Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) және оның қазақ психологиясы тарихындағы орны
Әбу Насыр әл-Фараби — өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның оңтүстік өлкесі сол кездегі үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге IX—X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолында (жібек жолының бойында) орналаскан, ол сондай-ақ өнер-білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп, өскен кезінде көптеген ғүлама ғалымдар шыққан үлкен шаһар болғандығы жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай кұнарлы ортаның себі тигендігіне күмандануға болмайды.
VIII—XII ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тілінде сөйлейтін халықтардың еншісіне тиген еді. Осы кездері Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері Орта Азиядан Индияға, одан сонау Испаниядағы Пиренеи түбегіне дейін араб тіліне сан рет аударылып, көшіріліп, түсіндіріліп жатты. Бұл жайт Орта және Таяу Шығыс елдерінде физика, математика, медицина, химия, астрономия, тағы баска жаратылыс тану ғылымдарының дами түсуіне, бұлар Шығыс фнлософиясы мен мәдениетінің қалыптасуына зор әcep етті. Ғалымдар өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылыктарын тәжірибе жүзінде ашуға талаптанды, олар Платоннан гөрі Аристотель іліміне ден қоюын, оны әрмен қарай дамыта түсті. Ортағасырлық Шығыс философиясында сол кезде басты үш бағыт болды. Мұның біріншісі — ортодокстік ислам (халифаттағы үстем таптардың идеологиясы), екіншісі — неоплатондық ағым (суфизм), үшіншісі — перипатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотельдің жолын қуушылар. Сонғысы қоғамның прогрессивтік топтарының көзкарасын бейнеледі. Осы ағымның өкілдері философиялық маселелерді зерттеуде алдымен табиғаттану заңдарына жүгінді, прогреске катысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздеді. Осы ағымның кернекті өкілдерінің бірі — әл-Фараби болды.
Ол Аристотельдің пантеистік пікірлерін қайта қарастырып, мұның негізінде натуралистік пантеизм деп аталатын ілім жасады. Фараби мұрасын зерттеушілердің айтуынша оның пәлсапалық концепциясы дүниені пангвистік тұрғыдан түсіндіретін «алла тағаланың ақыл-парасаты» дейтін ілімге негізделген. Ұлы ғұлама өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткеңімен, оның еңбектерінде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қорытындылайтын прогрессивтік, материалистік идеялар баршылық. Мәселен, ол дүниенің мәңгілігін мойындап, табиғат кұбылыстарын детер
Түйсік — дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамныц есі мен елесінің сапалы әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, бұл танымның екінші басқышы, оның ең жоғарғы сатысы. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал тіл болса әр ұлттың, халықтың өзіндік өрнегі. Жаттағаннан түсінген артығырақ, өйткені жаттауда шала түсінікті сөздер көбейіп кетеді, барлық нәрсені жаттап алуға болмайды. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен қисындар жөнінде талдау жасауға мүмкіндік береді.
Фараби эмоция, сезім процестерін жан қуатының дербес көрінісі деп санамайды. Бұлар психиканың қалған түрлеріне бояу береді, оларды қозғалысқа итермелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұялғанда қызарса, қорыққан кезде сұп-сүр болып, түсі қашады.
Жан куаттары туралы ілімде Фараби адамның ерік-жігер, кажыр-қайратын да жеке процесс ретінде қарастырмайды. Бұларды этика ғылымына- қатысты пікірлерінде жол-жөнекей сөз етеді. Ол ізгі кала адамдарының күшті кажыр-қайраты мен ерік-жігері — рухани касиеттерді калыптастырудың негізгі факторлары дейді. Қылық пен іс-әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетіле түсу, т. б. ерік-жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қоркақтық, дүниеқоңыздық, нәпсіқүмарлық т. б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Фараби танымның бірінші басқышы — түйсіктер табиғатын дұрыс түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол береді. Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерімен туып отырады дейді. Бірақ оның түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедегі (жүйкедегі) түрлі бейнелері деуі — ғылыми тұрғыдан өте дәл түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғашкы саңлау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, кұлақ ауадағы тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай-қайсысы да сыртқы дүниемен байланысқа түсіретін аспап. «Сыртқы нәрселердің,— деп жазды ол, -әсерімен... заттардың образдары пайда болады». Көру түйсігі көзден шыққан шырақтың нәтижесі, кезге зат әсер етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін Платон пікірімен Фараби келіспейді. Қараңғыда зат та, оның (бояуы да анық көрінбейді,— деп жазды ол,— көзге сырттан күшті әсер келіп түскенде ғана адамда түйсік пайда болады. Бұл жерде ғұлама психологияның іргелі теориялық қисыны «бейнелеу теориясының» төңірегінде сөз қозғап отыр. Ол психикалық процестердің (жан куаттарының) бәрінде (тек түйсіктену ғана емес).— Қ. Ж.) дене мүшелершде болып жататын белгілі бір материалдық, физиологиялық құбылыстармен байланысты қарайды.
Фараби жан қуатының басты түрлеріне сипаттама бере келіп, психологияның бұдан басқа да іргелі проблемалары жөнінде сөз козғайды. Мәселен, ол психиканың қалайша дамып жетілетіндігі жайлы мәселеге де ерекше мән береді. Жан — айрықша сапада тұрған қасиет. Жануар мен адамның тән құрылысының өзгешелігіне карай олардың жан қуаттары да өзгеше болады. Материалдық элементтердің қосындысынан (ыстық, суық, дымқыл, құрғак) жануар психикасы түзілген. Осы элементтердің ең жоғарғы косындысынан барып адам психикасы пайда болған. Адам — жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануардан негізгі, айырмашылығы ақыл-парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі кәсіппен айналысуы. Адам қоғамнан, түрлі топтардан тыс өмір сүре алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында өтеді. Жеке адам өзінің тілек талпынысымен, мұң-мұқтажын жеке жүріп канағаттандыра алмайды. Сондықтан ол баска адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Өйткені, жеке жүрген адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды.
Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып, жетілетіндігі жөнінде де кызғылықты пікірлер кеп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мүньщ бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана кұрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Кісінің адамгершілік, имандылық касиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесіиен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге акылды, не акылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді. Мұның бәрі де жүре пайда болады.
Қазақ ғұламаларының педагогикалық психологиядағы орны.
Көптеген жылдар бойы 1946 жылға дейін жеке дара психология кафедрасы болған жоқ.. Оның жоқтығы психолог мамандардың жетіспеушілігінен болды. Бірақ мұнда өзіндік жақсы жақтары болды. Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының психология кафедрасының қалануында Халел Досмұхамедов ,Салкен Балаубаев,Төлеген Тажібаев т.б сияқты керемет оқымыстылар тұрды.
20-жылдардың аяғында атақты физиолог нобел премиясының лауриаты академик И.П Павловтың лекциясын тыңдаған Санкт Петербург әскери медециналық академиясының түлегі профессор Халел Досмұхамбетов педология кафедрасын басқарды. Ол академияны алтын медальмен бітіргеннен кейін (1909ж) Ресейдегі әскерей бөлімшеде тәжірибелі медецинамен айналысады Революциядан кейін түгелдей ғылымипедогогиколық психологияға көшеді.
Кафедрада сол жылдары Досмұхамбетовтан басқа пофессор Автухов, доцент Белковский , Кеп-лер ,Ситдыков тағы басқалар жұмыс істеді .
30-жылдардың басында педогогика ж/е психология кафедрасын Н.К Круп атындағы Комунистік тәрбиелеу академиясы асперантурасының түлегі профессор Ш.Альжанов басқарды. Ол педогогикалық және даму психологиясы жөнінде зерттеу жасап, балалардың ойлануының,есте сақтау жөніндегі сұрақтар жайлы ғылыми еңбектерін шығарды. А.Б Заменинда педология профессорының кітабын Балаубаевпен бірігіп аударды.Психология ғылымында Қазақстан кадрлар дайындауда Балаубаевпен Қожахметовтың еңбектері ерекше орын алады.Қожахметов педогогикалық психолиямен ,педогогика тарихымен айналысты.Ол «Вопросы педагогики», «О воспитани сознателной дисцеплине школников» монографияларын жарыққа шығарды. Балаубаев САГУ-дің педагогика факултетінің деканы, педагогика-психология доценті болып жұмыс жасады. Ол, қазақ балаларының даму жағдайына психологиялық зерттеу жасап, кітап жазды. Ол Барановпен бірге «Вопросы конструирование национального теста», «Комплектование школьных групп», «Трудные дети» деген мақалалар жазды,педология және педагогика жалпы көптеген кітаптарды қазақ тіліне аударды.
20-ғасырдың 30-жылдары Қазақтар үшін қайғылы болғаны белгілі 1932-1933 жылдары ашаршылық Сталиндік репрессия қазақ ұлтының жартысының (2млн адам) өмірін әкетті.Бірінші болып қазақ интелегенциясы түсті.Репрессия құрбаны болып Халел Досмұхамбетов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Салкен Балаубаев т.б болды.Олардың ішінен Балаубаев қана аман қалды. Сталидік лагерден ол жиырма жылдан кейін отанына оралды. Қатігез лагердегі өмір қайратты адамның жанын сындырды.Өмірінің соңғы жылдарында ҚарМУ-да педагогика және психология кафедрасында жұмыс жасады.Темірбековпен бірлесіп бірнеше психологиялық жұмыс, студентерге психология оқулығын жазды. Балаубаев кафедра ішнде аспирантура ұйымдастырып, бірнеше ғылым кандидаттарын даярлады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ҚазПИ ұстаздары психолгтары әр жерге шақырылды.
1946-жылдың тамызында Қаз ССР министірі бұйрығымен жеке өзіндік психология кафедрасы құрылды,оның алғашқы жетекшісі болып профессор И.Л.Стычкин болды. Қазіргі кафедра мамандары және асперанттары жастар болды. Оның көбі ғылым кандидаттары болды.(Темірбаев,А.М Невский,А.П Панов, П.Ф Павлюк,А.Асылбеков)
ХХ ғ. 50-90 жылдарындағы Қазақстандағы психологиялық публикациялар.
1967 жылы доцент М.Мұқанов басқарды. М.Мұқанов екі тілді қазақ, орыс негізгі психологиялық зерттеу жұмыстарын жақсы атқарды.
1965-1967 жылдары алматыда екі ғылыми конференция ұйымдастырылды. Ол психологиялық мәселелерді бағдарламалар арқылы оқыту болып табылды. Оқытушылар бірінші барлық конференцияны Мәскеудегі оқытуымен жұмыс жасады.
60-80 жылдары мәселемен кафедра зерттеу жасады. Әр түрлі Қазақ этносының жетілуінің еркшелінің психлогиясы зерттелді.
1980ж М.Муқанов АНССР психолгиясы НИИ «Исследование расудков история этнического аспекта» тақырыбында факторлық дисертация қорғады. Өзінен кейін Қазақстанда психология жайлы ғылыми 10-кітап және 200 ғылыми мақалалар қалдырды. Республикада этникалық психология негізінде көптеген еңбектер жазды.Ол көптеген жас психолгтар, ғылым кандидаттарын даярлады.
М.Мұқанов қайтыс болғаннан кейін кафедраны доцент Шабельников басқарды. 1989 жылы ол психологиядан ғылыми дисертация қорғады. «Формиравание быстрой мысли», «Психика как функциональное система» деген ғылым әлемінде жақсы бағаланған монографияларын шығарады. Оның аспиранттары М.О. Малаев, Бердібаева педагогика және психология жайлы маңызды мәселелер туралы кондидаттық дисертация қорғады.
Соңғы жылдары кафедраны С.Т. Бусырманова басқарды оның қызығушылығы алты жасар балаларды оқуға даярлау және психологиялық медика-физиологиялық ерекшеліктерін зерттеді. Ол ғылыми мақала және жалпы психология және педагогикалық әдістемелік құрал даярлады. Абай атындағы АМУ-де екі кафедраға бөлінді(біреуі жалпы университеттік,екіншісі факультеттік). Онда 42 адам жұмыс жасады. Оның ішінде 3 профессор (оның біреуі психология ғылымының докторы) 12 доцент және ғылым кондидаты, 8 аға ұстаздар, 12 ізденушілер, 2 жаттығушы зерттеушілер олар 10 шақты монография және оқу құралын жарыққа шығарды. Онымен қоса (1996) психология оқу құралы қазақ тілінде шығарды. Көптеген жылдар бойы Қазақстанның педогогикалық жоғарғы оқу орындарының кафедра ұстаздарына кандидаттық дисертация қорғау ,ғылыми монографияларды ,оқу әдістемелік құралдарды шығару өзіндік дәстүрге айналды.2000жылы Абай атындағы АМУ-де психология және қисын кафедрасын қосып әлеуметтік педогогика кафедрасы болып қалыптасты.
Психология ғылым мамандарын даярлаудағы алғашқы қадамдар. Қазақстанда қорғалған психологиялық дисертациялар
Республикадағы психология ғылымының жетілдер 40-жылдағы ғылыми ұйымдастырылған жылдарға пара-пар болды.
Біз алдымызға сол жылдардағы ғылыми дисертацияларға баға беруді мақсат етеміз.бірақ сол жылдарағы психологиялық зерттеулерге таңдамалы түрде қысқаша тоқтала кету керек.Сол жылдардағы маңызды мәселе екінші тілді меңгеру болды.Қазақ мектептерінде орыс тілінде калыптастыру.Ондай алғашқы дисертация 1952-жылы психология фкаультетінде аға ұстаздар «О Формиравани русского речи учашихся начальных классов казахской школы».Дисертанттың ойынша орыс тілінен қазақ тіліне аудару салыстырмалық түрде жасалуы. Сонда баланың ойлау қабілеті және сөйлеуі орыс сөздерін қазақ тіліне түгелдей сөлемді түсіне алады. Сонда ғана қазақ баласы орыс тілін түсінеді. Е.Суфиевтің диссертация тақырыбында көптеген мақалалар және бір манография шығарылды.
Моральдық еркіндік мінез қалыптастыру патриоттық сегіз диссертациялық зерттеудің Темірбеков пен Асылбековтың тақырыбы болды. Асылбеков өзінің «Формирование приложение у учащихся» атты тақырыбындағы жұмысында психологиялық жоспарды дәлелдеп адам ынтасы жайлы мағлұмат береді. Автор адамның мынадай еңбекқор,мақсатшыл,ұқыптылық,ұйымдастырушы-лық, күрескерлік ынтасының қалыптасуына әсер етеді деп санайды. Бір сөзбен айтқанда ынта-тұлғаның бір ғана мінезінің бөлігі емес ол әртүрлі мінездер бөлігінің жиынтығы.
50-60 жылдары қазақ психологиясында М.М. Мұқановтың «Совет жауынгерлерінің психологиялық мінез ерекшеліктері»(профессор Тажибаевтың басқаруы бойынша1941-1945ж. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлері жайлы деректерге сүйене отырып жазылған), А.М.Невскойдың «Формирование исторических понятий у учащихся 5-6 классов»(ғылыми жетекшісі –пофессор И.Л Стычкин), Г.Ф.Повлюктің «Психологический анализ выполнения учащимся 5-6 классов домашних заданий»( ғылыми жетекшісі пофессор И.Л Стычкин), Қ.Рахиммбековтың «Некоторые вопросы развития содержания восоздающего воображения при чтени картоматериала» (ғылыми жетекші доцент И.М.Мұ-қанов) және тағы басқалардың дисертациялық зерттеулері қорғалды.
Барлық аталған кандидаттық дисертацияларда сол жылдары Қазақстандық білім беретін орта мектептерде берілген сұраныстары есепке алынған.
Жеке психологтя салаларының құрылуы және даму қарқыны
Қазақстанда Ресейдегі және СНГ-нің басқа мемлекеттері сияқты соғыс жылдарынан кейін психологияның жеке бөлімдері дами бастап, көбінесе тәжірибеге бағытталды. Тіпті соғысқа дейін педагогика психологиясының жеке бөлімдері республикада қалыптаса бастады. Мамандардың жетіспеушілігінен психологияның калыптаспал бөлімдері пайда болды. Кейінгі жылдары жеке қалыптаспалы психология бөлімдері ақырындап дами бастады. Мысалы: Құқықтық және соттық психологиясының жұмыс жасауда аса қажетілігі жоқ дейді,өйткені 60-70жылдардың басында психологиялық сұрақ жауапты психологиялық іздестірулер жайлы жарияланды.
Мұнда ерекше Г.Допулованың зерттеулерін «Психология показания свидетелей ипотерпеших»,»психология допроса на предворительном расследовании»1976, «Информация в уголовным поцессе»1981, «Психологи допроса в уголовным процессе»1996 және тағы басқа манаграфия реттерін атап өту қажет.
Жақында шыққан «Психология предворитель-ного расследования» кітабында автор өзінң Қазақстанда сот орындарында және покуратурада істегеніне сүйеніп іс жүзінде жүргізілген зерттеулерді психологиялық мәселелерді жазады.Психологиялық мінездеме тергеушінің жеке мінездеме сипатталып мазмұдалады .Онда тергеуге психологиялық мінездеме береді,оған жұмыстың анқтылы ісіне,қиын жағдайға үйренуіне көмектеседі.
Нүрпейсовтың «Құқықтық жүріс тұрыс психологиясы»(1984) мақаласында құқықтық норма және құқықтық қатынасқа көзқарасты реттейді. Бұл аймақта пофессор У.С Джекебаев тың жұмыс жасайды.
Айтылған еңбектер құқық қорғау органдарын даярлайтын құқық факультеттерінің сұранысына жауап берді.Сол жылдары жалпы құқықты психоло-гиядан кешкі,сыртқы,күндізгі бөлім студенттеріне курстар және семинарлар жүргізілді.1984 жылы Алматыда Қаз МУ-да бүкіл союздік криминалистер және сот психолгтарына жиналыс өткізілді.Онда психология және құқықтану бөлімдеріне қарым-қатынас және құқықтық психология заты,табиғаты жайлы сұрақтар араластырылып қойылды. Конференциядағы материалдар жеке кітап болып шығарылды.
Соңғы он жылдықта Қазақстанда психологияның басқада бөлімдері бойынша көптеген мәселелерді қарастырды. Жалпы психлогияны Д Дүйсенбек,Л Руденко т.б медициналық И Сапарова т.б,спорттық В Сопов т.б,социологиялық психологияны Фелифоров,Ш Қайроллаева т.б зеттеушілер бол-ды.Жиырмадан астам кандидаттық дисертация жал-пы психология және тарихынан мамандар қорғады. Психология бағытында үш бағытпен жұмыс жасалын-ды. Респуликамыздың психолгтарымен екінші тілді үйрену мәселесі жайлы үлкен жетістіктерге жетті. М.Мұқановпен оның әріптестерінің этнопсихология-лық ойлану және сөйлесу пікірі ерекше орын алды. 20-60жылдар арлығында әлеуметтік психологияның жеке мәселелерін қазақстандық психолгтар зерттей бастады.1965 жылы профессор Сарсембаевтың «Обюычай и традициив развитии» атты монографиясы шықты. Әртүрлі әлеуметтік психологиялық сұрақтарға Б.Амантаевтың , Т.Джумагазинаның, Корячкинаның Косирбаевтың, сураеваның зерттеулері арналған.
Қазақстанда жанұялық қарым-қатынас,топпен шешім қабылдау сияқты әлеуметтік психологияәлсіз дамуда.
1945жылдың наурызында Қазақстанда алғаш рет дене щынықтыру сияқты оқу орнында спорт психологиясы оқытылады. Осыдан бастап Қазақстандағы дене шынықтыру институттары жалпы дене шынықтыру психологиясы ғылыми жұмыстары, конференциялары жинақтық кітап болып жарыққа шықты. 60-шы жылдары қазақстандық спорт психологиясы өзіндік жаңа бағыт ала бастады. Бұл жұмыстарға спорт психологтары өз үлестерін қосты.
Спортцмендердің әртүрлі жағдайларда болуы олардың жарысқа қатысқан және әртүрлі қиын жағдайларға қалыптасуына психологтар терең үңілді.
50-60 жылдары Қазақстан спорт психологтарының негізгі факторлары уақытында психологиялық әдістердің жетіспеушілігі жиі болды. 1976ж. психофизиологиялық жайлы әдістер қорытындылар шығарылды.
1972-1976ж. аралығында спорт психологиясының жете дамуын Қазақстан бастан өткізбеді. Жоғары денешынықтыру оқу орындарының дамуына сапалы жұмыстың жақсаруы әсер етті. Қазақстандық спорт психологтары спорткомитеттің психодиогностикасымен бірігуіне әкелді. Біріншіден спортцмендердің және жаттықтырушылардың жеке ерекшеліктері зерттелді. Бұл жұмыстардан әртүрлі тесттермен психологиялық әдістер, тематикалық тесттер пайдаланылды. Ол сұрақ жауаптар Айзеннің екінші бағытта психикалық стреспен психикалық жағдайлар қарастырылды. Б.К.Каратаев, Таранька, Бисенбаева, Корожанов, функциональды жүйесін қарастырды, онда балалар және жасөспірімдер қиын жағдайда өздерін қалай жеңе білуі туралы қарастырылған. Үшінші бағыт психологиялық жағдайдың қалыптасуы, психологиялық тұрақтылық жайлы қарастырды. (Роман.А.С. Синоменко.В.И. Дехтер.О.В. және т.б.) Соповтың «Влияние индивидуальных особенности личности о методов психилогического воздействия на психическое состояние» атты диссертациясын зерттеу жұмысы 1976-1977жылғы олимпиядалық чемпионаттарға дайындауға көп үлесін қосты. Қазақстандық спорт психологтарының жоғарғы дәрежедегі ғылми зерттеулері үлкен ғылыми жиындарда, мерекелерде, елімізде және шетелдерде қатысуға үлкен үлес қосты.
Қазақстандық спорт психологтарының даму кезеңі 1976-85 жылдары спортцмендердің әртүрлі комондалары жоспарлы тәжірибелермен қамтамассыз етілді. Қызықты ғылыми зерттеулер және тәжірибелік жұмыстар Семей технологиялық институтының кофедрасында денешынықтырудан өткізілді. Бұл кафедра ішінде денешынықтыру психологиясынан және спорттың көлемді сұрақтары шешілді.
Қазақстан психологтарының үлкен жетістігі болып СССР-дің жеке оқу мамандарының ғылыми топтарының жеңіл отлетика жиындарында шақырылу болып табылды.
Б.Б.Литвичук әлі күнге дейін «Қайрат» футбол командасының психологиялық баяндамаларын даярлайды.
Кейінгі онжылдықта (1990-2001) жылсайын ғылыми-теориялық конференциялар, семинарлар, тақырыптық оқылымдар әртүрлі қазақ психологиясымен педагогикасының мәселелері жайлы өткізілді.
Кейінгі жылдары медециналық психология Қазақстанда өсіп келеді, оның кейбір мәселелері спорт психологиясына қатысы бар.
Медециналық психология – психологиялық ғылымның жас бөлігі.
Психика материяның үлкен бір бөлігі ретінде, адам миының медециналық психологиясын, психологияның факторын, аурудың ағымын қарап адамдарды жазылу барысында түгелдей қарастырады. Олар, теориялық және тәжірйбелік жоспармен психикалық ауру жолдарын шешеді.
Медециналық психология екі негізгі аймаққа бөлінеді: біріншісі психологияны жүйке психикалық ауруларда қолдану, екінші аймағы соматикалық процесс, клиникадағы аурулардың негізгі мәселесі соматикалық аурулар болып табылады.
Соңғы онжылдықта терең дамып келе жатқан, алғашқы медециналық психология болып табылады. Екінші аймағы, табиғат және механизмдік соматика психикалық процесстің жетіспеушілігінен пайда болды. Қазіргі кезде осы мәселе аймағында медециналық психологтар бірігіп, физиологтар, дәрігерлер, биологтар үлкен күш салып шешуде.
Медициналық психологиаға Қазақстанда 50-жылдарда ғана көңіл бөліне бастады. Осы бөлімдегі алғашқы А.М Свядощаның «Неврозы и их лечение»,атты 1959 жылы шыққан монографиясы болды. Бұл кітапта А.М Свядощ психологиялық шалдығу , адамның әртүрлі психикалық ауытқулар, көптеген қиындықтары темпераменттің әсер ету, дұрыс тәрбиеленбегенге байланысты адам дамуы жайы погонезбен неврозды ашып дәлелдеп айтады. Сядощаның көптеген «Методическое пособие по технике самовнушение», «Психологические методы исследования в клинике» тағы басқа еңбектері үлкен рөл атқарды.
Медициналық ғылымның Қазақстанда үлкен болашағы бар. Бір ғана ғылым доктарында мыңдай ғылым кандидаты бар. Бұл ғылыми зерттеу бағытындағы үлкен жетістік. Мұны тек медицина психологиясы ғана емес, басқа да психология салалары бар. Мұнда зерттеулерді жалғыз оқымыстылар ғана жүргізеді. Олар саусақпен санарлықтай. Медициналық психология профессор психолг Р.Илешованы қызықтырды. Оған жас өспірімдердің жүрісі, қылығы жайлы сұрақтар туралы еңбектері тұрады. 1994 жылы «Санат» баспасында «Медицина психология» оқу әдістемелік құралдарды психолг, студент-медиктерге пайдалануға шығарды. Оның бірінші психологиялық жұмысы қазақ тілінде болды. Әрине мұндай кітаптар жеткілікті болатын.
20 ғасырдың 50-90жылдардағы Қазақстандағы психологиялық басылымдар (оқулықтар, монографиялар, әдістемелік, т.б.)
Оқулықтар және оқу құралдары.
Қазақстандағы ғылыми психологияның құрылуын және дамуын қорытындылайтын болсақ бізге жалпы өзіміздің республикада психология оқу құралдары, ерекшелеп айтар болсақ мемлекеттік тілде шығарылған психология оқу құралы жайлы пікірді айтуымыз қажет. Негізінен кітап өнімі қай ғылымның болмасын даму дәрежесін мінездейді. Басылымдық істе халықтың өмір дәрежесін, ғылыми мәдениетінің дамуын бейнелейді. Қазақстан әртүрлі уақыт мерзімінде шығарылған психология оқулықтарын қорытындыламас бұрын, Батыстың, Ресейдің психологиялық оқулықтарының даму тарихына қысқаша тоқталамыз. Дәл осы тәжірибе Қазақстан Республикасының орта және жоғарғы оқу орындарына лайық ұлттық психология оқулықтарын шығару қажет болды. Дидиактикалық талаптарды және белгіленген бағдарламаларға, белгілі бір сабақ оқулығында ғылыми білімді қалыптастыратын оқулықтарды СССР-де 20ғ. 20ж. шыға бастады.
Негізгі оқулықтардың шығарылуы антикалық әлемнен басталады, ол Плотон, Пифагор, Аристотел және басқа да авторлардың трактоттары кітап ретінде қолданылуынан. Атақты педагок Ян Амос Коменский кітаптың, жалпы дидактикалық принциптерді халыққа түсіндірудің ролі өте зор екендігін айтты. Алғашқы басылған оқулық болып 1574ж. Москвада шыққан Иван Федоровтың азбука грамматикасы болды.
Батыста психология оқу кітабы Р.Геккел және Р.Гокениустың атына байланысты болды. Олар алғашқы «психология» терминін енгізіп, 1954 жылы Марбургте кітап шығарды. Ресейде адамның жан дүниесі өмірі кітап 1796 жылы Ивановтың шығарылуын алғаш кітап шығарды.
Психология әлем тарихында білімнің екі қарама қайшы әдістері болады. Бірінші синтетикалық әдіс, жайдан күрделілігі. Алғашқыда бұл әдіс теориялы көзқараспен шығарылған деректер, түсіну тәсілі және байланысты болып табылады. Белгіленген психологиялық элементтер сезіну сезім тағы басқа психикалық білім бірігіп мұндай пікірдің ұлы кітаптардан 15-ғасыр дәрістерінен табуға болады. Мысалы, М.М Троцкий 1882-жылғы «Наука о духе» П.Ф Каптеровтың 1877-жылғы «Педогогикалық психология» еңбегінен байқауға болады. 1917 жылы жүзге тарта оқулықтар шықты. Солардың көптеген бөлігі синтетикалық әдіске қатысты болды.
Американдық психолг Джейс синтетикалық әдіс,аналитикалық әдіс нақты феномен элементтерінің қозғалыс әрекеті олар жан дүниенің толық қамтамасыз етуіне сүйенеді деген.Бұл жол күрделіден жай жолға жіктеледі.20-ғасырдың алғашқы бөлігінде синтетикалық әдіспен мектептік психология бағдарламасы жасалды. Психология курсының жетінші сынып гимназиясы бағдарламасы иесі блоктардан тұрды.
-
Психология сабағы. Керемет жан дүние әлем болып табылды. Психология тапсырмасы.
-
Олардың киыншылықтарына өзіне –жан дүниенің басқа да жақтарын сырттай бақылау, және оларға эксперимент жасау.
-
Жүйке жүиесі ағзаның бір бөлігі.
-
Назар, оның түрлері және қызметі.
-
Жандүниенің үшке бөлінуі.
-
Сезіну. Физикалық және физиологиялық мүмкіндіктерін сезіну.
-
Шығармашылық және оның түрлері, сыртқы және ішкі шығармашылық, шығармашылықты еске түсіру.
-
Елес, оның құралы және түрлері. Творчестволық елес және оны ғылымда, өмірде оқу.
-
Ойлау және оның керемет шығармашылығы және елесі. Ойлаудың негізгі формасы. Білім және оның түсінігі, ерекшелігі, сөзі, ақыл қорытындысы.
-
Сезіну және сезінудің классификациясы. Дене сезімдеріне, сезінудің ерекшеліктеріне мінездеме. Формальдық және заттық сезіну. Өзімшілдік және сезімталдық сезімдер. Эстетикалық, интелектулдық, релегиялық сезімдер. Аффект және оның түрлері. Көңіл-күй.
-
Жігерлікті тума және оның негізгі түрлері. Арман және қайрат. Бостандық қайраты және оның ақылға қарым-қатынасы. Сезіммен қайраттың қарым-қатынасы, жандүниенің ерекшелігі және әдеті.
Жандүниенің бірлестігі, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу. Қазіргі кезде орта мектептердегі психология ешқандай ерекшкліктермен бөлінбейді, тек 1907 бағдарлама ғана өзгеше болып табылады. Қазіргі кездегі оқулықтар, «Психология» оқулығы (2000ж.) Баранов.А.В. Патанов.Ю.Б. 8-11 сыныптарға арналған, Немов.Р.С. «психология» (1995ж.) 10-11 сыныптарға арналған, олар өз жұмыстарының мазмұнын синтетикалық жолмен жасады. Өзіндік әдісті пайдалана отырып Е.А.Климов орта мектептерге арналған «психологиясын» құрастырды.(1997ж.)
Төменде осы кітаптардың кейбір бөліктеріне тоқталамыз:
-
Жалпы сұрақтар. 1.Психикаға ғылыми және ғылымии емес тұрғыдан қарау. 2.Психиканы сабақ аймағында қарастыру(6 параграф). 3.Толықтай адам психологиясының қоймасы(5 параграф).
-
Мәселе бағытына арнайы түсінік. 4.Іс-әрекет классификациясының жалпы структурасы (5 параграф). 5.Психика және білім. Білім және тұлға(6 параграф). 6.Деятельность(6 параграф).
Өмір жолындағы психология. 7.Психология және жас(6 пар.). 8.Психология шеберлікті дамытады(6 пар.). 9.Адамдар арасындағы тұлғаның психологиясы(5 пар.).
Профессор Климоы.Е.А. бұл жерде орта мектептерге психология оқулығын құрудағы дәстүрден ауытқиды. Әрине, тәжірибеге сүйене отырып болашақта орта және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар құрастырды.
Дәстүрлі нақышта құрастырылған барлық оқу құралдар қазақтың авторларымен жазылған. Жүсіпбек Аймаутовтың 1926 жылы жазылған кітабында 12 бөлім, 102 параграфтан тұрды («психология нені оқытады?», «жалпы жануарлардың жүріс-тұрыс мінездемесі», «сезіну және қабылдау органдарының функциясы», «сезіну және іс-әрекет», ассоцация және ес», «ойлану және сөйлеу», «бостандық» және т.б.).
Синтетикалық әдіспен басқа да қазақша психологиялық оқулықтар құрастырылды. Ол Қ.Б.Жарықбаевтың(1962,1970,1982,1994,2000,), А.Темірбековтың, С.Балаубаевтың,(1966), Н.Ибраевтың(1992), Т.Т.Тәжібаевтің(1993), М.М.Мұқановтың(1962,1982), А.Алдамұратовтың(1996) және т.б. оқулықтары.
90 жылдары Ресейде басқа әдіспен құрылған, басқа әдіске арналған альтернативті оқу құралдары шыға бастады. Оларға бірінші кезекте В.И.Слободчикова және Е.И.Исаеваның «Психология человека» атты кітабы жатады. Онда адамның тұрмыстық көзқарасы толықтай ашылады. Қазақстандық психологтар психологияның даму кезеңінде оқулықтың синтетикалық қолдану әдісінде өз пікірлерін айтуда. Қазақ кітаптары 20-шы жылдардың басында ғана шыққанын біз ескертеміз, және олардың авторлары Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев болды. Қазақ психология кітаптарының дамуы және құрылуы кең көлемде болды.
Алпыс жылдай осы кітаптарға тыйым салынып келді, себебі авторлар халық жауы болып саналды, тек 80-ші жылдардың соңында ғана олардан «кінә» алынып әдебиеттер өз оқырмандарын тапты. Сондықтан қазақ оқымандары және студенттері психологиядан аудармалы кітаптарды қолданды. Осындай кітаптардың бірі болып К.Н.Корниловтың оқу құралы болды(оның аудармасын 1948ж. жасаған доцент А.Ситдыков болды.). Сол жылы профессор Б.М.Тепловтың орта мектептерге арналған психология кітабының аудармасы шығады. Бірақ та осы аудармаларда көптеген қателіктер болды. Бұнда К.Н.Корниловтың аудармасы ерекше зардап шекті.
50-ші жылдары К.Н.Корнилов пен Б.М.Тепловтың кітаптары оқырмандарын жоғалта бастады. Оның себебі, өйткені оқулықтың ішінде қызығатын ештеңе болмады.
Содан 1962жылдан бастап әртүрлі ұлттық оқулықтар белгілі бір себеппен шығарылуын тоқтатты. Бұған педагогикалық институттардың, университеттердің және училищелердің студенттері наразылық білдірді. Сонымен қатар бұл жайт ауыл мектептеріндегі орысша аз білетін ұстаздарға қиынға соқты.
1962ж. диссертация авторы «психология» атты кітабын шығарады(оқулық 1500 экз.). Бұл кітаптың шығу жолында көптеген қиыншылықтар болды.
Диссертация авторы қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруда біраз тәжірибесі болды. Оның 1962ж. шыққан «психология» кітабы үздік болып саналды.
1994ж. Жарықбаев.К.Б. «психология» оқулығын жоғарғы оқу орындарына оқулық ретінде басылымға береді(Алматы: Білім, 1994, 271бет.). Кітап, 5 бөлімнен, 17 тараудан, 78 парагрофтен тұрды. «Психологияның жалпы сырақтары» деген бөлімде «зат, әдіс, тапсырма, психологияның маңызы», «ми және психикика», «психологияның дамуы және пайда болуы» және т.б. Мұнда аймақтық тақырыптар, қазақ тіліндегі туындылар, этнопсихология және тарихи психологиялар жайлы айтылған. «Тұлға және іс-әрекет» атты екінші бөлімде әртүрлі психологиялық аспектілердің ерекшелігін және іс-әрекетін қарастырады(мақсат, іс-қимыл, функциональды структура ерекшклігі және т.с.с.).
«Таным процесі» деген жалпы үшінші бөлімде философиялық және психологиялық аспект арқылы сезінуді және қабылдауды, назар және ес, ойластыру, сөйлеу және қарым-қатынас жайлы қарастырады.
Кітаптың төртінші бөлімінде (Тұлғаның эмоциональді бостандық ортасы) психологияға байланысты әртүрлі жағдайларды қарастырады. Мұнда жоғары табиғи сезіммен кең эмоциональді процестер талқыланды.
Соңғы бесінші бөлімде тұлғаның индивидуальді-психологиялық анализін қарастырады(темперамент, мінез, мүмкіндік.)
Кітап психологиялық бақылауларға және әртүрлі эксперименттеріне, негізгі өмір қортындыларына бай, оның көпшілігі мектеп өмірінен және классикалық қазақ әдебиеттерінен алынды. Осылардың ішінде қазақ әдебиетшілерінің туындылары (50 атау), қазақ ойшылдарының керемет идеялары(А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов және т.б.) әрине осылардың барлығы кітаптың сапасына үлкен әсерін тигізді.Әрине, қай басылым болмасын, бірсыпыра қателіктер болды. Кейбір қазақша терминдер күдік тудырды. Автор кітапты қайта басуға ұсыныс берді.
Қазақстанда психологиялық әдебиеттердің 300-ден астам тізімі жарыққа шықты(1992/2001). Осы кітаптарға көп еңбегі сіңген жазушылар, мыналар: Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Н.Итбаев, А.Алдамұратов, Қ.Рахимбеков, Ж.Намазбаев, Х.Шерезданов және т.б.
Психологияның ғылыми басылымы
Қазақстандық оқулықтардың қортындысынан кейін, соңғы 50 жылдағы басылымдар жайлы біраз айта кетсек(ХХІғ.50ж. соңынан бастап). Бұл жерде профессор Т.Т.Тәжібаевтің «К.Д.Ушинскидің Психология және педогогикалық психологиясы»(Алматы 1948ж. 204б.) кітабы туралы айта кеткен жөн. Бұл Қазақстандағы ең алғашқы үлкен зерттеу болып табылады. Кітап қортындыны санамағанда 4 үлкен бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім автор үшін үлкен жауапты қажет етеді. Ушинскидің «Педогогикалық антрапологияның ерекшеліктерін» зерттеді. Үшінші бөлімінде Ушинскидің психология жүйесіне орыс педагогының үлкен еңбегінде мазмұндама береді. Ал төртінші бөлігінде антропология сияқты кең дамыған психологиядан бастау алатын жерде автор Ушинскидің көзқарасымен даму және оқыту, психологиялық функцияны оқыту прцесінде дамыту мәселесін дамытады. Тажибаевтың зерттеулері К.Д Ушинскидің «Педогогикалық антропология»-на байланысты жұмысының кең көлемімен, құжаттарының жүйелілігімен назар аударуға лайқ болып табылады.
Елдегі жетекщі психолгтар Тажибаевтың кітабын жоғары бағалады. А.П.Н СССР профессор Б.Г Ананьев « Тажибаев алғаш рет Ушинскидің педогогикалық психология негізін түгелдей, анық, үлкен махаббатпен зерттеді»- деп жазады. Тажибаев-тың зерттеулерін өзінің отаны Қазақстанда да жоғары бағалаған профессор Лемберг «Орыс педогогика тарихына арналған ғылыми жұмыстардың ішінде бірінші орын алатын Тажибаетың Ушинский туралы зерттеулері»-деп жазған. Т.Тажибаев Ушинский ой-пікірі жайлы еңбектері қазақ студенттері мен ұстаздарына кеңінен тарады. Соғысқа дейін оның «Ученый записок» Қазақ педогогикалық институтында орыс педого жайлы басымдар басылған. Біраз уақыт өткеннен кейін «Халық мұғалімі» қазақ тілінде Ушинскидің психология жүйесіне арналған мақалалар басылым бетіне түсе бастады. Т.Т.Тажибаев зерттеулері республикалық мектептері сол жылдардағы оқыту және тәрбиелеудің жалпы мәселер жайлы қажет етті. Бұл мәселемен Қазақстанда шығарылған жалпы бағыттағы психология педогогикалық Совет Союзде ойлардың қалыптасуы және дамуы жұмысы болып табылады.1950-1970 жылдары М.М муканов психология әдебиеттерін шығғаруда көп еңбек етті, соның арқасында профессор және психология ғылымының докторы болды. Ол отыз жылдан астам уақыт этнопсихология, тарихи психология, психолингвистика, жоспарланған сабақтар және әскери психология төңірегінде зерттеулер жүргізді. Оның қолынан шыққан кітаптар мыналар: «Мозг и психика»(Алматы,1956), «Терминологическое пособие по психологии»(Алматы,1957), «Наблюдение и мышление»(Алматы,1959), «Воспитание внимания школьников»(Алматы,1960), «Индивидуальный подход к учащимся»(Алматы,1961), «Очерки педогогической психологии»(Алматы,1962), «Загадочные явления человеческой психики»(Алматы,1964), «Психологические аспекты программированного обучения»(Алматы,1966), «Мышление в сфере этно-лингвопсихологии»(Алматы,1971), «Основные идеи и понятия прогроммированного обучения»(Алматы,1973), «Мышление и интеллект»(Алматы,1980), «Возростная и педагогическая психология»(Алматы,1982) және т.б.
Енді осыларға өзіміздің пікірімізді айта кетсек. «Наблюдение и мышление»(1959) бұл қазақ тіліндегі ең алғашқы монографиялық кітап болып табылады және ол адамның творчествасын оятады. Профессор М.М.Мұқанов көшпенді қазақтар арасындағы «ақыл» деген түсінікке кеңінен тоқталады. Осы түсінік қазіргі кезде көптеген өзгерістерге ұшырады. Қандай да оқулық болмасын қателіксіз болмайды.
«Очерками педагогической психологии»(1962), деген еңбегінде қазақ мекткптеріндегі оқу-тәрбиелеу жұмыстарын зерттеуді қолға алады. Бұл кітап қазақ оқырмандарының арасында кең таралды.
1980ж. «Қазақстан» баспасында автордың НИИ психология АН СССР диссертациясында қорғалған «Мышление и интеллект» монографиясы басылып шықты. Төменірек осы кітаптың тарихи мазмұнына тоқталамыз.
«Снятия» диалектика категориясынан бөлек М.М.Мұқанов адамдардың ойлау қабілетін инвариантты және өзгермелі деп бөлді. Ол, инвариант және өзгерменің филогенезде диалектикалық орын алатынын айтты: тұрақтылық өзгерменің арқасында пайда болады, содан жаңа қалыпқа әсер ететін жүріс факторы пайда болады.
М.М.Мұқановтың зерттеулері бойынша бұрынғы адамдармен қазіргі адамдардың түсініктерінің арасында біраз айырмашылықтар бар.
Сонымен қатар М.М.Мұқанов ішкі жан дүниені дамыту үшін әртүрлі жұмбақтар шешуді қарастырған. М.М.Мұқановтың экспериментті зерттеулер барысында адамның ойлау қабілетін дамытудың бірден бір жолы ол мәтін деп шешті.
1971ж. Н.Жандилдин «Природа национальной психологии»(Алматы:Қазақстан) монографиясын басып шығарады, бұл кеңестік кездегі шыққан Қазақстандағы ең алғашқы кітап болды. Ол сол кездегі маркстік көзқараспен жазылған. Н.Жандилдин барлық шетел буржуазиялық этнопсихологияға қарсы болады, оларды абстракты деп санап барлық жаңа буржуазиялық этнопсихология, империалистерде жатыр дейді. Бұл кітап Қазақстан этнопсихология тарихына түгелдей кіреді(42).
Республика болғаннан кейін осы жұмыстар жайында басқа да монографиялар жарыққа шыға бастады. Бұл К.Жукештің жұмысы «Ұлттық психологияның сипаты» болды. Бұл жұмыс 7 бөлімнен, 27 параграфтан тұрды. Оның тақырыптары: «ұлттық психологияға түсінік», оны үйренудегі негізгі принцип», «ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар», «ұлттық психологияның структурасы», «ұлттық мінез және оның қалыптасу жолы», «өзін-өзі тану және сезіну», «ұлттық тіл және оның психологиясы», «мәнгүрт психологиясы» және т.б.(96).
Автор көптеген мысалдар келтіріп оқырмандарды белгілі бір сұрақтар төңірегінде дискуссиялық пікірталастар жүргізеді. Ол «этнопсихология» терминіне біраз ғана тоқталады. Этнопсихология жеке ғылым болып табылады деген пікір айтады.
1996ж. «Қазақстан» баспаханасында К.Б.Жарықбаевтың «История казахской психологии»(Алматы.159б.) кітабы шығады, және ол Қазақстандағы психология тарихы аймағындағы оның көп жылдық еңбегінің қортындысы болып табылады. Кітап 5 бөлімнен, 22 параграфтан тұрады.
Автор өзінің еңбегінде қазақ елінің психологиясының сонау хандық құрылғаннан бастап осы күнгіге дейінгі даму тарихын зерттейді. Сонымен қатар автор қазақ психологиясының түп тамыры сонау ғасырлардан басталатынын айта кетеді. Оның пайда болуымен қалыптасуы жергілікті салт-дәстүрлердің ықпалынан. Монографияда қазақ елінің психологиясының дамуын этнопсихологиялық ойлардан және жыраулардан байқауға болатыны айтылған. Автор, туған табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаның сұлулығына деген сүйіспеншілікті осы ортағасыр ақын жырауларының еңбектерінен көреміз (О.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати, Қ.Жалайри, Асан-Қайғы жырау, Бұқар-жырау және т.б.).
Сонымен қатар автор «халықаралық психология», этнопсихология» деген терминдерге тереңірек тоқталып және ұғымға жаңа терминдер енгізеді.(«көшпенділер психологиясы», «билер және шешендер психологиясы», «жыраулар психологиясы», «ақсақалдар психологиясы», «салт-дәстүр психологиясы» және т.б.)
Автордың айтуы бойынша 17ғ. соңымен 19ғ. басында ғана қазақ психологиясы ашық суреттеледі.Бұл кезең қазақ психологиясында екі тенденцияға бөлінеді: педагогика және психология. Бұл екі психологиялық ойлардың негізгі бағыты адамдарды жаңа білімге баулу және Қазақстан Республикасының психологиялық білімінің алғашқы қдамы болып табылады.
Монографияның екінші және үшінші бөлімі 20ғ. Қазақстанның психологиялық ғылымын зерттеуге арналған. Бұл жерде 20ғ. екінші жартысындағы Сталиндік репрессия жылдарындағы ғалымдардың психологиялық зерттеулері жайында айтылған. Автор бұларға үлкен құрметпен қарап психологиялық тұрғыда баға береді.
Айтарлықтай ғылым тарихын зерттеу оңай жұмыс емес. Ал, көшпелі халықтың психологиясының пайда болуымен даму тарихын жазу тіпті қиынға соғады. Психологиялық ойлардың тарихын қортындылау , ол дегеніміз ғасырлар бойғы адамдардың көзқарасын, ойларын аргументті көрсету болып табылады. Автор қазақтардың жандүниесінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын айқын көрсетеді.
Қ.Б.Жарықбаевтің монографиясы Қазақстандағы психологияның және этнопсихологияның тарихы және теориясы аймағында теоретикалық зерттеулер жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |