Бағдарламасы аясында 2015 жыл қорытындысымен атқарылып жатқан жұмыстар туралы



Дата24.02.2016
өлшемі45.55 Kb.
#16142
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2015 жыл қорытындысымен атқарылып жатқан жұмыстар туралы
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданында 2014-2015 жылдары бірнеше объектілердің жобаларының әзірленуімен қатар құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтар болсақ:

1. «Қармақшы ауданы Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы» 4 кезек объектісіне 2014 жылы барлығы 166 667,0 мың теңге, (оның ішінде РБ-150 000,0 мың теңге, ОБ-16667,0 мың теңге) қаржы бөлініп, жыл аяғына дейін толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында 2015 жылы барлығы 234 113,0 мың теңге (оның ішінде РБ-214113,0 мың теңге, ОБ-19750,0 мың теңге) бөлінді. Аталған объектінің құрылыс жұмыстары мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і арқылы жүргізді. Объектінің құрылыс жұмыстары толығымен жүргізіліп, 29.08.2015 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен қабылданды.

Жалпы ауызсу желілерінің ұзындығы- 29,505 шақырымды құрайды;


2. «Қармақшы ауданы Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» ІІ кезең объектісінің құрылыс жұмыстарына 2014 жылғы барлығы 111 828,0 мың теңге (оның ішінде РБ- 100 645,0 мың теңге ОБ- 11 183,0 мың теңге) қаржы бөлініп жыл аяғына дейін толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында 2015 жылға барлығы - 362 167,0 мың теңге (оның ішінде ОБ-34 328,0 мың теңге; РБ-327 839,0мың теңге) қаржы бөлінді.

Жоба бойынша ауызсу желілерінің ұзындығы- 37,36 шақырым онын ішінде: 14 шақырымы магистраль, 23,36 шақырымы тұрғын үйлерге ауыз су жүйелерін жеткізу (сервис) қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Өмірзақ» ЖШС-гі жүргізген. Келісім шарт бойынша құны 525 049,0 мың теңгені құрайды. Бүгінгі күні нысанның құрылыс жұмыстары толығымен жүргізіліп, 26.08.2015 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданды.


3. «Қармақшы ауданы Ақай елді мекеніңдегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» жұмыстарына 2014 жылы барлығы 166 667,0 мың теңге (оның ішінде РБ-150 000,0 мың теңге; ОБ-16 667,0 мың теңге) бөлініп жыл аяғына дейін толығымен игерілді. Объектінің құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында 2015 жылы барлығы 190 361,0 мың теңге (оның ішінде: ОБ-19 037,0 мың теңге РБ-171 324,0 мың теңге) қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын мердігер «АзияДамуЛТД» ЖШС-і жүргізуде. Келісім шарттың жалпы құны 355 328,0 мың теңге. Келісім шартта нысанды пайдалануға беру мерзімі 2015 жылдың 30 тамызда тапсыруы міндеттелген болатын. Алайда объекті 2015 жылдың 23 желтоқсанында пайдалануға тапсырылды. Жалпы ауызсу желілерінің ұзындығы- 24,844 шақырымды құрайды.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жоба-сметалық құжаттамалары әзірленген объектілер бойынша ақпарат
1) «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, мемлекеттік сарапатама қорытындысын алу жұмыстарына 2014 жылы жергілікті бюджет есебінен 5 557,0 мың теңге бөлініп, жыл аяғына дейін 95 пайызы игеріліп, 5 пайызы қалған болатын. 2015 жылы аталған объектінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жұмыстарына қалған қалдық 277850 мың теңге қаржы бөлініп толығымен игерілді. Жоба «Инженерный изыскания и К» ЖШС-і арқылы әзірленіп, 2015 жылдың 11 қыркүйегінде мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны – 444,548 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына аталған объектінің құрылысына қаржы бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім жолданды.

2) «Қармақшы ауданы Жосалы кентінің су құбырының жүйелерін, резервуарының және сорап станциясының құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары» объектісінің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Тапсырыс беруші «Қармақшы аудандық құрылыс бөлімі» мм

Жобалушы мекеме «ПроектСервис» ЖШС

Жобалық жалпы құны -234,361 млн теңгені құрайды.

Жоба бойынша су құбыры құрылысының өнімділігі 248,66 м3/тәулігіне.

Аталған объектінің құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлдіру мақсатында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігіне «Нұрлы-Жол» бағдарламасы арқылы қаржыландырылуға бюджеттік өтінім жолданды.



3) «Қармақшы ауданы Қуаңдария, Алдашбай ахун, Иіркөл, Жаңажол, ауылдарының тұрғын үйлеріне ауызсу жүйелерін жеткізу объектілерінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жұмыстары» объектілерінің ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Жобалаушы мекеме «Техно Строй Проект» ЖШС-і арқылы 2014 жылы

- «Қармақшы ауданы Қуаңдария елді-мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» - 36 869,0 мың теңге;

- «Алдашбай ахун елді-мекендеріндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы»- 48 754,0 мың теңге;

- «Иіркөл елді-мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы»- 36 860,0 мың теңге;

- «Дүр-Оңғар елді-мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» 106 751,0 мың теңгеге; жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыс алынды.

Аталған объектілердің құрылыс-монтаж жұмыстарына 2015 жылы қаржы бөлдіру мақсатында жоба-сметалық құжаттамалары мен мемлекеттік сараптама қорытындысы 4 данадан бағдарлама әкімшісі Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінімдер жолданды.

4) Қармақшы ауданы Қармақшы және Көмекбаев ауылдарының тұрғын үйлеріне ауызсу жүйелерін жеткізу объектілерінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жұмыстары
Жобалаушы мекеме «VIC Enginiring» ЖШС-і арқылы 2014 жылы

- «Көмекбаев елді мекендегі тұрғын үйлердің учаскелерінің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» 72,815 млн теңге;

- «Қармақшы елді мекендегі тұрғын үйлердің учаскелерінің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» 67,626 млн теңгеге; жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыс алынды.



Аталған объектілердің құрылыс-монтаж жұмыстарына 2015 жылы қаржы бөлдіру мақсатында жоба-сметалық құжаттамалары мен мемлекеттік сараптама қорытындысы 4 данадан бағдарлама әкімшісі Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінімдер жолданды.

Қызылорда облысыныңы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы осы аталған 5 елді мекеннің тұрғын үйлеріне ауызсу желілерін жеткізу объектілеріне республикалық бюджет есебінен қаржы бөлдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономикалық Министрлігіне бюджетттік өтінім жолданған болатын. Алайда аталған объектілердің құны 100,0 млн жетпегендіктен Министрлік қаржы бөлібейтіндігін хабарлады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет