Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
Әліппе кезеңінің міндеттері:
дыбысты әдіс арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту;
|
дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту: дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрап оқуға, жазуға үйрету.
|
дыбыстық талдау дағдыларын дамыту: мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу;
|
оқу әрекеттерін дамыта отырып, тілдік дағдыларын жетілдіру;
|
дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру;
|
сөзді біртіндеп тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;
|
естілген дыбыстардың типтерін, яғни фонемаларды ажырата білуге үйрету;
|
көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
|
жеке дыбыстарды әріптермен таңбалау: әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
|
сөздік қорын байыту;
|
өз ойын жеткізе білуге үйрету.
|
\
Әліппе кезеңінің міндеттерін айқындауда А.Байтұрсынұлының дыбысты әдісі, жалқылаулы-жалпылау әдісі, жазу-оқу әдісі негізге алынды.Ескерту: І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі:
Әліппеге дейінгі кезең
|
Әліппе кезеңі
|
графикалық диктант
|
1-3 таңба
|
әріптік диктант
|
3-5 әріп
|
буын диктанты
|
3-6 буын
|
сөздік диктант
|
2-5 сөз
|
Диктант
|
3-12 сөз
|
Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |