Бағдарламасы «Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен өткізудің кәсіптік педагогикалық негіздері»


ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАРҒЫСЫ



бет3/8
Дата27.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#161248
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.

Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының САПТЫҚ ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыныңТӘРТІПТІК ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы әскери тәртіптің түсінігі мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу, тәртіптік комиссиялардың жұмыс тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.

Әскери қызметшілер өздерінің әскери атақтарына, қызметтік жағдайына және сіңірген еңбегіне қарамастан, осы Жарғының талаптарын қатаң басшылыққа алуы тиіс.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ішкі қызмет жарғысы?

  2. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы?

  3. Тәртіп жарғы?

  4. Саптық жарғы?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

14 тақырып: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстарды оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Жаяу әскерге танкігке қарсы миналар туралы мәлімет беру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бұрылыстардың екі тәсілде орындалады?

Дәріс.

Оқушылар орнында тұрғандағы бұрылыстарды саптақ тұрыста машықтанған соң үйренеді, өйткені оның негізінде ғана осы тәсілдерді дұрыс меңгеруге болады.

Мұғалім сабақтың басында орнында тұрғандағы бұрылыстарды оқушылар жекелей, барлық сабақтарда, мұғалімге келгенде және одан кеткенде, сондай – ақ сапқа тұрған кезде орындайтындықтарын түсіндіреді. Бөлімше, взвод ретінде жасақталған оқу тобы саптақ тәсілдерді сабақта, сондай – ақ сапта тұру мен қозғалыс кезінде де орындайды.

Меңгеру жүйелігін де ұстана білу қажет, яғни оңға бұрылыс, солға және артқа бұрылу, содан кейін бұрылыстар жарты айналымда оңға және солға. Мұғалім орнында тұрғандағы бұрылыстарды үйрету үшін бөлімшені (взводты) екі адым аралықпен бір қатарға тұрғызады. Саптың ортасына шығып, белгіленген қарқынмен тұтастай бұрылыста көрсетеді. Содан кейін бұл тәсілді алдын ала және орындалатын пәрмендер бойынша әрекет ету ретін түсіндіре отырып, баяу қарқынмен көрсетеді. Тәсілді бөліп көрсете отырып, артқа және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:


  • Бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы аяққа денеің салмағын салу керек;

  • Екінші тәсіл – қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.

Үйренуші саптық тәсілді бөлім бойынша көрсете отырып, “оңға, бөліктер бойынша жаса – бір, жаса - екі” – деп пәрмен береді.

Бірінші тәсіл бойынша оң қол жаққа оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей, дененің салмағын салу керек. Артта тұрған аяқтың өкшесі мен алдыңғы жақтағы аяқтың ұшы бұрылыс аяқталған соң, өкше табан еніне жететіндей болып тұратындай жазылуы тиіс. Қол саптық тұрыстағыдай қалыпта тұруы қажет. “Бір” тәсілін қате немесе нақты орындамаған кезде “Тоқтат!” пәрмені беріледі. “Екі тәсілі бойынша қысқа жол арқылы тізені бүкпей солаяқты қою керек. ”



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Бұрылыстар неше тәсілмен орындалады?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

15 тақырып: Жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар. Мина – жарылғыш бөгеттер. Инженерлік құрылысын оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар. Мина – жарылғыш бөгеттер. Инженерлік құрылысын үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мина жарылғыш бөгеттер?

Дәріс.

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату, тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату, өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Инженерлік бөгеттер ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қарсыласқа әсер ету сипаты мен қолданылатын құралдарына қарай инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер болып сараланады, олар танкіге қарсы, жаяу әскерге қарсы десантқа қарсы болады.



Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы (шоғыры) мен жеке миналар түрінде жасалады.

Мина – жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар, бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғыш заттың заряды.

Миналар – танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын істен шығару, қарсыластың адам күшін жою, әр түрлі объектілер мен басқа да нысаналарды қиратуға арналады.

Минаның негізгі элементтері:

  • Жарылғыш заттың заряды;

  • Жарылғыш;

  • Қозғалтқыш құрылғысы;

  • Корпус.

Минадағы жарылғыш заттың заряды жою немесе объектіні негізгі қирату қуатын таратушы болып табылады.

Заряд 2 (екі) бөлшектен:

  • Негізгі зарядтан;

  • Аралық детонатордан тұрады.

Жарылғыш минадағы жарылғыш заттың зарядын қыздыруға арналған. Ол бір – біріне қосылған соққыш – ағытқыш механизм мен тұтандырғыштан тұрады.

Қозғалтқыш құрылғысы сыртқы әсерін қабылдау және оны мина жарылғышына жеткізу үшін қызмет етеді.

Қозғалтқыш құрылғысына жататындар:

  • Үстінен басу қақпағы;

  • Қазықша;

  • Керме сым;

  • Басқару сымдары және т.б.

Мина корпусы жарылғыш заттың заряды мен жарылғышты механикалық зақымданудан сақтауға және орналастыруға, ал жаяу әскерге қарсы жарықшақты миналардың корпусы, сонымен қатар қарсыластың тірі күшін корпус жарықшақтарымен жоюға арналған

Қазіргі заманғы миналардың корпусы металдан, ағаштан, пластмассадан және басқа материалдардан жасалады.

Танк жүріп келіп минаны басқан кезде танкіге қарсы мина корпусының қақпағы жарылғышқа күш салу элементі болып табылады.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Минаның негізгі элементтері?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

16 тақырып: Ұрысты инженерлік қамтамасыз ету оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Мина жарылғыш бөгеттерді барлау шабуыл мен қорғанысты инженерлік қамтамасыз етуді оқыту

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бөлімшелермен шешілетін мейлінше маңызды және күрделі міндеттер?

Дәріс.

Бөлімшелермен шешілетін мейлінше маңызды және күрделі міндеттердің бірі – мина – жарылғыш бөгеттерден өту болып табылады.

Ұрыс жағдайы мен мина – жарылғыш бөгеттердің орналасуы орнына байланысты бұл міндеттер келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: бөгеттердегі өтпелерден өту; жеке миналанған алаңдарды түсіру; жолдарды, елді мекендерді және жекелеген объектілерді минасыздандыру; жергілікті жерді тұтастай минасыздандыру:

Бұлардың ішінде едәуір кең таралған түрі – бөгеттерден өтпелер жасау болып табылады.

Миналанған алаңдардағы өтпелер мынандай тәсілдер арқылы жасалуы мүмкін.


  • Механикалық тәсілмен – КМТ – 5М, КМТ – 6 және басқа да миналы тралдар көмегімен өтпелер шегінен алып тастау немесе миналарды жою тәсілі;

  • Жару тәсілімен – реактивті қозғалтқыштар көмегімен немсесе тралы бар танкімен сүйреу арқылы ұрыстың миналанған алаңдарына берілетін ұзартылған зарядтар көмегімен оларды қопару жолымен миналаррды жою;

  • Қолекі тәсілімен – мина іздеуішпен және түрткішпен іздеу, оны көмілген жерінен тармақты ілгекпен суырып алу және өтпе жолдан аулақта жою.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Мина жарылғыш бөгеттерді барлау

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

17 тақырып: Жергілікті жерді бағдарлау оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Азимут бойынша қозғалу матшрутын анықтау

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Адринов компасын?

  2. Азимут бойынша қозғалыс?

Дәріс.

Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім міндетті түрде оқушыларға жергілікті жерде бағдарлама және кез келген жағдайда берілген бағыт бойынша жылжи білу қажеттілігін, компасты дұрыс пайдалануды түсіндіреді.

Сабақтың негізгі бөлімінде оқушыларға жергілікті жер туралы мәлімет беру, керек, өйткені жергілікті жер бөлімшелердің әрекеттеріне елеулі ықпал етеді. Кейбір жағдайларда жергілікті жер ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде ,табысқа жетуге және қару мен ұрыс техникасын тиімді пайдалануға ықпал етеді, ал кейбір басқа жағдайларда кедергі жасайды.

Қазіргі уақыттағы ұрыс жүргізудегі жергілікті жердің рөлі өсіп отырғанына оқушылардың назарын аударған жөн.

Мұғалім мүмкіндігінше жер бедерінің пішіні туралы, бағдарлану мен жергілікті жерде бағдарлануға жалпы түсінік беруі тиіс сонымен бірге жергілікті заттардың белгілері және аспан денелері бойынша көкжиек тұсын анықтау тәсілдерін көрсетеді.

Азимут бойынша қозғалыс

Адрианов компасын, компастың макеті мен сызбасын пайдалана отырып, оқушыларды компастың құрылысы және онымен жұмыс істеу ретімен таныстыру қажет.

Компастың жарамдылығын анықтау үшін, оның магниттік меңзерінің сезімталдығын тексеру керек. Бұл үшін жұмыс жағдайында тұрған компасқа қандай болмасын металды затты алып келеді де, содан кейін алып тастайды. Егер магнит меңзері әрбір ауытқудан соң бұрынғы есептеуді дұрыс көрсете, яғни оның сезімталдығы жеткілікті болғаны. Компаспен жұмыс істеу кезінде, мынаны әрқашан есте сақтау керек, күшті электрмагниттік өрістердің немесе жақын орналасқан металды заттардың әсерінен меңзер магниттік меридиан бағытынан ауытқып кетеді. Сол себепті көкжиек тұстарын анықтау кезінде электр беріліс желілерінен, темір жол бойының төсеміменжәне ірі металл заттардан, жаяу әскердің ұрыс машинасынан 50 – 60 м аулақ кету керек.

Оқушыларға компас арқылы көкжиек тұстарын қалай анықтауға болатынын көрсетіп және әңгімелеп беру қажет.

Компаспен жұмыс істеу мен көкжиек тұстарындағы бағытты анықтау тәсілдерін оқушылар мұғалім бақылауымен өз беттерінше орындауға қиналатын болса, онда әрекет ету ретін тағы бір лет жекелеп түсіндіреді де, оқушылардың компаспен жұмыс істеу ретін түсінгендіктері мен көкжиек тұстарындағы бағытты анықтай алатындықтарына көз жеткізіледі.

Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығы жүріп өткен жолдың шамамен 1/10 құрайды. Оқушыларды бөгетті айналып өтуге жекеленген тапсырмалар бойынша, азимут бойынша қозғалыс маршрутынан бөлек үйретуге болады. Ол үшін жергілікті жерде шартты түрдегі бөгеттер белгіленіп, оларды айналып немесе басып өту әрекеттері көрсетіледі.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығын білу?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

18 тақырып: Жараққаттарға жалпы түсінік беру оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Жарықшақты қол гранаттар түрлерін қолдануын үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жарықшақты қол гранаттарының ұрыстық қасиеті және арналуы?

Дәріс.

РГН шабуылдағы қол гранаты мен РГО қорғаныстағы қол гранаттары жергілікті жердің түрлі жағдайды мен жылдың кез келген мезгілінде +50°C – тан - 50°C – қа дейінгі ауа температурасында шабуылда, қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.



Гранаттардың құрылысы

РГН және РГО қол гранаттары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар гранаттардан тұрады.

РГН және РГО қол гранаттарының корпусы жарылғыш қоспа, тұтандырғыш құты орналастыруға, сондай – ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналғанү

РГН қол гранатының корпусы алюминий қоспадан жасалынған, екі жарты шардан тұрады.

РГО қол гранатының корпусында сыртқы жарты шарлардан басқа екі ішкі жарты шарлар да болады.

Тұтандырғыш құрылысы

Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:



  • Сақтандырғыш – түйрегіш механизмінен;

  • Нысана бергішінен;

  • Қашықтық құрылғысынан;

  • Қашықтықтан шүріппені қайыру механизмінен;

  • Детонатор торабынан.

Гранат лақтырылған соң капсюль – тұтандырғыш түйреуіші тұтандырғыштың жұмыс істеу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақтандырғыш – түйрегіш: шанышқыдан, иінтіректен, бітеуіштен, тақтайшадан және капсюльден тұрады.

Қол гранаттары

Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстағы (шабуылда, оқпанда, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:


  • РГД – 5 қол гранаты;

  • Ф-1 қол гранаты бар.

Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД – 5 және Ф-1 мен РГО – қорғаныстағы гранаттарға жатады.

Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті

РГД – 5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.

Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40 – 50 м.

Жабдықталған гранаттың массасы – 310 г.

Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.

Гранттың құрылысы

РГД – 5 жарықшақты қол грататы тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылатын зарядын тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай – ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Корпустың төменгі бөлгілі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.

Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.

Гранат тұтандырғышы (жаңғыртырылған қол гранатының үйлестірілген тұтандырғышы) жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады
Ф-1 жарықшақты қол гранатының құрылысы, ұрыстық қасиеті және арналуы

Гранттың ұрыстық қасиеті мен арналуы

Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекеті гранат. Ол көбіне қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден (өздігінен жүретін артилериялық қондырғыдан) лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200 м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35 – 45 м. Жарақталған гранат массасы – 600 г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жарықшақыт қол гранаттарының арналуы, құрылысы?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

19 тақырып: Жаяу әскердің ұрыс машинасын оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Жаяу әскердің ұрыс машинасын қолдануды үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. ЖҰМ туралы мәлімет?

Дәріс.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және қозғалысқа (жылжуға) арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз жерлерден, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ атомға қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған (8-сурет).



Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшырауға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез-келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе және жоғары қарқынмен шабуылдай алады.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуаты?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

20 тақырып: Радио байланысты ұйымдастыру оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Радио байланысты ұйымдастыру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Радио байланыстын маңыздылығы?

Дәріс.

Бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын, бейбіт кезде және соғыстың барлық түрінде ойдағыдай басқарылуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері мен бөлімдері жақын және алыс қашықтықта үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделіп құралған радио және радиорелелік, желілік құралдарды пайдаланады.

Радио байланыс штабқа жағдайды баяндау үшін қажет ұрыс кезінде бөлімшелер бір – бірінен мәліметтер алмасу үшін қажет.

Радио байланысты жақсы меңгеру ұрыс кезінде жеңіске жетуде маңызы зор.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Соғыс кезінде радио байланыс қандай рөл атқарады?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

21 тақырып: Жауынгерлердің денсаулығын сақтау, жеке және ұжымдық гигиена оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Жеке құрам денсаулығын сақтау командирдің міндеттерін білу

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жеке гигиена ережелері?

Дәріс.

Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы туралы қамқорлық көрсетуі, медицина қызметкерлерінен сырқатын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтауы, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс.



Жеке гигиена ережелеріне:


  • таңертең белуарына дейін салқын сумен шайынуы және тісін тазалауы;

тамақ ішер алдында қолын жууы;

  • ұйқыға жатар алдында жуынуы, тісін тазалауы және аяғын жууы;

уақтылы қырынуы, шашын және тырнағын алуы;

  • іш киімі мен төсек-орнын, шұлғауы мен ұйықтарын ауыстырумен апта сайын моншада жуынуы;

  • киім-кешегін, аяқ киімі мен төсек-орнын таза ұстауы, жаға астарларын уақтылы ауыстыру кіреді.

Әскери қызметшілердің шаш үлгісі, мұрты мен сақалы (егер олар бар болса) ұқыпты болуы, гигиена талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға және жарақтарды алып жүруге бөгет жасамауы тиіс.

Сақал қоюға тек офицерлерге рұқсат етіледі.
Қоғамдық гигиена ережелеріне:


  • ұйықтайтын үй-жайларда, дәретханаларда және басқа да жалпы пайдаланылатын бөлмелерде тазалық сақтау;

  • үй-жайларды жиі желдету;

  • көпшілік орындарда, сондай-ақ әскери бөлім (бөлімше) орналасқан аумақта тазалық сақтау кіреді.

Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды жұқтырмауын қамтамасыз ету үшін алдын ала егу жұмыстары жүргізіледі. Егулер жоспарлы және індеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін.

Жоспарлы сақтандыру егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамын алдын ала егулердің күнтізбелік жоспарына сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.

Індеттік көрсетулер бойынша егулерден әскери қызметшілер тек дәрігерлердің қорытындысы бойынша босатылады.

Егулер туралы белгілер медициналық кітапшаларына және әскери билеттеріне енгізіледі.

Әскери қызметші өзінде немесе онымен бірге бір пәтерде (жатақхана бөлмесінде), сондай-ақ казармада тұратын адамдар арасында жұқпалы аурудың туындағаны туралы медицина қызметкеріне баяндауға және медицина қызметі бастығының қорытындысы бойынша өзінің тікелей командирінің (бастығының) рұқсатымен қызметтік міндеттерін орындауы тиіс.

Әскери бөлімде жұқпалы аурумен сырқаттанушы табылған кезде медицина қызметінің бастығы бұл туралы дереу командирге (бастыққа) және үлкен медицина бастығына баяндайды, сырқаттанғандарды белсенді анықтауды, оқшаулауды және госпитальға жатқызуды, бөлімшелерді залалсыздандыруды, сырқаттанғанмен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауды жүргізеді және санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейтеді.

Қажет болған кезде әскери бөлімде қадағалау режимі немесе карантин енгізіледі, азаматтық тұрғындармен қарым-қатынас тоқтатылады немесе шектеледі, әскери бөлімнің ішінде жеке құрамның жиналысына және мәдени көпшілік іс-шараларына тыйым салынады, қосымша оқшаулағыштар өрістетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет