Бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы АҚпарат құрметті ауыл тұрғындары, жиналысқа қатысушы қауым!



Дата09.06.2016
өлшемі33.58 Kb.
Баршатас ауылдық округі үлгілі ауыл бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ
Құрметті ауыл тұрғындары, жиналысқа қатысушы қауым!

Биылғы жылы Қазақстанның тәуелсіздігіне 23 жыл, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәнгілік Ел» идеясы жүйелі жүргізіліп отырған саясатының арқасында елімізде тыныштық, татулық, экономикалық өрлеу үстінде.

Биылғы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауы біздің еліміздің ертенінің жарқын екенің көрсетеді.

Қазақстан халқымен бірге Баршатас ауыл тұрғындарыда тәуелсіздік таңы атқаның 23 жылдығын толымды табыс, берекелі бірлікпен қарсы алып, ұлы көшке қосылып, болашаққа бет алды. Сол себепті бірге ауылымызды көркейту үшін атқаратын біздің басты міндетіміз адамдардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау, бұл бағытта Сіздерге мемлекеттік мекемелер мен бөлімдер және әртүрлі меншіктегі мемлекеттік емес нысандар қалтықсыз қызмет жасап отыр. Жалпы ауылымыз туралы айтқанда Баршатас ауылдық округінің жер көлемі 36661 га құрайды, оның ішінде елді мекен аумағы – 1000 га, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер -35661 га. Ауыл тұрғындарының саны 2473 адам.

Ауылда 26 шаруа қожалық тіркелген, оның ішінде мал ұстап жұмыс істеп отырғаны 13 қожалық.

Биылғы 2014 жылғы мал басы: Ірі-қара -- 1815 бас 110 %. Жылқы—754 бас 102%, Қой-ешкі 7753 бас 100 % құрап отыр.

Ірі-қара мал басын арттыруға— Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша биылғы жылға - 34 адам несие аламыз деп сұраныс алды, оның ішінде осы уақытқа дейін 8 адам 18 млн тенге несие алды.

Биылғы жылы (125 бас ірі-қара, 42 бас жылқы, 500 бас қой малдарын сатып алды)

.

Баршатас ауылдық округі үлгілі ауыл бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы
1. «Аяш » шаруа қожалығы 900 ш/метр 150 бас ірі-қара мал бордақылау аланының құрылысы қаралған, меншік қаражат көлемі 6000,0 (алты) мың тенге толығымен игерілді, меншік қаражат есебінен 3700 ,0 мың тенгеге 2 шақырым электр желісі тартылып, 2300,0 мың тенгеге мал бордақылау аланы жөнделді . «Сарқытбай» шаруа қожалығы қыстағына меншік қаражат есебінен 4,5 млн тенгеге 2,5 шақырымға электр желісі тартылды.

2. Кәсіпкер Жакенов кондитерлік цехын ашу жоспарланған. Күніне 200 бөлке нан, тоқаш пісіріп шығаратын цех ашылып жұмыс істеп тұр, жұмсалған меншік қаражат көлемі 15,0 млн тенге.

3.Шаштараз ашу. Меншік қаражат есебінен қаралған қаржы көлемі 1,0 млн тенге шаштараз ашылып жұмыс жасап тұр.

4.Дөнгелек жөндеу цехын ашу. Дөнгелек жөндеу және токарный цех жұмыс істеп тұр, жұмсалған қаражы көлемі 1,0 млн тенге

5.Қонақ үй құрылысы. Құрылысы аяқталып жұмыс атқарып тұр. Жұмсалған қаржы көлемі 1500 мың тенге жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша несие алып жұмыс атқарды. (Ахметов.А)

6.Ауыл ішінде бұзылған үйлердін ірге тастарын тазалау



5000 м3, (қаралған меншік қаражат 2,500 мың тенге), 5000 м3 бұзылған үйлердің ірге тастары тазаланды.

7.Кудерин көшесін жарықтандыру 1 шақырым аудандық бюджеттен қаралған қаржы көлемі 2871,0 мың тенге, электр бағаналары орнатылып жұмыс аяқталды. (Мердігер коммуналды шаруашылық мекемесі).

8.Малдәрігерлік пунктың ағымдағы жөндеу жұмысы аудандық бюджеттен қаралған қаржы көлемі 1200,0 мың тенге, жөндеу жұмыстары аяқталды. (Мердігер «Аягөз тазалық» мекемесі).

9.ММК «Су» мекемесіне аудандық бюджет есебінен бульдозер-погрузчик сатып алынды, жұмсалған қаражат аудандық бюджеттен 14000,0 мың тенге.

10. «Аяш» шаруа қожалығы жылына 100 түп тал егу. Бұрын ауылда тұрған азаматтар Мирашев Қайрат—150 түп тал, Жексенбаев Төлеужан Сағынбекұлы—150 түп тал демеушілік жасап, Бесқарағай ауданынан 300 түп-тал әкелініп, Балға шағын ауданында кішігірім саябаққа 100 тал отырғызылды, орта мектепке 60 тал, аурухана 20 тал, қалған 120 түп талды ауыл тұрғындарына таратылып берілді.

11. 4000 м3 Күл-қоқыс шығару, 4000 м3 күл-қоқыс шығарды, жұмсалған меншік қаражат көлемі 1200,0 мың тенге, жұмыс толығымен аяқталды.

12.Абылайхан, Шақантай батыр көшелеріне баннер орнату 3 дана. Баннерлер орнатылды жұмсалған меншік қаражат көлемі 2400,0 мың тенге.

13.Жобалай, Сарыарқа көшесіне баннер орнату 2 дана, баннер орнатылып қойылды (жұмсалған қаражат көлемі 1600,0 мың тенге).

14.Мешіт құрылысы. Құрылыс жұмысы аяқталды жұмсалған қаржы 6000,0 мың тенге, мешіт құрылысы толық аяқталып халыққа қызметкөрсетіп тұр.

15.Ауылдық аурухананың өрт қауіпсіздігіне қарсы құрылғыларының ағымдағы жөндеу жұмысы. Республикалық және аудандық бюджеттен қаралған қаржы көлемі 5042,5 мың тенге толығымен игеріліп өрт қауіпсіздігі құрылғылары іске қосылды.


Жеке кәсіпкер С.Жақсыбергеновтың көмегімен Қойтан би көшесіне ұзындығы-500 метр көтерме жол салынды, жұмсалған меншік қаражат көлемі 5000,0 (бес) мың тенге.

Наның бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімшілігінің көмегімен биыл 10 тонна арзан бағамен ұн әкеліп арзан бағамен халыққа сатылды
Аягөз ауданы бойынша Баршатас үлгілі ауыл болғандықтан басқа ауылдарға үлгі болу үшін мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары ауыл тазалығына ерекше көніл бөліп нағыз үлгілі ауыл болуға ат салыссақ деймін.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет