Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Азаматтарды әскери қызметке даярлау?
-
Бастапқы әскери даярлық?
-
Азаматтарды әскери-техникалық мамандықтар
бойынша даярлау?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 ж. 24 мамырдағы №449 қаулысы.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
№11 тақырып: Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы». 1992 ж.
22 желтоқсан.
Дәріс мақсаты: Студенттерге Қарулы Күштердің мемлекеттегі алатын орны туралы, Қазақстан Республикасының әскер түрлері туралы қысқаша анықтама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жауынгерлерінің мемлекеттегі алатын орны, құқытары.
-
Қазақстан Республикасының әскер түрлері.
-
Қазақсан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері дегеніміз – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, зайырлы және біртұтас Мемлекет ретінде сипаттайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының негізделген ережелері.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қарулы Күштерінің жауынгерлері толық құқылы азаматтар болып табылады, әрі біздің заңымыз бойынша, олар сайлауға және сайлануға ешбір шектеусіз құқылы.
Кей елдерде армияны саясатсыздандыру мақсатында әскери қызметшілерді сайлау құқығынан толық айырады (Аргентина, Мексика, Түркия, Финляндия және т.б.).
-
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күшетріне құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, Қарулы Күштер түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.
Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар әр түрлі қаруларды және басқа да техникаларды үйлестіре қолданады. Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге – инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т.б. жатады.
Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және толық моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері соғыста жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен, бронетранспортерлермен жабдықталады және маневрлік әскер түріне айналдырады. Сонымен бірге, мотоатқыштар әскерлеріөз құрамында танкілердің үлкен бөлігін иемденеді. Бұл олардың соққы және атыс күшін арттырады. Жауынгерлер автоматпен қаруланады, бөлімшелерде танкіге қарсы күрес жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады. Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс, автомобильдік және басқа бөлімшелер енген.
Танк әскерлері – салыстырмалы түрде жас әскер. Тарихта бірініші дүние жүзілік соғыс жылдарынан басталады. Танк әскерлері – құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар, көбінесе, ең басты маңызды міндеттер орындау бағыттарында неғұрлым күрделі міндеттерді орындау үшін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танк бөлімдері мен құрамаларының қару-жарағында орта және жеңіл жүретін танкілер бар. Жоғары жылжымалы, сауытты қорғанысы, қазіргі заманға сай қару-жарағы, түнде көретін аспаптарының және су түбінде жүзуге арналған жабдықтарының болуы – танкілердің қазіргі жағдайда ұрысқа тиімді құрал етеді. Сауытының өте мықты болуына байланысты, олар ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына: өткір радиацияның, соққылы толқын мен зиянды сәулеленудің радиоактивтік зақымдауларының әсеріне қарсы үлкен беріктікке ие болады.
Құрлық әскерінің артиллериясы. Артиллериялық бөлімшелер мен бөлімдердің болуы құрылқ әскерлерінің айтарлықтай күшейтті. Олар өз соққыларымен қысқа уақыттың ішінде қарсыластың бөлімдері мен бөлімшелерін түгел жойып жіберуі мүмкін. Біздің армиямыз артиллерялық бөлімдері мен бөлімшелерінің қару-жарағында артиллерялық зеңбіректердің әр түрі мен калибрлері, реактивтік артиллерия және түрлі мақсатқа қарай, снарядтар мен миналар болады. Құрлық әскерлерінің артиллериясында зеңбіректер, келте зеңбіректер, реактивтік қондырғылар, танкіге қарсы қолданылатын жойғыш зеңбіректер, минаатарлар және алыс қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Барлық құралдары моторландырылған, қысқа уақыт ішінде оқ атуға қабілетті, атыспен және қозғалыспен маневр жасай отырып, мотожаяу әскерлері мен танкілерге еріп жүреді.
Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері. Ғылыми техникалық прогреске байланысты, қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз өсті.Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас әскерлерден терең және жан-жақты білімді, дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, шымырлықты талап ететін қазіргі заманғы техникалармен жарақтанған. Арнайы әскерлер құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған.
Инженерлік әскерлер. Бірде-бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілдмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныс кезінде инженерлік әскерлер қорғаныстық шептері және позицияларды тұрғызады, бөгеттер жасайды.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау). Ядролық қару мен басқа жаппайжою құралдарының бар болуы осы қару түрлерін қолдану жағдайында, сондай-ақ радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі қиратулар (апаттар) кезінде әскерлерді қорғау бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін тудырады. Осындай тапсырмалар шешуде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері маңызды рөл атқарады.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауға мынадай негізгі міндеттерді орындау жүктеледі:
-
Қарсыластың ЖЖҚ қолдану, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объектілердің (РХБҚО) қиратылу зардабы мен масштабын табу және бағалау.
-
Радиоактивті, улағыш және басқа уақытты заттар мен биологиялық құралдардан жеке құрамды қорғау.
-
Әскерлер мен объектілердің көрінуін төмендету.
Осы міндеттермен қатар РХБ қорғау әскерлеріне қарсыластың тірі күші мен жеңіл сауытты техникасын өртегіш қарумен жою міндеттері де жүктеледі.
Байланыс әскерлері. Бөлімшелермен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын, бейбіт кезде және соғыстың барлық түрінде ойдағыдай басқарылуын қамтамасыз етеді.
Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері. Бөлімшелер мен бөлімдер ракеталар мен оқ-дәрілерді күтіп ұстауға және сақтауға, әскерлерді қару-жарақпен, техникамен, оқ-дәрілермен қамтамасыз ету және әскери-техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару-жарақ пен техниканы жөндеуді ұымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған.
Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан блімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндеттерін атқарады.
Әуе қорғаныс күштері. Қазақстанның әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайтын маңызды құрал болып табылады, олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тіпті бейбіт күндері де елдің әкімшілік және экономикалық орталықтарын, Қарулы Күштердің топтарын жаудың әуе шабуылынан қорғауда жауапты әскери міндеттерді қарсы қорғаныс әскерлері (ӘШҚӘ) қолайсыз ауа райы және қатты радиоэлектрондық кедергілерде, алыстағы және жақындағы, әр түрлі биіктіктегі нысаналарды жоятын, әуе шабуылын ескеретін қазіргі заманғы құралдармен, мықты зениттік-ракеталық, авиациялық және радиолокациялық техникамен жарақталған.
Әскери әуе күштері. Әскери әуе күштерінің негізін күшті ракеталық-пулеметтік қару-жарақпен және жетілдірілген радиоэлектрондық қондырғылармен жабдықталған реактивтік, дыбыстан жоғары авиация құрайды.
Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери тасымалдау авиацияларынан тұрады. Әскери әуе күшетрі өз міндеттерін орындау үшін әр түрлі мақсаттағы ұшақтарды: жайғыш ұшақтарды, жойғыш бомбалаушылар, барлаушы және басқа да ұшақтарды, сондай-ақ тікұшақтарды пайдаланады.
Әскери-теңіз күштері. Әскери-теңіз күштері Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және экономикалық мүддесін, Каспий теңіімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларының барлық түрлерін жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институтының базасында ӘТК-не, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдары үшін әскери-теңіз мамандарын даярлауға арналған.
Аэроұтқыр әскерлері. Құрлық әскерлерімен тығыз байланыста аэроұтқыр әскерлері бөлімдері мен бөлімшелері қолданылады. Бізде десантшыларды «қанатты жаяу әскер» деп атайды. Ол әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге, қарсыластардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға арналған.
Ракеталық әскерлер және артиллерия. Ракеталық әскерлер мен артиллерия қарсыласты атыспен жоюдың негізгі құралы болып табылады. Қарсыластың ядролық және химиялық шабуыл құралдарын, әскерлер мен авиациясының орналасу орындарындағы негізгі топтарын, басқару пункттерін, тыл және басқа да маңызды объектілерін жоюға арналған.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады. Шекара әскерлерінің Мемлекеттік шекараны әрдайым қырағы күзетіп, оны қорғауға және қарсыластың шабулына тойтарыс беруге қабілеттілігі, шекарашы әскерлердің жоғарғы әскери шеберлігі Отанымыздың аумақтық бір тұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Шекара қызметінің теңіз дивизиясы. Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғаудағы қиын қызметке жауапты. Оның басты міндеті – еліміздің агрессорлардың су шебінен жасайтын шабуылын қорғау болып табылады.
Республикалық Ұлан. Қазақстан Республикасы Ұланының қатарында қызмет ету – көптеген жастар үшін құрмет. Республикалық Ұлан ҚР Президентіне тікелей бағынатын жеке әскери құрылым болып табылады.
Ішкі әскерлер. Әзірге Республикамызда қылмыстық және басқа да құқық бұзушылық сақталып отырғанда, ішкі әскерлердің қажеттілігі маңызды болып қала береді. Ішкі әскерлер құықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік – әскери міндеттерді орындауға арналған. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда ішкі әскерлер әскрі жоғарғы саналылық пен жанкештілік көрсетуде. Ішкі әскерлер «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының негізінде жинақталады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Қарулы Күштердің мемлекеттегі алатын орны қандай?
-
Қазақстандағы әскер түрлері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы». 1992ж.22 желтоқсан.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 тақырып: КІРІСПЕ
Тәжірибе мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының әскери қылмыстары туралы түсінік беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
«Бастапқы әскери дайындық құқықтық негіздері» пәнінің мақсаты мен міндеті.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
«Бастапқы әскери дайындық құқықтық негіздер» пәнінің мақсаты мен міндеті қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.
№2 тақырып: Әскери қылмыстар: 366-бап. Әскери қылмыс ұғымы.
367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау. 368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету. 369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері. 370-бап. Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу.
Тәжірибе мақсаты: Студенттерге Қазақстан республикасының Әскери қылмыс ұғымы, бұйрықты орындамау, бастыққа қарсылық көрсетуге қатысты қылмыстар туралы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Әскери қылмыс ұғымы.
-
Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау.
-
Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету.
-
Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері.
-
Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Әскери қылмыс ұғымы?
-
Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету?
-
Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.
№3 тақырып: Әскери қылмыстар: 371-бап. Әскери қызметшіге тіл тигізу. 372-бап. Бөлімде немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету. 373-бап. Қашқындық. 374-бап. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару. 375-бап. Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу.
Тәжірибе мақсаты: Әскери ызметшіге тіл тигізу, Қашқындық, Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзуға қатысты қылмыстар туралы айту.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Әскери қызметшіге тіл тигізу.
-
Бөлімде немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету.
-
Қашқындық.
-
Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару.
-
Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Әскери қызметшіге тіл тигізу?
-
Қашқындық?
-
Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.
№4 тақырып: Әскери қылмыстар: 376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу. 377-бап. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу. 378-бап. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу. 379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарудың ережелерін бұзу. 380-бап. Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі.
Тәжірибе мақсаты: Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу, Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу, Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы туралы түсініктеме беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу.
-
Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу.
-
Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу.
-
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарудың ережелерін бұзу. 380-бап. Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу?
-
Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу?
-
Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.
№5 тақырып: Әскери қылмыстар: 381-бап. Қызметке селқос қарау.
382-бап. Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету. 383-бап. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету. 384-бап. Тұтқынға өз еркімен берілу. 385-бап. Тонаушылық.
Тәжірибе мақсаты: Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету, Тұтқынға өз еркімен берілу туралы қылмыстарды айту.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Қызметке селқос қарау.
-
Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету.
-
Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету.
-
Тұтқынға өз еркімен берілу.
-
Тонаушылық.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Қызметке селқос қарау?
-
Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету?
-
Тұтқынға өз еркімен берілу?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.
№6 тақырып: Әскери қылмыстар: 386-бап: Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтерді бар құжаттарды жоғалту. 387-бап. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру. 388-бап. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру. 389-бап. Әскери мүлікті жоғалту. 390-бап. Айналадағыларға қауіп туғызудан қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.
Тәжірибе мақсаты: Әскери құпияны жария ету, әскери мүлікті құртуға байланысты қылмыстар жайлы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтерді бар құжаттарды жоғалту.
-
Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру.
-
Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру.
-
Әскери мүлікті жоғалту.
-
Айналадағыларға қауіп туғызудан қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру?
-
Әскери мүлікті жоғалту?
-
Айналадағыларға қауіп туғызудан қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.
№7 тақырып: Әскери қылмыстар: 391-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу. 392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу. 393-бап. Кеме жүргізу ережелерін бұзу.
Тәжірибе мақсаты: Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу, кеме жүргізу ережелерін бұзу қылмыстары туралы оқыту.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу.
-
Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу.
-
Кеме жүргізу ережелерін бұзу.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу?
-
Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу?
-
Кеме жүргізу ережелерін бұзу?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.
№8 тақырып: Қазақстан Республикасының Заңы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет». 1993 ж. 19 қаңтар
Тәжірибе мақсаты: Студенттерге әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы жалпы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Әскер қызметке шақыру.
-
Әскери қызметті өткеру.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?
-
Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары қандай?
-
Әскери қызметті өтеу туралы заңда қандай құқықтар қарастырылған?
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер үшін әскери қызметті өтеудің заңда қандай мерзімі белгіленген?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Заңы 1993ж. 19 қаңтар «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет».
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
№9 тақырып: Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы.
Тәжірибе мақсаты: Студенттерге демократиялық және құқытық мемлекет құру кезеңінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Әскери доктринаның маңыздылығы туралы анықтама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасының міндеті және маңызы.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Жаңа Әскери доктрина қашан қабылданды?
-
Әскери доктринаның міндеті қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2007 жылғы наурыздың 21-і. №299 Жарлығы.
№10 тақырып: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 ж. 24 мамырдағы №449 қаулысы.
Тәжірибе мақсаты: Студенттерге мемлекеттiк органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы анықтама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Мемлекеттiк органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Азаматтарды әскери қызметке даярлау?
-
Бастапқы әскери даярлық?
-
Азаматтарды әскери-техникалық мамандықтар
бойынша даярлау?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 ж. 24 мамырдағы №449 қаулысы.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
№11 тақырып: Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы». 1992 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |