көлемі, оның қиындылығы мен ұзақтығына байланысты аудит құны анықталады.
Жоспарлау процесін келесідей кезендерге бөлуге болады.



Алдын-ала жоспарлау






Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау






Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау






Ішкі бақылау жүйесін бағалау






Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау



2-сызба. Аудиторлық тексеруді жоспарлау кезеңдері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет