Бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)



Дата05.07.2016
өлшемі383.36 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 4 наурыздағы

№ 225 қаулысымен бекітілген



Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)



  1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның атауы

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде берген тапсырмасы.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі отырысының 2010 жылғы 6 желтоқсандағы хаттамасы

Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Бағдарламаның міндеттері

Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді сауықтыру (оның ішінде қаржылық).

Барынша мүмкін жұмыс орындарының санын сақтау.



Іске асыру мерзімі 

2011 - 2016 жылдар

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламаға қатысушы – бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Индикаторлардың 2016 жылға дейінгі сандық көрсеткіштері кейіннен Бағдарламаға толықтырулар енгізе отырып, Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша анықталатын болады.



Қаржыландыру көздері мен көлемдері

2011 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет қаржыландыру көзі болып табылады, оның ішінде 2011 жылға – 8,756 млрд. теңге. Алдын ала бағалау бойынша:

барлық әлеуетті қатысушылар Бағдарламаға қатысқан,

барлық сауықтыру жоспарларының мерзімі ең жоғары болған (5 жыл),

барлық сауықтыру жоспарлары кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды талап еткен кезде ең пессимистік сценарий бойынша шығыстар 145,404 млрд. теңгеге дейін болуы мүмкін.

Осыларға жол беруді нақты бағалау осы шығыстарды 80 млрд. теңгеге дейін айтарлықтай қысқартуды болжамдауға мүмкіндік береді. Сондықтан 2012 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыру сомасы жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.




2. Кіріспе
Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің салдарынан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бір бөлігі кредиттерді және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушілер, инвесторлар мен контрагенттер алдында міндеттемелерді орындамау, салықтық міндеттемелерді орындамау қаупін туындатып, банктердің несие қоржынына теріс әсер етеді.

Өз кезегінде банк активтері сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемінің, шығындардың, капиталға қысымның өсуіне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкіндігінің қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесінде экономиканың өсімін тежейді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезіндегі өзінің сөзінде нақты және қаржы секторларының орын алып отырған проблемалары туралы атап өтті және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы осы мәселені шешу екі бағыт бойынша – бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыруға көмек көрсету және қаржы жүйесін сауықтыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп айқындап берді.

Сондықтан Экономиканы дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі және Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп әзірлеген қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі екі бөлік көзделеді.

Осы Бағдарлама берешегі 4,5 миллиард теңгеден асатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында әзірленді.

Берешегі осы сомадан кем болатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы) шеңберіндегі мемлекеттік қолдауды пайдалана алады.

Қаржы жүйесін сауықтыру үшін кредиттік портфель сапасын сауықтыруға, Қазақстан экономикасына кредит берудің тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті болуы жөніндегі талаптарды жақсартуға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады.

Мемлекет басшысы кәсіпорындарды сауықтырудағы мемлекеттің қолдауы уақытша шара болып табылады және кәсіпорындардың өсу стратегиясына көшуі үшін көрсетіледі деп айқындады.

Сондықтан Бағдарламаға ену мүмкіндігі 2011 жылмен шектелген.

Кейіннен өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтірген кәсіпорындар «Өнімділік 2020» бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатыса алады.

Бағдарламаның қолданысы кәсіпорындарды сауықтыру кезінде тараптардың еріктілігі, тепе-тең қатысуы, айқындылық, жариялылық, сондай-ақ тиімділік пен жүйелілік қағидаттарына негізделген.

Еріктілік қағидаты кәсіпорынның Бағдарламаға өтініммен қатысуына сайып келеді.

Тараптардың тепе-тең қатысуы кәсіпорынды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар кредит берушілердің, меншік иелері мен мемлекеттің бірлескен және көрсетілетін қолдау көлемімен мөлшерлес күш-жігерімен жүзеге асырылуға тиіс екенін білдіреді.

Айқындылық қағидаты Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу рәсімдері мен нәтижелерін баяндаудың анықтығына және Бағдарламаның іске асырылуы үшін мемлекеттік және өзге органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп беруіне негізделеді.

Жариялылық қағидаты қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия режимді қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік органдардың қызметіндегі барынша ашықтықты және мемлекеттік қолдау нәтижелерін міндетті түрде жариялауды білдіреді.

Тиімділік және жүйелілік қағидаты мемлекеттік қолдау сауықтыру жоспарында айқындалған мерзімге сәйкес оң нәтиже межеленген кезде ғана ұсынылатынын білдіреді.

Бағдарламаға «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының ережелеріне сәйкес орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметін өндіруші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімін өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда, жүйе құрушы болып табылатын кәсіпорындар қатыса алады.

Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар қатысатын заңды тұлғалар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ шет елдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.

Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келісімдер жиынтығында 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүс миллион) теңгені құрайтын немесе одан асатын және олар бойынша болашақта оларды қайта құрылымдаусыз орындау проблемалы болып есептеледі деген негіздер бар сомаға 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жасалуы тиіс.

Егер кластерлік қағидат бойынша холдинг құрамына жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін кәсіпорын кірген жағдайда Бағдарламаға холдинг тобы қатысады.

Бағдарламаға 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде оңалту рәсімі қолданылған, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кәсіпорындар қатыса алады.

Бағдарламада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

Сауықтыру кеңесі – мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сауықтыру кеңесінің төрағасы болып табылады. Сауықтыру кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Сауықтыру кеңесі туралы ережемен реттеледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

Салалық органдар – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі және басқалар.

Сауықтыру жоспары – іске асыру мерзімін, қол жеткізілетін нәтижелер мен ресурстарды, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді көрсете отырып, қолданыстағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында кредит берушілер мен кәсіпорындардың меншік иелері, сондай-ақ мемлекет тарапынан тепе-тең негізде жүзеге асырылатын қолдау шараларын қолдану кезінде кәсіпорынды сауықтыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені.

Кредит берушілер комитеті – еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жөніндегі кредит берушілердің, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі кредит берушілердің өкілдерінен, кредит беруші – мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ кәсіпорынға талап қою сомасы неғұрлым көп кредит берушілердің өкілдерінен қалыптастырылған алқалы орган.

Консультанттар – әлеуетті қатысушылардан және олардың кредит берушілерінен және меншік иелерінен тәуелсіз, сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін Кредит берушілер комитеті таңдаған адамдар.

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.

Сауықтыру – кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Кәсіпорын – акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы кәсіпкерлік субъектісі.

Холдинг – ұйымдық-құқықтық нысанына қарамай, басқа кәсіпорындар акцияларының бақылау пакеттері мен қатысу үлестерін меншік құқығында иеленетін кез келген кәсіпорын.

Әлеуетті қатысушы – Бағдарламаға қатысуға құқығы бар және Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға ниет білдірген кәсіпорын.

Әлеуетті қатысушының өтініші – Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы белгілеген нысанға сәйкес әлеуетті қатысушы толтыратын құжат.

Сауықтыру кеңесінің қорытындысы – әлеуетті қатысушыны сауықтыру жоспарын талдауға негізделген және оны негізге алған Сауықтыру кеңесінің әлеуетті қатысушыны Бағдарламаға қосу не қоспау туралы шешімі.

Қатысушы – Сауықтыру кеңесінің оң қорытындысын алған әлеуетті қатысушы.

Стратегиялық инвестор:

сауықтыру жоспарымен корреспонденцияланатын жеке инвестициялық бағдарламаны іске асыру шарттарында дауыс беретін акциялардың және/немесе акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын сауықтыру жоспарын іске асыру шеңберінде шығарылған акциялар пакетінің он және одан асатын пайызын сатып алуға мүдделі инвестор;

жеке инвестициялық бағдарламаны іске асыру және/немесе серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салым енгізу шарттарында жарғылық капиталдың 10 және одан астам пайызы мөлшерінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысу үлесін сатып алуға мүдделі инвестор.

Мониторинг жөніндегі консалтингтік компаниялар – қатысушыларды сауықтыру жоспарларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру үшін Уәкілетті орган тартатын және уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін компаниялар.

Сараптау қорытындылары – кәсіпорындардың Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне салалық органдардың қорытындылары.

Субсидиялау жөніндегі оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйым, оған:

қаржы ұйымдарына кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде ақша қаражатын, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды аудару;

пайыздық ставканы субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі жөніндегі міндеттер жүктелген.



3. Ағымдағы ахуалды талдау
Дағдарыс жағдайында мемлекет өзіне экономикалық үдерістерді тұрақтандырушы рөлін қабылдады, екінші деңгейдегі банктерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне, құрылыс саласы компанияларына айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетті.

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін қомақты бюджет қаражаты және Ұлттық қор қаражаты оқшауландырылды.

Тұрақты жұмыс орындарының жұмыс істеп тұрғандарын сақтау және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсіуін қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мынадай:

жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау бағыттары бойынша банктің сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетіледі.

Сонымен бірге, екінші деңгейдегі банктердің ақпараты бойынша әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жекелеген кәсіпорындар да кредиттерді өтеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарды сезініп отыр.

Қалыптасқан ахуал банктерге бұрын мемлекет көрсеткен қолдауға қарамастан, олардың несие қоржынына, сондай-ақ облигациялық қарыздарға қызмет көрсетуге және салық міндеттемелерін орындауға теріс әсер етуі мүмкін.

Бұл кәсіпорындардың көпшілігінің Қазақстан экономикасы үшін маңызды мәні бар екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатынын атап өткен жөн.

Әлемдік тәжірибені талдау көрсетіп отырғандай, қаржы-экономикалық дағдарыстардың салдарын жою мемлекет тарапынан ауқымды қолдаумен сипатталады.

Мәселен, Түркияда 2001 жылғы ақпанда басталған қаржы-экономикалық дағдарыс 1990 жылдар ішінде болған дағдарыстардың тұтастай легімен салыстырғанда ең ауыры болды және экономикаға анағұрлым нұқсан келтірді. Нәтижесінде мемлекетке қомақты қаражат жұмсай отырып, 21 жеке банкке интервенцияны жүзеге асыруға және 4 ірі мемлекеттік банкті қайта құрылымдауды жүргізуге тура келді. Реформа басында корпоративтік берешек еленбеген еді, бірақ шетелдік валютада қарыздары бар ірі түрік корпорациялары дағдарысқа жауап ретінде түрік лирасының өте құнсыздануы салдарынан ауыр жағдайда қалды.

Осылайша, түрік үкіметіне корпоративтік сектор берешегінің проблемасын ерікті қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру жолымен шешуге тура келді. Банктер мен компаниялар арасындағы қайта құрылымдаудың бейресми рәсімі немесе соттан тыс әлемдік мәмілелер дауаларды шешу бойынша ең табысты және кеңінен қолданылатын әдістер болып табылады.

Ерікті қайта құрылымдау бағдарламасының сипаттамалары:

негізгі кредит берушілердің соттан тыс қайта құрылымдауды жүргізу мүмкіндігін қарастыруға әзірлігі;

кредит берушілер компанияның ұзақ мерзімді тыныс-тіршілігіне қатысты тәуелсіз сараптамаға бастамашылық ете алады;

сараптама кезінде кредит берушілер компанияға өз қызметін қалыпты режимде жүзеге асыру мүмкіндігін бере отырып, өнім берушілер мен клиенттердің сенімділігін қолдайтындай дәрежеде қолдау көрсетуге және өндіріс үдерісіне араласпауға келісім білдіреді;

тәуелсіз сараптама нәтижелеріне негізделе отырып, компанияның негізгі кредит берушілері ұзақ мерзімді қолдаудың шарттары мен қажеттілігін бірге шешеді;

үдерісті жылдамдату үшін жетекші банкті және кредит берушілер комитетін құруға болады;

бір санаттың ішіндегі кредит берушілер арасында шығындарды тең дәрежеде бөлу талаптарының бастапқылығын тану;

егер кредит берушілер компания ұзақ мерзімді перспективада шын мәнінде өміршең деп анықтаса, олар пайыздың мерзімін ұзарту, кредиттің кезеңін ұзарту, одан әрі қаржы беру немесе компанияның үлесін сатып алу сияқты неғұрлым ұзақ мерзімді қаржылық қолдау шараларын ұсына алады.

Стамбул ұстанымы – Нормативтік база мен құрылым. 2001 жылы Түркияда лондондық ұстанымға негізделген қайта құрылымдаудың ерікті заңды емес бағдарламасы әзірленді. Шығыс Азиядағы дағдарыс тәжірибесінің негізінде жасалған Стамбул ұстанымы деп аталған бағдарлама осы бағдарламаның жұмыс істеуі үшін қажетті салықтық бастамаларды реттеп қолдануға бағытталды. Осы элементтер Қазынашылық пен Қаржы министрлігінің күшті қолдауын талап етті.

Банк секторын реттеу және қадағалау агенттігі 2002 жылы банктерді үйлестіруді қайта құрылымдауды қолдауға провизиялардың түсінікті қағидаларын белгіледі. Келісімге 34 коммерциялық банк, банктік емес қаржы делдалдары, сондай-ақ мемлекеттік банктер қол қойды.

Стамбул ұстанымын іске асыру. Үкімет 2002 жылғы 1 маусымда бағдарламаның басталғаны туралы жария етті. Бірақ оны іске асыру жұмыс істемейтін кредиттерді қайта құрылымдау және банктерді қайта капиталдандыру аяқталатын қыркүйектің аяғына дейін кейінге қалдырылды. Сол уақытқа капиталдандырылған банктердің банктерді қайта капиталдандыру және барлық провизиялық кредиттерді жинақтау үшін қажетті бастамалары болуы тиіс болатын. Банктер сондай-ақ одан әрі ұзарту мүмкіндігімен үш жылға арналған Бағдарламаның бір бөлігі болған салықтық жеңілдіктерді пайдалана алды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде үздік әлемдік практиканы ескере отырып, Қазақстанның орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін және жұмыс орындарын сақтау мақсатында оларға қолдау көрсеткен жөн.



4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағдарламаның мақсаты


Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары


Бағдарламаға қатысушы – бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру;

2016 жылға дейінгі индикаторлардың сандық көрсеткіштері Бағдарламаға кейіннен толықтырулар енгізе отырып, Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша анықталатын болады.

Міндеттері
1. Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді сауықтыру (оның ішінде қаржылық);

2. Жұмыс орындарының барынша мүмкін санын сақтау.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Мыналар 2016 жылы Бағдарламаның негізгі сандық және сапалық нәтижелеріне айналады:

Бәсекеге қабілетті шамамен 30 – 50 кәсіпорынды сауықтыру;

Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың қолданыстағы жұмыс орындарының кемінде 70 пайызын сақтау.

2. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге органдар:

Сауықтыру кеңесі;

Уәкілетті орган;

Сараптау қорытындыларын дайындау шеңберінде – салалық органдар;

Меншік иелері;

Бағдарламаға қатысушылар;

Кредит берушілер комитеті;

Консультанттар;

Мониторинг жөніндегі консалтингтік компаниялар;

Субсидиялау жөніндегі оператор.

3. Бағдарламаны іске асыру тетіктері.

Бағдарламаны іске асыру тетіктері Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың қаржылық жай-күйін талдауға, барлық мүдделі тараптарға көлемі жағынан мөлшерлес қолдау көрсету кезінде Бағдарламаға қатысушы әрбір жеке кәсіпорын бойынша сауықтыру жоспарын әзірлеуге және орындауға сүйенеді.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға өтініш бергенге дейін кәсіпорын меншік иесінің (меншік иелерінің) шешімі негізінде кредит берушілерге жүгінеді және олармен өзінің Бағдарламаға қатысу мүмкіндігін келіседі.

Егер талап ету құқықтары жиынтықта берешек сомасының (салық берешегін қоспағанда) 85 және одан астам пайызын құрайтын кредит берушілердің (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі кредит берушілерді қоспағанда) оң шешімдері алынса, кәсіпорын өзінің Бағдарламаға қатысуын келісті деп есептеледі.

Кәсіпорынның Бағдарламаға қатысуына оң шешім қабылданған жағдайда кредит берушілер Кредит берушілер комитетін құрады.

Кредит берушілердің кәсіпорындардың Бағдарламаға қатысуына келісімі Кредит берушілер комитетінің шешімімен ресімделеді.

Кредит берушілер кәсіпорынның Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысу мүмкіндігімен келіспеген жағдайда кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес (кредит берушілердің 50 пайыздан астамы келіскен кезде) сауықтырудың (оңалтудың) соттан тыс тәртібін енгізу үшін сотқа жүгіне алады.

Бағдарламаға қатысуға кредит берушілердің келісімін алып, кәсіпорын мыналарды:

Кредит берушілер комитетінің кәсіпорынның Бағдарламаға қатысуына келісім беру туралы шешімінің көшірмесін,

оң сараптау қорытындысын,

қаржы ұйымдарының берілген қарыздарды (кредиттерді) проблемалық қарыздарға жатқызу мүмкіндігін растай отырып, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпорынның жиынтықта 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүс миллион) теңгені құрауға немесе одан артық болуға тиіс берешегінің бар екені туралы үзінді көшірмелерін;

қатысуға өтініш берген күннің алдындағы кемінде бір ай бұрын берілген кәсіпорын жарғысының және акционерлік қоғам тіркеушісінің үзінді көшірмесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін құрылтай құжаттарының үзінді көшірмелерінің) нотариалды расталған көшірмесін қоса бере отырып, белгіленген нысандағы өтінішпен Сауықтыру кеңесінің жұмыс органына жүгінеді.

«Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде өтініш беру сәтіне оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорынның Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға өтініш беруі сот оңалту рәсімі шеңберінде құрылған кредит берушілер комитеті шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Өтінішке жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа кәсіпорынға оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

Әлеуетті қатысушылардың өтініштерін қабылдау 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

Өтініш нысанын Жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырады.

Сараптау қорытындысын алу үшін кәсіпорын салалық органдарға жүгінеді. Сараптау қорытындысын салалық органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді.

Салалық органдардың сараптау қорытындысы мыналарды қамтиды:

кәсіпорынның орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатынын:

қызметкерлерінің орташа жылдық саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын немесе бір жылдағы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратынын,

қызметкерлерінің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан астам немесе бір жылдағы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз жиырма бес мың есесінен асатын жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратынын растау;

кәсіпорын салалық органдар әзірлеген критерийлерге сәйкес жүйе құрушы болып табылатынын растау;

кәсіпорын қызметін өнеркәсіптің өндіруші, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімдерін өндіруші салаларында жүзеге асырмайтынын растау.

Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы ұсынылған құжаттардың толықтығы және дұрыстығы тұрғысынан оларды 5 жұмыс күні ішінде қарайды және кәсіпорынды екінші кезеңге қатысуға жіберу немесе кері қайтаруы туралы шешім шығарады.

Екінші кезең консультанттардың сауықтыру жоспарын әзірлеуімен, оны Кредит берушілер кеңесінің бекітуімен, Сауықтыру кеңесінің жұмыс органының талдауымен және Сауықтыру кеңесінде қараумен тұжырымдалады.

1) Сауықтыру жоспарын әзірлеу және сүйемелдеу үшін әлеуетті қатысушы Кредит берушілер комитеті таңдайтын консультантты тартады.

Консультант мынадай жағдайларда тартылмайды:

әлеуетті қатысушы берешегінің барлық сомасының 85 пайыздан астамы үлесіне келетін негізгі кредит беруші болған кезде. Бұл ретте сауықтыру жоспарын әлеуетті қатысушы негізгі кредит берушімен бірлесіп әзірлейді;

егер әлеуетті қатысушыға сот оңалту рәсімі қолданылған болса.

Консультант қызметтерінің құнын төлеуге арналған шығыстардың 50 пайыздық мөлшері республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылады, бұл ретте сауықтыру жоспарын сүйемелдеу құнын қоса алғанда, әрбір әлеуетті қатысушыны қоса қаржыландырудың ең көп сомасы шарт сомасының 50 пайызынан немесе 35 млн. теңгеден аспауға тиіс.

2) Сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін консультант қызметтерінің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды алу үшін әлеуетті қатысушы уәкілетті органға әлеуетті қатысушы мен консультант арасында жасалған сауықтыру жоспарын әзірлеуге және сүйемелдеуге арналған шартты қоса бере отырып, Уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес жасалған өтінімді жібереді.

Өтінімде Кредит берушілер комитеті сауықтыру жоспарымен келіспеген, сауықтыру жоспарын әзірлеу мерзімінен асып кеткен, Сауықтыру кеңесінің теріс қорытындысы алынған немесе қатысушы Бағдарламадан алып тасталған жағдайда әлеуетті қатысушының республикалық бюджеттен жіберілген қоса қаржыландыру сомасын қайтару міндеттемесі көзделеді.

Уәкілетті орган консультант қызметтерінің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға өтінімді алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген сома негізінде төлеуге берілетін шотты қалыптастырады және ақшалай қаражаттың сомасын консультанттың банктік шотына аударуды жүзеге асырады.

3) Сауықтыру жоспарын консультант Сауықтыру кеңесі айқындаған талаптарға (формат, құрылым, көрсеткіштер және т.б.) сәйкес сауықтыру жоспарын әзірлеуге және сүйемелдеуге шарт жасасқан күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде әзірлейді және оны Кредит берушілер комитеті бекітеді, онда мыналар:

кәсіпорынның ағымдағы жай-күйі мен оның қалыптасуы себептерінің сипаттамасын;

кәсіпорынның кредит берушілері мен меншік иелерінің қабылдап жатқан шараларын;

мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын (көлемі, мерзімі, кестесі және тағы басқалары);

қызметтің қаржы-экономикалық және өндірістік көрсеткіштерінің болжамын;

күтілетін нәтижені;

күтілетін тәуекелдерді;

функционалдық бюджеттер (мысалы: инвестициялар, маркетинг бюджеті, еңбек бойынша жоспар, салықтар бюджеті және т.б.) қоса бере отырып, оларға енгізілген деректерді міндетті түрде егжей-тегжейлі сипаттай отырып, қаржы-экономикалық модельді (қаржылық есептіліктің негізгі форматтарының (кірістер мен шығыстардың бюджетін, ақша қозғалысының бюджетін, теңгерім парағының бюджетін) болжамын мазмұндайтын MS Excel форматындағы құжат) қамтиды.

Өтініш берген сәтте соттың оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорынның сауықтыру жоспары заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, қолда бар оңалту жоспарын ескере отырып әзірленуі мүмкін.

4) Әзірленген сауықтыру жоспарын әлеуетті қатысушының Кредит берушілер комитеті бекітеді.

Кредит берушілер комитеті бекіткен сауықтыру жоспары белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда Сауықтыру жөніндегі кеңес кәсіпорынды Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органы кредит берушілердің 50 пайыздан астамының (оған қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорынды қоспағанда) келісімі болған кезде сауықтырудың (оңалтудың) сот рәсіміне бастамашылық етуді қамтамасыз етеді.

Бұл ретте консультант қызметтерінің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға жіберілген бюджет қаражаты сауықтырудың (оңалтудың) сот рәсімі шеңберінде Республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.

5) Әлеуетті қатысушы сауықтыру жоспарын Кредит берушілер комитетінің сауықтыру жоспарын бекіту туралы шешімінің көшірмесімен қоса Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органына ұсынады.

6) Жұмыс органы сауықтыру жоспары келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде:

әлеуетті қатысушының контрагенттері, сондай-ақ оның аффилиирленген тұлғалары арасындағы өзара байланысты қатынастардың бар-жоғына талдау жүргізеді;

әлеуетті қатысушының бюджетке төлейтін төлемдері бойынша қалыптасқан «төлем тарихы» туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;

меншік иелерінің, кредит берушілердің және мемлекеттің тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау бөлігінде сауықтыру жоспарын талдайды.

Меншік иелерінің, кредит берушілердің және мемлекеттің тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау бөлігінде сауықтыру жоспарын талдау тараптар қолдауының келтірілген таза құнының есебін пайдалану негізінде әзірленген және уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

Сауықтыру жоспарының тиімділігі деп мыналар түсініледі:

кредит берушілер мен кәсіпорынның меншік иелері, сондай-ақ мемлекет тарапынан тепе-тең негізде жүзеге асырылатын қолдау шараларын қолдана отырып, кәсіпорынды сауықтыруға бағытталған өзара байланысты іс-қимыл кешенін іске асыру мақсатында кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану;

жұмыс орындарын барынша сақтап қалу, кәсіпорынды өндірістік қуатқа дейін көтеру, стратегиялық әріптестер іздестіру және тапсырыстар қоржынын қалыптастыру;

ресурстарға мұқтаждықтың негізділігі;

кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін, кейіннен қаржылық тұрақсыздықты болдырмау және кредит берушілер алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы орындау қабілетін қалпына келтіру.

7) Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша Жұмыс органы әлеуетті қатысушының досьесін қалыптастырып, Сауықтыру кенесінің қарауына жібереді, онда:

әлеуетті қатысушының өтініші;

оң сараптау қорытындысы;

қаржы ұйымдарының үзінді-көшірмелері;

сауықтыру жоспары;

кредит берушілердің сауықтыру жоспарын бекіту туралы шешімінің көшірмесі;

меншік иесі, кредит берушілер және мемлекет тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау бөлігінде сауықтыру жоспарын талдау нәтижелері;

оларға қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындар бойынша – кәсіпорынға оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімінің көшірмесі қамтылады.

8) Сауықтыру кеңесі Бағдарламаға әлеуетті қатысушының досьесін Жұмыс органы енгізген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде оны қарайды және 3 жұмыс күні ішінде Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органының интернет- ресурстарында орналастырылуға тиіс шешім қабылдайды.

9) Сауықтыру кеңесінің теріс қорытындысын алған әлеуетті қатысушы бойынша Жұмыс органы немесе әлеуетті қатысушының Кредит берушілер комитеті кредит берушілердің 50 пайыздан астамының (оған қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорынды қоспағанда) келісімі болған кезде сауықтырудың (оңалтудың) сот рәсіміне бастамашылық етуді қамтамасыз етеді.

Бұл ретте консультант қызметтерінің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға жіберілген бюджет қаражаты сауықтырудың (оңалтудың) сот рәсімі шеңберінде Республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.

Әлеуетті қатысушы екінші кезеңнің қорытындылары бойынша қатысушы мәртебесін алады.

Сауықтыру жоспарын іске асыру кезінде оны сүйемелдеуді консультант немесе кредит берушілер комитетінің шешімі бойынша қаржы ұйымы жүзеге асырады.

4. Қолдау шаралары.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік секторды сауықтыру бірнеше қолдау құралын пайдалана отырып жүзеге асырылады, олар сауықтыру жоспарында көрсетіліп, жауапкершілік блоктарына бөлінеді:



  1. кредит берушілер тарапынан қолдау:

берешектің бір бөлігін есептен шығару (негізгі борыш, сыйақылар, тұрақсыздық айыбы);

банктердің күмәнді және үмітсіз қарыздарды екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) кейіннен сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін оларды сатып алу жөніндегі еншілес ұйымға беруі;

төлемді өтеу кестесі мен мерзімділігін өзгерту;

қаржыландыру мерзімін ұлғайту, негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңін ұлғайту;

инвестициялық кезеңді аяқтау мақсатында жобаны түгел қаржыландыру;

қарызды қайта құрылымдаудың өзге де тәсілдері;

стратегиялық инвестор іздестіру және қатысушыны бағалау;

2) кәсіпорынның меншік иесі тарапынан қолдау:

кәсіпорынның акционерлік (жарғылық) капиталын ұлғайту;

кредит берушілер алдындағы қарыз толық өтелгенге дейін кәсіпорынның таза пайдасын қатысушылар арасында бөлмеу;

инвестор іздестіруге Мандат беру;

кәсіпорынның бизнес-үдерістерін оңтайландыру;

берешекті қайта құрылымдаудың шарттарын орындау бойынша кредит берушілерге толық көмек көрсету (кредиттік құрылымды күшейту);

іске асыру жөніндегі келісілген жоспарлардың және мәлімделген рентабельділіктің орындалуын қамтамасыз ету;

акциялар пакетін/ жарғылық капиталдағы қатысу үлесін сатуға келісу;

кәсіпорында тәуекел-менеджерді немесе қаржылық бақылаушыны енгізуге келісу;

заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қолдау шаралары;

3) мемлекеттік қолдау:

қазіргі бар қарыздар (кредиттер) және/немесе лизингтік операциялар бойынша пайыздық ставканы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды субсидиялау;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу мерзiмiн ұзарту;

салықтық преференциялар беру;

стратегиялық инвестор іздестіруде көмек көрсету;

4 жылға дейінгі мерзімге кепілдендірілген тапсырыс беру;

олардың кәсіпорынды сауықтырудағы қатысу дәрежесін ескере отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастыру бойынша шаралар қолдану.

Мемлекеттік қолдау шараларын беру былайша жүзеге асырылады.

Кәсіпорын сотқа Бағдарламаға қатысу шеңберінде борышты соттан тыс реттеу туралы және Кредит берушілер комитетінің кәсіпорынның Бағдарламаға қатысуына келісетіні туралы шешімінің көшірмесі мен Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органының (оған қатысты сот оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындарды қоспағанда) шешімін қоса бере отырып, кредит берушілердің кәсіпорынды банкрот деп тану туралы өтініш беруге құқығына шектеу қоятын сауықтыру жоспарын іске асыру кезеңіне мораторий енгізу туралы өтініш жібереді.

Кредит берушілердің кәсіпорынды банкрот деп тану туралы талап-арыздар беруіне мораторий енгізу туралы сот шешімі алынғаннан және ол Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органына ұсынылғаннан кейін ақшалай сипаттағы мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органының, Бағдарламаға қатысушының, меншік иесінің (меншік иелерінің) және кредит берушілердің арасында жасалатын төрт жақты келісімдермен тіркеледі және ресімделеді. Бұл ретте жасалатын келісімдерде мемлекеттік қолдау шарасы ретінде сауықтыру жоспарын орындау шеңберінде оқшауландырылған бюджет қаражаты, мониторинг барысында мүдделі тараптардың сауықтыру жоспарын орындамау не сауықтыру жоспарының нәтижелеріне қол жеткізбеуі айқындалған жағдайда қайтарылуға жатады.

Мораторий енгізу туралы сот шешімі ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қолдау шарасы қолданылмайды. Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан алып тастау туралы шешім қабылдайды. Әлеуетті қатысушының Жұмыс органы немесе кредит берушілер комитеті кредит берушілердің 50 пайыздан астамының (оған қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорынды қоспағанда) келісімі болған кезде сауықтырудың (оңалтудың) сот рәсіміне бастамашылық етуді қамтамасыз етеді.

Бұл ретте консультант қызметтерінің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға жіберілген бюджет қаражаты сауықтырудың (оңалтудың) сот рәсімі шеңберінде Республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.

Кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша пайыздық ставканы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды субсидиялауды қаржыландыру үшін қажетті ақшалай қаражатты жоспарлауды, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау және консультанттардың қызметтерін қоса қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіруді уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Пайыздық ставканы субсидиялау.

Пайыздық ставканы субсидиялау тек қана кредиттер және/немесе лизингтік операциялар, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялардың купоны бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте субсидияланатын қарыздардың (кредиттердің) жалпы сомасы 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүс миллион) теңгені құрауға немесе одан көп болуға және олар бойынша игеру 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей басталған болуға тиіс (доллар бағамы Бағдарлама іске асырылатын бүкіл кезеңге 2011 жылғы 1 қаңтардағы мән деңгейінде тіркеліп қалады).

Субсидиялау сауықтыру жоспарына сәйкес қаржылай кредит берушілердің міндеттемелерін қайта құрылымдаудың міндеттілігі шарттарымен беріледі.

Субсидиялау қызметтің негізгі түрімен байланысы жоқ, коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға бағытталған кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

Субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, субсидия мөлшері – жылдық 7 пайызға дейін. Бұл ретте қатысушы үшін сыйақының қорытынды ставкасы субсидиялауды ескере отырып, жылдық 7 пайыздан төмен болмауға тиіс.

Бұл ретте субсидиялау жөніндегі оператор және қаржы ұйымдары қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдердi алмайды.

Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында – өтеу Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Субсидиялау қатысушының қарыздарды (кредиттерді) өтеу кестесіне сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.

Іске асыру тетігі:

1) Уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі операторға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайыздық ставканы субсидиялау үшін жоспарланған сома шеңберінде ақша қаражатын аударады.

2) Субсидиялау жөніндегі операторға субсидиялауға өтінім беруді қатысушы Сауықтыру кеңесінің сауықтыру жоспарын мақұлдаған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.

3) Субсидиялау жөніндегі оператор қаржы ұйымдарына ақша қаражатын қатысушының сауықтыру жоспарында көзделген көлемде аударады.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу мерзiмiн ұзарту және салықтық преференциялар беру.

Мерзiмiн ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде қалыптасқан берешек бойынша өсімпұл есептеу жүргізілмейтін 3 жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.

Көрсетілгенмен қатар Бағдарламаға қатысушылар Салық кодексінде белгіленген инвестициялық салықтық преференцияларды және басқа да салықтық жеңілдіктерді пайдалануы мүмкін.

Бағдарламаға қатысушылар салық органдарын өздерінің Бағдарламада қатысатыны туралы хабардар етеді.

Стратегиялық инвестор іздестіруде көмек көрсету.

Кәсіпорынның капиталына кіру үшін стратегиялық инвестор іздестіруде көмек көрсету осы мәселені негізгі кредит берушімен немесе қазақстандық даму институттарының қызметі шеңберінде қалыптастырылған кредит берушілер комитетімен міндетті түрде келісу шартымен жүзеге асырылады. Осы қолдау шарасын іске асырудың тиімділігі мақсатында Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органы Бағдарламаға қатысушылардың кредит берушілері мен қазақстандық даму институттарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

4 жылға дейінгі мерзімге кепілдендірілген тапсырыс беру.

Кепілдендірілген тапсырыс беру мемлекеттік сатып алу субъектілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу арқылы 4 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте сатып алынатын тауарлар техникалық ерекшеліктер талаптарына сәйкес болуға тиіс және олардың құны сатып алушылар мәлімдеген құннан асып кетпеуге тиіс.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақша қаражатын орналастыруы жөнінде шаралар қабылдау.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқару органдары арқылы олардың кәсіпорынды сауықтыруға қатысу дәрежесін ескере отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне уақытша бос қаражатты орналастыруы жөнінде шаралар қабылданды.

5. Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу мақсатында банкроттық саласындағы заңнамаға сауықтырудың (оңалтудың) сот және соттан тыс рәсімін қолдануға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі бойынша шараларды қабылданатын болады.

Талап құқықтарының жиынтығы (салық берешегін қоспағанда) берешек сомасының 85 және одан астам пайызын құрайтын кредит берушілердің (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредит берушілерді қоспағанда) келісімі болған кезде қаржылық сауықтырудың (оңалтудың) соттан тыс рәсімін енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ сауықтырудың соттан тыс рәсімі кезінде жекелеген кредит берушілердің талап-арыздары бойынша банкрот деп тану туралы сот тәртібімен мораторий енгізу мүмкіндігі көзделетін болады.

Cауықтырудың (оңалтудың) тиімді сот рәсімі үшін заңнамаға:

банкроттық (тарату) рәсімінен бөлек қаржылық сауықтыру (оңалту) рәсімін енгізу;

кредит берушілердің келісімімен қаржылық сауықтыру (оңалту) рәсімінде кредит берушілердің талабы бойынша топ-менеджментті ауыстыру мүмкіндігімен кәсіпорынды меншік иесіне қалдыру;

кредит берушілер комитетінің құрамын кеңейту және оның құрамының тақ болуына қатысты талапты алып тастау;

кредит берушілер талабының сомасына қарай дауыс беру кезінде дауыстарды санаудың қосымша критерийін енгізу;

уәкілетті органның құзыретінен оңалту рәсімін енгізуді келісу функциясын алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Сонымен бірге салық салу, мемлекеттік сатып алу салаларындағы, банктер мен банк қызметі туралы заңнамаға мынадай:

Бағдарламаға қатысушыларға салық берешегін өтеу мерзiмiн ұзарту;

банктердің күмәнді және үмітсіз қарыздарды екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) кейіннен сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін оларды сатып алу жөніндегі еншілес ұйымға беруі;

банктің еншілес ұйымына борышкердің күмәнді және үмітсіз қарыздарын сауықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе банк пен борышкердің келісімі бойынша мерзімнен бұрын қарыз алушының оны сатып алған күнінен бастап 1 жыл ішінде сатылуы тиіс акцияларына (қатысу үлестеріне) айырбасталатын облигацияларына айырбастауға мүмкіндік беру;

банкке Бағдарламаға қатысушы қарыз алушыға қойылатын талаптар табысталған еншілес ұйымының берешегі бойынша осы ұйымның қызметі мерзіміне тепе-тең провизияларды біркелкі қалыптастыруын жүргізу мүмкіндігін беру;

мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы әлеуетті өнім берушілер үшін белгіленген, - төлемге қабілеттілігі мен мерзімі үш айдан асқан салық берешегінің болмауы – біліктілік талаптарын Бағдарламаға қатысушыларға қолданбау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ, ЕЭК шеңберінде қол қойылған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге сәйкес Бағдарламаға қатысушылар жеткізетін белгілі бір тауарларды ұлттық режимнен шығару жөнінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау қажет болады.

Бағдарламаның іске асырылуын әдіснамалық қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын Іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

6. Бағдарламаға қатысушылардың сауықтыру жоспарларын тиімді іске асыру мақсатында Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурстық негізде Бағдарламаға қатысушылардың сауықтыру жоспарларының іске асырылуына кешенді және жүйелі мониторинг жүргізу үшін мониторинг жөніндегі консалтингтік компанияларды тартады.

Бағдарламаға қатысушыларды сауықтыру жоспарларының іске асырылу мониторингі оны іске асырудың екінші жылынан бастап сауықтыру бағдарламасының бүкіл мерзімі бойына жыл сайын жүргізілетін болады.

Бағдарламаға қатысушыларды сауықтыру жоспарларының іске асырылуы мониторингінің нәтижелерін Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органы олар келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде шығарады.

Бағдарламаға қатысушыларды сауықтыру жоспарларын іске асыру мониторингінің барысында мүдделі тараптардың сауықтыру жоспарын орындамағаны немесе сауықтыру жоспарының нәтижелеріне қол жеткізбегені анықталған жағдайда Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан алып тастау туралы шешім шығарады. Сауықтыру кеңесінің шешімі қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ол Бағдарламаға қатысушының назарына жеткізіледі.

Сауықтыру кеңесінің шешімі негізінде Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органы мораторийді алып тастау және оған қатысты банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

Сауықтыру жоспарын іске асыру шеңберінде, оның ішінде консультант қызметтернің құнын төлеуді қоса қаржыландыруға оқшауландырылған бюджет қаражатын Бағдарламаға қатысушысы банкроттық рәсімі шеңберінде республикалық бюджетке қайтаруға тиіс.

Бағдарламаны іске асыру барысында субсидиялау жөніндегі оператор ай сайынғы негізде пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізеді және Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органы белгілеген нысандар бойынша және мерзімде Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органына ақпарат береді.

Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылған салықтық преференциялар мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу мерзiмiн ұзартудың мониторингін уәкілетті орган жүзеге асырады.

Жұмыс органы бұқаралық ақпарат құралдарында Бағдарламаның іске асырылу жай-күйін жария етіп отыруды қамтамасыз етеді.



5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады:

Бірінші және екінші кезеңдер – 2011 жыл.

Бірінші кезең алдан ала іріктеу кезеңі болады.

Екінші кезең – сауықтыру жоспарларын қарау және Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу.

Үшінші кезең – 2011 – 2016 жылдар аралығы.

Үшінші кезең Бағдарламаны іске қосуды және іске асыруды қамтиды.



6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
2011 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет қаржыландыру көзі болып табылады, оның ішінде 2011 жылға – 8,756 млрд. теңге. Алдын ала бағалау бойынша:

барлық әлеуетті қатысушылар Бағдарламаға қатысқан,

барлық сауықтыру жоспарларының мерзімі ең жоғары болған (5 жыл),

барлық сауықтыру жоспарлары кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды талап еткен кезде ең пессимистік сценарий бойынша шығыстар 145,404 млрд. теңгеге дейін болуы мүмкін, оның ішінде:

1) сыйақы ставкаларын субсидиялау – 141,004 млрд. теңге;

2) сауықтыру жоспарларын әзірлеу бойынша консультанттардың қызмет ақыларын төлеуге бірлесе қаржыландыруға - 1,125 млрд. теңге;

3) мониторинг бойынша консалтингтік компаниялардың қызмет ақыларын төлеуге - 1,685 млрд. теңге көзделіп отыр.

Осыларға жол беруді нақты бағалау осы шығыстарды 80 млрд. теңгеге дейін айтарлықтай қысқартуды болжамдауға мүмкіндік береді. Сондықтан 2012 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыру сомасы жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Сауықтыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауды, әкімшілендіруді уәкілетті орган жүзеге асыратын болады.
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары


Р/с №

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау

1

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Қаржымині

Әділетмині

ЭДСМ

ИЖТМ


ҰБ (келісім бойынша)

ҚҚА (келісім бойынша)




Заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң шығару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығару

2011 жылғы 2-тоқсан

2

Сауықтыру кеңесінің құрамын және ол туралы ережені бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2011 жылғы 2-тоқсан

3

Субсидиялау жөніндегі операторды айқындау

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2011 жылғы 2-тоқсан

4

Салалық органдардың кәсіпорынның Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру тәртібін бекіту

ИЖТМ

Қаржымині ЭДСМ



Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2011 жылғы 2-тоқсан

5

Кәсіпорындары жүйе құрушыға жатқызу критерийлерін бекіту

ЭДСМ

Қаржымині Салалық органдар



Бірлескен бұйрық

2011 жылғы 2-тоқсан

6

Консультант қызметінің құнын төлеуді республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға өтінім нысанын бекіту

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы

2011 жылғы 2-тоқсан

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қаржымині ЭДСМ

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2011 жылғы 2-тоқсан

8

Бағдарламаға қатысуға өтініш нысанын бекіту

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы

2011 жылғы 2-тоқсан

9

Меншік иесі, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау бөлігінде талдау әдістемесін бекіту

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы

2011 жылғы 2-тоқсан

Ұйымдастыру шаралары

10

Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың өтініштерін қабылдау

Жұмыс органы (Қаржы-мині)

әлеуетті қатысушы-лар




Бағдарламаға қатысуға өтініш

2012 жылғы 1 қаңтарға дейін

11

Қатысушыларды сауықтыру жоспарын әзірлеу

Консультанттар немесе негізгі кредит берушімен бірге қатысушы

Сауықтыру жоспары

Шарт жасалған күннен бастап 6 ай ішінде

12

Қатысушыны сауықтыру жоспарын сүйемелдеу

Консультант немесе қаржы ұйымы

Жұмыс органына ақпарат

Ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейін

13

Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органының Интернет- ресурстарына қажетті ақпаратты орналастыру

Жұмыс органы (Қаржы-мині)


Интернет-ресурстардағы ақпарат

Қажетіне қарай

14

Бағдарламаға қатысушыларға берілген салықтық преференциялар мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін ұзартудың мониторингі

Қаржымині

Жұмыс органына (Қаржымині) ақпарат

Ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейін

15

Пайыздық ставканы субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі

Субсидия-лау жөніндегі оператор

Қаржыминіне ақпарат

Ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейін

16

Қатысушыларды сауықтыру жоспарларын іске асыру мониторингі

Қаржымині Консалтинг- тік ұйымдар

Сауықтыру кеңесіне ақпарат беру

Жыл сайын 1 ақпанға (екінші жылдан бастап)


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚҚА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ИТЖМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі



Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.


Каталог: assets -> files
files -> Литература 8 Задачник классы практикум 11 Под научным руководством академика Г. Г. Граник
files -> 7 тыс рублей, в том числе субсидии бюджетам муниципальных образований 1 000 000 тыс рублей
files -> «севказэнерго»
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы №1057/10 қаулы Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы
files -> Справка о состоянии безопасности движения за 15 апреля 2013 г. Забайкальская ж д. Читинский регион
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы №1059/10 қаулы Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы №3614 болып тіркелген
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазаңдағы
files -> 25 января 2015 г ст. Мальта техническое заключение по случаю обрыва автосцепок вагонов №65028029, №67012013, №67023432, №68633445 в составе грузового соединенного поезда №9224 при следовании по перегону Белая – Мальта в сутках 24
files -> «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ 2012-2014 жылдарға арналған есепті мәліметтері (тонна)


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет